Войти на сайт

или
Регистрация

Навигация


3.3.3. Олеин қышқылының тұзын алу

 

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 тамшы олеин қышқылы және 4-6 тамшы дистилденген су құяды. Мұқият араластырып, 6-8 тамшы сілті ерітіндісін қосады. Алынған қоспаны спирт шамында қыздырады. Суда еритін натрий сабыны түзілгендіктен шайқағанда көбік пайда болады. Алынған сабын ерітіндісінде 2-3 тамшы кальций сабынының ақ тұнбасына назар аударыңдар.

1) Натрий сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.

2) Кальций сабынының түзілу реакциясын жазыңыздар.

 

3.3.4. Олеин қышқылының сілтімен әректтесуі. Сабын алу

Жұмыс барысы: Пробиркаға 2 мл 10 %-тік сілті ерітіндісін құйып, үстіне 2-3 тамшы олеин қышқылын қосады. Қоспаны күшті араластырады. Сол кезде сабын көпіршігінің түзілгені байқалады. Бұл –олеин қышқылының натрий тұзы (сабын).

С17Н33СООН +NaOH→ С17H33COONa+ H2O

 

3.3.5. Тауарлы метилат (этилат) натрий құрамындағы негізгі затты анықтау

 

Әдіс метилат натрийдің сумен қатынасынан түзілетін өткір натр түзуіне негізделген және ары қарай оның құрамындағы натрии мөлшерін тұз ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтау жүргізіледі. Метилат натридің бөлек пропорциясында натрии құрамындағы қоспалар анықталады. Метилат түріндегі натрии құрамы түріне қарап ажыратады және негізгі зат мөлшерін анықтайды.

Препараттағы жалпы натрии құрамын анықтау. Тығыны бар 100 мл конусты колбаға 0,0001г дәлдікпен 0,1 г тауарлы метилат өлшеп салады, үстінен 10 мл дистилденген су құяды. Колбаны жақсылап араластырады және 0,1 Н. Тұз қышқылының (лимон қышқылы) ерітіндісімен метилоранжбен индикатор есебінде сары түстен күлгін түске боялғанша титрлейді.

Препараттағы (х1) жалпы натрии құрамын мына формуламен есептейді.

0,002300 * 100 VK

Х1 = --------------------------

Р

Мұндағы: 0,002300 – натрии бойынша дәл 0,1 Н. тұз (күкірт) қышқылының ерітіндісі;
V – сынаманы титрлеуге кеткен 0,1 Н. тұз (күкірт) қышқылының ерітіндісінің мөлшері;

Р – метилат натрии сынамасы, г.

 

Қорытынды мәнді екі анықтаудың арифметикалық орташасын алады. Параллельжүргізілген әдістердің алыстауы 0,20% дан аспауы қажет.

Қоспа құрамындағы натрии құрамын анықтау. Конусты колбаға пипетка көмегімен 5 мл метанол құяды, оны магниттік араластырғыш үстеліне орналастырады және шлиф бюреткалы колбаға қосады. Араластырғышты қосады және қоңыр – қызыл түске дейін титрлейді.

Параллель сынама жасау үшін сол колбаға қайтадан метилат (этилат) натрии сынамасын құяды және тәжірибені дәл сол күйінде қайталайды.

Титрлеу аяқталғаннан соң колба ішіндегіні тығыны бар қалдық үшін скляркаға құйып қояды. Колба шлифін сүзгі қағазымен сүртеді және оны ары қарайғы тәжірибелерге қолданады.

Қоспа құрамындағы метилат натрии (Х2) құрамын мына формуламен есептейді:

23 * 100 V Т

Х2 = -------------------

18 Р

 

Мұндағы: V – сынаманы титрлеуге кеткен реактив мөлшері;

Т – су бойынша реактив титрі;

23 және 18 – натриидің атомдық салмағы және судың малекулярлық салмағы;

Р – метилат натрии сынамасы.

 

4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі

Көптеген ұйымдар жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін басқару мүмкіндіктерінің тиімділігі және әрекетіне ықылас білдіреді. Бұл еңбекті қорғау аумағындағы заңдылықты және экономиканы реформалауды жақсарту жағдайларында іске асырылады.

Адам тіршілігі процесінде қауіпті заттар әсер етуі мүмкін. Кейде олардың әсерінен белгілі бір жағдайларда адам денсаулығына тікелей немесе жанама зиян келтіреді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 28 ақпан айында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы шығарылды. Бұл заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласында қоғамдық қатынасты реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан өзге де құқықтық актілерден тұрады.

Еңбек қауіпсіздігі аумағындағы мемлекеттік саясат келесілерге бағытталған:

-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аумағында Қазақстан Республикасының заңдылығының талаптарын орындауды және сақтауды мемлекеттік бақылау және қадағалау;

-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аумағындағы мамандардың квалификациясын жоғарылату;

-Қазақстан Республикасының нормативті заңды актілерін, мемлекеттік стандарттарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аумағында нормаларды және ережелерді өңдеу және қабылдау;

-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жағдайын жақсарту бойынша қызметке экономикалық әсер ету жүйелерін құру және тазарту;

-қиын жұмысқа және еңбектің зиянды, қауіпті заттарымен жұмыс істегені үшін оған қосымша көмекті орнату;

-еңбек шарттары туралы мемлекеттік статистикалық есеп беруін ұйымдастыру, сонымен қатар өндірістік жарақаттану және тағы басқалар туралы есеп беруді ұйымдастыру.

Адамға оның қызметінде қауіпті әсерлер болады. Яғни, ол өндірістік орта деп аталады. Көбінесе өндірісте оған техникамен байланысты қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін. Оларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлар деп аталады.

Біздің елде еңбек ететіндердің денсаулығын сақтау және жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өнеркәсіптің барлық салаларында іске асырылатын технологиялық прогрес, өндірістік процестердің механикаландыру және автоматтандыру деңгейін жоғарлатуға, еңбектің санитарлы-гигиеналық жағдайларын жақсартуға және қауіпсіздікті жоғарлатуға бағытталған.

Халық шаруашылығының барлық салаларында жүзеге асырырылатын техникалық прогресс өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыруға, еңбектің санитарлы-гигиеналвқ шарттарын жақсартуға бағытталған.

Тіршілік қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша жасалатын дәстүрлер-өндірістің жалпы кешені болып табылады.

Май өңдеу зауытында қызмет көрсетуші персонал тіршілік қауіпсіздігінің ережелері мен жұмыс орындарындағы техникалық инструкцияларды қатаң сақтаса, жұмыс шартының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 


Информация о работе «Жоғары олейнді күнбағыс майын алу технологиясын жобалау»
Раздел: Промышленность, производство
Количество знаков с пробелами: 102378
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 9

0 комментариев


Наверх