2. Жер жұмыстары.

Кез келген мақсатқа арналған ғимарат құрылысы жер, тас дайындау, монтаждау әрлеу, монтаждау, электр монтаждау тағы басқа да көптеген жұмыс түрлерін орындауды талап етеді. Бұл жұмыстардың әрбір түрін белгілі мамандықтағы жұмысшылар атқарады. Құрылыс жұмыстары белгілі жүйе бойынша орындалады. Жұмысты жүргізу тәртібі мен әдісі ғимарат жобасына қосымша жасалған жұмыс жүргізу жобасымен анықталады.

Объект құрылысы екі: дайындау және негізгі жұмыс кезеңдеріне бөлінеді.

Дайындау кезеңінде- объект құрылысын дайындауға байланысты жұмыстар істеледі. Ең алдымен болашақ құрылыс салынатын жерге жалпы мемлекеттік геодезиялық кестеге негізделген геодезиялық тірек торын жасап алады. Бұл тор көбінесе объектінің негізгі осінің орналасу қалпын белгілейтін жерге көмілген бетон діңгектерден реперлерден, сондай-ақ теңіз бетінің деңгейінен биіктігі мүлтіксіз жазып қойылған жеке реперлерден құралады.

Жұмыс құрылыс алаңдарын тазартудан басталады; алаңды бұзуға жататын құрылыстардан босатып. Бөгет жасайтын ағаштарды басқа да жерге отырғызады да сақталып қалатындарын қоршайды.

Алаңды тазартып, өрлете жоспарлауға кіріседі. Жердің өсімдік қабатын кесіп алып оны құрылыс объектісі біткеннен кейін өңдеу тегістеуге үйіп қояды. Өрлете жоспарлауды алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізеді. Көтеріңкі жерлердің топырағын қырнап, артық топырақты ойыс жерлерді тегістеуге жұмсайды немесе тасып әкетеді. Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемімен тереңдігіне жұмысты орындау жағдайына көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.

Жұмыстың көпшілігі скреперлер мен бульздозерлер көмегімен атқарылады, топырақ төселген жерлер нығыздалады.

Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында өте кең тарағаны бір шөмішті экскаваторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады. Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырақты нығыздауға қадаларды қағуға қолдануға болады.

Негізгі жұмыс кезеңдеріне -жалпы алаңдық құрылыс жұмыстармен қатар осы кезде, құрылыс кезіндегі пайдаланылмайтын жер асты коммуникацияларында тиімді етіп жасайды. Егер бұл жұмыстар негізгі кезең басталғанға дейін бітсе, толығымен тұрақты жолдар салынып, оларды үйді тұрғызып біткенше пайдалануға болады.

Қазаншұңқыр мен қажетті орларды экскаватормен қазады. Қазылып алынған топырақтың жарамды бөлігін қазаншұңқыр мен құрылыс алаңының сол салынып жатқан немесе басқа құрылыс алаңдарының тегістелуіне жұмсалады.

Құрылыста біз скрепер мен бульдозердің жер жұмыстарын орындауын бақыладық.

Скреперлер жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады. Олар келесі операцияларды орындайды:

1. Топырақты қабаттап өңдеу.

2. Алған топырақты тасымалдау

3. Топырақты қабатпен үйіндіге үю

4. Оларды қазаншұңұыр және топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда пайдаланылады және топырақты таптау үшін тығыздағыш машиналар пайдаланылады.

2.1. Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар, олардың маркалары, техникалық параметрлері, өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы

Жер жұмыстарын жүргізу барысында тырма, орақ, тік күрек, қалақша күрек, темір арба (топырақ тасуға арналған) қолданамыз. Көп көлемді жұмысы бар тоғандарды су қайырымынан тазалау жұмыстарына шөміш көлемі 0,65 т\м 3 эксковатор «Драглайн» техникасы қолданылады.

Ойпаң учаскелердегі алаңдарды тегістеу жұмыстарын коммуникациялар және ірге тастарды орнатқанша, ал үйінді учаскелерде –осы ғимараттарды орнатқаннан кейін жүргізеді.

Жер жұмыстарының барлық процестері кешенді механикаландырылған әдісін және жұмыс өндірісінің тиімді тәсілдерін қолдана отырып іске асыру керек.

Жер жұмыстарын орындайтын машиналарды таңдау топырақтың түріне, жердің бедеріне, жер жұмыстарының көлемі мен тереңдігіне, жұмысты орындау жағдайына (үйіндіге, көлікке), көлік құралына және топырақты ауыстыру қашықтығына байланысты.

Негізгі жер қазатын машиналарға жоғарыда айтып өткеніміздей бір және көп шөмішті экскаваторлар, ал жерді қазып тасымалдаушыларға-бульдозерлер мен скреперлер пайдаланады.

Құрылыста өзінің қопсыту қабілетінің және жоғарғы өнімділігі арқасында кең тарағаны біршөмішті эксковаторлар. Жұмыс жағдайына байланысты олар тік, кері күректі болады және грейферлермен де жабдықталады.( жоғарыда қысқаша айтылып өткен). Бұл экскаваторлар арнайы жабдықтармен көтергіш кран ретінде және топырақты нығыздауға, қадаларды қағуға қолдануға болады.

Экскаватордың жұмыс істейтін алаңы көлік құралдары тұратын және топырақты үйілетін жерлерді қоса есептегенде «қазым», ал оның жылжып отырып алған топырақ учаскесі «өтіс» (өту) деп аталады.

Бір шөмішті эксковаторлар үзіліспен қозғалатын өзі жүретін жер қазатын машина болып табылады, олар топырақты өңдеуге және төгуге немесе тасымалдауға қолданылады.

Тік қалақшалар эксковатор тұрған жерден жоғары топырақты өңдеуге арналған. Тік қалақшамен жабдықталған бір шөмішті эксковатордың циклдік жұмысы келесі операциялардан тұрады:

-Топырақты қазу (жылжыту және рукоятканы шөмішпен көтеру)

-Төгуге бұрылу (тік бөлігіне байланысты платформа бағыты, рукоятка және шөміш бұрылады)

-ойысқа бұрылу

-рукоятканың оралуы

-шөміштің ойыс түбіне түсірілуі.

Шөмішінің 0,3м3 дейін сиымдылығы бар эксковаторлардың күш механизімі болмайды. Рукоятка күш қозғалысын бір уақытта шөміштің көтерілуі мен бағыттың түсуінен алады.

http://images.mirstroek.ru/images/services_images/big/imgnf5CI0.jpeg

1- Сурет. Эксковатор

Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен жоғары топырақты қазуға пайдаланады. Оларды көбінше топырағын көлікке артып (кейде үйіндіге) қазаншұқыр және ұзын орды қазуға қолданады.

Тік күректі экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен төмен (өте төмен емес) топырақты да қаза алады. Бұл жағдайды тек қазаншұңқырға түсу-шығу құламасын жасағанда ғана пайдаланады.

Тік күрекпен жабдықталған экскаваторлардың қазымдарының негізгі түрі болып маңдайша ( бойлай) және бүйірлі (көлденеңінен) қазу саналады. Маңдайша қазымдар өтістің еніне байланысты тар (өтіс ені кесу радиусының R ең үлкен шамасының 0,8-1,5 тең), орташа (ені 1,5-1,8R ) және кеңге (ені 2R-дан артық) бөлінеді.

Тік маңдайша қазымды қолданғанда көлік құралдарының жұмыстарын өте қиындатылады, сондықтан бұл тәсіл ені кіші және бастапқы қазымдарда қолданылады.

Мөлшері едәуір шұңқырларды қазғанда бүйірлі өтісті қолданған тиімді. Топырақты көлік құралдарына арта отырып өңдеуді бүйірлі өтіспен ұйымдастыру экскаватордың жұмыс параметрлерін өте толық пайдалануға және жебенің төгердегі айналу бұрышын азайту есебінде олардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кері күрекпен жабдықталған экскаваторлар өзінің тұрақты орнының деңгейінен топырақты өңдеу үшін пайдаланылады және ұзын орлар мен кіші тайыз қазан шұңқырларды қазуға қолданылады. Топырақ өңдеуі маңдайша немесе бүйірлі өтіспен жүзеге асырылады. Сонымен бірге кері күректі экскаваторлар топырақты өңдегенде қазаншұңқырды бойлай, көлденең және иректеп жүре алады.

Экскаватор-драглайндар жұмсақ және орта жынысты топырақтарды өңдеуге, көбінесе экскаватор тұрағының деңгейінен төмен орналасқан қазаншұңқыр мен ұзын орларды қазғанда, үйінді және ойма жасағанда, тегістеу жұмыстарын орындағанда жүк артушы құрал ретінде және т.б. пайдаланады. Экскаватор-драглайндар үлкен қимыл радиуысына және қазу тереңдігіне ие.

Грейфермен жабдықталған экскаватор жұмсақ және сусымалы топырақтарды үйіндіге және көлік құралдарына, жеке тұрған ұстындарға, сүрлем мұнараларының іргетасына, электр беру жүйелерінің тіректеріне қазаншұңқыр өңдегенде және құдық, терең және тар ұзын ор қазғанда пайдаланады.

Экскаватор-стругтар алаңдарды тегістеуге және тереңдігі 1,5 м артық емес шұңқырлар қазуға пайдаланады. Торырақты үйіндіге де, көлік құралдарына да өңдеуге болады.

Скреперлерді жер жұмыстарын орындау үшін пайдаланады және келесі операцияларды орындайды: топырақты қабаттап өңдеу; алған топырақты тасымалдау; топырақты қабатпен үйіндіге үю. Оларды шұңқыр, қазаншұңқыр және ұзын орлар топырақтарын өңдеуге, қор топырағынан үйінді жасағанда; каналдар салғанда; бөгеттерге топырақ төсегенде; құрылыс және басқа алаңдар, суарылатын жер және ауылшаруашылық жерлерді тегістеуге пайдаланады.

Бульдозерлермен топырақты тілу, тасу түсіру операцияларын орындау үшін арналған және іргетастарға қазаншұңқыр және ор өңдеу; біржақтық немесе екіжақтық қорлардан биіктігі 2 м дейін үйінді жасау; 50-100 м қашықтықтағы үйіндіге тасып ойманың топырағын өңдеу; қуыстарды, қазаншұңқырларды, ұзын орларды және т.б. жабу; алаңдарды және көлік құрылынан түсірілген топырақты тегістеу үшін қолданылады.

2.2 Бетон және темір бетон жұмыстары.

2.2.1Бетон қоспасын дайындау технологиясы, бетон торабы. Бетонды төсеуге дайындық. Қауіпсіздік техникасын ережелері.

2.2.2.Бетон қоспасын төсеу және тығыздау. Бетонды күту.

2.2.3. Бетон жұмыстарын орындауға қолданылатын машиналар және құралдар (бетон араластырғыш,бетон тасымалдайтын машиналар)

2.2.4. Дайын теірбетон бұйымдарымен конструкцияларды қабылдау.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Біртұтас бетоннан және темір бетон конструкцияларын тұрғызар алдын орындалатын бетон жұмыстарының комплексіне мыналар кіреді:

Бетон құятын қалыптарды, демегіш қосымша құрылғыларды, төсеме тақтайларды, негізгі төсемдерді құру;

Арматураларды, анкер болттарын және орнатпа детальдарды монтаждау және орнату;

Конструкцияларды бетондау, бетон қоспасын даярлау, тасымалдау, таратып беру, салу және нығыздау;

Қату процесінде бетонды күту (бетін жуып, су құю, қыста жылыту);

Бетон құятын қалыптар мен демегіш ағаш құрылғыларды бөлшектеу және жөндеу.

Бетон және темір бетон жұмыстарына:

-бетон ерітінділерін дайындау;

-арматуралар мен қалыптарды дайындау:

-құрастыру, оларды тасу жұмыстары;

-бетондау блогына бетон ерітінділерін әперу және төсеу жатады.

Бетон-бұл алдын ала физикалық-механикалық қасиетері берілетін жасанды тас. Оның қасиеттеріне:

-мықтылық;

-су өткізгіштік;

-аязға төзімділік;

-агрессивті судың бұзуына қарсы кедергісі жатады.

Бетонның физика-механикалық қасиеті қоспасындағы материалдардың сапасына: цемент, щебень, құм және су көлеміне, сондай-ақ дайындаудағы, тасудағы және жинаудағы мазмұнына да байланысты. Осы жағдайларды ескере отырып, бетонның сапасын көтеру үшін бетонды дайындау кезінде оның құрамына химиялық немесе минералдық қоспаларды қосады.

Бетон-сығылуда жақсы жұмыс жасайтын материал, ал созылуда немесе иілуде өте нашар. Созылуға немесе тартылуға шыдамды қызмет атқаруы үшін темірбетон қолданылады.

Темірбетон-бұл құрамында бөлек темір арматурасы бар және сол арматурадан тоқылған тор немесе қаңқасы бар бетон.

Темірбетон конструкцияларында сығылғыш күштер негізінен бетоннан қабылданады, ал тартушы күштер арматурадан қабылданады.

Арматура жұмыстарының сапалы орындалуы және олардың дұрыс орналасуы, темірбетон конструкцияларының мәңгі беріктігіне кепілдік береді.

Тұтас құйма құралымдар жасау дайындық және құрылыс басындағы процестерден құрылатын жұмыстар кешенін орындау арқылы тікелей құрылып жатқан объектіде өндіріледі. Сонымен дайындық процестер құрылыс алаңы маңынан тыс, ал құрылыс басындағы белгілі технологиялық жүйелікпен объектіде орындалады.

Тұтас құйма бетон және темір-бетон құрылымдарды жасаудың кешенді процесі тасқынды-жедел әдіспен жүзеге асырылады және оған жататыны:

-қалыпты тасымалдау және орнату, соңынан ажырату;

-арматураны тасымалдау және орнату;

-бетон қоспасын тасымалдау, төсеу және тығыздау;

- құрылымдарды жасау процесінде бетонды баптап күту;

-төсеу және тығыздау процесінде бетон қоспасының және қайталап төселген бетонның қату процесінде сапасын бақылау.

Тұтас құйма бетон және темір-бетон жұмыстары құрылыста еңбекті өте көп қажет етеді, сондықтан олардың кешенді механикаландыру мәселесін шешкенде тұтас құйма құрылымдар жасау технологиялық процесін бетон қоспасын дайындаудан бастап, оны қалыпқа төсеумен аяқтап қарау керек. Тұрғызылатын тұтас құйма бетон және темір-бетон құрылымдар үймереттер мен ғимараттардың нөлдік белгісінен төмен және жоғары орналасуы мүмкін.

Бетон жұмыстарын жүргізгенде әр түрлі арматура қолданылады. А-ІІІ, Ф-12 мм, Ф-16, Ф-22 катанка Ф-б мм су құрылыстарымен айқастырып бетондарға темір сетка байланып дайындалады, оны байлап дайындағанда сымтемірмен (вязальная проволка) қолданылады. Бетон плиталарының арасына жасалынады, суық, ыстық кезінде бетон кішірейіп кеңеюі кезінде бетон жарылып немесе бұзылмау үшін.

Үлкен су құрылыстарының негізгі көлемін бетондаған кезде А-ІІІ кл. Ф-12, Ф-16, Ф-22 арматурасымен қарама-қарсы құрылады, оны сварка және Ф- мм катанкамен арнайы байлау сымтемірмен аралас бекітеді. Бетон дайындаған кезде әсіресе су құрылыстарында бетонның толтырғыштары сапалы болу қажет. Құм, гравий, тас топырақ аралас емес таза болуы керек. Бұл жағдай бетонның сапасына көп байланысты болады.

Бетонның маркалары: М-150, М-200, М-400, М-500 су құрылыстарында пайдаланатын М-400, М-500 маркалы цемент, бір текше метр бетонға 200-250 кг цемент. Үштен көлемі бетон жұмыстарында бетон сапалы және бос болмауы үшін бетон вибраторы қолданылады. Күннің суық кезінде бетонды элеваторды 36 вольттық тоқпен қатып қалмау үшін жылытады, немесе басқаша жылытқыштармен жылытады.

Бетон жұмыстарын жетілдіру үшін жылжымалы 0,15 текшеметрлік бетон араластырғыш қолданылады. Ал үлкен көлемдегі бетон жұмыстарына бетонды стационарлық бетон дайындау ортығынан автокөліктер жеткізеді. Ал көлемі аз жұмыстарын қолмен жүргізеді.


Информация о работе «Құрылыс техналогиясы»
Раздел: Строительство
Количество знаков с пробелами: 116394
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 3

0 комментариев


Наверх