Қазақстандағы индустрияландыру саясаты

Қазақстан тарихы
Адамның пайда болуы (антропогенез) Қола дәуірінің жалпы сипаттамасы XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы Қазақ-жоңгар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ хандығының бытыраңқылығы Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері XVIII гасырдың 40-80 жылдарындағы саяси жағдай. Абылай хан билігі Исатай мен Махамбет басқарған көтерілісі Жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты Қазақстандағы индустрияландыру саясаты Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика өнеркәсібі Қазақстан экономикасы бейбіт өмірге қайта құру Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері ТМД құрылуы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Конституция - мемлекеттіліктің басты белгісі Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті Қазақстан мәдениетінің дамуындағы өзгерістер Білім беру ісіндегі өзгерістер Республиканың саяси өмірі
1273237
знаков
2
таблицы
0
изображений

1. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты

2. Қазақстанның индустриялық дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар

1. Жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өркендету ісі өріс алды. Мұнай, тұз өндіру ісі жолға қойылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Петропавл-Көкшетау темір жолы іске қосылды. Жетісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор-Ташкент және Сібір темір жолдарында жүк айналымы өсті.

1923 жылы Екібастұзда - 500, Риддер мен Ақмолада - 300, Жетіқарада - 600 жұмысшы істеді. Сол жылғы санақ мәліметтеріне қарағанда, губерниялық және уездік қалаларда (Жетісу мен Сырдария облыстарын қосқанда) өндірісте 25 мың жұмысшы еңбек еткен. Қазақстан еңбекшілері республиканың өнеркәсіп орындарын қалпына келтіруде бірқатар табыстарға жетті. 1925 жылы Орал-Ембі ауданының кәсіпшіліктерінде 195мың тонна мұнай шығарылды, бұл 1920 жылмен салыстырғанда 80 мың тоннаға артық. Доссор кәсіпшілігінде 1920жылғы 10 мұнай скважинасының орнына 70 скважина жұмыс істеді. Риддер рудниктері мен Алтай кен руда ауданының басқа да кейбір кәсіпорындары қалпына келтірілді. Оларды мұнан әрі ұлғайту үшін 1925 жылы одақтық, бюджеттен 4 млн. сом бөлінді. Алтын шығаратын өнеркәсіп соғысқа дейінгі дәрежесіне жақындады.

Былғары, тері илеу, тоқыма, ұн-жарма, май айыру, тұз, полиграфия, металл өңдеу өнеркәсіптерін қалпына келтіру ілгеріледі. Республикада майдагерлік ұсақ өнеркәсіп, тері тон тігу, пима жасау, жүн түту, қарапайым ауыл шаруашылық құралдары мен үй тұрмысына қажетті заттар жасау, ұста дүкендері мен ұстаханалар көбейді. 1925 жылы Қазақстанда 39 мың жұмысшысы бар 4 мыңнан аса осындай кәсіпорындар мен ұстаханалар істеді.

1925 жылдың аяғына қарай Қазақстанда өнеркәсіп өнімін өндірудің жалпы көлемі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсіп, соғыстан бұрыңғы көлемінің шамамен үштен екісіне жетті. 1921 жылы мұнда істеген 17 пайыздың орнына өнеркәсіп орындарының 60 пайызынан астамы іске қосылды. 1923-1925 жылдар ішінде одақ қарауындағы кәсіпорындарды жұмысшылар саны 8 пайызға, ал өлке өнеркәсібі бойынша 56 пайызға өсті.

Қазақстанда 1925 жьтлға дейін созылған өнеркәсіпті қалпына келтіру негізінен аяқталды. Бұл жылдары Риддерді, Қарсақпайды, басқа да көптеген өнеркәсіп орындарын қалпына келтіру құлаш жайды. Қарағанды көмір алқабы, Ембі мұнай кәсіпшілігі, Шымкент қорғасын және Балқаш мыс қорыту зауыттары, Лениногор полиметал комбинаты, т.б. кәсіпорындардың құрылысы басталды.

Бұл кезде мыс өндіру 2223 тоннаға, көмір қазу 58,5 мың, мұнай шығару 269,1 мың тоннаға жетті. Электр станцияларының қуаты екі есеге артты. Көптеген жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қайтадан құрылды. Мемлекет меншігіне көшкен 175 женіл және тамақ өнеркәсіп орындарының 114-і өңдеу зауыттары еді. Семей қаласында тері өңдеу және шұға фабрикасының құрылысы басталды. Іледе ағаш кесіп өңдеу, Орал мен Семейде кірпіш зауыттары іске қосылды.

2.Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрыңғы КСРОның шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әсерін тигізді, өлкеде темірдің, көмірдің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бұл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен құрылыстарын салуға себеп болды.

Индустрияландыру Қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы, біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, екіншіден, жұмысшылардың өндірістік-техникалық дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қазақстанның өнеркәсіптік деңгейін биіктетуге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды жаңа техникалық негізде қайта құруға, сөйтіп халыктың материалдық жағдайын, әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.

Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық шовинистік және жергілкті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету саясаты іске аспайды, өйткені "артта қалған көшпелі халық" индустрияның дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар және дамудың феодалдық сатысынан социализмге өту мүмкін емес, көшпелі қазақ халқының өз ұлттық ерекшелігі бар, ал индустрияландыру осы "ұлттық ерекшелікті" бұзады деген пайымдаулар да айтылды. Өлкеде өз алдына томаға- тұйық, шаруашылық құру "теориясын" ұсынушылар да кездесті.

Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар республика болашағына аса маңызы бар бұл мәселеде өлкелік партия комитетінің қойған мақсатын қайта қарауды талап етті. Бұлардың арасынан, әсіресе, Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.

Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды. 1927 жылдан басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерзімінен 17 ай бұрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оның құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының, орынбасары Т. Рысқұлов, темір жол инженері М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты. Сол жылдарда республикада түсті металл өндіру қарқыны едәуір күшейді. Риддер полиметалл, Қарсақпай мыс қорыту комбинаттары іске қосылып, жаңа техникамен жарақтанды. Кезінде дүние жүзіндегі өзі тектес өнеркәсіп орындарының ірісі болған Балқаш мыс қорыту зауыты, қуаттылығы жағынан елімізде бірінші орынға шыққан Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш зауыты салына бастады. Сөйтіп, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда түсті металл кәсіпорындарының негізгі өндіріс қоры 27 есе артып, республика ірі өнеркәсібі негізгі өндіріс қорының, 40 пайызын құрады. Республика көмір өнеркәсібінің, әсіресе, Қарағанды көмір алқабының зор маңызы болды. Республика мұнай өнеркәсібі алғашқы үш бес жылдықта бүкіл елдегі мұнай өнімінің бестен бірін беріп, Одақта үшінші орынға шықты. Сөйтіп түсті металл, мұнай, көмір өнеркәсіп салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгендігін көрсетті. Сонымен қатар химия, энергетика, металл өңдеу сияқты өнеркәсіп салалары да өркендей түсті.

Республикада - кен-химия өнеркәсібінің тұңғышы -Ақтөбе химия комбинаты салынды. Ол кезінде ел шығысындағы жоғарғы сапалы тыңайтқыш өндіретін бірден-бір, ал Одақ бойынша екінші кәсіпорын болды. Шымкент химия-фармацевтік зауыты, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Көптеген электр стансалары жұмыс істеп, соғыс алдында Ертіс өзенінің бойында Өскемен су электр стансасының және Қарағанды жылу электр стансасының құрылысы жүрді.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтерді. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев балық консерві, Алматы жеміс консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Ауыр индустрия кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіру, жаңаларын салу және техникалық жағынан қайта құру, осыған сай қуатты энергетикалық база жасауды талап етті. Осыған байланысты Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балқаш мыс балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Ақтөбе химкомбинатының, Ащысай полиметалл комбинатының жылу электр стансалары салынды. Электр қуатын өндіру республикада 1913 жылмен салыстырғанда 486 есеге өсті.

Соғысқа дейін республикада мыңдаған шақырым жаңа жол салынды. 600-ден астам өнеркәсіп орындары іске қосылды. Негізгі өндіріс қорының 96,4 пайызы, барлық жұмысшы табының 77,5 пайызы осы ірі өнеркәсіп орындарында жұмыс істеді. Бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз еседей артса, ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 19,5 есе өсті.

Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялды-аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940 жылдары 4,6 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды.

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары еді. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылар қозғалысы өріс алды. Индустрияландыру бұрын артта қалған Қазақстан сияқты ұлт аймақтарының тез дамуына, сөз жоқ игі әсерін тигізді.

Қазақстанның индустриялық дамуының жоғарғы қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Бұл көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді.

Алайда, Қазақстанда индустрияландыруды жүргізу, ешбір кемшіліксіз, қайшылықсыз өтті деген қорытынды жасауға болмайды. Ондай өрескел кемшіліктер индустрияландыруды жүргізудің тәсілдеріне тән еді. Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әміршіл-әкімшіл, бұлтартпайтын әдістермен жүргізілді. Асығып-аптығудың нәтижесінде жаңа өндіріс орындарын салу, өнім өндіру жөнінде үстемеленген тапсырмалар беріліп, оларды бұлжытпай орындау талап етілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, олардың қатары үнемі толықтырылып отырды.

Республикада машина жасауды айтпағанда, мұнайды, газды, түсті металдарды өңдейтін, әсіресе, машина жасаудың жетекші салалары-станок, прибор, автомобиль, трактор және ауылшарушылық машиналарын жасайтын кәсіпорындар болмады. Жеңіл өнеркәсіптің бірсыпыра жетекші салаларының нашар дамуы немесе болмауының, салдарынан тұтыну заттарының көпшілігі /киім, аяқ киім, металл т.б./ республикадан тыс жерден тасып әкелінді. Сөйтіп, Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірден-ақ негізі қаланған және одан кейінгі жылдары, оның ішінде соғыстан кейінгі кезеңде де жалғастырылған, бір жақты дамытылуы осы күнге дейін өзінің зардабын тигізіп келеді.

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Олар салық төлеу, заемға жазылу, қолда бар қаржыларын, қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптің дамуына белсене ат салысты. Шаруалар астық, мал шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бұл мәселеде наразылық білдірушілер шықса, олар ұсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мұндай қуғындалғандардың басым көпшілігі ауқатты шарулар еді. 1927-1928 жылы ауқатты кулак шаруашылықтары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашылығы салығының бүкіл сомасының 33 пайызын, ал мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықтың бүкіл сомасының 25 пайызын төледі. Келесі 1928-1929 жылы салық төлеу өткен жылмен салыстырғанда 98,8 пайызға (Егеменді Қазақстан, 1992 ж. 22 желтоқсан) артты. Күштеудің мұндай әдістері ауқатты шаруалардың наразылығын туғызды.

Дегенмен индустрияландырудың елді экономикалық артта қалушылықтан шығаратынына халық сенді. Сондықтан да халық еселенген күш-жігермен еңбек етті. Өндірістегі, еңбектегі белсенділік бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде дамып, индустрияландыру ісінің табыстарын тасытты деуге болады. Нәтижесінде Қазақстанның отызыншы жылдардағы индустриялық дамуы бірсыпыра ірі табыстарға қол жеткізді. Олардың қатарына ең алдымен оның аграрлы елден индустриялы-аграрлы елге айналуын, қалалардың өсуін және республика халқының құрамында қала халқы үлесінің көбеюін айтқан жөн. Сондай-ақ, жұмысшы табының, әсіресе, оның ұлттық кадрларының қалыптасуын, инженер-техникалық интеллигенцияның жасақтала бастауын, халықтың құрамындағы баска әлеуметтік демократиялық өзгерістерді жатқызуға болады.

Қазақстанның шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның өнімінің үлесі отызыншы жылдар ортасында үстем бола бастады. 1939 жылы 59,9 пайызға жетті, ал ауыл шаруашылығының өнімі 41,1 пайызын қамтыды. Қуатты өнеркәсіптік потенциал жасалып, ол ойдагыдай дамыды. Қалалардың урбанизациялау және ірілену процесі жүрді. Қала халқының жартысына жуығы (47,5 пайыз) елу мыңнан астам адам тұратын қалаларға шоғырланды. Егер 1926 ж. республикада мұндай қала тек Семей ғана болса, 1939 жылы ондай қалалардың саны жетіге жетті, ал Алматыда, Қарағандыда, Семейде - әр қайсысында жүз мыңнан астам адам тұрды. Қазақстан қалаларының халқы, әсіресе, басқа жақтардан көшіп келушілердің есебінен өсіп, 1926-1939 жж. оның саны 1,8 млн. адамға көбейді.

Республикада индустрияландыруды жүзеге асырудың барысында елде жұмысшы табы қалыптасты. Ол ез құрамына материалдық өндіріс саласының ең алдымен өнеркәсіптің, құрылыстың, транспорт пен байланыстың, ауыл шаруашылық өндірісінің /совхоздар, МТС-тар және т.б./, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету салаларының әртүрлі топтарын қамтыды. 1933 жылы жұмысшы табы халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің құрамында 23 пайызға жетті, ал 1926 жылы ол 10,7 пайыз болатын, сөйтіп жұмысшы табы колхозшы шаруалармен қосқанда қоғамның ірі табына айналды. Жаңа таптың өзегі өнеркәсіп жұмысшылары 115,5 мың адамнан асты.

Қазақстанның индустриялық даму барысында қалыптасқан жұмысшы табының жаңа қоғам құрудағы шешуші рөлі жалпы алғанда оның сол жылдардың мейілінше қиын да күрделі жағдайындағы ерен еңбегінен көрінді. Республика жұмысшы табының қоғамдық саяси және еңбек белсенділігі елдің индустриялық дамуын, өтпелі дәуірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістерін ойдағыдай қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды,

Алайда, индустрияландыру Қазақстанда әміршіл- әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді. Оны жүргізу күштеу мен зорлық, әкімдік, асыра сілтеу әдістерінің белең алуы жағдайында іске асты.

Индустрияландыруды жүргізу үшін қаражат жинаудың негізгі қоры ауыл-село адамдарының, шаруалардың адал еңбегінің жемісі мен дәулеті арқасында қалыптасты. Оларға шамадан тыс ауыр салмақ салынды, индустрияландыру облигациясы шығарылып, оны шаруалар арасында тарату зорлық пен күштеу негізінде жүргізілді. Индустрияландыру қорына халық алтын, күміс, асыл тастан жасалған бұйымдарын, қымбат мүліктерін беруге мәжбүр болды.

Тақырыбы: 20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдай.

Өлкедегі саяси өмір Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы

1.Өлкедегі 20-жылдардың бас кезіндегі қоғамдық-саяси өмір 1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша құрылған қазақ революциялық комитеті өлкедегі ең жоғары әскери-азаматтық басқару органы болып табылды. Оның басты міңдеті: революцияға қарсы күштерге тойтарыс беру, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени кұрылыс үшін жағдай жасау, Қазакстаңда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу, армияны азық-түлікпен және басқа да қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету және сот ісін жүргізу болды.

Қазақ революциялық комитетінің алғашқы құрамына оның төрағасы ұлты поляк, 1902 жылдан болтшевиктер партиясының мүшесі С.Пестковскиймен бірге Ә.Жангелдин, Б.Қаратай, М.Тұнғаншин, С.Мендешев және Алаш Орда жетекшілері А.Байтұрсынов пен М.Қаралин және тағы басқалар енді. Қазақ революциялық комитетінің шешімі бойынша 1920 жылы 9 наурызда Алаш Орда үкіметі таратылды. Қазревкомның қарауына Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары және Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аймағы кірді.

1919 ж. 10 шілдеде құрылған Қазақ революциялық комитетінің басты міндеттерінің бірі қазақ жерлерін біріктіру және қазақ кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстарын жүргізу болды. Бірақ аумақтық мәселе талас-тартыссыз өте қойған жоқ. Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы болғандар аз болмады. А.Байтұрсынов пен М.Сералин Қазақстанның солтүстік облыстарының, соның ішінде Қостанай облысының ежелден ақ қазақ жерлері екендігін және оны Қазақстан құрамына қосу қажеттілігін дәлелдеген хаты негізінде бұл мәселе 1920 жылы 28 ақпанда Лениннің қатысуымен РКП (б) Орталық Комитетінде қаралды, оны шешу Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитетінің әкімшілік комиссиясына берілді. Батыс Сібір губерниясынан келген Акмола және Семей облыстарын Қазақстан құрамына енгізу % оңай болған жок. Бұл кезде Қостанай облысы да Челябі губерниясының құрамында болатын. Сібір революциялық комитетінің сол кездегі басшыларының қазақ жерлерін қайтарғысы келмей қасарысуы да жағдайды шиеленістіре түсті. 1920 жылдың екінші жартысында аталған облыстардың аумақтық мәселесі бес рет қаралды. Казақ революциялық комитеті басшыларының табанды белсенділігі мен бұл мәселеге орталықтың араласуы ғана бұл аумақты қазақ революциялық комитетінің пайдасына шешуге мүмкіндік берді. Солтүстік облыстардың қазақ жеріне толық қосылуы 1921 жылы ғана аякталды.

1920 жылы 1-7 тамызда РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декреттер жобасын қарады. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР құ'рамында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойылды. Автономия астанасы Орынборда 1920 жылы 4-12 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезде С.Меңдешев басқарған Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен В.Радус-Зенькович басқарған Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамы сайланды. Съезде сонымен бірге «Қазақ АКСР еңбекшілері кұқықтарының Декларациясы» қабылданды. Бірақ қазақ елінің кеңес билігі тұсында мемлекеттік еркіндік алу туралы ой-арманы орындалмады. Жарияланған кеңестік қазақ автономиясы тек сөз жүзіндегі ғана құрылым болды. Қазақстанның ішкі өміріне қатысты мәселелердің негізгі түйіні Мәскеуде шешілді. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдері тәуелсіздік жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Бірақ қуғынға ұшыраған олардың бір бөлігі шетелге кетуге мәжбүр болды.

Орта Азияда республикаларды Түрік Республикасына біріктіру жөніндегі Тұрар Рысқұловтың идеясы Орталықтың наразылығын туғызды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Ташкентке арнайы құрылған комиссия жіберді. Түрік Республикасы туралы жергілікті партия органдарының шешімдерінің күші жойылды. Түрік Республикасын құру туралы бастаманың Т.Рысқұлов бастаған бас-шылары партиялық және мемлекеттік қызметтен босатылды. Тек 1922 жылы ғана өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындағаннан кейін барып ғана олардың республика басшылығына қайта оралуына рұқсат етілді.

1923 жылы маусым айында Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәжілісінде татар коммунистерінің жетекшісі М.Сұлтанғалиевтің Орта Еділ бойында коммунистік мұсылман мемлекетін кұру әрекеті де қатты сынға алынды. Сұлтанғалиевтің Шығыстағы барлық түріктерді біріктіру жоспарында Орта Азия немесе Тұран Республикасы (Құрамында Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан) КСРО кұрамына тең құқылы федерация ретінде кіруі керек болса, Қазақстан жеке одақгас республика болып құрылуы тиіс еді. 1923 жылы Сұлтанғалиев Кеңес өкіметін құлатпақ әрекеті үшін айыпталып тұтқынға алынды, кейіннен атылды. Сонымен бірге, қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясын да жазалау әрекеттері басталды. Республика басшылығындағы бұрынғы Алаш партиясынын мүшелері қызметтерінен босатылды, Т.Рысқұлов және тағы басқалар Орталыкқа шақырылды.

Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер өкіметі ұлт-азаттық күресті зорлыкпен басып, тоталитарлык жүйе бір жолата орныққаннан кейін ұлт-азаттық күрес өрісінің тарылуына байланысты, енді ол жаңа саяси жағдайда шетелдік эмиграция күшімен де жүргізіле бастады. Шетелдік эмиграцияның ұлт-азаттық күрестегі ең ірі өкілі Мүстафа Шоқай болды. Азаттық күресінің бұл кезеңі мен жаңа жағдайында Мұстафа Шокай (Париж), Ибраим Жайнақов (Шығыс Түркістан), Райымжан Марсеков (Шығыс Түркістан) сияқты қазақтың ұлттық демократиялық интеллигенциясы мен бұрынғы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері тұрды.

Кеңес өкіметінің ұлт және ұлттардың теңдігі мен бостандығы туралы саясатын Ахмет Заки Валидің «Ресейдің оңтүстік-шығыс мұсылмандары тарихында жаңа кезең басталды. Ресейдегі күрес мұсылмандар құқығын қамтамасыз ете алмады, сондықтан да бұл күрес енді халықаралық сипат алмақ. Менің мақсатым - бұл елдердің талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу» деп айтуы да көп жайтты аңғарта алады.

XX ғасырдың алғашқы ширегі аяып империялардың күйреуі және отар елдердегі ұлт-азаттық күресінің күшеюімен де ерекшеленді. Ең алдымен Шығыс Еуропадағы империялар күйреді. Олардың бодандары тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдары әлемдік ауқымда асқындаған ұлт-азаттық қозғалысына қосыла алатыңдай саяси күштер Қазақстаннан да табылды. Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Ермеков, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел жәңе Жанша Досмұхамедовтер өз зама-нындағы әлемдік ұлт-азаттық күресіндегі ірі тұлғалардың қай-қайсысынан да кем тұрмады. Алаш азаматтары бастаған ұлт-азаттық күрес тоталитарлық жүйе нығайғанға дейін тоқтамады. Бірақ олардың қызылдар империясының қанды тырнағына қарсы тұруға шамалары келмеді. Алаш қозғалысы мен Алаш Орда мемлекетгілігін коммунистер билігі қызыл шақа қалпында қырғынға ұшыратты.

Алғашқы кезде көз алдау үшін құрылған ұлттық республикалар қол жаулық мемлекетке айналды. Большевиктер партиясы монархияны құлатқанымен империяны құлатпаған еді. Патшалық Ресей империясының орнына Кеңестер империясы, патшалық деспотияның орнына коммунистік деспотия орнады. 1922 жылдың соңында құрылған КСРО-ның мемлекеттік кұрылымы жұрт назарына ұсыну үшін койылған әшекей зат қана еді. Билік - Кеңестерге, жер - шаруаларға, зауыттар - жұмысшыларға деп ұран көтеріп, 1917 жылы төңкеріс жолымен өкіметті басып алған коммунистер, бұл билікті одан кейінгі жылдары да өз қолдарынан шығармады.

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен дүниенің астан-кестеңін шығарған азаматтық қарсыластық кезеңі Ресейдің басқа халықтары сияқты қазақ халқын да ауыр дағдарыс пен күйзеліске ұшыратты. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында басталған экономикалық дағдарыс пен соғыс ауыртпалығы 1917-1920 жылдардағы аумалы-төкпелі заманда одан сайын күшейе түсті. Бір қолдан екінші қолға өткен және меншік нысанын ауыстырған кәсіпорындар жұмыс істеуден қалды. Казақстандағы мемлекет иелігіне алынған 307 кәсіпорынның 250-і мүлдем жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарды, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтады. Көптеген кәсіпорындар жарым-жартылай ғана жұмыс істеді. Соғыс жылдарында қиратылған және бүлінген кәсіпорындарды қайта қалпына келтіруге қаржы мен жұмыс күші жетіспеді.

Ауыл шаруашылығы да үлкен күйзеліске ұшырады. Егіс көлемі 1914 жылғы 3,6 млн. десятинадан, 1922 жылы 1,6 млн. десятинаға дейін қысқарды, егін шығымдылығы да едәуір төмендеді. Азамат соғысы жылдарында енгізілген азық-түлік салығы 1921 жылы наурыз - сәуір айларында ғана азық-түлік салығымен алмастырылды. Бұған дейін-ақ зорлыққа негізделген саясатқа қарсы шаруалардың шыдамы таусылған болатын.

1920 жылдың көктемінен бастап шаруалар наразылығы қарулы күреске ұласа бастады. Шаруалардан құралған әскери бөлімдерде қарулы бүліктер шықты. 1920 жылы Ақтөбе уезінде Логинов бастаған ішкі істер қызметінің батальоны бүлік жасады. Маусым айында Өскемеңдегі 530-шы жаяу әскер полкі көтеріліс жасады, маусым айының соңында Павлодар мен Семейде есаул Шишкин бастаған көтеріліс бұрқ ете түсті. Бірнеше ірі станцияларды басып алған олардың қатары шілде айының соңында 16 мыңға дейін жетті.

1920 жылғы көтерілістің ең ірісі Орал губерниясында әрекет еткен бұрынғы қызыл гвардияшы, азамат соғысының батыры А.Сапажков бастаған бүлік болды. Сапажков басшылық еткен екінші Түркістан атты әскер дивизиясында бұрынғы шаруалар көп болатын. Большевиктер саясатына наразы болған олар шілде айында Сапашковтың басшылығымен ашық қарулы күреске шығады. Орал қаласын алу әрекетінен ештеңе шықпаған көтерілісші әскерлер дала түкпіріне қарай шегінуге мәжбүр болады. Парти-зандық күрес тәсіліне көшкен көтерілісшілер ұйымдасқан және жақсы қаруланған Қызыл Армия әскерлеріне қарсы тұра алмады. Көтерілісшілер жеңіліске ұшырайды. Сапашковтың өзі ұрыс үстінде қаза табады.

Бұңдай көтерілістер 1921 жылы Көкшетау уезінің Белогор болысында, Есіл уезінде және Гурьевте болды. Көтерілістің басты себебі болыиевиктердің халыққа қарсы қатал саясаты мен ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайы еді. Көтерілісшілер «Большевиктерсіз кеңес өкіметі», «Азық-түлік салғырты жойылсын», «Сауда еркіндігі жасасын» деген сияқты ұрандар көтерді. Кеңес өкіметі көтеріліске қатысқаңдарды қатал жазалады. 1921 жылдың көктемінен азық-түлік салығының жойылуы және жаңа эко-номикалық саясатқа көшу шаруалар наразылығын едәуір бәсендетті.

1921-1922 жылдары Қазақстанның едәуір бөлігін қуаңшылық жайлап елде ашаршылық басталды. Қуаңшылық алдында жұт болып малдың көп бөлігі қырылды. Аштықка ұшырағандар саны 2 млн. 300 мың адамға жетті. Ашаршылық әсіресе, өлкенің батыс және оңтүстік-батыс аудандарын көбірек қамтыды. Бүкіл ресеилік Орталық Атқару Комитетінің декретімен Орал, Ақтөбе, Орынбор, Қостанай, Бөкей губерниялары аштыққа ұшыраған аудандар қатарына қосылды. Астық мол болған Семей және Ақмола губернияларында да аштық белгілері байқалды. Азық-түлік отрядтары азық-түлік салығының жойылғанына қарамастан Семей және Ақмола губерниялары шаруаларынан азық-түлік салығы ретінде ауыл шаруашылық өнімдерінің артығының 80 пайызына дейінгісін күшпен тартып алды.

Еділ бойынан аштыққа ұшыраған халықтың Батыс Қазақстан арқылы Түркістанға қарай ағылуы да жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Ашыққан аудандарға көмек көрсету едәуір кешігіп жүргізілді және ол барлық аудандар мен ашыққаңдарды түгел қамти алмады. Нәтижесіңде 1921-1922 жылдардағы аштық пен аурудан жүз мыңдаған адам қырылды.

Кеңес өкіметі өзінің бейбіт уақыттағы алғашқы экономикалық және саяси жағдайын осындай трагедиялық цифрлармен бастады. Дегенмен де патша өкіметінің Сібір және Орал казак әскерлеріне берген қазақ жерлерін қазақ шаруаларына қайтару туралы декреті Кеңес өкіметінің жер саясатындағы оңды шешімдерінің бірі еді. 1921 жылы жер реформасы Жетісуда да жүргізілді. 1916 жылғы көтерілісті басып-жаныштау кезінде тартып алынған 400 мың десятина жер байырғы халыққа қайтарылып берілді.

Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде қазақ мемлекеттілігінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру жөніндегі аса маңызды мәселе дұрыс шешімін тапты. 1924 жылы Түркістан АКСР-і таратылып, оның жерлері Өзбек, Түркмен республикалары мен Қазақстанға берілді. Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие ата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі және Қарақалпақ жері Қазақстанға қарады. Көп ұзамай Қарақалпақ жері түгелдей Өзбекстанға қосылды. Орынбор губерниясының бір бөлігі мен Орынбор қаласы Ресейге берідді. Республика астанасы Ақмешітке (Қызылорда) көшірілді. Ұлттык-аумақтық межелеу нәтижесіңде Республиканың жер көлемі 2,7 млн. шаршы километрге жетіп, халық саны 5 млн. 230 мың адамга көбейді.

Тақырыбы: Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы


Информация о работе «Қазақстан тарихы»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 1273237
Количество таблиц: 2
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
385825
15
4

... ғы – жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін отбасы­ның әлеуетін пайдалана отырып шешуге болады. 3.2 Қазақстандық отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуде ұсынылатын модельдер Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын сақтау, ...

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

Скачать
249228
0
0

... 1179; әулеттермен әрі империялармен нәтижелі қатынастар жүргізу арқылы сыртқы аренадағы беделін көтерді. Батысқа жорық.Түрік қағанатының тарихында ерекше атап өтетін бірнеше әскери жорықтардың жасалғаны анықталған.Соның бірі – Батыс жорығы.Бұл жоры ...

Скачать
200129
6
3

... үшін жағдайлар жасау. 2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері 2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағ ...

0 комментариев


Наверх