3.4. Жұмыс істеп тұрған машинаның механикалық және жүктемелік диаграммасын тұрғызу.

Жүктемелік диаграмманың құрылымына қажетті параметрлердің бәрі жоғарыда есептелді.

Жүктемелік диаграмма 3.3. суретінде көрсетілген.

3.3.сурет - Жүктемелік диаграммасы

Өтпелі жүрістің уақыты орнатылған қозғалыс уақытынан 10%-ға аз. Сондықтан жүктемелік диаграмма құрған кезде динамикалық сәттерді қосымша есептеудің қажеті жоқ.

3.5 “Электржетек - желі” және “Электржетек - оператор”жүйесінің анализі және сипаттамасы.

Көпірлі кран көтергіші тетігінің электр жетегі жиілігі 50 Гц құрайтын 380 В үш фазалы стандартты кернеуден қуат алады. Өндірістік желіде қуат күші артық жұмсалуы мүмкін, сонымен қатар апатты жағдайлар пайда болуы ықтимал, сол себепті желідегі қуат күші өзгерген жағдайда құрылғының жұмысқа қабілеттілігін арттырып, қысқа тұйықталу тоғынан қорғанысты қамтамасыз ету керек. Сондықтан жетекті желіге автоматты қосылғыш арқылы жалғаймыз, ол қозғалтқышқа желі жағынан да, жүктеме жағынан да қысқа тұйықталу мүмкіндігінен қорғап тұрады. Кран оператор-краншы арқылы басқарылады, сол себепті басқару қарапайым болуы тиіс, екпінді жеңіл басқарып, кранды тоқтатумен қамтамасыз етуі шарт, сонымен қатар жылжудың нақты жылдамдығында белгіленген жұмыс тәртібін жүзеге асыруы тиіс.

3.6 Принципиалды таңдау шешімдері

Жетек типі мен координатаны реттеу амалын

Кран механизмін қозғалысқа келтіру үшін қозғалтқыштың бірнеше түрін қолдануға болады. Бұл тәуелсіз немесе тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы немесе асинхронды қозғалтқыш болуы мүмкін. Жалпыөндірістік қолдансытағы қозғалтқыштарды қолдануға болады. Сонымен қатар өндірісте тұрақты және айнымалы токтағы крандар сериясы шығарылады.Қозғалтқыштардың әрқайсысының артықшылықтары мен қатар кемшіліктері де бар. Мысалы тұрақты ток қозғалтқыштары айналу жиілігін р жеңіл әрі оңай реттегенімен, айнымалы ток генераторынан габариті жағынан анағұрлым үлкен. Асинхронды қозғалтқыштар габариті кіші болғанымен, айнымалы ток қозғалтқыштарының реттеу жүйесі қиынырақ.

Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналу жылдамдығын реттеудің мүмкін болған бір жолы, қорек көзінің кернеуін тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқыштарға арналған басқарылатын түзеткізтермен және тәуелсіз және тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштарының якорьін шунттау.

Қысқатұйықталған роторлы Асинхронды қозғалтқышты басқару үшін жиілікті түрлендіргішті қолдануға болады.

Бұл амалдар бір-бірінен күрделілігі, шығыны, бағасы жағынан ажыратылады және әрбір нақты жағдайға тиімді реттеуді таңдауды талап етеді.

Төменде жетекке қойылатын талаптар кезінде мүмкін болған шешімдер көрсетілген.

Тәуелсіз қоздырылатын Тұрақты ток қозғалтқышы, кернеуді басқарылатын түзеткіш көмегімен реттеу;

Тізбектей қоздырылатын ТТҚ, якорды шунттау;

Жалпыөндірістік қолдансықа арналған Қысқатұйықталған ротор орындауындағы қозғалтқыштар; жиілікті басқару;

Жалпыөндірістік қолдансықа арналған фазалық ротор орындауындағы қозғалтқыштар; ротор тізбегінің кедергісі;

4. Электржетек арқылы басқарылатын көпірлік кранның принципиалды электрлік сұлбасын жасау

Өңделіп жатырған қозғалтқыштың басқару сұлбасында, міндетті түрде, тапсырманын берілген нұсқасы бойынша уақыт функциясындағы қозғалтқыштын автоматты қосу және жылдамдық функциясындағы динамикалық тежелу қарастырылу қажет. Өңдеу келесі түрде орындалады:

1. 2 сатыдағы уақыт функциясының автоматты қосылуы үшін басты қондырғының қосылу схемасының R1,R2,R3 резисторларын КТ1,КТ2,КТ3 уақыт релелерін КМ3.1, КМ4.1, КМ5.1 жылдамдық түйістіргіштерін қарастырамыз. Резисторлардың коммутациясы үшін (бір қосылу сипаттамасынан екіншісіне өту кезіндегі) оларға параллель тұйықталған контактілі КМ3.2, КМ4.2, КМ5.2 жылдамдық контакторларын қондырамыз.

2. Максималды тоқтық қорғаныс үшін зәкір тізбегіне КА1 және КА2 орама релесін және ОВ қыздырма қозғалтқышының орамының тізбегіне КА3 нөлдік тогы бар орама релесін қондырамыз (ОВ тізбегінде тоқ бар болуын бақылау үшін немесе сол тоқтың шекті деңгейден төмендеуін бақылау үшін). Қосылудың автоматтандыру процессі уақыт функциясында орындалады. Минималды қорғаныс функциясын реле сұлбасына қосылатын КV1 кернеу орындайды. Желідегі KV1 кернеу рұқсат берілген деңгейден (0,8-0,85) төмендеген кезде KV1 реленің кернеуі жоғалады және өзінің тұйықтаушы контактсімен басқару сұлбасын өшіреді. Бұл күштік сұлбаның желіден ажыратылуына алып келеді.

3. Жылдамдық функциясындағы динамикалық тежеуді жүзеге асыру үшін, орамасы қозғалтқыштың зәкіріне жалғанған кернеу релесін KV қарастырамыз. Төмен жылдамдықтан реле ажырайды, сонда да ол контакторды КМ2 сөндіруге, тежеу процесінің аяқталғанына команда береді. Реле KV кернеуінің түсуі бастапқы орнатылған жылдамдықтың 10 – 20 % сәйкес келеді:

4. Коммутацияны жүзеге асыру үшін – автоматты ажыратқыштар QF1 және QF2, сақтандырғыштар QF1 және QF2; ал қорғанысқа – кернеуді тұрақтандыру релесі KV1, максимальды тоқ релесі КА1 және КА2, өрістің үзілу релесі КА3, және оның сөнген кезіндегі қозғалтқыштың қоздыру орамасын асқын кернеуден қорғау үшін, оның орамасына параллель жалғанған разрядты резистор R6 және диод VD1 қолданылады.

4.1 сурет. Автоматты қосылуы және тұрақты тоқ қозғалтқышының тежеуі бар релелі-контакторлы басқару жүйесінің электрлі принципиалды сұлбасы.

Қорытынды

Мен бұл курстық жұмыстың 1 бөлімінде тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының табиғи және жасанды мінездемелерін есептеп және тұрғыздым. 2 бөлімде өтпелі процестерді есептеп және іске қосу кезінде динамикалық тежеуді қарастырдым. 3 бөлімде көпірлік кран электржетегінің механикалық өтпелі процесін есептеп және графиктерін тұрғыздым. 4 бөлімде электржетек арқылы басқарылатын көпірлік кранның принципиалды электрлік сұлбасын жасадым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Чиликин М.Г., Сандлер А.С. Общий курс электропривода. М.: Энергоиздат, 1981, 576 с.

2. Ильинский Н.Ф. Основы электропривода: Учебное пособие для вузов. – 2-е изд., М.: Издательство МЭИ, 2003, 224 с.

3. Москаленко В.В. Автоматизированный электропривод: Учебник для вузов. М.: Энергоатомиздат, 1986, 416 с.

4. Справочник по автоматизированному электроприводу. / Под ред. В. Елисеева и А.В.Шинянского. -М.: Энергоатомиздат, 1983. -616с.

5. Ключев В.И. Теория электропривода. М.: Энергоатомиздат, 1985, 560 с.

6.Справочник по крановым электродвигателям / Под ред. В.М. Рабинович. М.: Энергоатомиздат, 1988. 318 с.


Информация о работе «Тәуелсіз қоздырылтын тұрақты тоқ қозғалтқышындағы кранның көтерілу механизімі»
Раздел: Радиоэлектроника
Количество знаков с пробелами: 30877
Количество таблиц: 3
Количество изображений: 2

0 комментариев


Наверх