Өндірістік санитария негізі

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

5.2 Өндірістік санитария негізі

Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау – еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысын жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.

Аналитикалық бақылау өндірістік лабораторияда жүргізіледі. Ол технологиялық газдардың барлық шаң ұстау қондырғыларының жұмысын бақылап отырады, жұмыс аймағында және тазалық-жұмыс аймағында ауадағы қорғасынның, мырыштың және басқада кәсіби зияндардың құрамын зерттейді, және де технологиялық үрдіс кезінде пайда болатын шайынды сулардың сапасын бақылайды. Бұл сулар құбырларда тұздардың және т.б. қалдықтардың тұнуына себепкер болады. Бұл дегеніміз су айналымының бұзылуына әкеліп соқтырады, құбырлардың және канализационды құбырладың толып қалуына әсер етеді. Осы және басқада күрделі қиыншылықтарды шешу осы дипломдық жоба есебіне кіреді. Кәсіпорында санитарлы–техникалық жағдайларын тиімді етіп жасау маңызды мідет болып табылады.

Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды комплексті зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді. Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмаса, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т.б.) әсер етеді.

Еңбекті қорғау және санитарлы – сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың комплексті жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.

Шу бұл серпімді (газды, сұйық, немесе қатты) ортада бөлшектердің толқын тәріздес тербелмелі қозғалысы нәтижесінде пайда болатын әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықты дыбыстар жиынтығын айтады.

Өндірістік қондырғыларды жобалағанда, құрастырғанда және қолданғанда шулар мен тербелістерді жою негізгі шаралардың бірі болып табылады.

Шу және тербеліс көздері ретінде қондырғылар және аппараттар, және де технологиялық қондырғаылар және аппараттар болады.

Қазіргі уақытта техниканың дамуы, кәсіпорындарды энергияты және тез қозғалатын қондырғылар және аппараттармен жабдықтау, адамның шудың әсеріне әрдайым ұшырауына әкеліп соқтырады.

Жұмыс орындарында шу және тербеліс деңгейінің жоғарылауы адам ағзасына зиянды әсер етеді. Дыбыс толқындарының таралуы шудың сипаты үшін, шуды бағалау үшін және қорғану шараларын таңдау үшін маңызды біршама акустикалық факторлардың пайда болуымен бірге жүреді. Шудың есту мүшелеріне әсерінен басқада ағзаның жүйесіне және мүшелеріне кері әсері бар екені белгілі. Бірінші кезекте орталық нерв жүйесіне әсері. Шудың әсерінен нерв жүйесінің зақымдануы ашушаңдылықпен, апатиямен, нашар көңіл-күймен және т.б. бірге жүреді. Шудың әсер етуі ас қорту жолдарының ауруына, зат алмасу үрдісінің өзгеруіне, жүрек кантамырлары жүйесінің функционалды жағдайының бұзылуына әкеледі. Шулардың кері әсері оның әсер ету уақытын азайтумен, жұмыс және демалыс уақытын реттеумен төмендетуге болады. Шу дыбыс тербелісінің жиілігімен, дыбыс қысымымен, дыбыс қарқындылығымен және дауыс қаттылық деңгейімен сипатталады. Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады. Өндірістік ортаның ластануының бірден бір себебі жұмыс аймағының химиялық, улы, токсикалық қосылыстардың көп мөлшерде болуымен сипатталады. Улы заттардың ауада таралуын технологиялық процесс немесе жұмыс барысында істелінген іс шаралармен анықтауға болады. Олардың туындау себепшісі: герметикалық емес аппараттар, химиялық қалдықтар, өнімдерді қолдан сапалық және сандық анализ жасау барысы, расфасрвка жұмыстары, дайын өнімдерді тасу жұмыстары болып саналады. Ауада улы заттардың жиі таралуы негізінен технологиялық әдістерге тура байланысты, себебі аппараттағы температура мен қысымның көтерілуі, технологиялық регламенттердің дұрыс орындалмауы, байланыстырушылардың дұрыс бекітілмеуі осының барлығы оқыс жағдайларды тудырушы болып табылады. Химиялық ауаның ластануы кейде күрделі түрде болуы мүмкін, егер ластаушы заттар әртүрлі күйде болса. Ол негізгі және дайын өнімді құрауы мүмкін. Пар мен газдар ауаға қарағанда тығыздығы жоғарырақ, сондықтан олар көп қабатты жұмыс орындарының ең төменгі қабатында концентрлі түрде болады. Ауаны бақылау үшін жұмыс аймағын жоспарлаған сәтте міндетті түрде жұмыс орнының атмосфералық қысымын, температурасын ескеру керек. Ондағы сұйықтық пен газдардың қату және қайнау температурасын, заттардың ұшқыштығын ескерген жөн. Ауаның жұмыс аймағындағы ортасын зерттеу жұмыстың әртүрлі сатысына қарай жүргізіледі. Сонымен қоса химиялық өндірісте міндетті түрде ұшқыш және улы заттармен жұмыс жасайтын болғандықтан онда вентиляциялық қызмет жақсы болуы тиіс. Екінші бір әсер ететіні шаң тозаңдық фактор. Өндірістегі ауаның шаңдануын анықтау адамдардың (техперсоналдың) өміріне, гигиенасына маңызы өте зор. Өндірістің жұмысымен таныспастан бұрын, ондағы шаңдану қаншалықты мөлшерде болатынын анықтау басты мақсат болып табылады. Осының салдарынан шаңдану факторы, жұмысшылардың денсаулығына қаншалықты мөлшерде әсер ету, осының барлығы критикалық жағдайда емдеу керек екендігін анықтауға септігін тигізеді. Өндірісті тексеру технологиялық процестерден басталады, соның ішінде аппаратулар, жұмыстың құрал жабдықтары, транспартировка және қайта өңдеу де жатады. Осы сәттен бастап шаң тозаңның өндірістік құрамын анықтап алу басталады. Технологияны зерттеу барысында мыналар анықталды, процесс барысында химиялық, термиялық және өзге де әсерлер барысында өнім алу үшін бағытталған әрекеттер болып табылады. Жұмысты бастамас бұрын алдымен мыналарды анықтап алу керек:

• Шикізатты ұнтақтау

• Майдалау

• Шлифовкалау

• Полировкалау

• Қаптау жұмыстары

Булардың ұшқыштығы өздерімен бірге шаң тозаңдарды алып келетін келмейтіндігіне көз жеткізу. Әсіресе, процесс жүріп жатқанда әдістердің үздіксіздігіне баса назар аударған жөн, себебі кез келген технологиялық аппараттар шикізатты өңдегенде міндетті түрде шаң тозаң бқліп шығарады. Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы шаң тозаңның үлестік мөлшерін анықтау үшін сынаманы бір жарым метр (тыныс алу зонасына сай аймақ болып табылады) жерден алады. Шаңның жұмыс аймағының басқа да жерлерінде (нейтралды) қаншалықты таралғандығын бағалау үшін, шаң пайда болатын жерден бір үш бес және одан да жоғары қашықтықтағы жерлерден сынама алынады. Кейде ауада шаңның таралуын анықтау, ауаны тазартатын препараттардың күші жетеді ме, алде жаңасын жасап шығару керек пе деген секілді анықтамалар үшін де қажет. Химиялық заводтардағы тағы бір аса маңызды факторы ол өндірістік шулар және дірілдер. Адамның жұмыс жасауына кедергі келтітерін, соның салдарынан жағымсыз әсер тудыратын әртүрлі дыбыстардың дыбыстардың жиынтығын шу деп атайды. Шуды тудыратын заттар қозғалған немесе үйкеліскен дене тудырады. Соның нәтижесінде газ, сұйық және қатты фазада тарайтын толқындар пайда болады. Дыбыстар ауада таралған кезде адамның дыбыс органдарына әсер ететіндей толқын ұзындығы төмендеп немесе жоғарлауы мүмкін. Жоғары қысымдағы ледегі дыбыстардың орташа қысымдағы дыбыстардың арасындағы айырмашылықты дыбыстық қысым деп атайды. Адамның құлағы 2*10-5 мен 200 Па арасындағы қысымдық дыбысты қабылдайды. Оларды жоғарғы және төменгі дыбыстық қысым деп атайды. Дыбыстық тербелістерді қабылдау адамның есту мүшесі және бас сйек арқылы жүзеге асады. Шудың ұзаң уақыт бойы әсері «шу ауруына» әкеп соқтырады. Шу бас ауруын, жағымсыздық, тез шаршау, жартылай және толықтай саңырау болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Шуға психикалық реакция отыз дециБелден басталады. Құлаққа қатты дыбыстардың әсерінің интенсивтілігі сексен бес децибелден бес жыл қатарынан жұмыс жасағанда пайда болады. Химиялық өндірістің дамуы радиациялық факторға әкеп соқтырды. Ол радиоактивті кобольт пен торийдің катализатор ретінде қолдануынан пайда болды. Жалпы радиация ол ядролық реакциялардың жарылыс кезінде ядролық реакциялардың жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қарулардың жарылысынан пайда болдады. Ядролық қару ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыстың қуаты тротилдық эквивалентпен өрнектеледі. Химиялық цехтарда көбінесе зақымданудан қорғану керек. Олра химиялық, термохимиялық және электрохимиялық болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс жасаған сәттерде бетті, көзді, ауыз қуысын қорғайтын маскалар киген абзал.

Какао бұршақты уату -тазарту жабдығы. Машинаны жөндеу жұмыстары және техникалық күту жұмыстары тек қана тоқтатылған және негізгі ажыратқыштары құлыпқа жабылған кезде ғана жүргізіледі. Дәл осы нұсқау какавелланың тұндыру камераларын пластмасс қақпақтар арқылы тазартуда қолданылады. Осы камералардағы транспорттық бұрандалардың жарақаттау мүмкіндігі бар, сондықтан осы қорғаныс шаралары қажет. Қалыпты пайдалану уақытында айналадағы шудың дәрежесі 85 /А / болады және жақындаған сайын жоғарылайды. Сондықтан, қызмет көрсету персоналы машинаның қасында тазарту жұмыстарын тексерту үшін 2-3 сағат арасында максималды тек 10 минут болуы тиіс.

Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы

Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы (жұмыс бөлмелері, өндірістік цех, және т.б.) ауалы ортаның физикалық күйінен байланысты болады және негізгі метеорологиялық элементтерімен сипатталады: температура, ауа қозғалысының жылдамдығы және ылғалдылығы, сонымен бірге қондырғылардың және қолданылған материалдар және бұйымдардың қыздырылған беттерінің жылулық сәулеленуі жатады. Осы өндіріс бөліміне лайықты бұл факторлардың жиынтығы өндірістік микро климат деп аталады. Қолайлы микро климаттық жағдайлар адам ағзасына ұзақ уақыт бойында әсер еткенде оның дұрыс функционалды күйін қамтамасыз етеді. Өндірістік және қосымша бөлмелерде жарықтандыру, жылыту, ауаның айналымы және конденсациялануы ауалық ортаның адамның денсаулығын сақтауға және оның жұмыс қабілеттілігін жоғарылатыуға қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Түрлі жылу алмасулардың арасындағы қатынастар метеорологиялық факторларға тәуелді өзгереді.

Өндірістік жұмыс орындарындағы температура өндірістік ортадағы метеорологиялық жағдайды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Жоғары температурады жұмыс істеу адам организміне кері әсер етеді. Жоғары температурада жұмыс істеген кезде адам денесінен көп мөлшерде тер бөліп шығарады, бұл организмді құрғатып жібереді, жүрек – көк тамырларының жұмысын нашарлатады, тыныс алуды жиілетеді, басқа мүшелер мен жүйелерге кері әсер етеді.

Жоғары температураның адам ағзасына ұзақ уақыт бойы әсері, әсіресе жоғары ылғалдылықта, адам ағзасында жылудың көп мөлшерде жиналуына әкеп соғады (гипертония, кан қысымының артуы).

Жылу бөлініуді төмендету шаралары:

– жылу тасымалдайтын бу-газ құбырлары және қондырғылары жылу сақтайтын материалдармен қаптау;

– құрал-жабдықтардың герметизациясы;

– ауа алмасу жүйесін пайдалану;

– жеке қорғану заттарды қолдау;


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх