Сурет. Негізгі електің орнатылуы

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

3.1 сурет. Негізгі електің орнатылуы

3.4 Сынақтық іске қосу

Сынақтық іске қосу, ең алдымен, жеке айналу бағытын, сондай-ақ, барлық жетектердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру үшін жүргізіледі. Елегіштің жетек қозғалтқышына ерекше назар аудару қажет. Екі вибратордың – сұрыптау елегіштің және негізгі елегіштің – айналу бағыттары қарама-қарсы болуға тиіс.

Айналу бағыттарының дұрыс болмауы апатқа әкеліп соғуы мүмкін!

Айналудың бағытын нақты анықтау үшін дисбалансты массасының қапшыңы үстіндегі корпустың калпағы алынады және тиісті вибратор қысқаша қосылады. Абайлаңыз! Айналып тұрған элементтерге тименіздер!

Алдын ала елегіш пен негізгі елегіш жәшігі вибраторды өшіргенненн кейін де бірнеше секунд аралығында азды-көпті қатты теңселеді. Сол кезде теңселу амплитудасы ± 30 мм құрайды, сонымен қатар, теңселу тігінен де болуы мүмкін. Ол қалыпты жағдай, ешкандай мағынасы жоқ. Ұзақ пайдалану барысында амплитудасы жылжу бағытына ± 2,5 мм құрайды. Барлық қозғалтқыштар дұрыс істеп тұрған кезде машина бес минут аралығында өшеді және бекіту бұрамалары тағы да тартып бекітіледі. Негізгі елегіш жәшігінің вибраторы бұрамаларын мезгілдік кілтті пайдаланумен тартып бұрау үшін көлемі 450 Нм және сұрыптау елегішінің бұрамалары үшін 45 Нм құрайды. Бұдан кейін құрылғы какао-бұршақтарымен жұмыс жасауына болады.


4.Техникалық қызмет және жөндеу жұмыстары

4.1 Жалпы шарттар

Машинаны жөндеу жұмыстары және техникалық күту жұмыстары тек қана тоқтатылған және негізгі ажыратқыштары құлыпқа жабылған кезде ғана жүргізіледі. Дәл осы нұсқау какавелланың тұндыру камераларын пластмасс қақпақтар арқылы тазартуда қолданылады. Осы камералардағы транспорттық бұрандалардың жарақаттау мүмкіндігі бар, сондықтан осы қорғаныс шаралары қажет. Қалыпты пайдалану уақытында айналадағы шудың дәрежесі 85 /А / болады және жақындаған сайын жоғарылайды. Сондықтан, қызмет көрсету персоналы машинаның қасында тазарту жұмыстарын тексерту үшін 2-3 сағат арасында максималды тек 10 минут болуы тиіс.

4.2 Сепаратор

Сепаратордың пайдаланылған ауа келте құбырының үстінде елеуіш бар. Сол елеуіш какавелланың үлкен кесектерінің пайдаланылған ауасы арқылы атмосфераға түсуін жоққа шығарады. Минимум әрбір 1000 сағаттық жұмыстан кейін осы елеуіш жәшіктен шығарылып, тазартылады.

4.3 Вибраторды ауыстыру.

Бұзылған вибраторды, машинанаң қосалқы бөлектерінің құрамына кіретін, жаңасына ауыстыру үшін келесіге назар аудару қажет:

- Электротехника жөніндегі маман вибраторды жүйеден ажыратуды жүзеге асырады.

- Вибратор табанына арналған тірегіш беттері мен вибратор табаны бояу мен топырақтан тазартылған болу керек.

- Вибраторлардың бекіту бұрамалары мезгілдік кілтімен тартылып бұралады.

Бұрамалар мезгілі:

вибратор 16,0 – 1000 450 Нм

вибратор 2,5 – 1000 45 Нм

Вибратордың қорғаныс қаптамасы астындағы дисбалансты массалары екеуі де радиалды бағытта болуы тиіс. Олардың орналасуы 9 параққа сәйкес болуға тиіс. Сонымен қатар, желдеткіш қалақтары, бас елегіш жәшігіне арналған вибратордың ішінде құралған және қосымша желдетуді қамтамасыз ететін, белгілі түрде орнатылуы қажет.

Бас елегіш жәшігіне арналған екі запастағы вибраторлар дайындаушы - зауытпен қосымша желдеткішпен қамтылған. Сондай-ак, осы вибратордың әрқайсысы айналу бағытын көрсететін тілмен /тойтарма шеге/ камтамасыз етілген. Бұзылған вибраторды жиынтықтағы запас вибратордың біреуіне ауыстыру кезінде, соңғысын бас елегіш жәшігіне бұрандағанда бағытты көрсету тілі бұзылған вибратордың тілімен бір бағытта болуы тиіс.

Электрлік қосуды жүзеге асыру кезінде тілмен көрсетілген бағытта қосу қажет.

Егер запастағы вибраторды жеткізген мезгіл және қажетті ауыстыру мезгілі арасында 3 жылдан астам ауқыт өтіп кетсе, вибратор мойынтірегіндегі қатқан майды жуып тастап және арнаулы жаңа маймен толтыру қажет.

Сонымен қатар, шар тәрізді майлау бастары артындағы майлау каналдарындағы ескі майды жою қажет.

Әр мойынтірекке қажетті май көлемі:

вибратор 16,0 – 1000 /елегіштің басты қорабы/ 75 грамм,

вибратор 2,5 – 1000 /сұрыптау елегішке/ 24 грамм.

Артық майлаудан аулақ болыңыздар!


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх