Сурет. Уату- тазалау жабдығы 90 үлгідегі

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

1.4 сурет. Уату- тазалау жабдығы 90 үлгідегі

а – жалпы көрініс; б – схема.

1.6.6 Балғалы диірмен 13.110.1 үлгісіндегі

13.110.1 үлгісіндегі балғалы диірмен. (Петцольд-Хайденауэр фирма) Балғалы диірмен соққымен жұмыс жасайтын машиналар қатарына жатады. Қуырылған және алкалданбаған какао-жармасын уатуға арналған, алдын-ала уату диірменінің қызметін атқарады(1.3 - кесте).

13.110.1. диірмені (1.5 сурет) какао жармасын толтыру деңгейін реттейтін қабылдау құбырынан 2, қоректендіргіш 7, шарнирлі балғамен бекітілілген ротор орналасқан корпустан 8, жылытқыш бункерден 9, электрқозалтқыштан 5, басқару панелінен 1, ситадан және тасымалдаушы шнектен тұрады.

1.5 сурет. 13.110.1 үлгісіндегі балғалы диірмен

Ротор электроқозғалтқыштан 5 белдікті беріліс 6 арқылы қозғалысқа түседі. Ұсақталған масса бункерден 9 насос 3 арқылы 3 позициялы кранмен 4 тасымалданады.

1.3 кесте. Техникалық мінездеме

Өнімділігі, кг/ сағ

630-ге дейін

1500-ға дейін

Сита саңылауының диаметрі, мм

0,5

0,8

Жылы су шығыны, м3/сағ

0,1

0,1

Белгіленген қуат, кВт

40

48

Габаритті өлшемдері, мм

ұзындығы

1700

Ені

1480

Биіктігі

2140

Масса, кг

1200

1.6.7 306 Н вертикальды жазықтықта бір бағытта айналатын 2 дискілі диірмен.

Машина какао-әжікті алдын-ала ұнтақтауға арналған. Машина (1.6 сурет, а) қабылдау құбырынан 7, біліктерден 5, ұнтақтау дискілерінен 11 және 13, жетек орналасқан салқындату корпусынан 12 тұрады.

Ұсақтаудағы технологиялық процесс келесі келесі этаптан тұрады. Өнім бункерге 7 келіп түседі, өлшегішпен 8 жабдықталған, бункерде өнім болған кезінде. Өнім деңгейі төмендеген кезде өлшегіш машинаны тоқтатады, ол дисктердің жұмысын өнімсіз жасатпайды. Өнім бункерден электромагнитті вибраторы 10 бар тербелмелі лотокқа 9 келіп түседі. Содан соң өнім металл қоспаларды алып қалатын магниті бар плитаға 6 келіп түседі. Келесіде өнім ірі фракцияны майдалайтын және өнімді бірдей деңгейде жоғарғы дисктың 11 саңылауы арқылы көбірек жіңішке етіп майдалау зонасына жіберетін біліктерге 5 келіп түседі. Саңылау арқылы өтіп және майдаланып, өнім клеткалардың ажырауынан және сұйық фракцияның ағып кетуінен дисктің сыртқы жиегіндегі барлық саңылаулардан өтетін жартылай сұйық массаға айналады, себебі бұл жағдайда центрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуінен біраз үлкен. Масса салқындату корпусының 12 қабырғаларынан ағып, канал 14 арқылы машинадан шығарылады. Масса патрубок 4 арқылы келетін ауамен үрленіп тұрады. Жоғары дискте 11 вентилятордың қалақшасының рөлін атқаратын приливтар 3 орналасқан. Ауа қосымша өнімді суытады. Жоғарғы 11 және төменгі 13 дисктер корундты сақиналармен 2 канавкалар арқылы өнімді алып кететін. Олар 800 сағат көлемінде жұмыс жасайды және олардың ауысуы 30 минут көлемінде жүзеге асады. Дисктер арасындағы саңылау штурвал 1 арқылы реттеліп отырады. Сонымен қатар, дисктерде өнім болмаса жұмыс жасамайтын автоматты құрылғылар болады. Алынған бөлшектердің өлшемі өнімнің структуралы-механикалық қасиеттеріне және дисктердің арасындағы саңылауға байланысты. Сонымен, 2,5% ылғалдылықта какао-жармасын ұсақтау 70 мкм-ге дейінгі бөлшектердің ұсақталу үлесі 90-94 % болады, ал 1,5 % ылғалдылықта 96-97 % үлесінде болады. Электрқозғалтқыштан 8 белдікті беріліс 10 арқылы айналым жоғарғы диск 7 және шестерняға 2 қатты бекітілген білікке 1 беріледі. Вертикалды білік 1 тісті дөңгелекті 3 төменгі дискпен 6 айналдыратын тісті блокқа 9 бекітілген. Штурвал 5 червякты берілістің 4 көмегімен төменгі дисктің орнын ауыстыра алады. Диірменнің өнімділігі 600-1200 кг/ сағ, қажетті қуаты 55 кВт.

Ұсақтаудағы технологиялық процесс келесі тәртіппен орындалады.

Какао-әжік (1.6 сурет, б) қабылдау құбырына 6 түседі және шнекпен 5 каналғаға 4 келеді. Ал каналдың 4 түбінде шнек 2 айналады. Шнек 2 жарманы дисктегі 3 тесіктер арқылы айналатын дисктердің 3 және 8 саңылауына әкеліп түсіреді. Дисктер айналуды электрқозғалтқыштан білікке 13 бекітілген сына белдікті беріліс 14 пен шкив 12 арқылы алады. Тісті беріліс 11 арқылы білік 9 бен сол жақтағы дискті айналдырады, ал тісті беріліс 10 арқылы оң жақтағы дискті айналдырады. Тіс жұптарының 10 және 11 беріліс қатынасы әртүрлілігінің арқасында дисктер бір бағытта айналады, бірақ олардың жылдамдығы әртүрлі. Ұнтақталған какао массасы сборникте 1 жиналады. Диірменнің корпусы суды циркуляциялайтын салқындату жейдесімен 7 жабдықталған.


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх