Экологиялық бөлімі

155805
знаков
14
таблиц
12
изображений

6. Экологиялық бөлімі

Саланың экологиялық мәселелері.

Азық-түлік өнеркәсібінің атмосфераға келтіретін зияны - органикалық шаң, көмірқышқыл газы, бензин және басқа да көмірсутектер, отын жағудан шыққан газдар. Тамақ өнеркәсібі атмосфераның негізгі ластаушылар көзі болып саналмайды. Алайда, барлық дерлік тамақ өнеркәсіптері атмосфераға газ бен шаң бөледі, атмосфералық ауа нашарлайды. Шоколад дайындау цехында қалдық ретінде какао-бұрщақтардың қабығы яғни како велла болып табылады және де какао бұрщақтарын үгітіп тазалаған кезде ауаға бөлінетін шаңды айтсақ болады.

Халықтың денсаулығы және генофонды сақтау тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты. Қазіргі уақытта тамақ өндірісінде қолданылатын шикізаттың экологиялық тазалығына көп көңіл бөлінеді. Өндіріс орнының көптігінен бәсекелестік өсіп, табыс табу көзі үшін көптеген кәсіпкерлер тұтынушыны өз тауарына қарату үшін, тауардың сыртқы түріне, пішіміне көп көңіл бөліп, сапасыз ашытқы, бояғыштар қолдануда. Өкінішке орай бұл химикаттардың адам денсаулығына әсер ететінін көбі ойлай бермейді. Барлық кәсіпкерлер алдымен өндіретін өнімдерінің сапасына және адам денсаулығына көңіл бөлулері керек.

Зиянды заттардың бөлуінің көзі болып:

Өндірістік цех, өңделген шикізатты металл фильтрмен тазаланады, негізгі зиан шикізаттың бетінде болады.

Технологиялық желілер жаңа жабдықтармен жабдықталуы керек. Пневмотранспортерден кейін ауаны тазалау тазалау тиімділігі 99,3% металл фильтрлер қолданылады.

Қабылдау бункерлеріндегі шикізаттарды жүктеу, өңделген ауаны тазарту металл фильтр арқылы жүзеге асады.

Уақытқа байланысты, тұрмыстық ішкі, өндірістік және сыртқы ортаның тазалығына көп көңіл бөлінуі керек. Қоршаған ортаның ластануымен күресу- қазіргі кезеңнің актуальді проблемасы. Табиғатты қорғау ешқандай экономикалық және экологиялық тиімділік әкелмейді, сондықтан түрлі салалар және ұйымдар бірігіп міндетті түрде комплекстік шаралар қолдану керек. Қауіпсіз жұмыс шартын, денсаулықты және жоғарғы өндіріс мәдениетін жүзеге асыру үшін кәсіпорынды қаржыландыру қажет. Өндіріс орнын жобалауда санитарлы норма талаптарын қатаң сақтау, халықты зиянды газдардан, булардан, тозаңнан, өндірістік шудан сақтандырады.

Ауа ресурстарына әсері

Тамақ өнеркәсібінде ауаға шаң–тозаң шығару, ереже бойынша белгіленген мөлшерден төмен болуға тиіс. Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың шектелуі мүмкін болатын концентрацияны анықтау тәртібі талаптық стандарттарын мөлшерлеуге байланысты.

Кондтер өнімдерін өндіру зауыттарының дайындау цехында ауаға какао велланың шығады, яғни како-бұршақтың қабығы.Олар ауада шаң тозаң тудырады. Сонымен қатар кондитер зауыттарында зиянды зат ретінде ауаға түтін бөлінеді. Кондитер өнімдерін орайтынэтикет материалдары да қалдық болып саналады.Аталмыш өнеркәсіптен атмосфераға шаң, көмірсу екі оксиді, түтін шығады. Ауаның ластануын азайту үшін бірнеше іс–шаралар бар. Зиянды заттарды бөліп шығаратын жерлерге желдеткіш сорғыштармен қатарлас орнатылады. Сонымен қатар, жылу құралдарынан шығатын бу өндірістің желдеткіш жүйесі арқылы ауаға тарайды. Атмосфераға шығару кезінде зиянды заттар көлемі жойылу жолы мен желдеткіш шахталарда арнайы жылу генераторында жойылады.

Өндірістегі әр ластау көздерін аралап, тағайындалған ғылыми техникалық мөлшер, одан зиянды заттарды шығару және өндірістегі барлық ластау көздерінің мөлшерленген заттың фондық концентрациясын есепке алғанда, сонымен қатар санитарлы қорғалатын зонаның шекарасындағы белгілі мөлшердегі концентрациясының бірлігін барынша өсіретін өндірістің даму перспективасы.

Атмосфераға шығарылатын ауадағы шаңның мүмкін болатын концентрациясын 15 еседен кем асырмау керек. Шаңның шектеулі концентрациясы екі қосылысты кремний құрамына байланысты 2 мг/м³ 10 % артық болмауы керек, 4 мг/м³ 2 % дейін. Кәсіпорындар өндіріс цехтың ішін ғана ластап қоймай сыртқы ортаныда ластайды. . Мысалы, тозаңнан, улы газ және будан тұратын технологиялық қалдықтар атмосфераға жібермес бұрын тазартылады. Қалдықтарды тазалау деңгейі жіберілетін шектік тозаң концентрациясына байланысты болады.

Өндірістік тозаң және оның зияндылығымен күресу.

Тозаң ауада салмақтық күйде (аэрозоль) немесе тұнба түріндегі қатты заттың өте ұсақ бөлшектерін көрсетеді. Тозаңды бөлшектену деңгейіне байланысты (дисперстілігі); бөлшектердің құрамына қарай зат түріне; адам денсаулығына қауіпсіздігіне қарай; жарылғыштығына қарай бөледі. 5 мм микроннан тұратын тозаң адам ағзасына өте қауіпті, ол өкпеде тұрып қалып ауру тудырады.

Адам ағзасына ең зиянды тозаң, құрамында біршама кремнии екі окисі бартозаң, ол силикоз- деп аталатын ауру тудырады.

Жабдық немесе мекеме ішіндегі салмақты тозаң денсаулыққа зиянын тигізіп қана қоймай, жарылғыш келеді, ал жарықтандыруды өртке қауіпсіз.

Санитарлы - гигиеналық талаптарды сақтамау тозаң өндіріс орындарында концентрация түрінде бөлінеді, ол қоршаған ортаға және адам ағзасына қауіпті. Жіберілетін шектік тозаң концентрациясын сақтау, санитарлы- гигиеналық шартты орындау сәйкес технологиялық процесстерді ұйымдастыру арқылы, кешенді механикаланған жабдықтарды қолдану арқылы, өндірістік операцияларды автоматтандыру арқылы, қалдықтарды тазалауды автоматты қашықтықтан басқару және бақылау арқылы, пневмотранспортерлерді еңгізу арқылы жүзеге асады. Ауаның тазалау және қалыпты жұмыс шартын туғызу үшін, санитарлы- гигиеналық талаптарға көрсетілгендей барлық өндіріс орнындағы ауаны желдетіп отыру қажет, яғни реттелетін ауа алмасуын жүзеге асыру қажет. Технологияны өндірістік желдету- еңбек шартын жақсарту және экологиялық жағдай болып табылады. Желдету тиімді технологиялық енгізіп, өнім сапасын жақсартып қана қоймай жарылысқа және өртке қауіпсіз.

Ауаның ластануын азайту үшін қолданатын шаралар

· Қошаған ортаны мөлшерден артық ластайтын мекемелерге экологиялық ластайтын мекемелерге экологиялық талаптардың күшеюі.

· Мекемелер үшін нормативті санитарлық қорғау белдемін міндетті түрде бекіту.

· Тиімсіз тазалау құрылғыларын және ескірген өндіріс технологияларын алмастыру.

· Жанатын жанармай сапасын жақсарту.

· Энергияның дәстүрлі емес және қалпына келетін көздерін енгізу.

Су ресурстарына әсері

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

· тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

· өнеркәсіп орындары;

· ауыл шаруашылығын химияландыру:

· халық шаруашылығының басқа да салалары.

Қазіргі кезде өнеркәсіпте суды пайдалану үлкен және маңызды мәселенің бірі. Өнеркәсіптің өсуі суды көп мөлшерде пайдалану мен сарқын сулар және сұйық қалдықтың мөлшерінің артуына себепші болып отыр.

Сарқын судың негізгі сапасын көрсететіндер: рН ортада жоғары дисперсті заттардың құрамы, температура, оттегінің химиялық пайдаланылуы, оттегідегі биохимиялық қажеттілік, белгілі мөлшерде ғана концентрация бөлу маңызы бар зиянды заттардың концентрациясы. Сарқын суды сараптағанда органолептикалық көрсеткіштері иісі мен түсі бақыланады. Өндірістік сарқын судың мөлшері өндірістің өнім шығаруы мен әртүрлі өндіріс саласындағы судың көп мөлшерде пайдаланылуына байланысты. Көп мөлшерде пайдалану жұмыс істеп тұрған кез келген өндірістегі судың үнемді пайдаланылуына баға беруге мүмкіндік береді, себебі бір тонна жүн талшығын шығарғанда 2300 м³, бір тонна жүн талшығы үшін 220 м³ су кетеді. Сарқын суды тазалағаннан кейін қайта пайдалану кең тараған. Өндірістің әр саласында 90-95 % сарқын сулар айналмалы су мен жабдықтау жүйесінде пайдаланылса, тек 5-10% су қоймасына төгіледі.

Канализация және ағындысу сипаттамасы. Үлкен кәсіпорындарда канализацияның екі көзі қарастырылады: ластанған өндірістік және тұрмыстық ағынды су және ағынды ластанбаған су.

Өндірістік ағынды су биологиялық тазалау, тазалықты орнату немесе қаладағы ағынды сумен бірге қараудан өткізеді.

Кәсіпорынның ағынды суы барлық құрамы бойынша тұрмыстық суға жақын, бірақ ластанған концентрациясы бұларда жоғары.

Табиғатты қорғау іс–шаралары

Қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуді ұйымдастырудағы бастама, оны қорғау ғылыми және экономикалық негізделген жобалау болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жобасын жасау оның тазалығын қамтамасыз ету үшін ғана емес, бұл мәселені аз шығын шығара отырып шешу қажет.

Зиянды қалдықтардан қоршаған ортаны қорғау үшін бірнеше бағыттар бар:

- қалдықсыз кәсіпорындарды ұйымдастыру, яғни жұмыс істеу нәтижесінде не ауаға, не суға қатты қалдықтар шығарылмайтын, оның барлығы соңғы циклға дейін арнайы жою техникаларында залалсыздандыру;

- зиянды газдарды ауаға шығаратын әртүрлі құралдар мен жабдықтарды зиянды қалдықтарсыз жұмыс істейтін жабдықтармен алмастыру;

- кәсіпорын пештері мен қазандардан шығатын газ, түтіндерден тазалайтын және орталықты жылумен қамтамасыз ететін қондырғылар есебінде сұйық және қатты отынды жағу арқылы жұмыс істейтін ұсақ өнеркәсіптер мен жылу қондырғыларының көзін жою.

Ластанған сарқын сулардың мөлшерін кемітудің негізгіжолдары:

- технологиялық үрдістерді жетілдіру және аз деңгейде қалдық шығаратын жаңа құрал–жабдықтар пайдалану (өңдеудің кіші модульді жабдығын қолдану, жуу кезіндегі су тоқтауын болдырмау, өңдеуде үздіксіз тәсілді енгізу);

- улы және биологиялық заттарды улы емес биологиялық заттармен алмастыру;

- тазалау циклын толық өтпеген шартты таза суларды қайталап пайдалану және тікелей технологиялық үрдісте құрал–жабдықтарды суыту үшін айналмалы су жүйесін ұйымдастыру;

- су шығынын бақылау, өндірілмейтін шығындарды қысқарту, қосымша қажеттілікке суды үнемді пайдалану.

Елдің экологиялық қауіпсіздігі, азаматтардың бұл құқықтарының сақталуы – өркениеттіліктің ажырамас белгісі. Осыған орай жауапкершілік институтын жетілдіру туралы бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, маңызды тұжырымдар жасалған. Осы тұжырымдарды іс жүзіне асыру, заң шығару ба-рысында оны пайдалану, яғни жоғарыда көрсетілген үш мәселенің құқықтық тұрғыдағы міндеттерін шешу экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң жетістіктері болар еді.

Ұлттық қауіпсіздік еліміздің даму бағытындағы басым бағыттардың бірі. Экологиялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық негізгі құрам бөлігі.


7. Экономикалық бөлім

7.1 Негізгі қаражат жұмсау есебі

7.1 кесте. «Уату - тазалау құрылғысы 90 үлгісіндегі» машинасының техникалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атаулары

Өлшеу бірлігі

Қайта құрылымдауға дейін

Қайта құрылымдаудан кейін

Өнімділік

Алатын орны (ауданы)

Машина массасы

Электрқозғалтқыш қуаты

т/сағ

м²

т

кВт

1,2

3,64

2460

8,4

1,6

3,64

2460

8,4

«Уату - тазалау құрылғысы 90 үлгісіндегі» машинасын қайта құрылымдауға қажетті материалдар мен жартылай фабрикаттарға кеткен қаржы 20000 тенгені құрайды.

Бұрынғы «Уату - тазалау құрылғысы 90 үлгісіндегі» машинасының құны - 800000 тенгені құрайды. Жаңа машинаның құны 800000 + 20000 = 820000 тенгеге тең.

Негізгі қаржы жұмсау есебіне материалдардан бөлек төмендегі қосымша шығындарды қосып есепті базалық (Б) және жобаланып жатқан (Ж) машина үшін жүргіземіз:

Қосымша бөлшектердің құны (жабдық құнының 2 %-ін құрайды)

Б: 800000 x 0,02 = 16000 тг;

Ж: 820000 x 0,02 = 16400 тг;

Қабы мен бумасы бойынша шығын(материалдар құнының 2 %-ын құрайды)

Б: 800000 x 0,02 = 16000 тг;

Ж: 820000 x 0,02 = 16400 тг;

Жиынтықтылау бойынша шығын (жабдық құнының 0,7 %-ін құрайды)

Б: 800000 x 0,007 = 5600 тг;

Ж: 820000 x 0,007 = 5740 тг;

Монтаж және демонтаж жұмыстарына кететін қаржы (жабдық құнының 10 %-ін құрайды)

П: 820000 x 0,1 = 82000 тг;

Құрылыс жұмыстарының құны

Б, Ж: 3,64 x 6000 = 21840 тг;

мұндағы: 3,64 – жабдықтың алатын орны

6000 – 1 м² жердің құны.

Базалық және жобалық нұсқалар бойынша негізгі шығындарды кестеге енгіземіз

7.2 кесте. Базалық және жобалық нұсқалар бойынша негізгі шығындар

Шығындар атаулары

Қайта құрылымдауға дейін, тенге

Қайта құрылымдаудан кейін, тенге

Жабдық құны

Қосымша бөлшектерінің құны

Қабы мен бумасы бойынша шығын

Жиынтықтылау бойынша шығын

Монтаж және демонтаж жұмыстарына кететін қаржы

Құрылыс жұмыстарының құны

800000

16000

16000

5600

21840

820000

16400

16400

5740

82000

21840

Барлығы

К1 = 859440

К2 = 888580


Информация о работе «Шоколад өндіру технологиялық желісінің жабдықтарын жөндеу, жинақтау және жұмысын зерттеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 155805
Количество таблиц: 14
Количество изображений: 12

0 комментариев


Наверх