Войти на сайт

или
Регистрация

Навигация


Жоспарлы-есептік құжаттар

279076
знаков
0
таблиц
1
изображение

1. Жоспарлы-есептік құжаттар.

2. Жүзеге асырудың тиімділік көрсеткіштерінің есебі.

Тәжірибеде қаржылық жоспардың бірінші бөлігі көбінесе негізгі үш құжатпен көрсетіледі: табыс және шығын жоспары, ақша қозғалысы мен кәсіпкерлердің активтер және пассивтерінің жиынтық жоспары.

Табыс және шығын жоспары. Болжам көбінесе алғашқы үш жылға және келесі кезеңдерге жасалады. Ол келесідей көрсеткіштерден тұрады: тауарларды (қызмет көрсету) сатудан түскен табыс; өнім өндірісінің шығындары, сатудан түскен пайда; жалпы өндірістік және коммерциялық шығындар (түрлері бойынша), қауіпсіздендіру; өзіндік құнға енгізілген амортизациялық аударымдар және қаржылық нәтижеге жатқызылатын салықтар, негізгі қарыздан құтылу және несие пайыздарын төлеу (капитал үшін пайыздар), салық салынатын пайда; салыққа төленген пайда, таза пайда. Құжаттың негізгі міндеті - алдағы бірнеше жылдың ішінде жобада көрсетілген көрсеткіштер деңгейінде күтілген пайданың қалыптасуын көрсету (бірінші кезекте сатудан түскен табыс пен шығындар).

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жоспар (кассалы жоспар-бюджет). Ақша қаражаттарын болжаудың негізгі мақсаты - түскен және жұмсалған қаражаттардың біртектілігін тексеру, яғни кәсіпорынның кредитор алдындағы міндеттемелерін кәсіпорынның есеп шотындағы ақша қаражаттары есебімен дер уақытында төлеуге қабілеттілігін тексеру. Ақша қаражаттарын болжау күтілген табыстар мен ақша қаражаттарының төлемдерін табыс пен төлем баптарын нақтылап, кезеңдер бойынша бөліп көрсетеді. Ақша қаражаттары қозғалысын құрудың негізі - сату көлемін болжау болып табылады. Ол кәсіпорынның болашақ табыстарын көрсетеді. Ақша қаражаттарын жоспарлау кезінде - ақша ағымдарын, пайыздық және инфляция деңгейінің өзгеріс, салық зандылықтарының өзгерісі факторларын ескеру қажет.

Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің жиынтық теңдестігі. кәсіпорынның бірден-бір уақыттағы қаржылық жағдайын сипаттайды, қандай қаржыландыру қаражаттары бар екендігін және бұл қаражаттар қалай пайдаланылатындығын көрсетеді. Бұл теңдестік жүзеге асырудың бірінші кезеңінің басы мен аяғында жасалуы керек. Жиынтық теңдестік несие беруші мекемелердің мамандарының үлкен қызығушылығын тудырады, өйткені кәсіпорынның қандай пассивтермен бұл активтерді алуды қалай қаржыландыратындығын бағалауға мүмкіндік береді.

 

 

2.3     «Жаңа-шырақ» ЖШС-тің қаржылық көрсеткіштерін талдау

 

Балансты оқу баланс көлемін есептік кезеңнің соңындағы және басындағы көрсеткіштерімен салыстыруынан басталады. Біркелкі өндірістік жағдайда баланс жиынтығының өсуі жағымды боп саналады. Баланс динамикасының өзгеруін белгіленгеннен кейін өндіріс және сату көлемімен, ұйымның кірісімен ара-қатынасын айқындайды. Өндірістің және сату көлемінің баланс жиынтығына қарағандағы өсу темпілері жоғары болса, бұл қаражаттардың тиімді пайдалануын көрсетеді. Балансты оқу баланс валютасының өзгерісін анықтаудан басталады.

 

Кесте 6 - «Жаңа-шырақ» ЖШС - нің 2015 ж. балансы, млн тг

Баланс баптары

Жыл басы

Жыл соңы

Актив:

 

 

Ұзақ мерзімді активтер :

 

 

Материалдық емес активтер:

 

 

1. Бастапқы құны

 

 

2 . Жинақталған тозу

 

 

3 . Қалдық құны

 

 

Негізгі қорлар :

80729

90937

4 . Жер

 

 

5 . Ғимараттар мен құрылыстар

40506

36503

6 . Машина мен жабдықтар

28513

50001

7, Басқа да қорлар

11710

4433

8 . Жинақталған тозу

15007

28971

7-ші кестенің жалғасы

9 . Қалдық құны

65722

61966

10. Аяқталмаған күрделі құрылыс

 

 

11.Болашақ кезең шығындары

 

 

12. Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз

 

 

13.Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

 

 

Барлығы:

65722

61966

Ағымдық активтер:

 

 

Тауарлы-материалдық қорлар:

 

 

14. Материалдар

12930

70129

15. Аяқталмаған құрылыс

 

 

16 . Дайын өнім тауарлар

7580

651

17.Дебиторлық берешек

35372

76571

18.Болашақ кезең шығындары

 

 

19 Қысқа мерзімдік қаржылық салымдар

 

 

20. Ақша қаражаттары

8441

7362

21. Басқа да ағымдық активтер

 

 

Барлығы:

64323

154713

Жиыны:

130045

216679

Міндеттемелер мен меншікті капитал:

 

Меншікті капитал :

 

22 . Жарғылық капитал

7171

7171

23. Қосымша төленген капитал

3596

3596

24. Қосымша төленбеген капитал

 

 

25.Резервтік капитал

1626

5426

26. Бөлінбеген табыс (өтелмеген зиян)

88867

87192

Барлығы:

101260

103385

Ұзақ мерзімді міндеттемелер:

 

Барлығы:

 

 

Ағымдық міндеттемелер:

 

29.Қысқа мерзімдік несие

6788

20638

30. Ұзақ мерзімді несиенің ағымдық бөлігі

 

 

31. Кредиторлық қарыз

21997

92656

32. Салықтар бойынша міндеттемелер

 

 

33. Ұзартылған салықтар

 

 

34.Болашақ кезең табыстары

 

 

Барлығы :

28785

113294

Жиыны:

130045

216679

 

«Жаңа-шырақ» ЖШС-де есепті 2015 жылы баланс валютасы 86634 млн теңге не 66,6% - ға өскен. Баланс валютасының өсуі субъектінің өндірістік мүмкіншілігінің өсуін көрсетеді және оң бағаланады.

Баланс активінде ақша қаражаттарының, қаржылық салымдардың, негізгі қорлар құнының өсуі оң бағаланса, пассивте 1-бөлімнің, әсіресе, бөлінбеген табыс бабының сомасының өсуі оң бағаланады. Егер кәсіпорын қалыпты жұмыс істесе, онда баланста келесідей қатынастар сақталуы тиіс:

1)Активтің 1-бөлімінің жиынтығы пассивтің 1-бөлімінің жиынтығынан аз немесе меншікті капитал сомасы ұзақ мерзімді активтер сомасынан көп болуы тиіс. Бұл байланыстың мазмұны келесідей: егер кәсіпорын қалыпты жұмыс істесе, онда оның меншікті капиталы толығымен ұзақ мерзімді активтерге ғана емес, бір бөлігі меншікті айналыс қаражаттарына жұмсалуы тиіс.

2) Ағымдағы активтер сомасы ағымдық міндеттемелер сомасынан көп болуы тиіс. Бұл теңсіздік бірінші теңсіздікпен байланысты. Яғни, егер кәсіпорын қалыпты жұмыс істесе, онда оның айналыс қаражаттарының бір бөлігі меншікті капитал есебінен қаржыландырылуы тиіс. Басқаша айтсақ, кәсіпорын ағымдық міндеттемелерін бірден толықтай өтеген жағдайдың өзінде, оның айналысында меншікті айналыс қаражаты қалуы керек. «Жаңа-шырақ» ЖШС-де екі кезеңде де жоғарыдағы теңсіздіктер сақталады және кәсіпорын соңғы жылды табыспен аяқтап отыр. Осы себепті кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң баға беруге болады.

Баланс бойынша ЖШС-нің ұзақ мерзімді активтері толықтай негізгі қорлардан қалыптасқан және негізгі қорлар құны жыл ішінде 5,7 %- ға кеміген. Ал ағымдық активтер құны 1,4 есеге артқан. Ағымдық активтердің құрамы мен құрылымына 8-кесте көмегімен талдау жасауға болады

 

Кесте 7 - «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы ағымдық активтерінің құрамы мен құрылымы.

