Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру

Қазақстан тарихы
Адамның пайда болуы (антропогенез) Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі Исатай мен Махамбет басқарған көтерілісі Жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты Қазақстандағы индустрияландыру саясаты Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері ТМД құрылуы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер Білім беру ісіндегі өзгерістер Республиканың саяси өмірі
1273237
знаков
2
таблицы
0
изображений

1. Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру

2. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанда мәдениеттің даму

1. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан енбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық-саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1945 жылы қазан айында Алматыда Республиканың 25 жылдығына арналған Қазақстан Жоғары Кеңесінің мерекелік сессиясы болып, оған туысқан республикалардың, Мәскеу мен Ленинградтың делегациялары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының озаттары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Осы мерекеге орай 5304 адам ордендермен және медальдармен наградталды.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бес-жылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруа-шылығының соғыстан бұрыңғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастауға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізіңде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрың-ғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту көзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінін жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мұнай-1,5, газ-1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.

Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келғен мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды, Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада соғысқа дейінгі 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мын, адамға көбейді. 1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжыл-дық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолык электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе есті.

Республикада төртінші бесжылдықта егіс келемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы тұсімі 47 654 центнерге жетіп, соғыстан бұрыңғы дәрежесінен 89 пайыз асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Атап айтқанда, қазақтың ақ бас сиыры, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, аркар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңатұқым алынды. Малдың жалпы саны өсті: ірі қара-27, қой мен ешкі - 70, жылқы - 71 пайыз көбейіп, шошқа - 2,7 есе артты. Дегенмен ауыл шарушылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар мен кемшіліктер болғанын да айтуымыз керек. Бұл кезде республиканың мал шаруашылығы мейілінше ауыр жағдайда еді. 1951 жылы бар болғаны 4,5 миллион ірі қара (1928 ж. 6,5 млн. болған), 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың түйе (1 млн.) болды. Тек қой саны бойынша, олардың тез өсетіндігі есебінен, 1928 жылдың дәрежесіне жақындады. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкінің саны 18036 мың басқа жетті.

1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге өнім бөлінбеді. Олардың енбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың, саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы төлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда өндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұ-мысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ. Сайып келгенде, өнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа денгейге көтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.

2. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә. Нүрпейісовтың "Курляндиясы"сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мұқановтың "Сырдария", Ғ. Мұстафиннін. "Миллионер", Слановтың, "Кең өріс" сияқты туындыларында жұмысшылардың, колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.

Осы жылдарда М, Әуезовтің "Абай жолы", С. Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов" сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. "Абай" қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

Музыка мәдениеті өрлеу жолына шықты. М. Төлебаевтің "Біржан-Сара", А. Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай", Е. Брусиловскийдің "Дудар-ай", Қ. Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі "Назугум"опералары сол жылдарда дүниеге келді. "Біржан-Сара" операсына КСРО мемелекеттік сыйлығы берілді.

1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне көрнекті ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев сайланды. Осы жылдарда Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екі жылдық мұғалімдер институттары жоғары білім беретін педагогикалык институттар болып қайта құрылды.

Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мындай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердің материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшілігінің ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б. мәдени құралдарды жинап берді.

Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына XX ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ленинград" жорналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгі партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.

Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е. Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болған-дықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

40 жылдардың аяғы - 50-жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, X. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық, қателіктер жіберді деп дәлелсіз аиыпталды.

Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

Тақырыбы: Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964жж.)

Республиканың қоғамдық-саяси өмірі. Өнеркәсіптің даму барысы Республикада жүргізілген экономикалық реформалар және оның нәтижелері

1.1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық, қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаң-сытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1950-55 жж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бұрыңғыдан да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің, шығыс көлемі -1953-1960 жылдарда 7 еседен аса ұлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.

1954-1956 жылдарда одақтық министрліктерден республика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті металлургияның барлық 29 кәсілорындары берілді. Мұның нәтижесінде одақтық-республикалық, өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды. Түсті металлургия, қара металлургия мен химия енеркәсібі кәсіпорындарын салу, байланыс, қала және село құрылысы, геология және жер қойнауындағы қорларды қорғау министрліктері басқада одақтық министрліктер, одақтық-республикалық болып қайта құрылды. Су шаруашылығы министрлігі қалпына келтірілді. Республикадағы министрліктердің құқықтары бұрыңғыға қарағанда едәуір өсті. Оларды құру кезінде Қазақстан үкіметі шаруашылықтың ерекшеліктерін, жұмыс көлемін және өркендеу келешегін ескеретін болды. Сонымен бірге одақтас республикалар жалпы одақтық сипаттағы мәселелерді шешуге бұрыңғыдан гөрі белсене қатыса бастады. Одақтас республикалардың экономикалық және мәдени өркендеуіне байланысты ұсыныстарын талқылау үшін КСРО Жоғарғы Кеңесінің ұлттар Кеңесі әр республиканың өкілдігі болатын Экономикалық комиссия құрды.

2. Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істерінде, оның ішінде халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп өндірісін жоспарлау және олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды ұйымдастыру, қаржы-бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.

Одақтас республикалар құқықтарының кеңеюіне байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметінің белсенділігі артты, оның республикадағы шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа іс жүзінде басшылық етудегі рөлі әжептәуір өсті. Сессияда қаралатын мәселелердің шеңбері кеңейді.

Жоғарғы Кеңестің тұрақты комиссияларының белсенділігі артты. Олардың саны 3-тен 8-ге дейін жетті. Өнеркәсіп және транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, сауда және қоғамдық тамақтандыру, халыққа білім беру және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылды. Олардың құрамына енгізілген депутаттардың саны 35-тен 167-ге дейін өсті. Мұндай өзгерістер мемлекет басына Н. С. Хрущевтің келуімен байланысты еді. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке ие болған ол партия органдары мен ұйымдарының шаруашылық жұмысқа, басқару ісіне араласуына тоқтау салып, олардың қоғамдық істердегі рөлін біраз әлсіретті.

Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту, кеңестердің шаруашылық-ұйымдастыру рөлі мен жауапкершілігін арттыру олардың елдегі әлеуметтік- экономикалық ахуалды жақсартуға қосатын үлесін біраз өсірді. Бұл кезде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылды. Соның нәтижесінде бесінші бесжылдық /1951- 1955 жж./ ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді. Сомасы 3218 млн. сом болатын негізгі қорлар іске қосылды, мұның өзі бұдан бұрыңғы бесжылдықтағыдан 2,5 есе көп еді. Бұл жылдары республикада Өскемен қорғасын зауыты мен оттегі станциясы, Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаңсорғыш фабрикасы пайдалануға берілді. Зыряновск қорғасын комбинатында қорғасын-мырыш концентратын, ал Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған мыс өндіру жолға қойылды. Жезқазғанда 5 қуатты шахта және байыту фабрикасы іске қосылды. Шымкент қорғасын зауыты өндіріс процесі тоқтатылмастан түбегейлі түрде қайта құрылды. Республика түсті металлургиясының бесжылдық ішіндегі жалпы өнімі 2,1 есе өсті. Еліміздегі ең ірі өнеркәсіп объектілердің бірі - Қарағанды металлургия зауытының (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды. Ферросплав өндіру артып, олардың әрбір түрін шығару ұлғайды.

Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарды ауыр өнеркәсіптің, әсіресе, электр қуаты мен отынды көп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар жүйесін жасау, қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі өркендету міндеті қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру барысында республиканың көптеген өндіріс орталықтарында ірі индустриялық кәсіпорындар салынды. Павлодарда алюминий, ферросплав және комбайн зауыттарын, прокат жабдықтары машина жасау зауытын, Жамбылда химия зауытын, Семей мен Шымкентте жаңа цемент зауыттарын салу қолға алынды. Қарағанды металлургия зауытында 2 домна пеші мен табақ қаңылтыр станын әзірлеу және пайдалану жоспарланды. Міне, осындай игі істердің арқасында 1960 ж. Қазақстанда 1950 ж. 17,3 млн. тоннаның орнына 32,3 млн. тонна көмір, 2,6 млрд. квт/сағат орнына 10,6 млрд. квт/сағат электр қуаты өндірілді. Дегенмен осы кезде электр қуатының желілері мен оны бөлу жүйелерінің құрылысы құрт артта қалды, мұның өзі республиканы электрлендірудің тиімділігін едәуір төмендетті.

50-ші жылдардың екінші жартысында Қазақстанда бүкіл еліміздегі сияқты өнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды. Өндіріс жүйесін электрлендіру, кешенді механикаландыру және автоматтандыру, мол өнімді ең жаңа станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу, өндіріс технологиясын үнемі жетілдіріп отыру, отын қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану негізінде өнеркәсіптің барлық салаларында техниканы жетілдіру қарқынын арттыруға айырықша көңіл бөлінді. Еңбекші бұқараны, әсіресе, жұмысшыларды шаруашылық құрылысын басқару ісіне кеңінен тартуға, өндіріске жаңа техника мен озық технологияны енгізуге бағытталған маңызды шараларды жүзеге асыру басталды.

Соның арқасында 50-ші жылдардың екінші жартысы өндіріс техникасы мен технологиясының одан әрі жедел дамыған кезі болды. Кен рудалары кәсіпорындарына өзі тиеп, өзі алып барып түсіріп беретін, елімізде жасалған жоғары өнімді механикалық жүйелер мен бұрғылау машиналары енгізілді. Мұның өзі руда өндіруді түгелдей дерлік механикаландыруға мүмкіндік берді. Түсті металлургияда енді жеке агрегаттар мен тораптар ғана емес, технологиялық процестер, тұтас цехтар жүйелі автоматтандырылды.

Шымкент пресс-автоматтар зауыты әртүрлі 20-дан астам машина, соның ішінде шындағыш машиналар, қуатты жаныштағыш престер шығыруды игерді. Алматы ауыр машина жасау зауытының сым созу станы, Өскемен конденсатор зауытының вольтті конденсаторларының жаңа сериялары елімізден шалғай жерлерде де белгілі болды. Шахталарға, көмір комбинаттарына көмір және топырақ тиейтін машиналар, электровоздар келіп түсті, кен қазатын комбайндардың саны көбейді, ленталық конвейерлер енгізілді. Қарағанды көмір алқабы көмір өндіруде еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру жөнінде елімізде алдыңғы орындардың біріне шықты. Көмір табу, оны қопару, күреу, шығару, жол вагондарына тиеу тәрізді жұмыстар түрінің бәрі механикаландырылды. Бірқатар шахталарда механизмдерді шалғайдан автоматты түрде басқару тәсілі қолданылды.

Өндіріс процестерін автоматты түрде басқару мен бақылау ісі мұнай кәсіпшіліктерінде де қолданыла бастады. Еңбек процестерін энергиямен жабдықтау едәуір ұлғайды. Бір жұмысшыға шаққанда электр қуатын тұтыну 1941 жылға дейінгі деңгеймен салыстырғанда көмір өнеркәсібінде - 3,6 есе, химияда 13,8 есе артты.

Көлік жүйесіне де да көптеген техникалық жаңалықтар енді. Паровоздардың орнына сұйық отынмен жүретін локомотивтар келді. Тұңғыш тепловоздар 1957 жылы Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды, ал келесі жылы тепловоздар республиканың 3,5 мың км астам темір жолын қамтып, олар барлық жүк айналымының, 40,5 пайызын тасыды.

Алтыншы бесжылдықта Қазақстан жұмысшыларының жаңашылдық пен өнертапқыштыққа деген ынта-ықыласы артты. 1957 жылы онымен 22,7 мың, 1958 жылы - 30 мың, ал 1960 жылы - 50 мыңға жуық адам шұғылданды. 1960 жылы түскен жаңашыл ұсыныстардың саны 74 мыңнан асты. Олардың 50,8 мыны өндіріске енгізіліп, 38,8 млн. сом қаржы үнемделді. Сол жылы қоғамдық конструкторлық бюролар /ҚКБ/ курсында мындаған адамдар оқыды, олардың құрамына инженер-техник қызметкерлер, өндіріс жаңашылдары кірді. Республикалық өнеркәсіп орындарында мұндай оқудың саны 200-ге жетті.

1957 жылы Кеңес елі бойынша, соның ішінде Қазақстанда да, бірқатар шаруашылық-ұйымдастыру шаралары іске асырылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару экономикалык әкімшілік аудандары негізінде территориялық принцип бойынша үйымдастырылды. Олардың әрқайсысында халық шаруашылығы кеңестері құрылды. Өнеркәсіптік министрліктері таратылып, олардың кәсіпорындары халық шаруашылығы кеңестерінің қарамағына берілді. Бұл кеңестер республика Министрлер кеңесіне бағынды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқарудың ұйымдастырылуын одан әрі жетілдіру туралы Республика Жоғарғы Кеңесі қабылдаған /1957 ж/ заңға сәйкес республика территориясында 9 экономикалық-әкімшілік ауданы ұйымдастырылып, одақтық-республикалық Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, өнеркәсіптің басқарылуын территориялық принцип бойынша ұйымдастыру ісі жетілмеген болып шықты. Өнеркәсіптің жеке салаларына өндірістік-техникалық басшылық ету экономикалық аудандарға бөлшектелді, ал халық шарушылығы кеңестерінде кәсіпорындарды басқару арнайы мамандандырылған көп салалы басқармалар арқылы жүзеге асырылды. Бұл Кеңестер ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуіне байланысты кеңейген жұмыс көлемін игере алмады, жаңа техниканы пайдалануға жеткілікті бақылау орнатуға қабілетсіз болды және республикалық шаруашылық министрліктер таратылды. Халық шаруашылығы кеңестерінің қарамағына өнеркәсіп пен құрылыстың әр түрлі салаларының 2 мыңнан астам кәсіпорны берілді.

3. 60-шы жылдардың бірінші жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н. С. Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың құрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді.

Партияның XXII съезінде (1961 ж.) КОКП-ның жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп, Хрущев: "бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу бағдарла-масы, бұрыңғылардан оның өзгешелігі - ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама" - деп мәлімдеді. Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді, сөйтіп "кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады". Осынау сөздер ондаған миллион кеңес адамдарын шабыттандырып, оларды жан-қиярлықпен еңбек етуге шақырды. Хрущев бүгінгі қиындықтар уақытша, 20 жылдан кейін кеңес адамдарын тек жақсы өмір ғана емес, коммунизмнің басталуы күтіп тұр деп дәмелендірді.

60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Республикада қоғамдық және жеке мүдделерді ұштастыру, колхоз, совхоз еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін арттыруға деген материалдық ынталылығы принципінің бұзылуына жол берілді. Жоспарлауда, ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруда елеулі кемшіліктер орын алды. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізу жүйесіне зиянын тигізді, егіс алқаптарының қалыптасқан құрылымы бұзылды. Осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті.

Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірбиелерді, оның ішінде келешегі жоққа тән тәжірбиелерді, республикада сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу, т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шарушылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп, Ақмола - Целиноград атанды. Оңтүстік Қазакстан облысы -Шымкент облысы, ал Батыс Қазақстан облысы - Орал облысы болып өзгертілді. Оған Қазақстанда қарсы келетін адам болған жоқ. Қазақ зиялыларының жағымпаз, жарамсақтарын шешуші буындарға орналастырып, олар арқылы қазақ халқын мәңгүрттендіріп орыстың патшаларының отарландыру саясатын санасыздықпен (саналы түрде деуге болмайды, өйткені ол көп мәселеде интернационалдық, ұлттық теңдікті, достықты жақтады) жандандырылған ол қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруды армандады. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашып айтпаса да, халық оған наразы болды. Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты, экономикалық мәселелерді шешуге субъективизмді, волюн-таризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті. Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан /1964 ж/ Пленумы өтті. Пленум Н. С. Хрущевті КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л. И. Брежневті сайлады, ал Кеңес үкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кеңесі А. Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия кеңес және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірстік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық-өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.

1964-1965 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Кеңесі және экономикалық, аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одактық- республикалык министрліктер мен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды.

Қарастырылып отырған кезеңде Орталық партия Комитеті 1965 ж. наурыз Пленумы шешімдері негізінде ауыл шаруашылығының пайдасына ұлттық табысты қайта бөлу, селоның әлеуметтік мәселелерін дұрыс шешу, ауыл шаруашылық өніміне сатып алу бағаларын арттыру жөнінде шаралар алына бастады. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерғе көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Жеке, қосалқы шаруашылықты жоюға байланысты өткен жылдардағы асыра сілтеушілік айыпталды. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өндірісін едәуір жандандырды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға игі әсерін тигізді.

КОКП Орталық Комитетінің 1965 ж. қыркүйек айында өткен Пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларында жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ, жаңа техниканы енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асыруға айырықша көңіл бөлінді. Жаңа техниканы енгізу үшін әрбір кәсіпорында жоспар жасалды. Ірі кәсіпорындары мен құрылыстарда техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар құрылды. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының іске асуына ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, оның ішінде Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бұхтарма ГЭС-і техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары станцияларға айналды. Екібастұз көмір разрезі өнімділігі жоғары механизмдермен жарақталған көмір өндіретін өркендеген кәсіпорын қатарына қосылды.

Сегізінші бесжылдықты жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа тәртібі бойынша Қазақстанда ондаған өнеркәсіп орындары, соның ішінде Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент заводы, Алматынын Жетісу аяқ киім фабрикасы, Семей шұға комбинаты және басқалары жұмыс істей бастады. 1966 жылы бұл кәсіпорындар өнім өткізу жоспарларын асыра орындап, жоспардан тыс көп пайда тапты, өндірістің тиімділігін күрт арттырды. 1966-1967 жылдарда жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуге республикада, негізінен, неғұрлым ірі және пайдасы көп кәсіпорындар көшірілді. 1967 жылдың аяғына таман 193 кәсіпорын, яғни республика ірі-ірі кәсіпорындарының жалпы санының 10 пайызы жаңа жүйе бойынша жұмыс істеді, мұнда барлық қызметкерлердің төрттен бір бөлігі істеп, олар жалпы өнеркәсіп өнімінің үштен біріне жуығын өндірді. 1968-1969 жылдарда ІЗ министрлік пен ведомстволар өз кәсіпорындарын шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді аяқтады. Жаңа жүйе бойынша жұмыс ұымдастыру өнеркәсіпте ғана емес, құрылыс пен транспортқа да енгізілді. Шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшкен кәсіпорындар өткізілетін өнімнің бестен төрт бөлігінен астамын өндірді. 1970 жылы көмір өнеркәсібінде олар өнімнің 98 пайызын және Қазақстан көмір өнеркәсібінің барлық кәсіпорындарының түсірген пайдасының 17 пайызын берді. Түсті металлургия кәсіпорындары мұның алдындағы бесжылдықпен салыстырғанда өздерінің қызмет көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 60 пайыздан асты, пайда 100 пайыз, еңбек өнімділігі 45 пайыз артты.

Бесжылдықтың аяғында республикада жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша 1467 кәсіпорын жұмыс істеді. Жаңаша жұмыс істеген кәсіпорындар материалдық ынталандыру қорына қаржы аударуды арттырып, осы арқылы әрбір қызметкердің өз кәсіпорнынын, сапалық көрсеткіштерін жақсартуға деген мүдделілігін күшейтті. Шаруашылық реформасы өнеркәсіптің, құрылыс пен көліктің тез қарқынмен дамуына жағдай жасап, бесжылдықтың тапсырмаларын орындауда елеулі рөл атқарды.

Сөйтіп, сегізінші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің қауырт дамыған кезеңі болды. Республиканың халық шаруашылығына мұның алдындағы бесжылдықтағы 17,9 млрд. сомның орнына бес жыл ішінде 23,8 млрд. сом жұмсалды. Ұлттық табыс 41 пайыз, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 55 пайыз артты. Тұтас есептегенде бес жыл ішінде осының алдындағы он жыл ішінде өндірілген мөлшерде өнім алынды. 1970жылы Қазақстан 18,2млн.тонна теміррудасын, 1,8 млн. тонна шойын, 2,2 млн. тонна болат, 2,5 млн. тонна қара металдар прокатын, 61,5 млн. тонна көмір, 13,1 млн. тонна мұнай, 2093 млн. текше метр газ, 34,5 миллиард киловат-сағат электр қуатын өндірді. Еліміздің халық шаруашылығында көмір, темір рудасын өндіруде, болат пен қара металдар прокатын қорытуда Қазақстанның үлес салмағы артты. Қазақстан қорғасын, мыс пен титанның жалпы одақтық өндірісінің едәуір бөлігін берді. Республиканың мұнай өндіретін және химия өнеркәсібі жалпы одақтық маңызға ие болды. Өндіріс құралдары мен тұтыну бұйымдарын өндірудің арасындағы қатынастар едәуір жақсарды.

Өнеркәсіптің салалық құрылымында және территориялық орналастырылуында сапалық өгерістер байқалды. Жаңа өнеркәсіп аудандары одан әрі нығайып дамыды, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындары игеріліп, шаруашылық айналымға тартылды, өндірістік қорлар жоспарлы түрде ұлғайтылып, жаңартылып отырды.

Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех қатарға қосылып, жүздеген зауытар мен фабрикалар қайта құрылды және техникалық жағынан қайта жарақтандырылды. Техникалық прогресс ең алдымен өнеркәсіптің энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай өндеу, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі секілді салаларында ілгері басты.

Бұл арада айта кететін бір жайт осы ірі жетістіктер жұмысшылардың үлкен шабыты мен жанқиярлық жасампаз ынта-ықыласын жете пайдалану есебінен іске асырылды. Алайда, өнеркәсіп орындарын салуға, оларды іске қосуға Одақтың түкпір-түкпірінен келген маман жұмысшыларға, комсомол шақыруына үн қосып, жаңа жерлерге аттанған жастарға жергілікті жерде тұрмыстық жағдай туғызылмады, олар азық-түлікпен жете қамтамасыз етілген жоқ. 1959 жылы Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салуға жер-жерден келген жастардың көтеріліс жасауы осы жағдайға байланысты еді. Көтеріліс басылды, кәсіпорындарда жұмысшылардың жағдайын жақсарту үшін шаралар алынды. Бірақ бұл оқиға әміршіл-әкімшіл жүйенің іріп-шіріп келе жатқан бір көрінісі еді.

Қазақстанда астық және мал шаруашылығы бағытындағы совхоздардың саны сегізінші бесжылдықта 1521-ден 1625-ке дейін көбейді. Бұған қоса республикада 1970 жылдың аяғында ғылыми-зерттеу институттары жанында 88 тәжірибелік, эксперименттік, оқу және басқа совхоздар, сондай-ақ мал семіртетін 104 совхоз бар-тын. Олардың шаруашылық есепке көшуі етек алды.

1967-1970 жылдар ішінде Қазакстанның 586 совхозы толык. шаруашылық есепке көшті. Бұл жағдай совхоздардың рентабельдік деңгейін едәуір көтерді. Республиканың совхоздарында ауыл шаруашылық өнімдерін, әсіресе, астық өндіру кірісі мол әрі рентабельді салаға айналды. Сегізінші бесжылдық кезінде республика совхоздарының күрделі қаржысы 4,2 миллиард сомға жуық өсті. Совхоздардың негізгі қорларының құны 1965 жылғы 5,6 миллиард сомның орнына 1970 жылы 8,3 миллиард сомға жетті. Бесжылдық жылдарында республика совхоздарында бір миллион ірі қара малға, 635 мың шошқаға, 8,5 миллион қойға арналған және 700 мыңға жуық құс өсіретін қоралар салынды, басқа да өндірістік және тұрғын үй-тұрмыстық объектілер салу кеңінен өрістеді. Бірақ, өнеркәсіпте, әсіресе, ауыл шаруашылығында басталған реформа аяқталмай қалды. Оның басты себебі қолданылған шаралар тиімділігі айтарлықтай болмады. Соның салдарынан бұл саладан жоспарланғандай қайтарым, күткендегідей өсім алынбады.

Тақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру

Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы Тың және тыңайған жерлерді игеру

Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті төмен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды. 50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп ендіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік- батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.

Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы принципін қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті мамандарымен, механизатормен нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір көтерілді. Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе, бұрыңғы ауыл шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді. 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жұмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғайтты. 1953 жылдың аяғында республиканың 1096 кәсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.

1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыс-тырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың өңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.

Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған көлемде жаппай коныстандыру ісі жүзеге асырылды. Қоныстандыру ісін ұйымдастыру 1938 жылы құрылған Бас қоныстандыру басқармасына жүктелді. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жер халық комиссариатының құрамында миграциялық үрдістерді реттеу енгізілді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанға Одақтың әр түрлі республикаларынан — Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавия және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. Қазақстандық тың игеруге Болгария азаматтары және Қытай Халық Республикасының қазақ репатрианттары да қатысты. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы, Ақмола облысының ауыл шаруашылық кәсіподағының облыстық комитетінен 300, «Қазсельмаш» зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған М.Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М.Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган — Қазакстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.

Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде /1954-1956 жж./ 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бар еді. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мың адам және Қазақстанның училищелерінен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге жолдама берілді. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 адам директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жіберілді.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа өнімі - 1949-1953 жылдардың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық өндіретін дәрежеге жетті. /Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық өндіру жеткілікті деп есептеледі/. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын- соңды болып көрмеген дәрежеге ілгерілетті.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің, саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл процесс соның өзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бөлігін өз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды.

Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының, жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды.1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция сияқты елдің бүкіл ауыл шаруашылық жер көлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі жерді қайырмасыз түренмен жырту тәсілі жасалды. Алайда, эколог мамандар атап көрсеткендей, қазіргі замаңғы шаралардың барлық түрі де, қоршаған ортаны кажетті экологиялық қорғауды қамтамасыз ете алмады. Ол тек экологиялық зардаптарды женілдетеді. Бұл қазіргі экологиялық мәселеде, әрине, жеткіліксіз.

Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде көкөніс егуге тыйым салынып, елде азық-түлік мәселесін шиеленістірді.

Тың игеру қарабайыр /экстенсивті/ әдіспен жүргізілді. Мұның өзі әр гектарға шаққанда өнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде өндірілген астықтың бағасы өте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайншылары, әскери бөлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.

50-ші жылдардың басында колхоздарды күштеп ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды, оның есесіне колхоз өндірісінің шоғырлануы күшейді. Осы жылдарда біраз колхоздар, олардың ішінде Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Қазақстан колхоздарының ақшалай табысы өсіп, бөлінбейтін қорлары көбейді. Еңбек күннің құны екі еседен астам өсіп және ақшалай орташа бағасы 1958 жылы 10 сом 54 тиынға жетті. Сол жылы республика колхоздарында 63 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар жұмыс істеді. Бұларда 18 мыңнан астам диқан мен малшы, 17,2 мың жүргізуші, 13,2 мың ауыл шаруашылығы механизаторлары еңбек етті. Олардың арасынан зор қабілетті ұйымдастырушылар шықты. Социалистік Еңбек Ерлері Алматы облысындағы "Алматы" колхозының бастығы Л. С. Манько, "Мичурин" атындағы колхоздың, бастығы Қ. Әбдіғұлов, Батыс Қазақстан облысындағы "Бірлік" колхозының бастығы М. Мейірманов, Шығыс Қазақстан облысындағы Калинин атындағы колхоздың бастығы Н. И. Лозовой, Талдықорған облысындағы "Жаңа талап" колхозының бастығы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н. Алдабергенов, т. б. солардың қатарына жатқызуға болады.

50-ші жылдардың екінші жартысында МТС-тар қайта құрылып, олардың қарамағында болып келген ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды, бұл процесс 1959 жылы наурызда, яғни бір жылдың ішінде аяқталды. Бұрыңғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы /МЖС/ мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-тердің техникасының бір бөлігі совхоздар мен ауыл шаруашылығын механикаландыру училищелеріне берілді, енді бір бөлігі колхоздарға сатылды.

МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты. Оларды М Т С - тардан ескі техникаларды жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр етті. Бұл, әсіресе, әлсіз колхоздарды үлкен қиыңдықтарға душар етті. Сонымен қатар техниканың жөнделуін, колхоздар мен совхоздарға жаңа техниканың запас бөлшектердің сатылуын және материалдық-техникалық жабдықтау мен колхоздарға өндірістік қызмет көрсететін басқа да түрлерін қамтамасыз етуде өте бір ыңғайсыз жағдайлар қалыптасты. МТС-тардың орнына машина-жөндеу станциялары құрылып, кейін олар "Казсель-хозтехника" өндірістік-техникалық және жабдықтау бірлестіктерімен алмастырылды. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық-техникалық жағдайы құлдырай түсті.

Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды. Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы — 85%-н болса, 1962 жылы — 29%-ғана болды. Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

Тақырыбы: Қазақстанның 60-80-ші жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

1. "Тоқырау" жылдарындағы республиканың өнеркәсібі

2. Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар.

3. Республиканың қоғамдық-саяси және мәдени дамуындағы жағдай

1. "Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрыңғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшан нейтронға негізделген, дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12пайызғажетті.

Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық, ведомстволар республикадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады деп айтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекешеленген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық технолгиялық және еңбек тәртібін бұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары мемлекетке 1981 жылы 760 млн. сом, 1982 жылы - 1,0 млрд., 1983 жылы - 1,3 млрд, 1984 жылы - 1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі замаңғы техника мен технологияны игеруде еліміздің капиталистік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті.

Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмысты атқарудың ұзақ мерізімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осыған қармастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Енбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесе кәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. IX бесжылдықта жоспарды күрт төмендетіп отырса да өнеркәсіп көлемі 12,6 пайызға орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25 пайызға, он бірінші - 3,6 пайызға орындалған жоқ. Соның салдарынан IX, X, XI бесжыл-дықтардың ішінде ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру міндеті қойылса да, ол іс жүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың көптеген шарушылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" болды, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да ресрустарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапонияны алсақ, өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40 пайыз кем пайдаланды. Қазақстанның бай табиғи және еңбек ресурстары басшы кадрларды дандайсытып жіберді. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе дәл осы себептен еді.

Өндірісті сан жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы бұл қарқынды тоқтатуға тырысты, бірақ көбінесе үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10 пайызы пайда-ланылды.

Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.

Өндірістіқ теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыста "сақалды" объектілер берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекакы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихаттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды.

Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестіқ жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.

2. Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 ж. дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90 пайызға техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өндейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру бірқалыпты жүрмеді.

Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдық өзгерістер енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960 жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздар есебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, республикада 388 колхоз қалды. Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуір төмендеді, бірақ осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан әрі жетілуін көруге болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орында қалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті.

Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдар егілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтік шаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдар егілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына IX бесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50 млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіне немкұрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғасырлар бойы қалып-тасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалып кетуі үлкен әсерін тигізді.

Бір айтып кететін жай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен мал семіртетін аландар салынды, малды өсіріп, семіртетін мамандандырылған шаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаты 23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, семіртетін төрт кешен: Алматы облысы бойынша 10 мың басқа арналған "Жетіген", Шығыс Қазақстан облысында 5 мың басқа есептелген "Ждановский", Орал облысында 5 мың басқа арналған "Правда" газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған "Шалқар" кешендері жұмыс істеді. Шошқа өсіріп бордақылайтын "Волынский" /Қарағанды облысы/ кешені қатарға қосылды. 1976 жылдың басына қарай 575 мың бас ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды.

Бірақ осы жылдарда мал шаруашылығын дамытуда келеңсіз жағдай қалыптаса бастады. Олай дейтініміз, туберкулез және бруцеллезбен ауырған мал кейбір облыстарда 95 процентке жеткен. 1965-1985 жылдары 4,2 млн. сиыр, 55 млн. бас қой мен ешкі, 5,1 млн. шошқа өлген, ал әрбір 100 саулықтан не бары 10 бұзау, 30-дан аса қозы, 69 торай алынған. Азық-түліктік астық өндіру жөнінен одақта алдыңғы орындардың, біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнап басқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатып алып отырды. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі бетімен жіберілді. Көліктің, элеваторлардың, қоймалар мен ыдыстың жетіспеушілігінен, жолдың нашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнін 20 пайыздан 40 пайызға дейінгісі ысырап болды. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Қаңырап қалған кішігірім ауылдар қатары жүздеп саналды.

Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінше өнімнің өзіндік құнын ақтамады, қайта зиянмен жұмыс істейтін шаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 ж. ондай шаруашылықтардың үлес саны совхоздардың 26 пайызын, колхоздардың 4 пайызын қамтыса, 1985 ж. совхоздардың 53 пайызы, колхоздардың 49 пайызы зиянмен жұмыс істеді. Село еңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақы төлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды.

Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру бағытындағы кейбір ізденістер басшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басында жүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттердің, бағаның, интеграция мен мамандандырудың жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауыл шаруашылғының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаң әкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа көшті. Істің жағдайын жаңа шешімдер қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтиже бермеді.

3. XX ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, республика жұмысшылар мен қызметшілерінің орташа айлық табысы едәуір есті. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33 пайызға көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.

Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің жөне кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, ақы төлеудегі теңгермешілік т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20 пайызға өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселенің бірі - тұрғын үй мәселесі. Осы жылдары бұл мәселе бірсыпыра шешуін тапты: ондаған миллион адам жаңа пәтер алып, өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Дегенмен халық санының өсуімен байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады.

Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процестер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің "қалдықтық принциптері" қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Әлеуметтік мәселелер жөнінде "кереңдік" пайда болды, ал өндірістің техникамен жабдықталуы, кадрлардың біліктілігі, ең бастысы - жұмыс сапасы артта қала бастады.

Қалыптасқан басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің тар шеңберлігі де жаңа жағдайда мейлінше келеңсіз көрініс берді. Онда еңбекшілердің өзін-өзі басқаруының өрісі тарылды. Қоғамдық меншік өзінің шынайы иесі -еңбекшілерден бірте-бірте оқшаулана түсті. Оны ведомстволық пен жершілдік, әр жаққа тартқылаған жайлар аз болған жоқ, нақты қожайыннан айырылып, "иесіз", тегін жатқан дүниедей көрінді. Шаруалардың бүкіл халықтық игіліктен сырт қалуы, қоғамдық мүдденің еңбеккерлердің жеке мүддесімен ұштастырылмауы барған сайын көбірек байқалды. Шаруашылықты жүргізудің өткен кездегі қалыптасқан жүйесі дамыту факторынан, оның ілгерілеуін тежейтін тұсауға айналды.

Осы жылдарда индустриялық дамудың, кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орны толмас зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Бұрыңғы жағасынан 60-120 шақырымға дейін төмендеген, құрғап қалған жерлерінен кұм, шаң, тұз көтеріліп, бұл өңірдегі халыққа өлім ұрығын септі. Ересек халық пен бала өлімі көбейді. Осындай жағдай Семей өңірінде де орын алды.

Семей және басқа полигондарда барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның тұрақты сәулесіне ұшырады, әсіресе онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика территориясында 27 жерде қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралында жүргізілді.

Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық-техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Республикада мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелерінің алдына өмірдің өзі койған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.

Тоғызыншы және оныншы бесжылдық кезінде жаңа баспалар құрылды. Бұлар: "Қайнар", Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған "Жалын", "Өнер" баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей тілдерінде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кітап шығып тұрды. 70-80 жж. бес томдық "Қазак ССР тарихы", он томдық "Қазак тілінің түсіндірме сөздігі", он бір томдық монографиялық жұмыс - "Қазақстанның металлогениясы", тоғыз томдық "Қазақстанның өсімдіктері" және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар жарық көрді. Бір жолғы тиражы 5 миллион данамен 415 газет, ондаған жорнал шығарылды.

Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ондаған халық театрлары, ән-би ансамбльдері, қазақ ұлт аспапты халықтық оркестрлері, халық хорлары құрылды.

Қазақстан селоларында мәдени-бұқаралық жұмыстың мәдениет университеттері мен мектептері, көшпелі өнертану кафедралары, көркемдік шығармашылық бірлестіктер, атеизм автоклубтары және т.б. сол секілді жаңа формалары кеңінен тарады.

Село тұрғындарының тұрмысына телевизия, радио, баспасөз, кино бұрыңғыдан да көбірек ене бастады. Ауыл мен деревняның мәдени дәрежесі Қазақстанның село зиялыларының сан және сапа жағынан едәуір өсуімен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.

1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер істеді. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жүргізілді.

1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып, олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті. Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты. Мәселен, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллион 266,1 мың бала оқыды. 1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент білім алды. Студенттерді 160 мамандық бойынша әзірледі. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орындарының, саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбір 10 мың адамына 160 студенттен келді.

XX ғ. 60-80 жж. қазақ әдебиеті I. Есенберлиннің, Ә, Нұршайықовтың, М. Мақатаевтың, Т. Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М. Шахановтың, Қ- Мырзалиевтің, Ф. Оңғарсынованың, Ә. Кекілбаевтің, О. Бөкеевтің және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті. Сазгерлер Ш. Қалдаяқовтың, Л. Хамидидің, Н.Тілендиевтің, Ә. Еспаевтың, I. Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. Ә. Қашаубаев негізін салып кеткен ән өнеріндегі игі дәстүрді Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Ә. Дінішев, Р. Жаманова, Р. Бағланова, Р. Рымбаева т. б. жалғастырып байыта түсті. "Ботагөз", "Аққан жұлдыз", "Менің атым Қожа", "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Бейбарыс сұлтан" кинофильмдері республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Бірақ экономикадағы тежеу мен . тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да салқынын тигізбей қоймады. Республика экономикасының орталық ведомствоға бағыныштылығы, мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көп ұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді.

Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің, әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері мен кемшіліктері ұлттық қатынасқа да әсерін тигізбей қойған жоқ. Мемлекет басшылығы ұлт мәселесінде ешқандай проблема жоқ, ол мүлтіксіз шешілген деп санады. Сөйтіп, ұлт мәселесін шешудегі табыстарды асыра бағалау орын алды. Ал іс жүзінде ұлт мәселелері жүйесінде қайшылықтар, келеңсіз жағдайлар қордалана түскен еді. Оған 1922 жылы федерациялық мемлелкет болып құрылған КСРО-ның іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналып кетуінің үлкен әсері тиді. Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі өмірлік тәжірибеде ұмыт болды.

Бұл жылдары интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық, құрсауда болатын. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдалды. Міне, осымен байланысты интернационалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді, немесе оны бүтіндей алмастырды. XX ғ. 70-80 жж. ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді, ұлт республикаларында тұратын халықтар мен ұлттардың дамуында орыс мәденитінің рөлін асыра бағалау процесі жүрді.

Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана колдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Республикада кеңінен насихатталған қос тілділік екі тілге бірдей қараған жоқ. Орыс тілін республика қазақтарының 60 пайызы меңгерсе, қазақ тілін орыстардың 1 пайызынан азы ғана меңгерді. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуде, мемлекеттік, дипломатиялық және әскери өмірде, сол сияқты жоғары мектептерде қолданылмады. Республикада шыққан кітаптардың 95 пайызы орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 пайызы эфирге орыс тілінде берілді.

Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, саяси ахуалдың қаталдандырылуы, еркін ой-пікір айтуға өкіметтің төзбеушілігі республикада өзінің көлеңкелік жақтарында көрсете бастады. Атап айтқанда, 1979 ж. жазда Ақмолада қазақтардың неміс автономиясын құруға қарсы шығуы ұлттық қатынастардағы қоза түскен қарама-қайшылықтың көрінісі еді.

XX ғ. 70-80-ші жылдарында партияның жоғары эшелондарында сөз бен істің бірлігіне шақырған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі барып тұрған екіжүзділік үндеу еді. Өйткені оны басшы органдарында отырғандардың орындауы міндетті болмады. Талап тек қана республиканың төменгі буындағы ком-мунистерге бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Сондықтан Қазақстандағы төменгі партия органдарының қызметі де барған сайын жасандылыққа бой ұрды. Жергілікті партия басшыларынан қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифр-лардан,алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді. Партия беделі тез құлдырай түсті. Оның үстіне бұл кезде партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номен-клатурасына берілген артықшылықтар ерекше көзге шалынды. Мұндай артыкшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін туғызды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендік принципті қатаң сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.

Сонымен, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеологияда да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да орын алды, Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде бұл жағдай барған сайын өрши түсті.

Тақырыбы: Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

1. "Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер.

2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

3. Қазақстанның әлеуметтік және мәдени дамуындағы қиындықтар

1. 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызметінен байқауға болады.

Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың тандауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Қазақстан Компартиясының, Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып істеген Н. Ә. Назарбаев және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

2. Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.

Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халкының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халыктың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев, А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш колдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық, Комитеті "Қазак республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетілді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемелекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.

Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық, партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мұндай тазарту жұмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г. В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар өлімі, халыктың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті.

Қайта құру барысында қазақ халкы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемелекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты.

3. XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12 пайыз кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жоқ. Мәселен, 80-жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек - 69, Одақта әрбір он мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы республикада мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53 пайыз ғана болды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен Өскемен, Шымкент, Алматы, Теміртау, Лениногорск сияқты өнеркәсіп орталықтарында ауаның ластануы өте жоғары денгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында өңеш, қылтамақ, асқазан, бауыр аурулары едәуір көбейді. Мұнда басқа жерлермен салыстырғанда балалар өлімі екі есе өсті. Осыған орай республикада қоғамдық қозғалыс күшейіп, Арал, Балхаш мәселелері жөнінде қоғамдық Комитет құрылды. "Невада-Семей" ядролық қаруға қарсы күрес күшейіп, Семей полигонының жабылуына қол жетті. Бұл қозғалыстар тек ядролық полигондарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында, "Халық денсаулығы" деген атпен жүргізілді. Қоғамдық негізде сондай-ақ мәдени-ұлттық орталықтар құру, діни ұйымдар, шығармашылық өнер одақтарын ұйымдастыру жөніндегі қозғалыс кеңінен өрістеді.

Халықтың қалын бұқарасы арасында әлеуметтік жағдайын қорғауды талап ететін топтар көбейді. Олар -жалақысы төмен жұмысшылар мен қызметкерлер, зейнет-керлер, студенттер еді. 1991 жылғы желтоқсанда оларды материалдық жағынан қолдау мақсатында жарық көрген "Қазақстан республикасы халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Президенттің Жарлығына байланысты республика үкіметі бірнеше шешім қабылдады. Зейнетақы, жәрдем ақша, стипендия, т.б. әлеуметтік төлемдердің ең аз мөлшері көбейтілді. Қазақстанда 1991 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері және балаларға мемлекет тарапынан қосымша төлем төлеу екі есе өсті, көтерілген бағаның орнын толтыру үшін қосымша 3 миллиард сом ақша бөлінді. Әрине, бұл қаржы күн санап қымбаттап бара жатқан халықтың тұрмыс қажеттілігін қанағаттандыра алмады.

Қоғамды қайта құру, қоғамдық-саяси ахуалды жандандыру барысында бұрыңғы КСРО-ның көптеген аймақтарында ұлттар мен әр түрлі халықтар арасындағы қайшылықтар күшейе түсті, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен қойыла бастады. Өйткені көптеген ұлттар мен халықтардың өздеріне тән мәдени мұралары мен әдет-ғұрыптары әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайыііда жойылып кетті. Мемлекеттік іс жүргізу тек орыс тілінде жүрді. Ұлттық тіл еленбеді. Ұлт тілінде сабақ жүргізу нашарлап, орыс тілі айырықша дәріптеле бастады. Соның салдарынан қаладағы қазақтардың 40 пайызы өздерінің ана тілін білмейтін мәңгүртке айналды. Мұндай жөнсіздіктерді

түзету мақсатында республикадағы 7999 балалар бақшасының жанынан 814 қазақ топтары құрылды. Республикадағы жұмыс істейтін 8654 мектептің 2500-інде оқу қазақ тілінде жүргізілді.

Қазіргі кезеңгі өмір талаптарына сай кейбір пәндерді терең талдап оқытатын мектептердің, гимназия, лицейлердің саны көбейе бастады. Олардың жалпы саны 1400-ге жетті. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жарты миллионға жуық студент білім алды. Бұл жылдары Түркістан мемлекеттік университеті, Шынкент дене шынықтыру, Көкшетау ауыл шаруашылық, Шымкент фармацевт институттары ашылды.

1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-інде тіл туралы заң қабылданып, республикада қазақ тілін және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000-жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты ұлттық тілдерді қорғап дамыту. Заң бойынша мемлекеттік тіл болып қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып белгіленді. Бірақ бұл заңның орыңдалуында көптеген кемшілік орын алды. Өйткені іс жүргізуде, еңбек ұжымдарында әзірге қазақ тілінен гөрі орыс тілі басым еді. Бұл мәселеде жергілікті Кеңестерге елеулі міндеттер жүктелді. Алайда, оны іске асыруда едәуір қиыншылықтар мен қайшылықтар кездесті. Бірқатар жерлерде іс жүргізу, ұлтаралық қатынас қазақ тілінде жүргізілу қажет делінсе, Орал, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Казақстан сияқты облыстарда онан бас тартуға дейін барды.

Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық қозғалыстар күшейіп, олар бұқаралық демократиялық қозғалысқа айналды. Бұрыңғыдай өз ұлтына қалай болса солай қарайтын адамдардың қатары азайып, олар өз ұлтының экономикалық және рухани мәдениетінің дамуына жанашырлық көрсете бастады. Мәселен, 1989 жылы Алматы қаласындағы үш өнеркәсіп орындарында жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесінде 18 бен 25 жас арасындағы қазақ жастарының 71 пайызы өздерінің ұлтын мақтан тұтатындығын айтқан.

Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі өз елінің, болашақ дамуын ұлттық тәуелсіздікпен тікелей байланысты деп қарайды. Осы орайда бір айтатын жәйт республикадан басқа жаққа кетушілердің саны көбейді. Мәселен, 1986 жылы 75,7 мың адам, 1987 жылы 71,4 мың, 1988 жылы 70 мың адам басқа жаққа қоныс аударған. Олардың саны, әсіресе, ауылдық жерлерде өсті. Ол жерлерден, соның ішінде тың және тыңайған жерлерді игерген облыстардан орыс, украин, неміс, беларусь тағы басқа да ұлт өкілдерінің кетуі күшейді. Мұның өзі республикадағы барлық саяси күштердіц ынтымақтасып, жалпы ұлттық мүддені барынша қорғау үшін күресуін талап етеді. Әсіресе, қазіргі мейілінше күрделі ауыр кезеңде, оның маңызы өте зор, өйткені таяу арада саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түзеліп кетуіне ол кезде жұрттың сенімі азайды.

Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы.


Информация о работе «Қазақстан тарихы»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 1273237
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

Скачать
249228
0
0

... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх