Сұрыптау елегіштегі тазартуға арналған шарларын ауыстыру

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

4.4 Сұрыптау елегіштегі тазартуға арналған шарларын ауыстыру

Сұрыптау елегішіндегі шығу құрылғысын бұрап алғаннан соң және елегіш бөлшектегеннен соң елегіш қорабында тазартуға арналған шарларға жетіп және олардың тозғанын бағалауга болады. Ортасындағы болат салмасы көрінген шарларды одан әрі пайдалануға болмайды. Шар тәрізді қалпынан ауытқып кетуі 1 мм аспау қажет.

Егер жұмыс ауқыты бірдей шарлардың көбісінің тозығы жеткен болса елегішті толығынан жаңа шарлармен толтыру қажет. Бұл ережеден тек кейбір шарлар кемшілік арқасында алдын ала тозған болса ғана кетуге болады. Елегіштің әр алғы жіне артқы алаңына екі шардан, ал көрші алаңдарына бір шардан салынады.

4.5 Майлау нұсқаулығы

Пайдалануға берер алдында барлық қозғалтқыштардың редукторлары берілген кестеге байланысты майға толтырылу керек. 500сағат жұмыс істеген соң майды бірінші рет ауыстыру керек. Жылы күйінде май құйып алынады, жуу майы құйылып шамамен 5 мин жұмыс істегеннен кейін қайта төгіп тастайды. Жуу майы төгілгеннен кейін ғана жаңа таза май құйылады. Келесі май ауыстыру 8000 сағат жұмыс істегеннен кейін болады. қозғалтушы шынжырға май кисточкамен жағылады (8).Май ауыстыру және майлау жұмыстары жабдықты тоқтатып қана жүргізіледі(4.1 сурет).

Жағар май материалдарын толтыруға көзделген барлық мойынтіректерді шамамен 8000сағ жұмыс істегеннен кейін тазалап, жуып қайта майлау керек. Үш фазалы токты қозғалтқыштардың мойынтіректері және редукторлы қозғалтқыштардың мойынтіректері желдеткіш жағынан шамамен 3000сағ жұмыс істеген соң тазалау керек.

FullSizeRender.jpg

4.1 сурет Майлау жұмыстарының нұсқаулығы


5. Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бөлімі

Еңбекті қорғау – бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән.

Еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

Еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

5.1Технологиялық үрдістерді жүргізгенде және жабдықтардың эксплуатациясында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

Технологиялық үдерістердің дамуы қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер ететін еңбектің жаңа технологияларының және құралдарының пайдаланылуына алып келеді. Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сәйкес, бұл мәселе, яғни, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мәселе даму үстінде қарастырылуы тиіс.

Техникалық қауіпсіздіктің қандай да бір машиналардың, техникалық құрылғылардың, жабдықтардың және басқа да өндіріс құралдарының қолданылуының әр түрлі ережелері сақталады, сондай-ақ бірлікте және өзара ықпалдастықта қарастырылатын адам-машина жүйесі зерделенеді.

Еңбек қатынастарында азаматтар еңбек етуге құқықтарын жүзеге асырады, ал әлеуметтік қорғау құқығының реттейтін тақырыбы материалдық қамтамасыздандыруға құқықты жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорындағы жұмысшылардың салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жазатайым жағдайларды және кәсіби ауруларды ескертуді ұйымдастыру жұмыстары еңбекті қорғау қызметіне жүктеледі.

Еңбекті қорғау қызметі келесі функцияларды орындайды:

– өндірістік жарақаттың және кәсіби сырқаттардың себептері мен жағдайларына талдау жасау, кәсіпорындағы жазатайым жағдайларды ескерту шараларын жобалайды және олардың орындалуын бақылайды;

– кәсіпорындарда жұмыс орындардағы санитарлы-техникалық жағдайды тіркеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;

– еңбекті қорғау шараларын орындау үшін қажетті арнаулы киімдерді, арнаулы құрылғыларды және т.б. жеке қорғаныс құралдарды алуға сұранымдардың дұрыс жасалуын бақылау;

– кіріспе нұсқау өткізуді және жұмысшыларды еңбекті қорғау сұрақтары бойынша оқытуды ұйымдастыруды жүргізеді.


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх