3.2 Өндірістік тәжірибеде өсіріліп зерттелген сұрыптар туралы сипаттама

Маринда сорты - Нидерланд елінің атақты "Монсанто Holland" компаниясы ойлап шығарған атақты, таныман гибрид. Бұл гибрид ерте кемелденетін,жоғары өнім беретін гибрид. Қиярдың бұл сұрпын ашық жерде, жылыжайларда, шынылы жылыжайларда өсіруге болады. Айта кететін жағдай бұл гибридті аралар арқылы тозаңданатын бақша дақылдарымен бірге орналастырмаған жөн. Гибрид алғашқы жемісін 40-55 күндер аралығында беріп үлгереді. Арнайы күтімді талап етеді. Жемістері жинауға ыңғайлы гельді емес. Бұл қиярдың әрбір торабы немесе сабағы 5 жемісті толық қалыптасуына күші жетеді. Жемісінің ұзындығы 10-12см,салмағы 65-75грамм цилиндрлі. Қияр жемісінде ақ тау жоталары бар қара жасыл түсті,ұзынша келген, ащысы жоқ,тұқым камералары шағын. Бір шаршы метр жерден алатын өнімділігі-25-30кг қияр.

Әмбебап гибрид- жаңа піскен түрінде де тұздалған түрінде де пайдалануға болады. Айта кететін жағдай ауруларға,яғни қотырлы және ұнтақты зең,клодоспариоз, струпьев, дақ ауруларға және де вирустық ауруларға төзімді гибриттік Маринда. Сондай ақ стрестік ауа райы жағдайларына икемділікті көрсетеді.

Артықшылықтары- Маринда қияры жоғары табыстылық, жақсы дәмі мен өнім сапасы, жемістерін түрлі пісу жағдайында тұтынуға болады.

Маринда гибридін 1994 жылы Ресей Федерациясының тізіліміне енгізілді.

Қара топырақты облыстарда пайдаланыланып өсірілетін сұрып.[46]

Астерикс - Орташа мерзімде пісетін гибридті қияр. Сорттың, яғни гибридтің авторлары Ресей ғалымдары Н.А. Ильин мен В.С.Ильин. 1998 жылы Ресей мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Өсірілетін аймақтары негізінен Калуга, Мәскеу, Тула облысы және де Тамбов облыстарында кең өсіріледі.

Бал арасымен тозаңданатын астерикс гибриді сыртқы орта жағдайларына тез бейімделеді. Егін көгінен бастап алғашқы өнімді алғанға дейін шамамен 48- 54 күн өтеді. Өсімдіктер негізінен биіктігі орташа, гүлденуі аналық типті, тамыр жүйесі жақсы дамыған. Жапырақтары орташа мөлшерде, орташа әжімді, қою жасыл түсті, жапырақ шеті алсіз иілген. Қиярлар цилиндр пішінді, бүйірлі, орташа бұдырлы, ақтісті, көлденең кескінінде доғал, массасы 70-90 грамм. Қиярдың ұзындығы мен енінің қатынасы 2,9:1. Түктілігі сирек. Қабығы жасыл, орташа дақты және орташа ұзындықты ақ сызықтары бар. Тауарлы өнімі 133-333 ц/га құрайды. Ал бұл Бригада, Дружина және Единство стандартты сорттарына қарағанда 53-107 ц/га жоғары өнімділік. Ең жоғарғы (максималды) өнімділігі 422 ц/га, ал бұл Дружина сортымен салыстырғанда 90 ц/га жоғары көрсеткіш. Тауарлы өнім шығымы 80-97% (ал стандартты сорттарда ол 65-95%). Негізгі кемшілігі ретінде гибридтің суыққа төзімсіздігі, немесе басқаша айтқанда әлсіз төзімділігі жатқызылады.

Астерикс F1 Голландиялық будан. Ерте пісетін, ара тозаңдандыратын, негізінен аналық гүлдері дамитын будан. Орташа желі сабақты өсімдік. Жасыл түйнегі орташа бұдырлы, цилиндр тәрізді, ұзындығы 8-12 см, массасы 65-85 г, ащысыз, дәмдік сапасы өте жақсы. Жас күйінде және консервілеп пайдаланылады. Өнімді жемістерінің тауарлық сапасы жоғары [47].

Атлантиc – ерте мерзімде пісіп жетілетін қияр сорты. Голландияның атақты Бейо Заден агрофирмасының шығарған гибриді. Топырағы жақсы өңделген ашық алаңдарда да, қорғаулы жылыжай орталарында да өсірілетін әмбебап гибрид. 2000 жылы Ресей Федерациясының барлық аймақтары бойынша мемлекеттік тізіліміне енгізілген болатын. Бұл гибрид тек қана қорғаулы жылыжай, ашық алаңдардан басқа да жерлерде өсіріледі: Арнаулы жеке бау-бақша учаскелерінде, үй жанындағы кіші алаңдардан бастап үлкен фермерлік шаруашылықтарда да өсірілетін гибрид.

Атлантис сұрпының тозаңдануы бал араларының көмегі арқылы жүреді. Көшетті отырғызғаннан алғашқы жеміс бергенге дейінгі аралық немесе жемісінің пісу ұзақтығы 46-52 күн. Өсімдік сабақтары өрмелегіш келеді. Жапырақтары басқа қияр сұрыптарымен салыстырағанда аздау болып келеді. Жапырақтарының түсі жасыл, ақшыл жасыл. Ал жапырақ пішіндері қатты әжімделген, түкті, шеттері жиырылған болып келеді.

Жемістері цилиндр тәрізді, қырлы, ірі, иіліңкі, ұзындығы 12-14 см, диаметрі 3-3,5 см, ал салмағы 120-130 грамм. Ұзындығы мен енінің қатынасы 3,2:1. Қиярдың қабықшасы қоңыр-жасыл түсті, ақ жолақшалармен көмкерілген. Жемістерінің сырты орташа ақ тісті. Гибридтің өнімділігі 1 шаршы метрден 12-14 кг дейін өнім береді. 10-14 күндік қияр жемістері тауарлық сапасын жоғалтады. Суару жұмыстарын жүргізгеннен 2-3 күн аралығында жинап отыру керек.

Бұл гибрид әмбебап мақсатта пайдаланады жана піскен түрінде де тұтына береді. Салат жасау үшін де пайдаланады. Жас өнімдерді бағалы консервілер жасау үшін пайдаланады. Вирусты ауруларға қияр мозаикасы және ұнтақты зең ауруларына шалдығуы екі талай. Ал жалған ұнтақты зең вирусты ауруына қарсы тұруы орташа. Буданның негізгі ерекшелігі суыққа төзімділігі. Әртүрлі климат жағдайларына бейімделгіштігі жоғары. Атлантистің артықшылықтары: ауруларға төзімділігі, жемістерінің дәмдік сапасының жоғары болуы, өнімділігінің жоғарылығы және де тауарлық түр келбеттілігі [48].

 

 


Информация о работе «Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі»
Раздел: Ботаника и сельское хозяйство
Количество знаков с пробелами: 184460
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

0 комментариев


Наверх