Қажеттілігі

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

2.2 Қажеттілігі

Аталмыш құрылғы қуырылған, кептірілген немесе шикі какао-бұршақтарын уатуды және одан кейін какао-дәндерінен какавелланы пневматикалық жолмен бөлуін жүргізеді.

2.3 Машинаның технологиясы және құрылымы

Машина үздіксіз жұмыс жасайды. Какао-бұршақтары элеваторға тиеу шұңғымасынан түседі, тиеу барысында өткізу мөлшері тиеу шұңғырмасы мен элеватор арасында орналасқан тиектеу ысырмасының көмегімен реттеледі.

Сұрыптау елеуіш жеткізу кезінде бүтін какао-бұршақтарды немесе ірі кесектерді уатылған бұршақтардан бөлуді жүргізеді (2.1 сурет).

Бүтін какао-бұршақтары немесе ірі кесектер орталықтан сыртқа тебуші уатқышқа жеткізіледі де ұсақталады. Уатқыштың айналым санын реттеу сатылысыз жүргізіледі, сондықтан уатылу дәрижесіне әсерін тигізеді. Солай қайта түскен бұршақтардың бөлігі және какао-дәндеріндегі ұсақ-түйектің мөлшері реттеледі. Какавелла және какао-дәндерінің қоспасы мен сұрыптау елеуіштің өнімі бас елеуіштің жәшігіне түседі және сол жерде сатылы орналасқан елеуіштерде құнарсыз фракциядан жіңішке фракцияға дейін жіктеледі.

Әр елеуіштің шетінде какавелла-какао-дәндерінің қоспасынан елеудің тік бағанасы арқылы какавелла сорып алынады. Сорып алатын ауаның ағыс қарқындығы қайта өндіріліп қалыптасуы мүмкін. Кейбір фракциядағы тазартылған какао-дәндері негізгі елеуіш жәшігімен бірге теңселіп тұрған науа көмегімен жинақталады. Тек ұсақ-түйек деп аталатын, ең кіші елеуіш өнімі, елеуіштің алғы төменгі жәшігінен, какао-дәндері шығатын саңылаудан шығады. Сорып алынатын какавелла фракция бойынша жинақталады және арнайы бұрандалар мен жиналмалы щлюздар көмегімен шығарылады. Какавелла шлюздарының шығу саңылауларында көзбен көріп бағалауға немесе какао-дәндерінің бар мөлшерін анықтауға арналған қақпақтар бар. Кейбір фракциялы какавелла құрама бұрандалар көмегімен жиналады. Радиалды желдеткіш какавелланы бөлуге қажетті ауа ағысын қамтамасыз етеді. Какао-дәндерінің өнімділігіне байланысты желдеткішті бабына келтіру мақсатында ол сору жағында реттеледі. Желдеткіш үстінен сорылатын какавелла келесі циклонда тұнады. Тазартылған пайдаланылған ауа шатыр арқылы сыртқа шығарылады.

2.1 сурет. Уату- тазалау жабдығы 90 үлгідегі

а – жалпы көрініс; б – схема.

2.4 Пайдалануға беру.

Какавелланы бөлу нәтижесін жақсарту үшін тиесілі фракцияға және желдеткішке сору ауасының қолайлы ағысын бабына келтіру шешуші болып табылады (2.2 кесте). Өнімділігіне, какао-дәндерінің жағдайына, қуыру және уату дәрижесіне қарай жапқыштардың келтірілген бабын өзгерткен дұрыс.

2.2 кесте. Сору ауасының және уатқыштың негізгі қалпы:

желдеткіш

бағана

бағана

бағана

бағана

бағана

уатқыш

5

4

3

2

1

4,5

4,0

4,0

3,8

6,0

6,0

2,5

Сонымен қатар, кейбір елеуіш пен сору бағанасының арасында белгілі арақашықтық орнатылады(2.3 кесте). Сол үшін сору бағанасының шеттері жылжымалы элементтермен жабдықталған. Орнату кезінде:

2.3 кесте. Елеуіш пен сору бағанасының арасындағы арақашықтық

1 бағана

2 бағана

3 бағана

4 бағана

5 бағана

25 мм

22 мм

20 мм

18 мм

15 мм

болуы қажет.

Елеуіштің ені бойынша саңылаулардың мөлшері бірдей болуына назар аудару қажет. Арақашықтығы әртүрлі болса бөлу нәтижесі төмендейді! Ең дұрысы әр елеуішке 2 кеңейткіш бөлшек пайдалану – кеңейткіш бөлшектерді тиімді елеуіштерге бір жақ қабырғасының маңайына қойып және жылжымалы элементтерді орнатады. Өнімнің толып қалуын қадағалау қажет.

Бұдан кейін құрылғы басқару шкафында пайдалануға қосылады.Сол кезде сұрыптау елеуішінің вибраторы мен элеватордан басқа барлық қозғалтқыштар жұмыс істей бастайды. Олар 15 – 20 секундқа кейін жұмыс жасай бастайды.

Тиеу шұңғымасының жапқыштары уақытша сәл ғана ашылады, одан элеватор бағанасына какао-бұршақтарының тек азғантай мөлшері өткізіледі. Ұсақтау процессінде үлкен кесектер мүмкіндігінше көбірек болуы, ал ұсақ-түйектің аз болуы қажет. Қажет болса уатқыштың айналу санын өзгертуге тиісті. Күймешедегі белгі жоғары болған сайын айналу санының биіктігін, сонымен қатар ұсақтау дәрижесінің жоғары екендігін білдіреді. Белгі санының төмен болғаны ұсақталмаған какао-бұршақтарының кері ағысын көбейтеді. Ұсақталмаған бұршақтардың едәуір көп мөлшерімен жұмыс жасау ұсынылады. Солай шаң мен ұсақ-түйек бөлігі ең төмен дәрижеге түседі. Ұзақ жұмыс барысында, кері ағыстың саны көбеймеген кезде ғана ең жоғары шегіне жеткені деп табылады. Какао-дәндерінің бар болу мөлшерінің ең жоғары саны 2 елеуіштен /ұяшық көлемі 5 мм/ шыгуы тиіс.

Жапқыштарды ашу жолымен машинаны тексеріп және реттеуден кейін тиеу шұңғырмасында кажетті өнімділік немесе ең жоғары өнімділігі сағатына 1600 кг – бұл дәндердің сағатына 1350-1400 кг шығуына сәйкес келеді.

Бұршақтарда су мөлшері 1,0-дан 2,0% дейін болуы тиіс. Егер машина өнімділікті мінсіз қамтамасыз етсе, какавелла мен какао-дәндерін бөлек фракциялар бойынша бөлуін жақсартады. Бірақ та кері ағысынан бастап какавелланың бос құрамын тексереді. Егер бос какавеллалар болса, жапқышты жоғары сан жаққа бұрады /ашады/.Өзгертуді әрдайым кішкентай адымдармен жасайды /шамамен 1/4-тен 1/2 санға дейін/. Бір мезгілде сынауға алған жерде какавеллада какао-дәндерінің барын тексереді. Егер какао-дәндер бар болса, ол жойылғанға дейін жапқыштарды қайта тоқтату жолымен ауа соратын ағысты азайту қажет.

Енді екінші бағанаға ауысамыз.

Какао-дәндерінде какавелла болған жағдайда, сору ауасының ағысын какавелла толық жойылғанша үлкейту қажет.

Үшінші-бесінші бағаналарда осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі.

Егер де какао-дәндерінде какавелла өте көп болса немесе екінші бетте келтірілген негізгі бабынан алшақтап кетсе, үлестіру жапқышын жоғары сандар жаққа ауыстыру қажет.

Осы кездегі ауаның қатты ағысы какавелланың барлық фракцияларында какао-дәндерінің барын қайта тексеруін қажет етеді және жоғарыда айтылған әдіспен реттелуге тиіс.

Мысалы, өнімділігі сағатына 1000 кг какао-дәндері болса циклон қабында әр сағатта 2 - 3 кг какавелла мен шаң жиналады. Егер одан көп жиналса желдеткіш жұмысы дұрыс емес /нұсқар негізгі орнынан жоғары/. Желдеткіш жапқышы жайлап жабылады, бір мезгілде 1 - 5 бағаналардың желдеткіш жапқыштары ашылады. Сол кезде 1 - 3 бағаналар 4 және 5 қарағанда көбірек ашылады, ол әр бағанада ауа көлемінің қажетті мөлшерінің әр түрлі болғанына байланысты /кіші какавеллаға қарағанда ірі какавелланы аулау үшін көп ауа қажет/. Сол кезде бөлек фракцияларда какавелла мен какао-дәндерін тексереді.

Егер ең дұрыс реттеу жасалса, тиеу жағдайы өзгеріссіз болса және елеуіштердің тазарту мерзімі сақталса, құрылғы дұрыс және сенімді жұмыс жасайды.

Машинаны тоқтату кезінде тиеу шұңғырмасындағы жапқышты жабады, машинаны бірнеше минут жұмыс жасатып содан соң «ТОҚТАТУ» нүктесіне басу жолымен тоқтатады. Какао-дәндерінде какавелла көлемін жоққа шығару мақсатында желдеткіш 30 секундттан кейін өшіріледі.


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх