Войти на сайт

или
Регистрация

Навигация

Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану

23104
знака
0
таблиц
0
изображений

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану

Орындаған: Данияр Ш.

Тобы: 101 «Б» МПД

Қабылдаған: Тоймбетова К.А.

Шымкент 2016

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Безді эпителийдің құрылысы

2. Экзокринді бездер

3. Эндокринді бездер

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі – организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларды түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады. Олардың көпшілігі – бездік эпителийдің туындысы. Бездердің көпшілігі қалыптасқан жеке органдар (мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без). Басқалары органдардың бөлігі болып саналады (мысалы, асқазанның бездері).

Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқаншаның қонсы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.

Безді эпителий безді немесс секреторлы гландулоцит деп аталатын жасушалардан құралған. Олар заттарды синтездеп секрет бөліп шығарады, мысалы тері мен кілегейлі қабықтын үстіне және кейбір ішкі органдардың қуысына (сыртқы экзокриндік секреция) немесе қан мен лимфаға (іііікі эндокриндік секреция).

Секреция арқылы организмде көптеген қызметтер орындалады, мысалы: сүттің, сілекейдің, асқазан және ішек шырынының, өттің пайда болуы, эндокриндік (гуморальдық) реттеу және т.б. Сыртқа секреттеуші көптеген жасушалардың аитоготазмаларында секреторлық қосындылар болады, жақсы дамыған эндоплазмалық тор, органеллалар мен секреторлы гранулалары полярны орналасады.

Секреттеу — өте күрделі процесі; және 4 фазадан тұрады: сіңіру, секрет затын синтездеп және жинақтау. гландулоциттердің секретті шығаруы — экструзия, қайта қалпына келу.

І-фазада. Қан мем Лимфадан безді жасушаларға базальды бөлігінен түрлі неорганикалық қосылыстар, су және төмен молеку пярлы органикалық заттар: амин қышқылдары, моносахаридтер, майлы қышқылдар және т.б. өтеді. Кейде ниноцитоз арқылы белоктарда өтеді.

II фазада. Осы өтілген заттардан түйіршіксіз эпдоплазмалық тор арқылы белокты секреттер синтезделеді, ал түйіршіксіз эндоплазмалық тор арқылы белоксыз секреттер синтезделеді. Синтезделген секрет Гольджи комплексінің аймағына ЭПТ арқылы жеткізіледі, бұл жерде жинақталып гранулалар түзіледі.

III - фазада. Түзіліен секреторлы гранулалар жасушадан бөлініп шығарылады. Секреттің бөлінуі бір келкі өтілмейді, сондықтан үш түрлі секреция арқылы жүреді: мерокриндік (эккриндік), апокриндік және голокриндік.

Мерокриндік секреция түрінде безді жасушалардың құрылысы өзгермейді (мысалы, сілекей бездерінің жасушалары).

Апокринді секреция түрінде безді жасушалар шамалы бұзылады (мысалы, сүт бездерінің жасушалары). Безді жасушалардың цитоплазмасының апикальды бөлігі бұзылып секретпен бірге бөлінеді (макроапокриндік секреция) немесе микробүрлерінің ұштары (микроапокриндік секреция). Голокриндік секреция түрінде безді жасушалардың цитоплазмаларына май толып, толық бұзылады (мысалы, тері бездерінің бірен-саран майлы жасушалары).

ІV. Фазада. Безді жасушалар бұрышты қалпына келеді.

Гландулоциттер базальды мембранада орналасқан Ядролары ірі, әртүрлі лішінге ие және секрелеу фазаларына байланысты өзгеріп тұрады. Белокты секрет түзупті гландулоциттердің цитоплазмадарында түйіршікті эндоплазмалық тор жақсы дамыған.

Белоксыз секретгі түзуші жасушаларда агранулярлы эндоплазмалық тор жақсы дамыған.

Секрецкя фазасына байланысты Гольджи комплексінің пішіні мен орналасқан орны өзгеріп тұрады. Митохондриялар өте көп және секрет түзілетін аймаққа жиналады.

Жасушалардың цитоплазмаларында секреторлық гранулалар болады, олардың құрылысы мен мөлшері секреттің химиялық құрамына байланысты. Ал секреторлық процестің фазаларына байланысты гранулалар саны да өзгеріп тұрады. Кейбір глаидулоциттердің дитоплазмаларында (мысалы, асқазан шырыныш түзуге қатысатын) секреторлық қаналшалар байқалады — бұл цитолеммалардың ішке қарай шұңқыр ойыстанған жерлері және сырт жағынан қабырғалары микробурлермен қапталған.

Энтодермальды эпителийден дамыған кейбір бездерде (мысалы, сілекей бездерінде) секреторлы жасушалардан басқа жиырылу қабілетіне ие — миоэпителиальды жасушалар кездеседі. Бұл жасушалар өсіңкі пішінге ие және соңғы бөлімдерінің сыртынан орналасады. Цитоплазмаларында қысқартушы белоктары бар микрофиламенттер орналасқан.

Миоэпиталиалды жасушалардың жиырылуынан соңғы бөлімдері сығылады, осыған орай секрет оңай бөлініп шығады.

Секреттің химиялық құрамының әр түрлі болуына байланысты зкзокрин бездері белокты, шырышты, белокты-шырышты және майлы деп бөлінеді.

Аралас бездерде екі түрлі секреторлық жасушалар кездеседі белокты және шырышты. Олар бір келкі жасушалардан тұратын соңғы бөлімді құрайды (таза белокты және таза шырышты) немесе аралас соңғы бөлімді құрайды (белокты-шырышты).

Секреторлық қызметіне байланысты бездерге физиологиялық регенерация тән.

Мерокриндік және апокриндік бездерде гландулоциттер секреттерін сыртқа шығарған соң жасуша-ішілік регенерация арқылы бұрынғы қалпына келеді, ал кейде көбею жолымен.

Голокриндік бездерде арнаулы бағаналы жасушалардың көбейюі арқылы қалпына келеді. Жаңадан пайда болған жасушалар дифференцияланып безді жасушаларға айналады, сондықтан жасушалық регенерация деп аталады.

Бездер қан тамырларымен жақсы қамтамасыз етілген. Араларында артериоло-венулярлы анастомоздар меи сфинктері бар веналар кездеседі. Анастомоздар мен сфинктері бар веналардық жабылуы капиллярлардығы қысымды жоғарылатады, осының вәтижесінде шыққан заттар гландулоциттердің секрет түзуіне жаратылады.

Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесімен жүзеге асырылады. Нерв талшықтары дәнекер ұлпаларында орналасқан қан тамырларын ұзына бойы жағалаң бездің езегі мен соңғы бөлімдерінде нерв ұштарымен аяқтайды және қан тамырлар қабырғасында да аяқтайды. Нерв жүйесінен басқа экзокрин бездерінің осекрециясын гуморальдық факторлар реттейді (мысалы, эндокрин бездерінің гормондары). Қартайған бездердің секреттерінің құрамы мен сыртқа шығару қабілеттері төмендейді және регенерация процесі нашарлайды, бездің стромасын құраушы дәнекер ұлпасы өсіп қалыңдайды.

Организмде өтетін процестерді реттеу жүйке жүйесімен ғана емес, сонымен қатар эндокринді бездермен қамтамасыз етіледі. Ақырғыларына топохрафиялық орналасуы және шығу тегі әртұрлі бездер жатады,олардың түтіктері жоқ және шығаратын секретін (инкрет) тікелей қанға немесе лимфаға бөледі. Эндокринді бездердің (ағзалардың) жұмыс өнімдері гормондар. Бұл өте аз мөлшерінде организмнің әртұрлі функциясына әсер ете алатын жоғары дәрежелі биологиялық активті заттар. Гормондар (грек, hormao - тітіркендіремін) сүрыптаушы функцияға ие, яғни нысана-мүшелердің жұмысына нақты эсер ете алады. Олар жасушалардың, тіндердің, мүшелердің және барлық организмнің өсу және даму үрдістеріне реттеуші әсерді қамтамасыз етеді. Гормон өнімінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі организмде ауыр ауытқушылықтар мен ауруларды тудырады.

Бір-бірінен анатомиялық дараланған эндокринді бездердің өзара әсері айтарлық, Нысана мүшелерге гормондар қан арқылы жеткізілетіндіктен мүшелердің бұл реттелуін гуморалді реттелу деп атайды. Сонда да организмде өтетін барлық үрдістер орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Мүшелер жүйесінің осындай реттелуі жүйке-гуморалді деп аталады.

Қазіргі кездегі эндокринді мүшелердің жалпыға ортақжіктелуі олардың эпителийдің әр тұрлерінен пайда болуына байланысты [Зварзин А.А., Щелкунов С.И., 1954].

1. Жұтқыншақ ішегінің эпителиалді жамылғысынан дамитын, шығу тегі эндотермалді бездер— бранхиогенді топ. Олар қалқанша және қалқанша жанындағы бездер.

2. Шығу тегі эндотермалді бездер — ішектік түтіктік эпителиінен дамыған — ұйқы безінің эндокринді бөлігі (панкреаттық аралшықтар).

3. Шығу тегі мезодермалді бездер - интерреналді жүйе, бүйрекүсті безінің қыртыс заты мен жыныс бездерінің интерстициалді жасушалары.

4. Шығу тегі эктодермалді бездер — нерв түгігінің алдыңғы бөлігінің туындылары (неврогенді топ) — гипофиз және томпақ дене (мидың эпифизі).

5. Шығу тегі эктодермалді бездер - нерв жүйесінің симпатикалық бөлімінің туындылары. Бұл топқа бүйрекүсті безінің милы заты мен параганглия лар жатады.

Бүйрек үсті бездері шығу тегі әртүрлі, жеке гармон бөлетін бөлікшелер түрінде даму барысында бір-бірімен біріккен жұп мүше. Бездің сырты талшықты дәнекер тінді капсуламен қапталған. Бездің шетінде ала қыртысты, ал ортаңғы бөлігінде заты орналасады. Қыртысты затындағы эндокринді жасушалары немесе эндокриноциттері көмірсулармен, жыныс бездерінің қызметін және ағзаның ішкі ортасындағы иондардың кұрамының тұрактылығын реттеп отыратын стероидты гормондар бөледі, Бұларға глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар және жыныс гормондары жатады. Біздің қыртысты затындағы эндокриноциттерінің қызметін (шұмақты аймағынан басқасын) гипофизден бөлінген АКТГ мен бүйректің ренин-ангиотензинді жүйесін бақылап отырады. Бүйрек үсті бездерінің боз затындағы эндокриноциттерден бөлінген катехоламиндер жүректің соғуына, тегіс салалы ет жасушаларының жиырылуы мен көмірсулар мен липидтердің метаболизміне қатысады.

Қалқанша без

Қалқанша без, glandula thyroidea, ішкі секредиялық бездердің ішіндегі ең ірі тақ без. Ол мойынның алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасқан. Бездің оң және сол үлестері, lobus dexter et sinister, және қылтасы, isthmus glandulae thyroidea, ажыратылады. Қалқанша бездің оң және сол үлестерін бір-бірімен жалғастырушы қылтасы, кеңірдектің II және III жартылай сақиналы шеміршегінің маңында орналасқан. Кейбір жағдайларда қалқанша без қылтасы кеңірдектің I шеміршегінің түсында немесе жүзіктәрізді шеміршектің доғасында жатады. Кейде қалқанша без қылтасының мүлде болмауы жиі байқалады, мүндай жағдайда, қалқанша без үлестері дербес орналасады.

Қалқанша жанындағы бездер.

Жұп жоғарғы қалқанша жанындағы без, glandula parathyroidea superior, және төменгі қалқанша жанындағы без, glandula parathyroidea inferior, дөңгелек немесе сопақша пішінді денешіктер, қалқанша безі үлесінің артқы беткейінде орналасқан. Әр бездің мөлшері: ұзындығы - 4-8 мм, ені-3-4 мм, қалыңдығы — 2-3 mm. Бұл денешіктердің саны тұрақты емес және 2-ден 7-8-ге дейін өзгере алады, орташасында-4, қалқанша бездің әрбір үлестерінің артқы жағында екеуден: бір без үстінде, екіншісі астында. Бездердің жалпы салмағы 0,13-0,36 г- нан көп емес.

Ұйқыбезінің эндокриңді бөлігі.

Ұйқыбезі эндокринді және экзокринді бөліктерден тұрады. Ұйқыбезінің эндокринді бөлігі, pars endocrina pancreatis, панкреаттық аралшықтарды, insulae pancreaticae (Лангерганс аралшықтары) түзетін эпителиалді жасушалардың топтарынан түзілген, олар қалған экзокринді бөліктен жүқа дәнекер тінді қабықпен бөлінген. Панкреаттық аралшықтар ұйқы безінің барлық бөлімдерінде кездеседі, әсіресе, ұйқы безінің құйрығы аймағында көп шоғырланған. Аралшықтардың көлемі 0,1-0,3 мм, ал жалпы салмағы ұйқы безі салмағының 1/100 бөлігін құрайды. Панкреаттық аралшықтар ұйқы безінің экзокринді бөлігі сияқты алғашқы ішектің эпителиалді ұрығынан дамиды.

Жыныс безінің эндокринді бөлігі.

Еркектерде аталық без testis, әйелдерде аналық без ovarium, Жыныс жасушаларымен қатар екінші реттік жыныс белгілеріне жауап беретін жыныс гормондарын қанға бөледі. Аталық бездегі эндокринді функция атқаратын интерстиций, ол қан және лимфа капиллярлары қасындағы иреленген шәует өзекшелері арасындағы борпылдақ дәнекер тінде орналасатын аталық бездің

интерстициалді эндокриноциттерінен түзілген (Лейдиг жасушалары). Аталық бездің интерстициалді эндокриноциттері аталық жыныс гормоны тестостеронды бөледі.

Гипофиз.

Гипофиз, hypophysis (glandula pituitaria), сынатәрізді сүйектің тұрік ершігінің гипофиз шүңқырында орналасқан және бас сүйегі қуысынан ершіктің көкетін құрайтын қатты милы қабықөсіндісімен бөлінген. Осы кокеттеп тесік арқылы гипофиз аралық мидың ги-поталамусының қүйғышымен байланысқан. Гипофиздің көлденең мулшері —1017 мм, алдынан — артына қарай 5-15 мм, тігінен 5-10 мм. Еркектерде гипофиздің салмағы 0,5 г, әйелдерде 0,6 г. Сыртынан гипофиз капсуламен қапталған. Гипофиздің екі үлесін ажыратады ; алдыңғы және артқы.

Томпақ дене.

Томпақ дене (ми эпифизі), corpus pineale, (epyphysis cerebri) аралық мидың эпиталамусына жатады және ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерін бір-бірінен бөлетін жүлгеде орналасады. Томпақтың алдыңғы үшынан оң және сол таламустың (көру төмпешіктері) медиалді беткейіне жүгеншелер, habenulae, тартылған. Томпақ дененің пішіні көбінесе жұмыртқа тәрізді, ересек адамда салмағы 0,2г үзындығы 8-15 мм, ені 6-10 мм, қалындығы 4-6 mm. Ал қарыншаның қуысына қараған томпақ дененің негізінде ойыс орналасқан. Сыртынан томпақ дене құрамында көптеген қантамырлардың анастамоздары бар дәнекер тінді капсуламен қапталған. Капсуладан мүшенің ішіне қарай дәнекер тінді шарбақшалар (трабекулалар) енеді де, томпақ дененің үлпасын үлесшелерге бөледі. Үлпаның жасушалық элементтері саны жағынан көп мамандырылған безді жасушалар — пинеоциттер (пинеоциттер) және аздау келген глиалді жасушалар (глиоциттер). Ересек және әсіресе қарт адамдардың томпақ денелерінде қүмды денелер (милы қүм) кездеседі.

Айырша без.

Айырша без (тимус), thymus] алдыңғы көкірекаралықта, оң және сол көкірекаралық өкпеқаптың аралығында орналасқан. Айырша без екі ассиметриялық үлестен-оң үлес, lobus dexte гжәне сол үлестен, lobus sinister, тұрады. Олар өзара ортаңғы бөліктермен қосылған. Әрбір үлестің төменгі бөлігі кеңейген, ал жоғарғы бөлігі тарылған, және де кейде жоғарғы үлестері екітісті айыр тұрінде мойын аймағында шығып тұрады (содан айырша без). Айырша бездің сол үлесі оңға қарағанда үзын. 10-15 жаста жетілген айырша бездің салмағы орташа 37,2 г, ал үзындығы 7,5- 16 см-ге жетеді. Тимустың алдыңғы беті дөңес, төстің сабы мен денесіне жанасады. Тимустың артында қолқа мен өкпе сабауының бастапқы бөлігін алдынан жабатын жүрекқаптың жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен оның ірі тармақтары, сол иық-бас және жоғарғы қуыс веналары орналасады.

Қорытынды.

Ағзадағы бездер – мүшелер болып табылады. Құрамындағы секреторлы жасушалары ерекше химиялық өнімдер бөліп өзектері арқылы шығаратын – экзо-кринді, ал өзектері жоқ гормондарын қан мен лимфаға бөлетін эндокринді бездер. Бездердің бөлінген өнімдер (секрет, гормондар) ағзада маңызды қызметтер атқарады. Ең негізгі қызметтері – ас қорытуға, өсуге, дамуға, сыртқы ортамен байланысуға, көптеген зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Көптеген бездер – жеке мүшелер болып саналады. Мысалы; ұйқы безі, сілекей бездер, қалқанша безі, т.б. ал, біразы мүшелердің бөліктері болып табылады. Мысалға асқазан бездері. Жалпы бездер екі ірі топқа жіктеледі: экзокринді, эндокринді болып табылады.

Бездердің секрет бөлу цикліне байланысты үнемі физиологиялық регенерация процесі өтіп отырады. Мерокринді және апокринді бездердің гландулоциттері ұзақ тіршілік ететін жасушалар тобына жатады. Бұларда жасуша ішіндегі регенрациялық қабілеті жақсы дамыған, кейде митоз жолымен де көбейеді. Ал, голоринді бездерде қайта қалпына келу процесі арнайы жүзеге асады, бұлар жасушалық регенрация түріндегі жаңалану. Бездердің жасқа байланысты ерекшелігіне, олардың секреторлы циклі мен секреттің химиялық құрамы өзгеріп, бездің дәнекер тінді стромасы көбейеді де, регенерациялық қабілеті төмендейді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. И.Ю. Афанасьев., Н.А. Юрина., «Гистология, цитология және эмбирология»

2. Ж.О. Аяпова «Цитология эмбриология және гистология» Алматы 2009 жыл.

3. Р.Б. Абильдинов., Ж.О. Аяпова., Р.И. Юй «Атлас. Гисология цитология және эмбриология» Алматы 2006 жыл.

4. Интернет желісі (www.google.kz, www.yandex.kz)


Информация о реферате «Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану»
Раздел: Биология
Количество знаков с пробелами: 23104
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0
0 комментариев

Наверх