1.3 Көтерім машинасын таңдау және есептеу

 

Көтерім машинасының барабанының және бағыттаушы шкивтің диаметрі, ҚЕ сәйкес, мына формуламен анықталады:

жер бетінде орналасқан көтерім машинасы үшін

 

 

(1.16)

 

жер астында орналасқан көтерім машиналары үшін:

 

 

(1.17)

 

мұндағы dк – таңдалған канат диаметрі.

Анықталған шкив диаметрі және канат диаметрі шамаларына сүйене отырып, 9- кестеден шкив таңдау қажет.

Анықталған барабан диаметрі және канат тармақтарының статикалық керілу шамалары бойынша МЕСТ – қа (қосымшадағы 7, 8 - кестелер) сүйене отырып цилиндрлік тілік бірбарабанды және екібарабанды көтерім машинасын таңдаймыз.

Таңдалған көтерім машина барабанына канаттың орналасуы тексеріледі.

Екібарабанды көтерім машинасы үшін әр барабанның қажетті енін келесі формула арқылы анықтаймыз:

 

 

(1.18)

 

мұндағы =30 қайталап сынауға арналған канат ұзындығы, м;

z- айналым үйкелісі (қаптамасыз барабан үшін-5; қаптамалы барабан үшін - 3);

ɛ=2-3 мм - канаттың айналымы арасындағы саңылауы.

Цилиндрлі тілік бірбарабанды машина үшін:

 

 

(1.19)

 

мұндағы hгор

- канаттар арасындағы саңылау, 1 орамға тең болып алынады.

 

Егер екібарабанды көтерім машинасында барабанның қажетті ені таңдалған көтерім машинасының енінен артық болса, онда канатты барабанға қабаттап орау іске асады (егер таңдалған көтерім машинасының техникалық сипаттамалары бойынша қабаттап орау ескерілсе).

 

 

(1.20)

 

мұндағы В- таңдалған көтерім машинасының барабанының ені.

 

 

1.4 Көтерім машинасының шахта оқпанының маңында орналасу схемасын таңдау

 

1.4.1 Орналасудың негізгі параметрлері

 

Цилиндрлі барабанды, бірканатты көтерім машиналары жер бетінде бөлек ғимаратта орналасады. Типтік схемалары 1.1 және 1.2. суреттерінде көрсетілген.

 

1.1 - сурет1.2 - сурет

 

Копер станогының және жебенің немесе оқпандағы канат пен көтерім машинасының осіне дейінгі минималды ара қашықтық:

 

 

(1.21)

b>bminболу керек.

Айқын кескіндеме салудың шарттарына сай келесі шарт орындалуы қажет:

 

 

(1.22)

 

Шахта оқпанындағы канат пен көтерім машинасының осіне дейінгі ара қашықтық:

 

b=(hк −С0) ctgφ + Rш

(1.23)

 

мұндағы С0 – көтерім машинасының осінің жер бетінен асу биіктігі.;

φ - канат керілген бөлігінің горизонтқа иілу бұрышы, ҚЕ бойынша 30-55 аралығында болуы керек.

Канаттың ішегінің ұзындығын есептеу формуласы (барабан мен шкивтен түсетін нүктелерінің ара қашықтығы) 1.1 – суретіндегі типтік схема үшін:

 

 

, м

(1.24)

 

мұндағы Rш - бағыттыушы шкив радиусы.

1.2 – суретіндегі типтік схемадағы канатттың жоғарғы ішегінің ұзындығы (1.24) формуласымен анықталады. Ал төменгі ішегі келесі формуламен анықталады:

 

 

(1.25)

 

 

(1.25*)

 

ҚЕ сай канаттың ішегінің ұзындығы 65 м аспауы керек. Егер канаттың ішегінің ұзындығы рұқсат етілген ұзындықтан асса, көтерім машинасы ғимаратының және копердің арасына канаттың иілуін азайту үшін доңғалақшалы мачта қою қажет.

φ бұрышын тексеру мына формуламен анықталады:

 

 

 

(1.26)

 

 


Информация о работе «Шахталық көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 165743
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 13

0 комментариев


Наверх