2.2.1 Бетон қоспасын дайындау

Қазіргі заманғы құрылыста бетон қоспасымен бірнеше құрылыс объектілерін негізінен орталықтан қамтамасыз ететін автоматтандырылған бетон заводтары мен темірбетон-бетон өңдіретін кәсіпорындарының бетон араластырғыш топтарында бетон қоспасын дайындайды. Бұл объектілердегі механикаландырылған және қуаты төмен бетонараластырғыш қоңдырғыларда дайындауға қарағанда сөзсіз техникалық-экономикалық артықшылық береді.

Бетон қоспасын дайындау бетон қоспасының құрамдас бөліктерін бәрін мөлшерлеп салу мен оларды біртекті масса түзелгенше мұқият араластырудан тұрады. Бетон заводтары мен бетонараластырғыш цехтарда материалдарды мөлшерлеп бөлудің жоғары дәлдігі мен шапшаң өлшеуді және жеңіл басқаруды қамтамасыз ететін жартылай автоматты және автоматты бөліп-өлшегіштер пайдаланылады. Өлшеп-мөлшерлеудің дәлдігі цемент пен су жөнінде (массасы бойынша)1%-тен, ал толтырушылар2%-тен аспауы тиіс. Бір мерте араластыруға қажет материалдардың мөлшерін 1 м бетон қоспасына жұмсалуы мен бетон қоспасының шағу коэффицентінің шамасына қарай анықталады.

Бетонның біртектілігі мен беріктігі едәуір мөлшерде қоспаны араластырудың сапасына байланысты. Біртекті бетон қоспасын алу үшін араластырудың тиімді мерзімін ұсынған жөн, бұл бетонараластырғыштын сиымдылығына, бетон қоспасының жайылмалығына, тағы басқа жайттарға байланысты және тәжірибе арқылы анықталады.

Бетон қоспасын араластырудың ұзақтығы сиымдылығы 425 метрге дейінгі бетонараластырғыштарға шамамен 1 минут, 1200 литр 2,5 мин. Қатқыл бетон қоспаларды араластыру мерзімін 1,5-2 есеге созған жөн. Жақсы араласқан бетон қоспасы түсіргенде тұтас күйде, ыдырамай қопарылады.

Бетон қоспасын дайындау технологиясы.

Бетон қоспаларын даярлау. Бетон қоспасын қалыпқа салу цехына жақын орналасқан бетон араластыратын цехта дайындайды.

Бетон шыбықтарды даярлау. Алдын-ала керіліп тартылмайтын болат шыбықтардан құрастырылатың қаңқалар мен торкөзді пісіру, көмірмен арматура цехында даярлайды. Арматура цехы қалыпқа салу цехына жақын орналасады.

Алдын-ала керілетін болат шыбықтарды жекелей немесе будалап қалыпқа салу цехында домкраттардың көмегімен не электртермиялық тәсілімен жасалды.

Бұйымдарды қалыпқа салу.

Бұл процесс мынадай әрекеттерден тұрады, қалыптарды тазалау, құру және майлау, қалыпқа арматураны салу, бетонды жайып, тығыздау.

Қалыпқа жайғастырылған бетонның қатарын тендету үшін оны жылу мен ылғал ықпалына ұшыратады. Темірбетон бұйымдары зауыттарында бетонды мынадай жерге салады: қалыпты қырымен 70-100ºС температурада булауы, 100ºС температурада тиістіріп қыздыру, автоклавтарды 174-190ºС температурада булау, электрмен қыздыру.

Ең көп тараған тәсіл қалыпты қысымда булау.

Темірбетон бұйымдарын стендік, ағынды агрегатты, конвейерлік, кассеттік тәсілмен өндіреді.

Бетон қоспасының қасиеттері.

Жаймалауға оңтайлық – бетон қоспасының бетондалатын бұйымның қалыбын бетон қоспасының өз салмағы әсерімен жайыла толтырып, өздігінен немесе сыртқы күштің әсерінен тығыздалуы. Бетон қоспасының бұл қасиетін жайылмалық және қатқылдық деп анықтайды.

Жайылмалық деп бетон қоспасының өз салмағымен жайылуын атайды.

Бетон қоспасының қатқылдығы деп оның қалып ішінде дірілдету мен жайылып, оны толтыруын айтады.

Жаймалауға оңтайлық бір қатар жайттарға тәуелді: цемент түріне, су мен цемент қамырының мөлшеріне, толтырғыштар кесектерінің ірілігі мен пішініне, құм мөлшеріне. Құрама бірдей, бірақ әртүрлі цементтен жасалған бетондардың жаймалауға оңтайлығы әртүрлі болады, бұл әртүрлі цементтердің суды қажет етуіне байланысты. Мысалы, пуццолан портландцемент пен қожпортландцемент портландцементке қарағанда суды көп қажет етеді, ал олармен жасалған бетон қоспалары қатқылдау болып шығады.

Судың мөлшері артқанда бетон қойыртпағының жайылмалылығы артады, алайда бетонның беріктігі төмендейді. Бетон қоспасында цемент көбейгенде, ол жекелеген кесектерді қалыңырақорайды да, олардың арасындағы үйкелісті азайтып, бетон қойыртпағының жайылмалылығы артады, бұл жағдайда бетон қоспасының беріктігі өзгеріссіз қалады.

Неғұрлым ірі кесекті толтырғыштарды пайдаланғанда бетон қойыртпағының жайылмалылығы артуына жағдай туады. Осыған ұқсас нәтиже толтырғыш кесектері жұмыр болғанда шығады. Мысалы, қиыршық тас пен өзен құмын салып жасалған бетон қоспасының жайылмалылығы жарма тас пен тау құмын салғандағыдан артық. Бетон қоспасын жасағанда қосылған құм мөлшерінің де жайылмалылыққа ықпалы бар.

Бетон қоспасының жайылмалылығы оған органикалық жұмсартқыш қоспаларды-сульфаттық, ашытқылық барданы және т. б. қосқанда

артады. Бұл қоспаларды цемент массасының 0,15-0,25% мөлшерінде салғанда қоспаның суы қажеттігін 8-12%-ке азайтады, сонымен қатар цемент мөлшерін 6-10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді.

Жайылмалы және қатқыл бетон қоспаларын салыстыра келе, созылмалы бетон қоспасына қарағанда қатқыл бетон қоспасы цемент жұмсалуы жағынан тиімді екені анықталады. Сондықтан бетон қоспасының жайылмалығын мүмкіндігінше төмен етіп белгілейді, тек ол қоспаның жаюға және тығыздауға қолайлы болуы тиіс.

Ыдырамайтындық – деп бетон қоспасының тасымалдағанда, түсіргенде және жайылмалағанда ірімеу қасиетін айтады. Ыдырмайтынды-лық жоқ болса, бетон қоспасы құр араласқан су мен қатты құрамдастардан тұратын қойыртпақ болады. Олар тез ажырасып, қалыпқа құюға жарамсыз болады. Бетон қоспасының ыдырамайтындығын бетонның құрамын дұрыс таңдау, ең алдымен цемент қамырының қажетті мөлшерде болуымен қамтамасыз етеді.

Бетон материалдары.

Цемент. Ауыр бетондар үшін цементтің маркалары ұсынылады:

Бетон маркасы: М 100 М, 150 М, 200 М, 300 М, 400 М, 500 М. 600 М,

Цемент маркасы: 300, 300, 400, 400, 500, 500, 600, 600,

Жасалатын бетонға ұсынылған цемент маркасынан бар цементтің маркасы жоғары болса, ұсақ толтырғыштар ұсақталған тау жыныстары немесе өнеркәсіп қалдықтарын қолданады.

Су. Бетон қоспаларын дайындау үшін ішімдік су немесе бетонның ойдағыдай ұстасып, қатаюына кедергі келтіретін зиянды қоспалары жоқ табиғи су қолданылады. Зиянды қоспаларға сульфаттар, минералдық және органикалық қышқылдар, майлар, қанттар және басқалары жатады.

Бетонды араластыруға, оның үстіне құюға өнеркәсіптен шыққан, сарқынды, батпақ суларын қолдануға болмайды.

Бетон даярлауға дайындалған су, оны қосып жасалған бетоннан алған үлгінің беріктігі 28 тәуліктен кейін ішімдік су қолданып жасалған сондай үлгі беріктігінен кем болмаса, жарамды деп саналады.

Құм. Ұсақ толтырғыш ретінде түйіршіктерінің ірілігі 0,14-5 мм болатын қопсыған қалыптағы табиғи құм қолданылады.

Бетон дайындауға пайдаланылатын құмның сапасы негізінен түйіршіктер құрамымен және зиянды қоспалар мөлшерімен анықталады.

Құмның түйіршіктік құрамы оның ішіндегі әртүрлі түйіршіктердің ірілі-ұсақтығына байланысты. Құмның түйіршіктік құрамын анықтау үшін оларды тесіктері әрқилы елеуіштерден өткізеді. Әр елеуіштен өтпей қалған түйіршіктер жиынтығы құмның түйіршіктік құрамын анықтайды.

Құмның орташа тығыздығы оның кеуектігі мен ылғалдылығына байланысты. Құмның кеуектігі неғұрлым төмен болса, оның тығыздығы соғұрлым жоғары болады, сондықтан соңғысының шамасына қарай құмның түйіршік құрамының сапасы анықталады

Ірі толтырғыш. Ауыр бетонды жасауға ірі толтырғыштар ретінде қиыршық тас пен жарма тасты пайдаланады.

Ірі толтырғыш ретінде ауыр бетон жасауға қиыршық тас немесе жарма тас пайдаланылады.

Қиыршық тас – қатты тау жыныстарының табиғи бөлінуінен (желге желіңуіне ) түзілген көлемі 5-70 мм жұмыр пішіндегі түйіршіктердің қопсыған қоспасы. Қиыршық тас таулық, теңіздік, өзендік болып бөлінеді. Таулық қиыршық тас бұжыр келеді, оның арасында құм, саз, тозаң және органикалық заттардың қоспалары кездеседі. Өзен және теңіз қиыршық тастары оған қарағанда таза болғанмен, сырты жылтыр жұмыр болып келеді де, цемент-құм ерітіңдісімен ұстасуы нашар болады. Ұстасуын жақсарту үшін оны ұсақтауға болады.

Жарма тас - әртүрлі қатты тау жыныстарын, кірпіш кесектерін қож және басқаларды ұсақтау арқылы алынатын қопсыма материал. Ұсақтағаннан шыққан ірілігі (5-10 мм ) қоспаны елеп, ірілігіне қарай бөледі. Елегенде ірілігі 3 мм-ден кем бөлігін құм ретінде пайдаланды. Жарма тастың қиыршық тасқа қарағанда түйіршіктері үшкір пішіңді, көп қырлы болып келеді де, олардың цемент-құм қоспасымен ұстасуы әлдеқайда жақсырақ болады. Жарма тастың ішінде зиянды қоспалар мөлшері аз болады.

Түйіршіктерінің ірілігіне қарай қиыршық тас пен жарма тас 5-10, 10-20, 20-40, 40-70 мм фракцияларға бөлінеді. Қиыршық тас пен жарма тастың әрбір фракциясында түйіршіктердің барлық түйірі болуы тиіс берілген фракцияның ең кіші түйіршіктерінен бастап ең ірі түйіршіктеріне дейін.

Ірі толтырғыш кесектерінің беріктігі жасалатын бетон беріктігіне айтарлықтай ықпал етеді. Өз кезегінде жарма тастың беріктігі ол алынатын тау жынысының беріктігі жасалатын бетон беріктігінен 1,5-2 есе артық тау жынысынан ұсақталған жарма тастар пайдаланған дұрыс.

Қиыршық тас пен жарма тас аязға төзімділігі бойынша15 , 25, 50, 100, 150, 200, 300 маркаларынан бөлінеді.

Бетон жұмыстарынан басқа мекемеде су құрылыстарында жөндеу, сырлау, ағарту жұмыстары жүргізіледі. Темір бөлшектерді қоршаулауды сырмен сырлаймыз бір текше метр жерге норма бойынша 180 гр сыр кетеді.

Бетон ағарту жұмыстарына 100 текше метр бетон тамына норма бойынша 16,5 кг утас кетеді.


Информация о работе «Құрылыс техналогиясы»
Раздел: Строительство
Количество знаков с пробелами: 116394
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 3

0 комментариев


Наверх