Войти на сайт

или
Регистрация

Навигация


Кіріспе

Күн радиациясы метеорологиялық элементтердiң iшiндегi ең маңыздысы болып табылады. Жер бетiндегi барлық физикалық құбылыстардың жүруiнiң негiзгi күшi күн радиациясы болып есептелiнедi. Күн - үлкен шар тәрiздес, беткейiндегi температура 6000 °С, ал iшкi жағында температура 40 млн градусқа жетедi. Күнде тоқталмайтын ядерлық реакциялар болып жатады, соның әсерiнен 5,3х10 27 кал/мин энергия жан жағына бөлiнiп жатады. Осы энергиядан 1 км2 жер бетiне жылына 2,5х1012 ккал жетедi. Бұл энергияның жер бетiне келуi күн мен жарық ара қашықтығына байланысты болады.

Арзан баламалы жаңартылмалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келтірмейтін энергияны үнемдеу саясатын ұсыну.

Гипотезасы: Елбасымыздың тапсырмасымен энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту мақсатында елімізде электр энергиясын кідіріссіз қамтамасыз ету үшін ”AstanaSolar” фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауыты -”Қазатомпром”ұлттық компаниясының баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі-KazPV жобасы отандық үш кәсіпорын тұтас кластер құрып,күн энергетикасы саласында баламасы жоқ өндіріске айналмақ. Күн энергиясын алыс-шалғай ауылдарда пайдалану.

Күннің ғаламшараралық кеңістікке шығаратын бүкіл энергиясының Жер атмосферасы шекарасына жуықтап алғанда екі миллиардтан бір бөлігі жетеді. Жер бетіне түсетін Күн энергиясының үштен біріне жуығы шағылысып ғалам- шараралық кеңістікке тарайды. Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады.

Күн радиациясы өсiмдiктердiң өсуiне үлкен әсер тигiзедi. Оның әсерiнен өсiмдiк құрамында хлорофил пайда болады да күн сәулесi әсерiнен фотосинтез жүредi.

Күн радиациясын өлшеу үшін метеорологияда актинометрия құралы қолданылады.

1. Әдебиеттерге шолу

Күн радияциясы туралы есептеулер мен зерттеулер жұмыстары физика ғылымының бір саласы Астраномия ғылымында кең орын алған. Астрономия ғылымында күннің негізгі сипаттамаларына тоқтала отырып, оның жер бетіне деген әсерін қарастырған. Сонымен қатар күн радиациясы тікелей топырақ жамылғысы мен өсімдіктің өніп өсуіне тікелей әсері бар болғаны үшін, ол Агрометеорология саласында кең қолданысқа ие.

Метеорология ғылымында күн радиациясы негізгі климат қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады.

Қазіргі таңда елімізде және бүкіл әлемде энергияны үнемдеу проблемалары, қоршаған ортаны қорғау проблемалары өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Органикалық отындарды қолданудың экологиялық зардабы жоғары, әрі органикалық отын жаңғыртылмайды. Ал, Қазақстанда экологиялық таза және таусылмайтын күн энергиясын қолданудың мүмкіндігі жоғары. Жердегі негізгі жаңғыртылатын энегия көздерінің бірі күн энергиясы болып табылатындығы баршаға мәлім.

Күннен жерге дейінгі ара қашықтық шамамен 149,5 млн.км. Күн радиациясы – бұл Күннің электромагниттік және корпускулярлық сәуле бөлуі. Электромагниттік радиация электромагниттік толқын түрінде, жарықтың жылдамдығы түрінде таралады және атмосфераға өтеді. Күн радиациясы – барлық физико-географиялық процестер үшін негізгі энергия көзі болып табылады. Жер бетінің айналасындағы күн сәулесінің спектрі 6000 К температураға жақын болады. Жердің жыл бойы қозғалуы кезінде атмосферадан тыс күн сәулесінің интенсивтілігі орташа есеппен (күн тұрақтысы) құрайды. .Күн радиациясының 44о ендікті жазық бетке түсуінің орташа жылдық шамасы Вт/м2 тәулік (1 - сурет).

1-сурет. Күн радиациясының 44о ендікті жазық бетке түсуінің орташа жылдық шамасы Вт/м2 тәулік

Күн сәулесінің түсуі жер бетінің географиялық ендігіне, оның теңіз деңгейіне қатысты биіктігіне, жылдың уақытына және тәулігіне, бұлттылығына тәуелді болады. Сәуленің түсу интенсивтілігінің ең жоғарғы мәні 1000 Вт/м2 асуы мүмкін. Аспан бұлтсыз ашық болғандағы күн сәулесінің тікелей түсуінің сипаттамасы ретінде атмосферадан өтетін сәуленің өту жолының ұзындығына байланысты «атмосфералық масса» деген ұғым пайдаланылады. Атмосфералық массаның бірлігі Жердің горизонталды бетіне перпендикуляр бағытталған сәуленің өту жолына сәйкес келеді. Күн радиациясының 44о ендікті жазық бетке түсуінің орташа жылдық шамасы 1 - суретте келтірілген.

Мақалада күн энергиясының оңтүстік астана өңіріне түсу қарқындылығы мен күн энергиясынан алынатын энергияны есептеу алгоритмі келтірілген. [1]

А.С. Утешев бүкіл Қазақстан бойынша күн радиациясының барлық параметрлердегі таралуын қарастырып, күн раиациясының климат құраушы фактор екенін атап өтті.

Қазақстанның солтүстік жарты шардың ендіктерінде орналасуына байланысты және орташа алғанда жалпы бұлттылықтың және төменгі бұлттылықтың аспанды жабу көлемі үлкен болмағандықтан күн радиациясының мәндерін бере алады.

Күн нақты ұзақтығы белгілі бір дәрежеде астрономиялық факторлардың, сонымен қатар, процестерінің айналымымен дамитын бұлт режимінің көрсеткішімен анықталады.

Булану үшін жылу шығындарын азайту радиациялық энергия бөлігінің ауыл шаруашылығы жоғалғаны үшін пайдасыз турбулентті жылу, көбейгенін көрсетеді.

Радиациялық сипаттамалары мен КСРО-ның радиациялық-оқшаулағыш режимі өзге аймақтарда олардың салыстырғанда қысқаша талдау Қазақстан және ауыл шаруашылығы өндірісін көптеген практикалық мәселелерді, күн технологиясын, және басқа да шешу үшін пайдаланылуы мүмкін мүмкіндіктері туралы белгілі бір дәрежеде үлкен энергетикалық ресурстарын көрсетеді. радиациялық факторлардың ұтымды шоты көрінуі климат жеке бағыттарын сандық қажет. [2]

Дүниежүзі бойынша қоршаған ортаға түсіріп жатқан жүктеменің өсуіне байланысты, яғни жыл сайынғы органикалық минералды отынды жағу көлемінің артуы (мұнай, табиғи газ, тас көмір) жəне экологиялық таза энергия қорлары көздеріне көшу қажеттілігі, артықшылығы айқын болып табылатын, қалпына келетін энергия қорларын пайдалану мүмкіндігін береді. Қазақстан үшін болашағы бар қорлардың бірі болып, яғни аумақтың физикалық жəне географиялық, климаттық жағдайларына дəйектелген күннің сəуле шығару қуаты болып табылады.

Мақалада "У. М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология жəне геоэкология институты" ЖШС жүзеге асырылған, "Қалпына келетін энергия көздерінің энергетикалық əлеуетінің атласын жасау" атты жобаның шеңберінде атқарылған, Қазақстан Республикасы аумағына сəйкес электр қуатын өндіру үшін күннің сəуле шығару қуатын пайдалану əлеуетін анықтау бойынша жұмыс нəтижелеріне сипаттама берілген. Зерттеу барысында геоақпараттық технологияны қолдану арқылы аумақтың əр түрлі табиғи-климаттық сипаттамасы жинақталған жəне талдау жасалған, күн батареяларының техникалық сипаттамалары ескеріліп, гелеоэнергетикалық əлеуеті бойынша республика аумағын аудандастыру əдістемесі ұсынылған. Əр түрлі номинальді қуатты күн батареяларының энергетикалық тиімділігі бойынша аудандастыру жəне жер беті ауданы бірлігіне күн радиациясының түсу мөлшері, бұлыңғыр күндердің саны, жарық күннің ұзақтығының маусымдық ауытқуы бойынша Қазақстанның дайындалған карта жинағында қысқаша мəлімет берілген.[3]

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өзі жылына 1,36-1024 ккал. құрайды. Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу — екі миллиардтан бірін құрайды, Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.

Сонымен Күннің электромагниттік сәуле шашуы — күн радиациясы географиялық қабықта өтетін процестер энергиясының негізгі көзі. Бұл радиацияның 46%-і көрінерлік (толқындарының ұзындығы 0,40-тан 0,75 мк дейін), ал 54%-і көрінбейтін, яғни көз қабылдамайтын (оның 7%-і толқындарының ұзындығы 0,002-ден 0,4 дейінгі ультра күлгін радиация және 47%-і толқындарының ұзындығы 0,75 мк-дан артық (инфрақызыл радиация) радиациядан тұрады. Күн радиациясының 99%-і қысқа толқынды (0,1-ден 4 мк дейін),ұзын толқынды радиацияға (4-тен 100—120 мк дейін) 1%-тен азы тиеді. Күн радиациясы интенсивтілігін өлшеу бірлігі ретінде күн сәулелері бағытына перпендикуляр абсолют қара дене бетінің 1 см2-і 1 минутта жұтқан жылу калориясының мөлшері алынады (кал/см2. мин). Күннің жер атмосферасына келетін сәулелік энергия тасқыны өте тұрақты болып келеді. Оның интенсивтілігін күн тұрақтылығы (Ло) деп атайды да, 1,98/см2-мин балап алады.

Жыл ішінде Жерден Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдың басына қарай көбейіп, шілденің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық ауытқуы 3,5% құрайды. Егер күн сәулелері жер бетіне барлық жерге тік түссе, онда атмосфера жоқ жағдайда, оның әрбір квадрат сантиметрі жылына 1000 ккал-дан артық күн сәулесін қабылдаған болар еді. Бірақ Жер шар тәріздес, сондықтан да күн сәулелері барлық жерде тік түспейді және сонымен қатар әрқашанда Жердің тек жартысын ғана жарық қып тұрады. Сондықтан жер бетінің әрбір 1см2-іне орта есеппен жылына шамамен 260 ккал ғана келеді.

Күн радиациясы интенсивтілігінің сәулелердің түсу бұрышына байланыстылығын қарастырайық. Радиацияның максимум мөлшерін күн сәулелерінің бағытына перпендикуляр бет қабылдайды, өйткені бүл жағдайда оған түсетін күн сәулелері шоғырының бүкіл энергиясы алаңда сәулелер шоғыры қимасы — а — тең қимамен таралады. Сол сәулелер шоғыры көлбей түскенде оның энергиясы енді үлкен алаңға жайылады да, беттің аудан бірлігі оны аз мөлшерде қабылдайды.

Неғұрлым сәулелердің құлау бұрышы аз болған сайын, соғұ-лым күн радиациясының интенсивтілігі де аз болады. Күн сәулелерінің құлау бұрышы (Күннің биіктігі) 23°27' с. е.-тен 23°27' о. е.-ке дейін ғана (яғни тропиктердің аралығында) 90°-қа тең бола алады. Қалған ендіктерде ол әрқашанда 90°-тан аз болады. Сәулелердің кұлау бұрышының азаюына сәйкес жер бетіне түсетін күн радиациясының интенсивтілігі де азаюға тиіс. Күннің биіктігі барлық ендіктерде жыл бойы және тәулік бойы тұрақты болып қалмайтындықтан күн жылуының мөлшері үздіксіз өзгеріп түрады.

Үстіңгі беттің қабылдайтын күн радиациясының мөлшері оған күн сәулелерінің жарық түсіру ұзақтығына тура байланысты болады. Экваторлық белдеуде (атмосферадан тыс) Күн жылуының мөлшері жыл.бойы онша көп ауытқымайды, ал биік ендіктерде бұл ауытқу өте үлкен мөлшерге жетеді. Қыс кезінде күн жылуы кірісінің жоғарғы және төменгі ендіктер арасындағы айырмасы өте үлкен. Жаз кезінде үздіксіз жарық жағдайда полярлық аудандар тәуліктік күн жылуының Жердегі максимум мөлшерін қабылдайды. Бұл мөлшер солтүстік жарты шарда жазғы күн тоқырау күні экватордағы жылудың тәуліктік жиынтығынан 36% асып кетеді. Күн теңесу және күн тоқырау күндерінде әртүрлі ендіқтердегі Күннің талтүстегі биіктігі (1 - кесте).

1-кесте

Күн теңесу және күн тоқырау күндерінде әр түрлі ендіқтердегі Күннің талтүстегі биіктігі (градус есебімен)

Ендік

21/III

22/VІ

23/IX

22/ХI

Солтүстік полюс

0

23,5

0

-

Солтүстік поляр шеңбері

23,5 66,5

47

23,5 66,5

0

Солтүстік тропик

90

90

90

43

Экватор

66,5

66,5

66,5

66,5

Оңтүстік тропик

43

90

Оңтүстік поляр шеңбері

23,5

23,5

Оңтүстік полюс

0

0

0

47

23,5

Дегенмен экватордағы күннің ұзақтығы бұл кездегі полюстегідей 24 сағат емес 12 сағат болғандықтан уақыт бірлігіне тиетін күн радиациясьшың мөлшері экваторда ең көп қалпында қалады.

Күн жылуының тәуліктік жиынтығының 40—50° ендік маңында байқалатын жазғы максимумы бұл жерде күн едәуір биік жағдайда Күннің айтарлықтай ұзақ (10—20° ендіктегі бұл уақыттағыға қарағанда артық) болуымен байланысты. Экваторлық және полярлық аудандар қабылдайтын жылу мөлшерінің айырмасы қысқа қарағанда жаз азырақ болады.

Оңтүстік жарты шарға өзінің жазғы кезеңінде жылу сәйкес кезеңде (яғни жазда) солтүстік жарты шарға түсетін жылуға қарағанда артық түседі. Қысқы жағдай керісінше: оңтүстік жарты шар солтүстік жарты шарға қарағанда күн жылуын аз қабылдайды.

Шілдеде радиацияның ең көп жиынтығын солтүстік жарты шар, әсіресе континенттің түкпіріндегі тропиктік жбне субтропиктік аймақтар қабылдайды. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және полярлық ендіктегі қабылдайтын күн радиациясы жиынтықтары негізінен полярлық аудандарда күннің ұзақ болуы салдарынан бір-бірінен аз айырма жасайды. Экваторлық аймақта жиынтық радиация мөлшерінің біршама аздығы ауаның ылғалдылығы жоғары, бұлттылықтың мол болуынан. Жиынтық радиациянын таралуындағы зоналық солтүстік жарты шарда континенттердің үстінде және оңтүстік жарты шарда тропиктік ендіктерде байқалмайды. Ол солтүстік жарты шарда мұхиттың үстінде жақсы көрінеді және оңтүстік жарты шар-дың тропиктен тыс аймақтарында анық байқалады. Оңтүстік поляр шеңбері маңында күннің жиынтық радиациясыньщ мөл шері 0-ге жақындайды.

Желтоқсанда радиацияның ең көп жиынтығы оңтүстік жарты шарға келеді. Антарктиданың биік орналасқан мұз беті июньдегі Арктика бетіне қарағанда ауаның өте мөлдірлігіне байланысты жиынтық анағұрлым артық қабылдайды. Шөлдерде (Калахари, Үлкен Австралия жылу мол, бірақ оңтүстік жарты шардың көп жерін Мұхит алып жатуынан жоғары ылғалдылық және едәуір бұлттылық) жылудың жиынтығы солтүстік жарты шардың нақ сол ендіктеріндегі июньдегіге қарағанда біраз кем. Солтүстік жарты шардың экваторлық және тропиктік ендіктерінде жиынтық радиация біршама аз өзгереді және оның таралуындағы зоналық Солтүстік тропиктен солтүстікке қарай ғана анық байқалады. Ендік артқан сайын жиынтық радиация айтарлықтай тез азаяды, оның нольдік изосызығы Солтүстік поляр шеңберінен сәл солтүстікке таман өтеді.

Альбедо. Күннің жиынтық радиациясы бетке түскеннен кейін, біразы кейін қарай атмосфераға шағылысады. Беттен шағылысқан радиация мөлшерінің сол бетке түскен радиация мөлшеріне қатынасы альбедо деп аталады.

Альбедо (а) беттің шағылыстыру мүмкіншілігін көрсетеді және бөлшек санмен немесе процентпен өрнектеледі. I — а — сіңу коэффициенті. Жер беті альбедосы оның қасиетіне және жай — күйіне, түсіне, ылғалдылығына, кедір-бұдырлығына т. б. байланысты. Ең көп шағылыстыру қасиеті жаңа жауған қарға тән — 0,90-ға дейін барады. Құмды шөл бетінің альбедосы 0,09-дан 0,34-ке дейін (түсіне және ылғалдылығына байланысты), сазды шөл бетінде—0,30, балғын шөпті шалғында — 0,22, шөбі қураған шалғында 0,931, жапырақты орманда — 0,16— 0,27, қылқанды орманда 0,06—0,19, егістікте —0,07—0,10.

Атмосфераның Күннің қысқа толқынды сәуле шашуын (тура және шашыранды радиацияны) өткізіп, Жердің ұзын толқынды жылылық сәуле шашуын ұстау мүмкіншілігін оранжереялық (парниктік) эффект деп атайды. Оранжереялық эффектіге байланысты жер бетінің орташа температурасы 15° атмосфера болмаса ол мұнан 21—36° төмен болар еді.

Радиациялық және жылу балансы. Жер бір мезгілде күн радиациясын қабылдайды (кіріс), әрі шығарады (шығыс). Күн радиациясының кірісі мен шығысының арасындағы айырма радиациялық баланс немесе қалдық радиация деп аталады. Жердің радиациялық балансы жайылма бет пен атмосфераның радиациялық баланстарынан тұрады. Жайылма беттің радиа-циялық балансының кіріс бөлігін жиынтық радиация, шығыс бөлігін беттің альбедосы мен онық эффективтік сәуле шашуы құрайды.

Егер кіріс шығыстан артық болса, радиациялық баланс оң, егер кіріс шығыстан кем болса — радиациялық баланс теріс болады. Түнде барлық ендіктерде беттің радиациялық балансы теріс, күндіз түске дейін оң (қыстағы биік ендіктерден басқа), түстен кейін қайтадан теріс болады. Орта есеппен тәулігінде радиациялық баланс оң да, теріс те болуы мүмкін.

Радиациялық баланстың жылдық жиынтықтарының картасынан олардың Мұхитта жалпы алғанда зоналар бойынша таралғаны көрініп тұр. Тропиктік ендіктерде радиациялық баланстың жылдық мөлшері мұхитта 140 ккал/см2-ге жетеді (Аравия теңізі), ал қалқыма мүздықтардың шекарасы маңында 30 ккал/см2-ден аспайды. Зоналық таралудан азын-аулақ ауытқулар әр түрлі болуымен байланысты. Мұхиттан құрылыққа өткенде радиациялық баланстың жылдық жиынтығының изосызықтары бағытын күрт өзгертеді, өйткені бұл жиынтықтар, әдетте құрылыққа қарағанда Мүхитта артық болады (альбедо мен эффективтік сәуле шашудың әсері). Атмосфераның әсері күн сәулесін өткізіп кейін тебетін жылылық сәуле шашуды ұстап қалатын шынының әсеріне ұқсас.

Жылудың артығы қалай жұмсалатынын (радиациялық оң баланс) және оның жетімсіздігі қалай толатынын (радиациялық баланс теріс болғанда), жер беті үшін атмосфера үшін және «жер беті - атмосфера» жүйесі үшін жылу тепе-теңдігі қалай орнайтынын жылу балансы түсіндіреді.

Геңдіктің барлық мүшелері өзгеруі мүмкін болатындықтан жылу балансы өте қозғалмалы болады;

Ол бұзылады да қайтадан қалпына келеді. Жылдың жылы мезгілінде топырақ-грунтты жылытуға жұмсалған жылу салқын мезгілде бетке қайтып оралады.

Мұхит бетінің бір бөлігінің жылу балансын қарастырғанда жылудың ағыстармен тасымалдануы есепке алынады, ал Мұхиттың бүкіл бетінің жылу балансын қарастырғанда оны есептемеуге болады, өйткені ол — жылудың ендіктер арасындағы қайта бөлінуі болып табылады.

Атмосфераның жылу балансын тұтас алғанда адвекцияны есептемеуге болады, бірақ атмосфераның жеке бөліктерінің жылу балансын қарастырғанда оны ескеру қажет. [4]

Мұхиттар мен теңiздер үстiнде ауа температурасының максимальдi мәнi құрлық үстiндегiден 2-3 сағатқа кешiрек байқалады. Iрi су қоймаларының үстiндегi ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы су бетi температурасының тәулiктiк амплитудасынан жоғары болады. Оның себебi – мұхит үстi ауасында су буының мөлшерi жоғары болатындықтан күн радиациясы жақсы жұтылады және ондай ауаның өзiндiк сәулешашуы да жоғары болады.

Салқын немесе жылы ауа массалары басып кiргенде ауа температурасының жоғарыда айтылғандай тәулiктiк тербелiсi бұзылады, яғни кейде керiсiнше күндiз төмендеуi немесе түнде өсуi мүмкiн.

Тұрақталған ауа-райында ауа температурасының өзгерiсi (жүрiсi) тәулiк бойында айқын ажыратылады. Бiрақ ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы әрқашанда топырақ бетi температурасының тәулiктiк амплитудасынан кiшi болады. Ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы әртүрлi факторларға бағынышты. Маңызды факторлар: географиялық ендiк, ендiк өскен сайын ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы азаяды. Ең үлкен тәулiктiк амплитуда субтропиктiк ендiктерде байқалады.

Жыл бойында орташа алғанда тәулiктiк амплитуда тропиктiк облыстарда 12 0С шамасында, орта ендiктерде 8–90С, поляр шеңберiнде 3–40С, ал одан жоғары 1–20С құрайды; жыл мезгiлi, қоңыржай белдеуде тәулiктiк амплитуданың ең кiшi мәнi қыста, ең үлкен мәнi жазда орнығады. Көктемде олар күзгi маусымнан бiршама үлкен болады. Ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы түннiң ұзақтығына да бағынышты. Жоғарғы ендiктерде жазғы түн өте қысқа болатындықтан температура өте төмен түсiп үлгермейдi, сондықтан амплитуда кiшiрек болады.

Полярлық аудандарда жазда тәулiк бойы күн батпайтын кезде амплитуда 10С шамасында болады. Поляр түнi кезiнде температураның тәулiктiк тербелiсi тiптi байқалмайды, ал көктем мен күзде тәулiктiк амплитуда бiршама өседi (Диксон аралында 5–60С құрайды). Тропиктiк ендiктерде температураның тәулiктiк амплитудасы жыл маусымдарына онша бағынбайды, жыл бойы 20–22 0С шамасында болады; төселме беткейдiң сипаты, су бетi үстiндегi ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы құрлық үстiндегiден кiшi болады. Мұхит және теңiз үстiнде ол 2–30С құраса, құрлық iшiнде 20–220С -ға дейiн өседi. Құрғақ дала мен шөлдерде температураның орташа жылдық тәулiктiк амплитудасы 30 0С-ға дейiн жетедi; бұлттылық, ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы бұлттылық өскен сайын азая түседi.

Бұлт қабаты күндiз күннен көлеңкелеп температураны азайтса, түнде жер бетiнiң сәулешашуын атмосфераға жiбермей ауаның салқындауына кедергi жасайды; жер бедерi (рельеф), ойпаң жерлерде (жыра, шұңқыр, аңғар) ауа күндiз тұрып қалатындықтан қатты қызады, ал түнде керiсiнше салқын ауа биiк жерлерден ойпаңға ағып түседi. Сондықтан тегiс жерге қарағанда ойпаң жерлерде температураның тәулiктiк амплитудасы жоғары болады. Дөңес рельефтердiң (тау, төбе, шоқылар) шыңында тәулiктiк амплитуда тегiс жердiкiнен кiшi болады; теңiз деңгейiнен биiктiк, теңiз деңгейiнен биiктеген сайын ауа температурасының тәулiктiк амплитудасы азаяды, ал максимум және минимумы байқалатын уақыт кешiгiп орнығады. Тропопаузаның биiктiгiнде де амплитудасы 1–20С құрайтын температураның тәулiктiк жүрiсi байқалады. Бiрақ ол, бұл биiктiкте озонның күн сәулесiн жұтуымен байланысты.

Ауа температурасының жылдық жүрiсi негiзiнен төселме беттiң температурасының жылдық жүрiсiмен анықталады. Температураның жылдық амплитудасы, ең жылы және ең салқын айлардың орташа айлық температураларының айырмашылығы болып табылады. Солтүстiк жартышарда құрлықта орташа айлық максимальдi температура шiлдеде, минимальдi – қаңтарда байқалады. Мұхиттар мен құрлық жағалауында экстремальдi температуралар кешiгiп орнығады: максимумы – тамызда, минимумы – ақпан-наурызда. Су бетi үстiнде ауа температурасының жылдық амплитудасы құрлық үстiндегiден бiршама кiшi болады.

Ендiк өскен сайын ауа температурасының жылдық амплитудасы да өседi. Ең кiшi мәнi экваторлық аймақта, ең үлкен мәнi полярлық ендiктерде байқалады. Теңiз деңгейiнен биiктеген сайын жылдық амплитуда азаяды.

Амплитуданың мөлшеріне және экстремальдiк температуралардың орнығу уақытына байланысты ауа температурасының жылдық жүрiсiнiң төрт түрi ажыратылады [5].


Информация о работе «Күн радиациясы»
Раздел: Физика
Количество знаков с пробелами: 134400
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 0

Похожие работы

Скачать
274355
30
32

... і және фор меде, жарамдының жұмысқа арналған отын алуына арналған -, жасаудың өздері бұларды машиналардың, тыңайтқыш алуының және т. және. Екінші түр бүтінде - емес не басқа, энергия сияқты брутто — энергия барлық түрлерінің жалпылауы, өте жақсының ...

Скачать
133393
2
0

... қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі. Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің ...

0 комментариев


Наверх