2.5.7. Майлау жұмыстары туралы жалпы мағлұматтар.

Бүлінуден қорғау, пайдалану кезінде санитарлық- гигиеналық жағдайларды жақсарту және сыртқы түрінің әдемі болуы үшін үй-жайлар мен құрылыстар констукциясының бетін сырмен бояу жұмыстары майлау жұмыстарыдеп аталады.

Сырмен мөлдір де, күңгірт те етіп бояуға болады. Мебельдерді, үй ішіне қойлатын шкафтарды фанерадан және фанерленбей, бағалы ағаш сүрінген әзірленген есік құрылымдарын әрлеген кезде мөлдір лактың жұқа қабатымен бояйды. Мұндай бояуларды табиғи және жасанды смоланың ұшқыш еріткіштердегі ерітіндісі пайдалана отырып алады. Бұл процесс лақтау деп аталады.

Конструкцияның бетін айтарлықтай тартымды етіп бояудың қажеттігі болмаса, сондай-ақ бояудың беріктігін арттырып, конструкцияның бетін атмосфералық зиянды әрекеттен, сыртқы орта әсерінен қорғау қажет болса, пигменттелген күңгірт сырмен бояйды. Бояудың бұл түрі сырлаудеп аталады.

Түрлі түсті ұнтақты – пигментті үйірілткішпен араластыра отырып, бояу алуға болады. Үйірілткіштің қолданылуына қарай бояудың сулы, майлы немесе синтетикалық түрлерінің болуы мүмкін.

Сырлау жұмыстарының технологиясы

Заттың сырланатын бетін алдымен дайындап, өңдейді де соңынан сырлайды. Зат бетін дайындап, өңдеу мен сырлау процестерінің саны мен жүйелілігі зат бетінің түріне, бояу құрамының сулылығы мен сусыздығына және сырлау жұмыстарының категорияларына байланысты.

Сырлау жұмыстарының категориялары үйлердің немесе құрылыстардың не үшін арналғандығына, сондай-ақ сырлауға қойылатын талаптарға байланысты болады. Осыған байланысты сырлау мынадай түрлерге бөлінеді:

Жай сырлау, бұл қосалқы, қоймаға арналған және басқа да қосымша үй-жайлардың, сондай-ақ уақытша құрылыстардың бетін сырлауға қолданылады;

Жақсарта сырлау, бұл тұрғын, азаматтық және өнеркәсіптік үйлер мен ғимараттарды әрлеуге арналады;

Жоғарғы сапада сырлау, бұл клуб, театр, вокзал, әкімшілік және басқа да қоғамдық мақсаттағы күрделі құрылысты үйлер мен ғимараттардың негізгі үй-жайларын, сондай-ақ проектіде бекітіліп, арнайы нұсқау берілген жағдайда әрлеу кезінде қолданылады.

Сырлау түрі неғұрлым оңай болса, зат бетін даярлап, өңдеу де , сырлау да соғұрлым жеңіл болады.

Сырлау жұмыстарына арналған машиналар, аппараттар, аспаптар мен жабдықтар

Жайлардың ішін сырмен әрлеудің барлық түрлері 10ºС – ден төмен температурада орындалады. Материалдардың түрлеріне байланысты негіздерге әр түрлі қажетті ылғалдылық белгіленген: мысалы, бетон мен гипс үшін-8%-тен, ағаш-12%-тен аспауы керек. Өндіріс жағдайларында, әсіресе көктем мен күзде негіздердің ылғалдығы көбінесе айтарлықтай, жоғары, ал жайлардағы ауаның температурасы қажетті мөлшерден төмен болады. Әрлеу жұмыстарының өндіріс қарқынын сақтау, сондай-ақ әрлеу жоғары сапада болуы үшін жайларды жылытып, кептіреді.

Жылыту мен кептіруге арналған агрегат түрін таңдау кезінде оның өнімділігі, тиімділігі, пайдалану және қолдану қауіпсіздігі ескеріледі. Бұл талаптарға жылжымалы 1-ТКМ-2 бу қазан қондырғысы және салынып жатқан үйдің жылу жүйесіне ыстық су беруді қамтамасыз ететін су ысытатын жылжымалы қазан, салынып жатқан үйдің тікелей ішіне жылы ауа беретін УТ-130 және моторлы МПМ-85 К қыздырғышы, үстіңгі беттердің жекелеген учаскелерін кептіру үшін пайдаланылатын ОП-2 және шамды сәулелендіргіш жауап береді.

Газбен жылытылатын 1-ТКМ-2 бу қазанының құрал-жабдықтары ОВД-1/3 жүйесінің су ысыту қазанына, кабиналы рампадан және қазанның қосалқы жабдықтарынан тұрады. Қазан газ жаққандағы өнімділігі 140 м³/сағ, төмен қысымды араластырғыш жанарғымен жабдықталған. Жануға қажетті ауа жанарғыға желдеткіш арқылы беріледі. Ыстық су айналыс жасауы үшін бу қазанына екі желілі насос орнатылады.

Сулы бояумен сырланатын зат бетін дайындап, өңдеу.

Зат бетін дайындау кезінде мыналар қарастырылады: зат бетіндегі шаңды, ерітіндімен ластанған жерлерді, сондай-ақ толық құрастырылған құрылыста бұлардан басқа серпянка (матаның түрі) немесе дәке желімделген жерлерді, төбеге, қабырғаларға және бөлгіш қабырғаларда жасалған шкафтардың жапсарлас жерлерін, қол сияқты гипсті бұйымдардан және плиталардан жасалған бөлгіш қабырғалардың шығыңқы бұрыштарын (усенкаларды) алдын ала тазартады.

Жай сырланатын зат бетін өңдеу бір ғана грунттеуден құралады. Кейде сылақ жүргізілген зат бетіндегі олқылықты түзету үшін жарылған жерлерді қосымша сылай отырып, соңынан ажарлап, грунттеуге тура келеді. Зат бетін сабыны бар қара сылақ құрамын қолдана отырып краскопульт қармақшасымен грунттейді. Жарылған жерлерді алдымен алымды шөткемен грунттейді де жаппай грунттей отырып сылайды. Сылауды қалақшамен жасайды, ол үшін қалақшаны көлденең қозғап, жарылған жерлерді тығындама жағып толтырады. Қалақшаны жарылған жерді бойлай жылжыта отырып, бітелген қабатты тегістеу арқылы сылауды аяқтайды. Сылаған кезде жағылған қабат аса қалың болмай, жұқа (сыдырма) болуы керек. Сылау кепкен кезде оны № 8 – 12 абразив қағаздарды пайдалана отырып, қалыппен немесе топсалы үккішпен ажарлайды.

Сыланған жерлерді жаппай грунттеуден бұрын шөткемен грунттеп алу қажет, өйткені ол жерлер грунттелмей қалса, бояу құрамы білеуленіп, тарамас тәрізденген бұдырлар пайда болады. Қармақшамен грунттеу үшін сабыны бар нейтрал немесе сабыны бар ізбесті қара сылақтар қолданылады. Тотияын, ашутас, сазбалшықты тек алымды шөткемен жағып қана грунттейді.

Майлы бояумен сырланатын зат бетін дайындау және өңдеу.

Жаңа сылақтан өткізілген бетті майлы бояумен сырлауға сулы бояумен сырлағандай етіп дайындайды, бірақ мұнда басқа құрам қолданылады.

Майлы бояумен сырланатын зат бетін өңдеуге арналған құрамды даярлау. Қара сылақ пен тығындамаға арналған құрамдарды даярлау кезінде рецепте көрсетілген құрамдас бөліктердің барлығын енгізген дұрыс, сонда сыр жақсы жұғып, жағылған қабаты берік болады.

Даярлау әдістері:

1. қара сылақ және тығындама құрамдарына (№ 5 және 6) жұмысқа жарамды қоюлыққа дейін бор қосылады.

2. № 1 құрамды құрғақ пигментке олифті араластыра отырып дайындайды.

3. № 2 және 3 құрамдарды қою езілген сырға олифті араластыра отырып дайындайды. № 2 құрамға қосымша еріткіш қосады.

4. № 5 құрамды олифке мал желімінің ерітіндісін біртіндеп құя отырып, құрамды ұқыпты түрде араластырып, алдын ала майлы эмульсия даярлау арқылы жасайды. Дайын болған эмульсияға ұнтақталған, еленген бор араластырады.

5. №6құрамды олифке еріткіш пен сиккатив, сабыны бар желімді ерітіндіні біртіндеп құйып, құрамды ұқыпты түрде араластыру арқылы алдын ала майлы эмльсия даярлай отырып жасайды. Алынған эмульсияға ұнтақталып, еленген бор араластырады.

6. № 1, 2 және 3 құрамдарды № 0,25 – 0,2 (1см-та 694 және 918 тесіктері болатын )елеуіш арқылы сүзеді.

7. № 4, 5 және 6 құрамдарды бояу үккішпен үккілейді.

Сылақ жүргізілген бетті өңдеу дегеніміз олифтеу, жарылған жерлер мен басқа ақауларды сылау, категориясына байланысты бір рет, екі рет немесе үш рет бітеу және сыланған жерлер мен әрбір бітелген қабатты ажарлау.

Олифтеуді олифке аз мөлшерде құрғақ пигмент қосу арқылы жасайды. Заттың беті үлкен болса, қол бояу немесе массасы 200 – 300 г алымды шөткемен, көлемі шағын болса, сапты шөткемен олифтейді.

Қол бояу шашқышпен жұмыс істегенде зат бетіне құрамды алғашқысын 2- 3 см басып жататындай етіп параллель жолақтар сала жүргізеді. Ауа қысымы 0,15 МН/ м (1,5 кг/ см) кезінде ерітіндіні шашырандысын жалпақ шоғырмен шашып олифтейді.

Екі колердің шектескен жерінде бөлгіш сызғышын шектесу сызығына дәл орналастыра отырып жұмыс істейді.

Металдан жасалған зат бетін сырлауға дайындағанда (жылыту жүйесінің түтіктері мен радиаторлары, газ және су құбырларының түтіктері, торлар, сатылар мен балкон қоршаулары) ерітінді шашыраған, тот басқан жерлерді болат шөткемен тазартады.

Металл конструкциялы зат бетін тазарту соңынан дереу ұқыпты түрде зат бетіне қара сылақ құрамын жаға отырып өңдеу керек. Бұл металды дайындау соңынан іле-шала пайда болатын тоттан сақтандырады. Грунттеу үшін табиғи олиф немесе пигмент, әдетте темір суригі, ерітіп құйылған <оксоль> қолданылады. Заттың беті үлкен болса, қара сылақ құрамын массасы 200-300 г алымды шөткемен, валикпен және бояу шашқышпен, ал көлемі кішкене болса, сапты шөткелермен грунттейді. Шөтке және валикпен жағылатын құрамның тұтқырлығы ВЗ- 4 вискозиметрі бойынша 30-40 с, ал қол бояу шашқыштыкі 22-25 с болады.

Құрылысқа арналған металл бұйымдар мен конструкциялар әдетте бітелмейді. Егер орындау қажеттігі туа қалса, онда ағаштан жасалған бұйымдарды өңдегендегідей құрал-саймандар мен тәсілдерді қолданып барып бітейді. Құрғақ үй-жайлардың ішкі жағын әрлеу үшін желімі бар тығындамаларды, ылғалдылығы жоғары үй-жайлардың сыртқы және ішкі жақтарын әрлеу үшін май қосылған тығындамалар қолданылады.

Сулы және сусыз құрамдарды жағу.

Шөткелер мен валиктер. Қолдан сырлағанда шөтке, кішкене және үлкен сапты шөткелер: флейцалы шөтке, макловицалы шөтке, мехтан және поролоннан жасалған валиктер қолданылады. Шөткелер қылының қалыпты тозуы және өнімді жұмыс істеуі үшін оларды орап байлаудың маңызы зор. Жаңа алымды шөтке мен сапты шөткені кесілген жіппен орып байлау керек: егер сулы бояу болса – 40%, сусыз бояу болса – 30% ұзындықта шөтке қылын кеселген жақпен орау керек. Шөткені орап байлаудың барысы, ал орап байланбаған, орап байланған және жұмыс істеуге даяр шөткелердің конструкциясы 122 – суретте көрсетілген.

Шөткелерге қарағанда мехты және поролонды валиктермен екі есе артық жұмыс істеуге болады. Валикпен жұмыс істеу үшін артық бояуды сығуға арналған биік кенерлі және торланған қаңылтыр таба және шелек болуы қажет.

Шөткелер мен валиктерді күтіп ұстау. Жұмыс аралығында аз үзіліс болған кезде бояу құрамының артық мөлшері сығып, шөткелерді суы бар ашық ыдысқа немесе тордың үстіне немесе еріткішібар жабық ыдысқа іліп қояды.

Үзіліс ұзақ уақытқа созылса, сулы бояудан кейін жібі шешілген шөткені, валиктерді сумен жуады, ал сусыз бояу болса, еріткішпен және ыстық сумен жуады.

Алымды шөткелер мен сапты шөткелерді кептіріп, сақтау үшін қылын жоғары қаратып, тапшандарға қояды, макловицаларды іледі немесе оларды да қылын жоғары қаратып қояды, ал валиктерді тапшандардың қоспаларынан бұрғыланып тесілген тесіктерге сабымен шаншып қояды.

Сырлауға арнап сулы желімді құрамдарды даярлау. Құрғақ пигмент пен борды суда ерітіп, оның түсін рецепке орай таңдап алады. Түсіне қарай іріктеліп алынған 25 проценттік мал желімі немесе сол концентрацияға сәйкес келетін желім құрамасымен (мал желімінің 1 бөлімі мен желімінің 3 бөлімі ) желімдейді.

Түсі біркелкі құрам өте көп мөлшерде қажет болса, түсті пастаны жұмыс көлеміне жетерліктей етіп дайындап, оның қажетті бөлігінен 1-2 күнде желімдік зат жасайды.

Шөтке, валик және краскопультпен сырланған кезде құрал-саймандардың қозғалу бағыты шөткемен жүргізілген бояу ізі және валик пен краскопульт қармақшасы форсункасының бояулы жолақтарының бір-біріне шектес қосылысқан жері көзге аз байқалатындай болуы керек. Сондықтан төбені сырлаған кезде бояу жолақтары жарық ағымына параллель ( терезе ойығынан түскен жарыққа ), ал қабырғаларды сырлағанда – вертикаль болып келуі қажет.

Майлы бояулар ерекшелігіне қарай жылтыр және күңгірт болып екіге бөлінеді. Жылтыр майлы бояу берік қабат түзетін болғандықтан конструкцияны ауа әсерінен қорғап қалу үшін үнемі қолданылады. Күңгірт майлы бояулар көбінесе декоративтік мақсатқа пайдаланылады, сондықтан үй-жайлардың ішін сырлаған кезде қолданылады.

Зат бетіне жағылатын лай қабатының мөлшері сылақтың түріне байланысты болады:

Қарапайым сылақ екі рет сыланады-бүрку және кейін тегістелетін қалың сылау қабаттары;

Жақсартылған сылақ үш рет сыланады-бүрку, қалың сылау және жұқа сылақ қабаттары;

Қолмен бүрку үшін консистенциясы 8-12 см едәуір сұйық лай, ал қалың сылау үшін стандарттық конус бойынша консистенциясы 7-8 см лай қолданылады. Бүрку қабатының қалыңдығы ағаш дене бетін сылағанда кем дегенде 9 мм (дрань қаптаудың қалыңдығына қоса есептегенде ), ал тас, бетон және кірпіш дененің бетінде 5 мм болу керек. Әрбір қалың сылау қабатының қалыңдығы ізбес және ізбесті-гипст жайды пайдаланғанда 7мм-ден цемент ерітіндісін пайдаланғанда 5 мм-ден аспауы шарт. Наметтің жалпы орташа қалыңдығы қарапайым сылақта 12 мм-ден, жақсартылған сылақта 15 мм-ден аспайтын болсын.

Сылақ наметтінің әрбір келесі қабатын, лайда гипс немесе цемент болса, тек алдыңғы қабат ұстасқан соң ғана, ал ізбесті лай болса алдыңғы қабатты әктегеннен соң ғана жағу керек.

Әрлеу қабатын - жұқа сылақты тұтқыр заты көп, неғұрлым сұйық лаймен жүргізеді.оның консистенциясы стандарттық конус бойынша 9-10 см. Жұқа сылақтын жағылғаннан кейінгі қалыңдығы 3-4 мм болады, ал ыспалау немесе тегістеу арқылы нығыздаған соң 2 мм-ден аспайды.

Бүрку және қалың сылаққа мөлшері 0,3-тен 2,5 мм-ге дейінгі, ал жұқа сылаққа 0,3-тен 1,2 мм-ге дейінгі шекте толтырғышы болатын ерітінділер қолданылады.

Сылақ лайын даярлау. Пайдалану мақсатына, сылақ жүргізілетін зат беттерінің түрі, пайдалану жағдайларына қарай құрамындағы заттардың арақатынасы әр алуан, әрлеу жұмысына қажетті беріктік беретіндей тиісті тұтқыр заттары бар ерітінділер қолданылады.

Жұмыс ауқымы үлкен болған жағдайда цемент және ізбес ерітінділерін орталықтандырылған әдіспен ерітінді заводтарында дайындап, құрылысқа жеткізеді. Ізбес ерітіндісіне тез ұстасатын қосындыларды – гипсті жұмыс орнында қосады.

Жөндеу жұмыстарының ауқымы онша үлкен болмаған жағдайда сылақ лайын көбінесе жұмыс орнында дайындайды, бұл үшін ізбес қамыры мен құм қосқан цементке су құйып, лай иелгішпен араластырады.

Кейде (жөндеу жұмыстарының көлемі аз болғанда ) лайды шағын мөлшерде даярлау қажет болады. Мұндайда ізбес ерітіндісін сылақ жәшігінде даярлайды, оған өлшеп алған ізбес қамырын салып, үстіне қажетінше су құяды. Ізбес суы пайда болғанша ізбесті араластыра отырып, өлшеп алған (көлемі бойынша) құмды тиісті бөлігіне қарай салады да ерітіндіні кельмамен үздіксіз араластырады. Сылақтың әр қабатына қажетті сылақ лайы консистенциясының әр түрлі болатынын ескере отырып, ерітіндінің ширақ-тығын қажетті мөлшерде су құя отырып, реттейді.

Ерітіндінің консистенциясын анықтағанда әуелі стандартты конусты пайдаланған жөн. Кейінірік, дағдыланып алғаннан соң, ерітіндінің консистенциясын кельма алақанынан тамған ерітіндіге қарап-ақ анықтай береді.

Оқып үйрену үшін саз ерітінділері лай ретінде кең қолданылады, өткені олардың созымдылығын су қосып оңай қалпына келтіруге болады.

Зат беттерін қолдан сылағанда мұндай құрал-саймандар пайда-нылады: сылақ лайын лақтыра салғанда – ожау, қалақ, металл немесе ағаштан жасалған тік тұтқалы тұғыры бар кельма; тегістегенде үлкен немесе кіші жартылай майдалағыш, құрсаулы түзеткіш; ішкі және сыртқы бұрыш-тарды әрлегенде-ішкі және сыртқы бұрыштарды әрлеуге арналған жартылай майдалағыштар заттың тегіс беттерін әрлеу үшін ағаштан жасалған тегіс майдалағыш және кейіз, поролонды, жиынтық майдалағыштар, сондай-ақ металдан жасалған үлкен және кішкене тегіс майдалағыштар қолданылады. Жұмыс көлемі шағын болғанда немесе тар үй-жайларда – ванналарда, кілеттерде және т.б. зат беттерін сылағанда сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде сылақ лаймен қолдан сылайды.

Еңбекті қорғауға жауапкершілік

Біздің елімізде еңбеккерлердің еңбегін қорғауға барынша көңіл бөлінген. Мемлекет бұған қаржы аямауға тиіс. Әр өндірістегі жұмыскерлер кең көлемде арнаулы киіммен. Аяқ киіммен қамтамасыз ететін жеке тұлғаны қорғау қауіпсіздік техникасының ең сенімді құралдары енгізілуде, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруларды кәсіпорындарда санитарлық-гигеналық жағдайлар жақсартылуда.

Құрылыс жұмыстарында еңбекті ұйымдастыру көп ерекшеліктерге ие. Бір орында орналасқан өндірістіктерден айырмашылығы құрылыс жұмыстары әртүрлі жерлерде әртүрлі климаттарда жұмыс жасайды. Құрылыс жұмыстарында электро энергиясында қолданылады, бұл үшін еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білім қажет. Құрылыс жұмыстары негізінен ашық далада жүреді. Ауа райының қолайсыз жағдайлары, құрылыс машиналар гүрілдері бұлардың бәрі еңбек қауіпсіздігін туғызуы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын орындау барысында ең біріншіден қауіпсіздік техника нұсқаулығымен танысу қажет. Құрылыс жұмыстарында көптеген құрылыс материалдары адам деп-саулығына зиян алып келуі мүмкін. Жұмысқа тұрар алдында нұсқаулықпен танысып оларды орындау керек. Құрылыс бастамар алдында сол құрылысқа лайықты арнайы жұмыс киімін киіу керек. Әр жұмыс басталар алдыңда қауіпсіздік техникасы оқылады, соны мұқият тыңдап орындау қажет. Сылақ жұмыстарында арнайы құралдармен жұмыс істеуді ең біріншіден қалай істейтін біліп барып істеуге болмайды. Және де жұмыс істейтін орнында артық құрал материалдар, құрал-саймандар болмауы керек, оларды арнайы қоймаларға қойылуы керек.

Құрылыс машиналар мен жұмыс істегенде де техника қауіпсіздігін сақтау керек.

Қорытынды

Еліміздің өркендеуі мен дамуының ең басты себебі қазіргі кезде құрылыс нысандарын көптеп салу болып отыр. Құрылыс жұмыстары-жер қалып, арматура және бетон жұмыстарынан тұратындығы туралы жоғарыда айтып кеткен едім. Құрылыстың күрделілігіне байланысты темір-бетон, құрастыру, әрлеу, сырлау және т.б. процестерге бөлінеді.

Өзімнің өндірістік практикамды «Темир- Строй Сервис и Ко» құрылыс компаниясында өткіздім. Осы компанияда практикада болған кезімде құрылыс нысанында жүргізілетін барлық жұмыстардың соның ішінде жер жұмысынан бастап, нысанды аяқтауға дейінгі кезеңде өзім бәрін көріп, сол жұмыстарға тікелей араласып, алған білімімді практика жүзінде шыңдадым. Менің өзіме түйгенім: Практика барысында көптеген тәжірибе жинақтадым, колледжде алған теориялық білімімді практика барысында пайдаландым ол маған біраз көмек берді.

Мен өзімнің осы колледждегі алған теориялық білімімді практика барысында іс жүзінде көріп,білімімді бекіттім.

Еліміздің өркендеуі үшін Қазақстан Республикасының әртүрлі инфрақұрылымдық дамыту жобаларын іске асыру үшін мен сияқты өміршең жас мамандар көптен қажет деп ойлаймын және де өз үлесімді жігер-қайратымды барынша аямай жұмсаймын деп сендіремін.

Техника қауіпсіздігі

Құрылыс мекемесінде ең алдымен жұмысқа кіріспей тұрып техника қауіпсіздігіне жауапты инженер, қауіпсіздік техникасы ережелерімен жұмысшыны таныстырып және онымен танысқандығы, сол құрылыс нысанындағы жұмыс орнындарына қатысты техника қауіпсіздігі ережесін сақтаймын деп қол қояды, арнайы ТҚЕ-сін сақтауға арналған тіркеу журналдары болады. Қандай да апатты жағдай болған жағдайда немесе жұмысшы танысқан ережелерін сақтамаса өзі жауапты болады. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі ережесі климат жағдайын да ескере отырып жасалуы тиіс.

Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі шараларды, сонымен бірге қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелердің және еңбекті қорғау жөніндегі заңдардың орындалуын бақылауды іске асыратын тікелей басшы, өзге міндеттерден босатылған, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер (аға инженер) болып табылады.

Аға инженердің (инженердің) еңбек қауіпсіздігі мен тазалығы мәселелеріне қатысты барлық бұйрықтары міндетті түрде орындалуға тиіс. Егер оның қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулары бұзылатын болса, ол кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі басшылыққа ұсыныс жасайды.

Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерінің алдын алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша оқуын ұйымдастырады. Өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге кіріспе нұсқау беруі керек.

Құрылыстарда өрт қауіпсіздігін алдын алу

Өрт-бұл адам өміріне қауіп төндіретін және материалдық шығынға ұшырататын жану құбылысы кәдімгі жағдайда, яғни жанатын заттармен материалдар ауада жанған кезде оттегімен реакцияға түседі. Жану көзі жанатын заттардың оттегіндегі тұтануы әр қандай дене тұтану көзі бола алады.

Құрылыста өрт болмауы үшін жанғыш материалдар, күн сәулесімен еретін заттарды қоймаларда сақтау керек, сонда біз өрт қауіпсіздігін ұстаймыз.

Өрт көптеген жағдайда күтпеген жерлерден болуы мүмкін. Құрылыс машиналардың токтары бір-біріне тиіп өрт пайда болуы мүмкін, немесе құрылысқа жүргізілген электор көзі үзіліп жанғыш құрылыс материалдарына тиіп өрт көзі пайда болу қаупін ескере кеткен жөн. Осы жағдайлар болмау үшін көптеген қауіпсіздік жүргізілу керек. Құрылыс машиналарымен жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде оларды өшірілуін бақылау керек. өрт қауіпсіздігін болдырмау үшін олардың өз ережелері бар, сол ережелермен міндетті түрде танысып оларды орындау керек.


Информация о работе «Құрылыс техналогиясы»
Раздел: Строительство
Количество знаков с пробелами: 116394
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 3

0 комментариев


Наверх