Мүлік түрлері

жыл басы

жыл аяғында

өзгеріс (+,-)

млн тг

%

млн тг

%

млн тг

%

Ағымдық активтер: оның ішінде:

64323

100

154713

100

+90390

+140,5

-тауарлы-материалдық қорлар

20510

31,9

70780

45,7

+50270

+ 245,0

- дебиторлық берешек

35372

55,0

76571

49,5

+41199

+ 116,5

- ақша қаражаттары мен қаржылық салымдар

8441

13,1

7362

4,8

-1079

-12,8

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына заемдық капиталдың құрамы мен құрылымы үлкен әсер етеді, яғни ұзақ, қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасы (9-кесте).

«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің заемдық капиталы 84509 млн теңге не 3,9 есеге артқан. Осы өсімнің 77 % -ын жабдықтаушыларға берешек қамтиды. Сонымен бірге кредиторлық қарыздың басқа түрлері де өсіп отыр. Кредиторлық қарыздың жинақталуы жағымды құбылыс емес, сол себепті талдау барысында кредиторлық қарыздың пайда болу мерзімін, себептерін, олар бойынша төленген айыппұл сомаларын анықтау қажет. Ол үшін балансқа қосымшаларды, аналитикалық бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдалану қажет.

 

Кесте 8 - «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің 2015 жылдағы заемдық капиталдың құрамы мен кұрылымының динамикасы.

Заемдық қаражат

көздері

Сомасы, млн тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл басы

жыл соңы

Өзгеріс

1 Ұзақ мерзімді несие

-

-

-

-

-

-

2 Қысқа мерзімді несие

6788

20638

+13850

23,6

18,1

-5,5

3.Кредиторлық қарыз

21997

92656

+70649

76,4

81,9

+5,5

-жабдықтаушылар

19983

84799

+64816

69,4

74,8

+5,4

-бюджетке қарыз

1708

3482

+1774

5,9

3,2

-2,7

-жалақы бойынша қарыз

-

1957

+1957

-

1,7

+1,7

-зейнетақы қорына қарыз

306

2161

+1855

1,1

1,9

+0,8

-басқа да кредиторлар

-

257

+257

-

0,2

+0,2

Барлығы

28785

113294

+84509

100

100

 

Баланс өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив топтарын өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив топтарымен салыстыруға негізделеді.

Өтімділік дәрежесі бойынша актив баптары 4 топқа біріктіріледі:

А1 - абсолютті өтімді (ең өтімді) активтер - ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар.

А2 - жедел өтімді активтер - қысқа мерзімді дебиторлық берешектер.

А3 - жай өтімді активтер - тауарлы - материалдық қорлар мен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

А4 - Қиын өтімді активтер - ұзақ мерзімді активтер жиынтығы (қаржылық салымдарсыз).

Сәйкесінше, баланс пассиві өтелу жылдамдығы бойынша 4 топқа біріктіріледі:

П1 - ең жедел міндеттемелер - кредиторлық берешектер, несиенің уақыты жеткен бөлігі.

П2 - қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несие мен заемдар.

П3 - Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несие мен заемдар.

П4 - Тұрақты міндеттемелер - меншікті капитал жиынтығы.

Баланс пассивінің 3 бөлімінің өтелу жылдамдығы бойынша топтастырылуын келесідей бейнелеуге болады: Жоғарыдағыдай топтастырудан кейін баланс өтімділігіне баға беру үшін актив пен пассив топтары салыстырылады. Егер келесідей қатынастар сақталса, онда баланс абсолютті өтімді болады: А2>П2, А3>П3, А4 <П4.

«Жаңа-шырақ» ЖШС-де екі кезеңде де келесідей қатынас сақталады: А2>П2, А3>П3, А4 <П4 , яғни абсолютті өтімді активтер ең жедел міндеттемелерді өтей алмайды, демек осы сәтте кәсіпорын төлем қабілеті емес, бұл жетіспеушілік басқа топтардың артықшылығымен жабылып отыр, дегенмен, нақты жағдайда өтімсіз активтер өтімді активтердің орнын айырбастай алмайды (10-кесте).

 

Кесте 9 - «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив және пассив топтары

Актив

 

 

сомасы, млн тг

Пассив

 

 

сомасы, млн тг

төлем артықшылығы

жетіспеушілігі (-), млн тг

жыл басы

жыл соңы

жыл басы

жыл соңы

жыл басы

жыл соңы

А1

8441

7362

П1

21997

92656

-13556

+85294

А2

35372

76571

П2

6788

20638

+28584

+55933

А3

20510

70780

П3

-

-

+20510

+70780

А4

65722

61966

П4

101260

103385

-35538

-41419

Σ

130045

216679

Σ

130045

216679

-

-

 

Актив пен пассив баптарының 1 тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді. Тез өткізілетін активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелерді салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді.

Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді.

Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді.

Бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4< П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек.

Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі - бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде.

Балансты оқуды ең алдымен талдау кезеңіндегі баланс көлемінің (валютасының) өзгеруін анықтаудан бастайды, тұрақсыз болжалға келмейтін бағаның өзгерісіне және тағы басқаларға қарамастан, баланс валютасы кәсіпорынның сенімділік деңгейі мен қызмет көлемінің маңызды сипаттамасы болып қалады және ол кәсіпорынның қаржы жағдайының индикаторларын есептеуде негізгі қызмет атқарады. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерттеу үшін, баланстың кезең басындағы жиыны мен кезең соңындағы жиынын салыстырады.

Баланс валютасының абсолюттік өзгерісін анықтаумен қатар, оның өсу қарқының өнімді сату және жиынтық (таза) табыстың өсу қарқынымен салыстыру керек. Баланс валютасының өсу қарқынының сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынынан асып түсуі, берілген кәсіпорында қаражатты пайдаланудың жақсарғандығын көрсетеді және керісінше, баланс валютасы-ның өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынының артқа қалуы кәсіпорынның қаржыны пайдалануының нашарлағандығын көрсетеді.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығын сипаттаушы негізгі критерийлердің бірі болып саналады және онымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл оның өз міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі. Кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін оның қаражаты өз міндеттемелерін уақытында өтеуге және өз қызметін үздіксіз қаржыландыруға жеткілікті болуы керек.

Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады.

Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытында анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі, тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.

Төлем құралдарына, әдетте, ақша қаражаттары, құнды қағаздар, дебиторлық берешектің өтелуі сенімді бір бөлігі жатады. Ағымдық төлем қабілеттілікке баға беру үшін осы сәттегі төлем құралдарының сомасын сол сәттегі міндеттемелер сомасына бөлу қажет (11-кесте)

«Жаңа-шырақ» ЖШС-нің нақты сәттегі төлем қабілеттілігі төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы бейнеленеді. Ол төлем құралдарының сомасын белгілі бір кезеңдегі мерзімдік төлемдер сомасына бөлу арқылы анықталады. Егер коэффициенттің мәні бірден жоғары болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.

Қаржылық талдауы салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріліп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

 

Кесте 10 - «Жаңа-шырақ» ЖШС-нің оперативті төлем календар.

Төлем құралдары

Сомасы, млн тг

Міндеттемелер

Сомасы, млн тг

Ағымдық шоттағы ақша

7081

Жалақы бойынша есеп айырысу

1957

Кассадағы ақша

276

Жеткізушілер шотын өтеу

8479

Құнды қағаздар

-

Бюджетпен есеп айырысу

3482 1

Ақша қаражатының келіп түсуі:

 

Зейнетақы қоры

2161

- өнім өткізу

500

 

 

 

Басқа да

 

 

 

66

 

 

- төленуі тиіс аванстар

800

өтелуі тиіс дебиторлық берешек

7612

Басқа да

5

Барлығы

16274

Барлығы

16145

 

«Жаңа-шырақ» ЖШС төлем қабілетті, төлем қабілеттілік индексінің мәні 1,007 (Кт.қ.= 16274/16145 =1,007). Кәсіпорынның төлем құралдарының сомасы төлем міндеттемелерінен 129 млн тг немесе 0,7 процентке көп. Кәсіпорын ағымдағы уақытта төлем қабілетті, бірақ болашақта кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмендеуі мүмкін. Сол себепті кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне терең талдау қажет.

 


Информация о работе «Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері»
Раздел: Менеджмент
Количество знаков с пробелами: 279076
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 1

0 комментариев


Наверх