Сурет. Диірмен 306 Н

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

1.6 сурет. Диірмен 306 Н

а- жалпы көрінісі; б – диск жетектерінің структуралы сызбасы

1.6.8 NOVA – 2000 шарлы араластырғыш - диірмен

NOVA – 2000 шарлы араластырғыш - диірмен (Бюлер), диірменнен, 3 - езілген какао жинақтағышынан, 8 және 9 - сорғыштардан тұратын агрегат. 8 - сорғыш 4 - жұмыс камерасына майдалауға жататын массаны жеткізеді, ал 9 - сорғыш – 3 - қабылдау жинағышын босатады (1.7 сурет).

Диірмен бір немесе екі 4- майдалау камерасымен жабдықталады. 7- станинада араластырғыш білігінің жетегі орналасқан.

Мөлшері 150-200 мкм бөлшектерімен езілген какао 1 - жылытылған құбыржолы бойымен 8-сорғышпен 4- майдалау камерасына жеткізіледі. Езуге арналған құбыржолына 2- кері клапан кесіліп орнатылған.

Майдалау камерасы сулы жидемен қамтылған, оған суық су жеткізіледі. Ұсақталған езілген какаоның температурасы 6-манометрлік термометрмен өлшенеді. Жұқалап езілген какао майдалау камерасының жоғарғы бөлігінен магнитаулағышпен қамтылған 5-лоток бойынша 3- жинақтағышқа ағып түседі.

Шарлы диірменнің майдалау камерасының схемасы суретте көрсетілген. 16 - тік цилиндрдің (статордың) ішінде 8 - ортасы бос білік (ротор) орналасқан. Цилиндрдің ішкі бетінде және біліктің сыртқы бетінде 17 және 18 саусақтар бекітілген. Ротор мен статор арасындағы, майдалау жасалатын бос орын 19- болат шарларымен тығыз толтырылған. Соңғылар ротор саусақтарымен қозғалысқа келтіріледі және статор саусақтарымен дүркін-дүркін ауытқытылады. Бір-біріне үздіксіз соғылатын мен үйкеленетін шарлар арқасында майдалану камерасына 3-келте құбыр бойымен түскен езілген какао бөліктері жаншылады және жойылады.

1.7 сурет. NOVA – 2000 шарлы араластырғыш – диірмен:

а – жалпы көрініс, б – майдалау камерасы.

Майдалау камерасының төменгі бөлігінде 20 мен 23- цилиндірінен тұратын, ішінде 21 және 24- поршень жылжитын, өзара 22- штогымен қосылған, шарлар қоры және гидропневматикалық жетегі бар қысу құрылғысы орналасқан. Ротор қозғалтқышы жетегіне түскен салмаққа байланысты 21- поршень, 2-келте құбыр арқылы жеткізілетін гидравликалық сұйықтық қысымымен майдалау аумағына шарлардың қажетті мөлшерін жеткізеді. Осы әдіспен шарлар қысымының тұрақтылығы қолданады, демек езілген какао бөліктерінің езілу сапасының тұрақтылығы сақталады. Гидравликалық сұйықтық қысымын азайту барысында, 21-поршень 1- келте құбыр арқылы 24-поршень үстіндегі кеңестікке берілетін ауа арқасында түседі.

Майдалау камерасының жоғарғы бөлігінде 14- бөлгіш (сепараторлық) диск бекітілген. Диск пен ротор арасында 15- жіңішке саңылау бар. Осы кеңестікті толтыратын шарлар, 13- еніс лоток бойымен ағатын ұсақталған массаны ротордан бөледі. 11- тіректе орналасқан 10-подшипниктерден, езілген какао 12- лабиринттік тығыздаумен бөлінеді.

Ағатын езілген какаоның температурасының датчигі дабылымен ротормен статорды суытылуы реттеледі. 4- келте құбыр арқылы 5-жейдеге суық су жеткізіледі, ал 6- келте құбырдан жылы су ағып шығады. 7- құбыр бойымен суытатын су роторға жеткізіледі, ал 9- келте құбыр арқылы ағып кетеді. Жылы су жылуалмастырғыға жеткізіледі, суытылады және майдалау камерасыны мен біліктің сулы жейделеріне қайта жеткізіледі. Суытудың бекітулі пішіні әктас пен камераның коррозиясының жиналуына айтулы дәрижеде жол бермейді. Пішін ішінде салынған электржылытқыш жұмысты бастау алдында майдалау камерасы мен білікті қажетті жұмыс температурасына жылытуға мүмкіндік береді және диірмендердің ұзақ тұрып қалуы кезінде езілген какаоның суып қалуына жол бермейді (1.4 кесте).

Диірмен реттеудің көп позициялы жүйесімен қамтылған, ол үш ең маңызды параметрлердің: ротор жетегінің қуатын, көлемді шығынды және өнім температурасын нақты бақылауын қамтамасыз етеді. Осындай реттеу арқасында, түсетін өнімнің тұрақты шашыраңқылық жағдайында ақырғы өнім тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Ұсақтау аумағында орналасқан диірменнің барлық детальдары тозуға төзімді қоспалы болаттан жасалған. Роторды, статорды және бөлетін (сепараттайтын) шеңберді төңкерілген түрде орналастыру оның қызмет уақытын ұзартады.

Шарлы диірмен, әдетте, ұнтақтау агрегатының негізгі бөлігі болады, өйткені ол суйық фаза кіретін, алдын ала ұсақталған өнімді езуге пайдаланылады.


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх