1.3 Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

 

Егістіктегі орыны. Қияр дақылы құнарлы борпылдақ құмдауыт, саздақ қара топырақтарда жақсы өсіп-өнеді. Ауыр топырақтарда тамыржүйелері бәсең өседі және қоректік тыңайтқыштар мен ылғалды сіңіретін өнімдерінің кешігіп пісіп, жетілуіне, өнімділігінің төмендеуіне көп әсерін тигізеді. Қияр дақылын солтүстікте көшетпен отырғызу және салқын желдерден сақтандыру өте қажет.Солтүстік Қазақстанда қиярды көшетпен отырғызғандықтан мамыр айының үшінші онкүндігінеде отырғызыла бастайды. Осы уақытта күннің жылуына байланысты көшеттердін жақсы өсуіне оң әсерін тигізеді және үлкен көмек болады.

Топырақтың қышқылдылығына бейтарап болуы (РН 5,9-6,1) аналық гүлдерінің қалыптасуын қөбейтеді, бұндай жағдайда өнімдері жоғары сапалы болады [20]. Қиярды жылыжайда өсіру ашық алаңда өсірумен салыстырғанда, жоғары ылғалдылық пен жарықтың жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Әсіресе кеш күзде немесе қыс кездерінде өсіргенде, өсімдіктерде калий мен кальцийге кажеттілік туындайды. Жарықтың нашарлауы мен азотты қоректердің жетіспеушілігі туындаған кезде калийлі қоректендіргіштер бергенде, көкөніс дақылдарының жеміс салуы мен өсуін жақсартады [21, 22].

Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қарашіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.

Сүдігер көтерген кезде гектарына 100-120 т көң шашады және 3-3,5 ц суперфосфат еңгізеді. Көктемде мүмкін болысымен сүдігерді 2 ізбен тырмалайды. Тұқым сепкенге дейін 2 рет культивация жүргізеді: біріншісін арамшөп өскіні пайда болу үшін, ерте көктемде 12-14 см, екіншісін пайда болған арамшөп өскіндерін жою үшін, тұқым себер алдында 7-8 см тереңдікке. Бірінші культивация астына гектарына 1,0-1,5 аммиак селитрасын енгізеді.Көкөніс дақылдардың вегетативтік және генеративтік биомассасы көптеп қалыптасатындықтан, олар топырақтан көптеген мөлшерде қоректік заттарды алып кетеді. ҚазККШҒЗИ жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша негізгі тыңайту немесе тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілмесе, көкөніс дақылдарының қалыпты дамуы мен өсуінде қиындықтар байқалады. Минералды және органоминералды тыңайтқыштар жүйесінің қиярдың өсуі мен дамуына әсерін анықтау үшін фенологиялық бақылаулар және биометриялық зерттеулер жүргізілді. Тәжірибелерде қияр өнімділігінің бақылаумен салыстырғанда тыңайтылған нұсқаларда айырмашылықтар болды. Тыңайтылмаған бақылау нұсқасында зерттеу жүргізілген жылдарда (2012-2014 жж.) орташа есеппен жемістер өнімділігі 16,4 т/га болды. Бақылау нұсқасында өнімділіктің төмен болуының негізгі себебі – қоректік элементтердің жетіспеушілігінде, мұнда ұзақ уақыт бойы тыңайтқыштар пайдаланылмаған. Қиярдың тамыр жүйесі негізінен топырақ бетіне жақын (0-20 см) орналасқандықтан және топырақтың оңай сіңірілетін қоректік заттармен қамтамасыз етілмеуі дақылдың өнімділігін төмендетеді. Минералық тыңайтқыштарды өспелі мөлшермен қолдану өсімдік биомассасының жақсықалыптасуына септігін тигізеді, бұл өз кезегінде жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Минералды тыңайтқыштарды біркелкі мөлшерде (N30P30K30) беру нұсқасында жемістердің өнімділігі 19,6 ц/га, екі еселенген мөлшерде (N60P60K60) - 23,9 т/га, ал үш еселенген мөлшерде (N90P90K90) - 26,8 т/га болды. Минералды тыңайтқыштарды беру арқылы өсімдіктің өсуіне жағдай жасау үшін қиярдың өнімділігінің айтарлықтай мөлшерде өсуіне және жемістердің өнімділігіне қосымша 3,2-10,4 т/га өнім, бұл бақылау нұсқасымен салыстырғанда 19,51-63,41% жоғары болды [23].

Алғы дақылдар. Ең жақсы алғы дақылдар- ерте өнімдері жиналып келесі дақылдар үшін орынын босататын дақылдар: ерте пісетін аққауданды орамжапырақ, гүлді орамжапырақ, ерте пісетін қызанақ, жасыл жапырақтылар- салаттар, шпинат, ерте пісетін картоп, көкөніс бұршақтар. Осы дақылдар өсірілген топырақтардың қышқылдығы жоғары болып жатса, күзден топырақты өңдеп аздап мөлшерлеп әк енгізген дұрыс болады. Онша жақсы емес алғы дақылдарға- өнімдері кеш жиналатын дақылдар тамыржемісті көкөністер, кеш пісетін орамжапырақтар, себебі өнімдері кеш жиналады, топырақты ерте дайындауға мүмкіндік бермейді, екіншіден арамшөптермен ластанған. Қиярды орналастыруға болмайтын алғы дақылдар- асқабақ тұқымдастардың барлығы (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсар), себебі асқабақ тұқымдастардың өздігіне тән зиянкестерімен аурулары қиярды зақымдайды. Қиярды өз орнына 2-3 жылға дейін егуге болмайды, себебі өзіне тән таңдамалы қоректік тыңайтқыштарды және негізгі микроэлементтерді өнімдерімен алып шығып, топырақтың құнарлығын төмендетеді. Қияр өсірілген топырақ көкөніс дақылдарының барлығына өте жақсы алғы дақыл болып саналады [24].

В.Д. Мухинның (1991) мәліметтері бойынша, бір дақылды бір орында екі және одан көп жылдар ішінде өсірсе, топырақтың бір жақты әлсіреуіне алып келеді. Дара дақыл егісі қауіпті емес, ол топырақта ауру тудырғыш негіздер мен көп мөлшерде зиянкестердің жиналуына алып келеді. Сондықтан, қияр жемістерінің жоғары өнімін алуда оның алғы дақылдары және оларды ауыспалы егісте орналастыру аса маңызды рөл болып табылады. Көпжылдық шөптер, біржылдық азықтық қоспалар, астық пен дәнді-бұршақ дақылдар, көк азыққа жүгері мен ерте сүр шөптер, қырыққабат, пияз және басқа дақылдар ең жақсы алғы дақылдары болып табылады. Олар танапты ерте босатып, топырақты дайындауға жақсы мүмкіндік береді. Қызанақ пен картоп мүмкін болған алғы дақылдары. Қиярды асқабақ, қарбыз, қант қызылшасы мен күнбағыстан кейін отырғызудың қажеті жоқ [25].

Басқа көкөніс дақылдары сияқты, қияр өсімдігінің өнімділігіне тұқымдарды себу мерзімдері мен көшеттерді отырғызу үлкен әсер етеді. Қиярдың барлық будандары мен сорттары үшін себу және отырғызу мерзімдері бойынша жалпыланған мәліметтер бар. Зерттеушілер қиярды себу және отырғызудың қолайлы мерзімдері сорттың ерекшелігі мен жарық аймағының жарықтылық жағдайларымен анықталады деп есептейді [26- 28]. Олар үшінші жарық аймағы үшін бірінші кезекте (КШҒЗИ, Фарбио және т.б.) ұзын жемісті будандарды, ал қысқа жемістілерді 7-10 күнге кейіндеу себуді ұсынады. Өйткені, олар төмендетілген жарықтылыққа сезімтал болып келеді. Қиярдың өнімділігі мен сапасына отырғызу тығыздығы өте үлкен әсер етеді. Қияр жарық сүйгіш дақыл болғандықтан, өсімдікті тығыз отырғызбау керек. Бұл жарық режимінің нашарлауына алып келеді. Пленкалы жылыжайларда жүйектерде өсімдіктің қатараралығы 30-40 см болу керек. Жылыжайда өсімдіктерді тығыз отырғызса, аурулардың тез таралуына алып келіп, өсімдіктер бір-бірінен шіри бастайды. Бұл туралы көптеген ой-пікілер бар [29].

Топырақтарды дайындау.Қиярдан жоғары сапалы өнім алудың өзі топырақты ерте және анағұрлым дұрыс өңдеп дайындауына байланысты болады.

Өнімдерді ерте жиналған дақылдардың және басқалай да арамшөп қалдықтарын жинап, қорда жасайтын орындарға жеткізу немесе топырақтарды өңдеуіштерді 5-8смтереңдікте жіберіп, өсімдік қалдықтарын ұсақтап туратып жою қажет. Осыдан екі жұма өткен соң арамшөптер өсе бастағанда екінші рет 12-14см тереңдікте өңдеушілерді жібереді. Келесі күзгі сабанмен топырақты аударуға дейін гектарына 80-100 тонна көң және 3-3,5ц суперфосфат тыңайтқыштарын енгізу қажет. Одан кейін 22-25 см тереңдікке сүдігер жібереді немесе күрекпен топырақты аударып топырақтың бетін тегістейді. Осылай қалдырса, қысқы қар суының сіңіп және қыстың қатты суық аязына аурулардың споралары, зиянкестердің қуыршақтары және біржылдық және көпжылдық арамшөптердің тұқымдары төзе алмай, үсіп кетіп жоқ болады.

Ерте көктемде топырақтың дегдіп кебе бастағанына қарай күзгі жыртылған топырақты екі рет тырмалайды, біріншісі ылғалды буландырып ұшырып алмауға, ал екіншісі салқынға төзімді арамшөптердің жас өскіндерін жоюға қажет. Осы екінші ретте жүргізілетін топырақ өңдеуіш екі бағытта перпендикульярлы немесе қиғаш жүргізілсе ұсынылған әдістің тиімділігі артады. Бірінші топырақ өңдеуішті жібергенде гектарына 1-1,5 ц азотты тыңайтқышты енгізу қажет.

Осы мезгілде топырақ өңделіп жатқанда көшеттерді егуге дайындау міндетті түрде жүргізілуге тиісті. Көшеттерді дайындау жұмыстарына шынықтыру жатады. Шынықтыру жұмыстары салқын ауада және де күн көзіне шығару арқылы жүреді. Тұқымдардың өсу күштілігі өнімділігін арттыруға, аурулары мен зиянкестерден тазартуға және жемістерінің ерте пісіп жетілуін тездетуге қажет [30].

Себуге екі үш жылғы тұқымдар алынады. Олар жаңа тұқымға қарағанда аналық гүлдерін ертерек қалыптастырады және жоғары өнім береді. Егер екі үш жылғы тұқымдар болмаса онда былтырғы жылғы тұқымды, тек 3 сағат бойы 55ºС қыздырғаннан кейін ғана қолдануға болады. Тұқымның қатты қызып кетпеуі үшін бұл жұмысты термостатта жүргізген қолайлы.

Көшеттерді отырғызу тәсілдері. Көктемгі ауа райының жағдайларына байланысты, топырақтың жылуы 8-10см тереңдігіне 12-13°С болғанда ерте пісетін сорттардың көшеттерін отырғызу үлгілері 90+30:2х20-25 см,орташа пісетін сорттардікі 100+40:2х20-25 см, кеш пісетіндері 11+40:2х20-25 см. Көшеттердің отырғызылу тереңдігі 3-5 см [31]. Көптеген ғалымдар отырғызу тығыздығы сорттан, жарықтылықтан, сондай-ақ топырақтың қоректену жағдайына байланысты деп тұжырымдайды. Мысалы, В.А. Уклюдова қиярдың партенокарпиялық будандарын 160 см жүйекте, өсімдіктердің қатараралығы 40-50 см отырғызу керек деп есептейді [32]. Д.И. Нацетов екі тармақты ленталармен, қатараралығын 65-70 см, өсімдіктер арасын 25-35 см етіп отырғызуды ұсынды. Оның ойынша, шпалерлік дақылда өсімдіктің шамадан тыс тығыз орналасуы өте қауіпті, себебі олар көлеңкелеуге алып келеді. Осының нәтижесінде, төменгі жапырақтары мерзімінен бұрын өліп, бүйір өркендері мен түйіндері нашар қалыптасады [33].

С. Ващенко, В. Брызгалов, Н. Савинова өсімдікті отырғызудың қолайлы тығыздығы 1 м² 1,6-1,4 дана деп ойлайды. З. Пичугина өсімдіктерді бір қатарға бір-бірінен аралығы 27-28 см немесе екі қатарда 40-45 см аралықта өсімдік арасы бір-бірінен 40-42 см етіп отырғызу керектігін ұсынады. Ол өсімдікке жақсы жарық түсуін қамтамасыз етуге және аналық гүлдері көбірек қалыптасуына мүмкіндік беретінін сендіреді [34].

Ю. Тулупов, Г. Гринберг, С. Литвинов және басқа Батыс Сібір ғалымдары қияр дақылы үшін отырғызудың қолайлы тығыздығы 1 м2 жерге 2,2 өсімдік болып табылады деп ойлайды. Қияр өсімдігі жылуды өте талап етеді. 20º С температурадан төмен болған кезде, барлық даму кезеңдері ұзаққа созылады, ал 10º С температурада өсу тоқталып, 0º С-та қиярдың барлық сорттары өледі. Қияр көленкелі жағдайда әлсіз өсуі мүмкін, бірақ толық жарықта оның өнімділігі артады. Қысқа күнгі өсімдікті ұзақ күнде өсіру кезінде оның жеміс беруі айтарлықтай кейіндеу болады [35].

Қыздырғаннан кейін суланған тұқымды төмен температурамен шынықтыру үшін тәулік бойы 25ºС, сосын 3 тәулік 0-2ºС жылылықта ұстайды. Шынықтырудан кейін тұқымды сусымалы күйге дейін кептіреді және дәрілейді.

Тұқымның өну қуатын арттыру үшін әртүрлі ерітінділерде (тәулік бойы) ұстайды (мг/л): бор қышқылының (300), метил көгінің (300), күкірт қышқылды мырыштың (200), ас содасының 5 г/л С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде тұқымды соңғы екі ерітіндіде ұстағанда өнім 34-33 ц/га артқан. Егер де көшеттердің өсуін күшейту үшін көшеттерге жылу қажет болады. Бозқыруға шалдықпау үшін жабындау жұмыстарын жүргізен дұрыс болады.

Себуді топырақ 5 см тереңдікке 10оС жылығанда (орташа есеппен 20-25 мамыр) жүргізеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде себуді 20-30 мамырда жүргізгенде гектарынан 290 ц өнім алынса, 5-10 маусымда себілгенде – 194 ц/га.Ал қиярды көшеттермен отырғызатын болсақ бұл істелген шараларды пайдаланбаймыз тек қана қолмен отырғызатын боламыз.

Әдетте көкөнісшілер қиярды 2-3 мерзімде, арасына 4-5 тәулік салып себеді: ерте сепкенде құрғақ тұқыммен, кешірек – суланған және өне бастаған тұқыммен. Гектарына 5-6 кг тұқым шығындалады. Тұқыммен бірге гектарына 50-60 кг түйіршікті суперфосфат енгізу жақсы нәтиже береді. Себуді СОПГ-4,8А, СКОН-4,2, СБУ-2,4Б, СУГО-9 тұқым сепкіштерімен жүргізеді. Тұқымды біркелкі сіңіру үшін дискінің шүмегіндегі шектеуішті қажетті биіктікке қояды. Сепкеннен кейін танапты тығыздайды.

Астрахан технологиясын қолданып, қиярды қатараралығын 140 см етіп себеді; өсімдіктер жемісін жинағанда азырақ зақымданады. Біраз шаруашылықтарда таспалы қос ізді, із қатарларының арасын 50 см, таспаларының арасын 90 см етіп себеді.

Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жүгеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды бір апта ерте жинауға болады және қорғаулы жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аяқталады. Күздік қара бидай ықтырмасының қорғаныштық әсері өте жақсы, оны 8-4-11-12 метрден кейін (көкөніс тұқым сепкішінің 3-4 алымы), басым жел бағытына көлденең себеді. Ені 0,7 м. Егер топырақ құрғақ болса және 5-6 тәулікте өскін пайда болмаса суландыру керек және қабыршақтарды айналмалы шотпен немесе тор көзді тырмамен жою керек. Ең дұрысы себер алдында суландыру. Бірінші кәдімгі жапырақ кезеңінде қатараралықты 10-12 см тереңдікке культивациялайды, өсімдік қатарындағы арамшөптерді қолмен жұлады және өскіндердің бірінші сиретуін бірінен-бірін 3-4 см қашықтықта жүргізеді. Ең әлсіздерін және тым жиілерін жұлады. Екінші отауды 2-3 кәдімгі жапырақ пайда болған кезеңде қолмен жүргізеді және ерте пісетін қысқа желілі сұрыптардың өсімдіктерін бірінен-бірін 7-8 см, орташа пісетін ұзын желілерді 10-15 см қашықтықта соңғы рет сиретеді. Екінші сирету кезінде көрші өсімдіктердің тамырына зақым келтірмеу үшін артық өсімдіктерді жұлмайды, тек шырпиды. Өсімдіктерді сиретуді кешеуілдетпеу керек, өйтпесе негізгі сабақ ұзарып кетеді де, өнім қалыптасатын негізгі бүйірлік өркендердің пайда болуы кешеуілдейді.

Кейінгі өңдеулерді (қатараралықтардағы желілер түйіскенше) арамшөптер пайда болғанда және суарудан кейін топырақ қабыршағын жою үшін жүргізеді. өңдеу тереңдігін бірте-бірте саяздатып 6-7 см жеткізеді, себебі тамырлар жан-жағына таралады, терең өңдесе зақымдалынады. Бір жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы 2-6 жапырақ кезеңінде гербицидтерді бүркеді және топыраққа жедел араластырады (кг/га); қиярдың 1-2 нағыз жапырағы пайда болғанда тарга супер (1-2), тұқым себуден 15 күн бұрын трефлан (1,8-2,4) сіңіріледі [36].

Бүгінгі күннің нарықтық жағдайы ауылшаруашылық дақылдарын энергия мен ресурсты үнемдеу технологиялармен өсіруді ендіруді талап етеді. Қияр дақылын дәстүрлі технологиямен өсіруден айырмашылығы, шпалерды тамшылатып суарумен бірге қолданғанда, жеміс беруін тиімді пайдаланып, ең жақсы жарықта зиянкестер мен аурулармен аз зақымдалуға көмектеседі. Өнімді жинауға, өсімдік қорғауды жүргізуге, арамшөптермен күресуде өте ыңғайлы. Өсірудің шпалерлік тәсілі қиярдың өнімділігін едәуір деңгейде жоғарлатуға мүмкіндік береді. Вертикальды шпалерде қиярды өсіру бойынша еуропалық елдердің тәжірибесі шпалерлік тәсілмен жемістерінің беруі, кәдімгі технологиямен салыстырғанда (17 т/га) орташа 46 т/га болғанын дәлелдейді [37, 38]. Көкөніс шаруашылығының тропикалық және субтропикалық ылғалды аймақтарында (Қытай, Жапония, Въетнам) қиярдың шпалерлік дақылы бұрыннан ашық танапта да, жабық танапта да қолданылып келеді. Ол жоғары өнімділік пен өсімдіктің аурулар және өнім жинаушылардан аз зақымдалуын қамтамасыз етеді. Ұсақ жемісті қиярдың шпалерлік дақылын үй маңындағы көкөніс шаруашылығы мен фермаларда қолданылады. Шпалерлік дақылды қолданғанда, өнімділікті 5-тен 18 кг/м3 дейін жоғарлатуға мүмкіндік береді [39].

Күтіп баптау жұмыстары. Қияр салқынға өте төзімсіз болғандықтан, ерте егілмейді, ерте егіп, өнімін ерте алу үшін ықтырма дақылдарды немесе плекамен, басқалай жабылатын заттармен жабылатын заттармен жабады, я болмаса аздаған көлемге 5-6 тәуліктен кейін 2-3 рет отырғызады. Біздің халықтың ырымында алма ағашының күлтешелері төгіле бастағанда немесе жаппай бақша гүлдегенде отырғызу басталады. Ықтырма дақылдардың ішінде қиярға қарағанда жүгері мен күнбағыс екі-үш апта ерте отырғызылады. Бұл ықтырмалар қиярды суық қатты жерлерден қорғайды, осыған байланысты бір апта өнімдерін ерте береді. Көшеттерді отырғызған күннен қарқынды өскенкенде көшеттер арасына қопсыту және арамшөптермен күрес міндетті түрде жүргізілуі қажет. Осы екі жұмыс бір уақытта жүргізілу тиіс. Егер де осы екі опереция қатар жүргізіліп кеіннен жаңбырлатқышпен немесе арықтар арқылы аз мөлшерде 100-150 куб.м суару өте маңызды және пайдалы. Қияр өсімдіктері тез көтеріліп, өсіп кетеді. Арамшөптермен күресті және де суару жұмыстарын кешіруге болмайды. Арамшөперді жою мұқият жүргізілу қажет себебі қияр дақылының тамырлары нәзік болғандықтан арамшөп тамырларымен бірге жұлынып кетуі әбден мүмкін. Арамшөтерден тазарту кеш жүргізілетін болса арамшөп тамырлары қиярдың жанама тамырларын өсуіне мүмкіндік бермейді және де қияр өнімділігіне де өнімнің кешеуілденуіне әкеләп соқтырады.

Қияр дақылы жапырақтары үлкен, тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында жайылып өсетіндігіне, суды көп буландыратындығына байланысты ылғалға қоятын талабы өте жоғары. Осыған байланысты өсіп-өніп, даму кезеңінде және ауа райының аңызақ құрғақшылығына қарай жиі-жиі суару қажет, яғни топырақ ылғалдылығы 85-90%-дан кем болмауы қажет [40].

Қияр топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды. Бірінші рет оны өскін пайда болғанша суарады, сосын 6-7 тәуліктен кейін қайталайды. Егер суару жаңбырлатқыш қондырғылармен атқарылса гектарына 250-300 м3, ал қарықпен суарылса 400-500 м3 су береді. Көк түйнектерді жаппай жинаған кезде суаруды жиірек, әрбір 3-4 тәулікте, бірақ аз мөлшермен – 70-100 м3/г суарады. Ауа райына байланысты қиярдың өсу даму кезеңінде 10-15 рет суарады. Құрғақ ыстық кезеңдерде сергіте суландырудың (негізгі суландырулармен үйлестіре) әсері өте зор (30-35 м3/га).

Өсу даму кезеңінде қиярды ең кем дегенде 2 рет үстеп қоректендіреді: өскіндерді екінші рет сиреткеннен кейін (гектарына 1 ц суперфосфат, 1ц аммиак селитрасы және 0,5 ц хлорлы калий) және 18-20 тәуліктен кейін екінші рет ( гектарына 1,5-2,0 ц аммиак селитрасын, 1,5 ц суперфосфат және 0,5 ц хлорлы калий). Тыңайтқыштарды суландыру алдында КРН-4,2, 8МО, КРСШ-4,2, КОР-4,2 немесе КОН-2,8 қоректендіргіш культиваторларымен енгізеді.

Қиярды уақытында жинау оның өнімділігін және тауарлық сапасын арттырады. Пісуінің басында жинауды 2-3 тәулік сайын, ал жаппай піскен кезінде күнде немесе бір тәуліктен соң жинайды.

Өнімді жинағанда пішінсіз және пісіп кеткендерін жинап алу керек, себебі олар жаңа түйіндердің пайда болуын және бар жемістердің толысуын кешеуілдетеді. Жиналған қиярды сұрыптайды және жәшіктерге ұқыптап салады. Бұл жұмысты көлеңкеде немесе лапас астында өткізген дұрыс, себебі күн көзінде қалған көк түйнектер тауарлық сапасын тез жоғалтады.

Қиярдың өнімдерін жинаудың өзі бір жауапты жұмыс, себебі жемістері екі-үш тәулікте жиналмаса, үлкейіп, қатайып, сапалылығын жоғалтады және баудағы өсімдіктерді тез қартайтып, өсіп-өну, даму кезеңін қысқартады, осыған байланысты өсімдіктің өнімділігін әлдеқайда төмендетеді. Әрбір өнімді жинағанда аздап та болса жаңбырлатқышпен немесе арықпен суарып отырса жоғары өнім алудың кепілі болады.

Өнімді жинау – қияр өсіргенде еңбекті ең көп тілейтін жұмыс. Қолмен жинағанда гектарына 700-800 адам-сағат шығындалады. Кейінгі кездерде жинау платформалары (ПОУ-2), тіркемелер (ПТ-3,5), кең алымды транспортерлер (ПТШ-25) қолданыла бастады, сондай-ақ қиярды бір ретте жинайтын комбайндар.

Жинау платформасын пайдаланғанда өсімдіктің зақымдануы азайып, кейінгі жиналымдарда өнімділік кемімейді, жинауға қатысатын тасымал көліктері және адамдар саны екі еседей азаяды. Өнімді жинағанда еңбек өнімділігі 50-60 % артады (бір терушіге 400-500 кг).

Үлгіқалыптағы (1726-85 МҮҚ) жеміс жаңа (жас), бүтін, таза, аурулармен және зиянкестермен зақымданбаған, механикалық жарақатсыз, қиқы-жиқысыз, сұрпына тән пішінде және әртүрлі реңдегі жасыл түсті болуы керек. Ерте пісетін сұрыптардың жемістерінің ұзындықтары 11 см аспағаны дұрыс, басқаларынікі – 14 см, барлық сұрыптардың диаметрі 5,5 см артық емес [41].

 

 


Информация о работе «Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі»
Раздел: Ботаника и сельское хозяйство
Количество знаков с пробелами: 184460
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

0 комментариев


Наверх