Якубовский А. ТЕМІР

23389
знаков
0
таблиц
0
изображений

Якубовский А. ТЕМІР [1]

Темірдің өмірі мен қызметі, жазба және дәлелді дереккөздерімен жабдықталған. Жазба деректер, бір жағынан, ерекшелігі жағынан мінезін баяндап айтатын, Темірдің қызметі туралы шығармалармен, екінші жағынан оның жеке өзін көрген адамдардың өздері жазған естелік түріндегі шығармамен ерекшеленеді. Дереккөздердің арасында, Темірдің атымен байланысты, эпиграфиялық ескерткіштер – мәдениет шығармалары мен құрылыстарындағы жазулардың мәні аз емес. Темір жайлы баяндаушы деректердің көп бөлігі, ресми, апологеттік өзгешелікке ие және әдебиетке тән ерекшеліктер: шығарманы арнаған адамның пайдасына баяндаумен ерекшеленеді.

Темір туралы ресми тарихнаманы мұқият зерттеу, ол өзінің жорықтарында, жорықтарының сипаттамасын жазып отыру үшін, ұйғырлар мен парсы ғалымдарының ішінен «дабиран-и хае» (жеке хатшылар) мен «фадилан-и аср» (дәуірдің оқымысты адамдарын) ұстады. Осылайша, оқымыстылардың бірі, «Насир ал-хакк ва шариат ва дин» салтанатты лауазымымен, Темірді Үндістанға жорықта еріп жүрген Омар, оның тапсырысымен «үнді жорығының күнделігін» жазды. Ол кітап бізге дейін жетіп келген жоқ. Кейде, жорықтарды сипаттап жазу бірнеше адамға тапсырылды. Темірдің патшалығының соңғы күндерінде, дабырлар мен оқымыстылардың қылқаламынан шыққан бірқатар шығармалар бар. Оның арасында, Гияс ад-дин Али құрастырған «үнді жорығының күнделігін» атаса болады. Өкінішке орай, күнделікте Гияс – ад – Диннің, Темірге Үндістанға еріп жүріп күнделікті өзі жазғаны немесе басқа адамның жазбаларын өңдегені туралы көрсеткіштер сақталмаған. Шығармада тек, еңбекті жазудың жайы ғана көрсетілген. Иезде тұратындардың бірі, авторға түсінікті, жай тілмен, қысқаша, Темірдің Үндістанға жорығын баяндап берді.

В. В. Бартольд, Гияс – ад – Диннің шығармасы, ол жерде Темірдің немересі Мухаммед Султан туралы және жақын арада Египет пен Сирияны басып алуы туралы айтылғандықтан, 1403 жылдың 12 наурызында жазылғанын анықтады.

Гияс ад-дина Алидің күнделігі тәрізді шығармалар, Темірдің саяси өмірбаянын көрсететін, өмірі мен қызметі туралы нақты ақпараттарды береді. Біздің уақытқа дейін жеткен, бірінші кітап - Низам ад-дина Шамидің «Зафар-Намэ» («Жеңіс кітабы»). «Зафар-Намэде» келтірілген Темірдің өмірбаянынан, сауатсыз бола отырып (не парсыша, не түрікше оқи білмейтін) өз кезеңінде , өте білімді және мұсылман әлемінің тарихын жақсы білетін адам болған. Темір өзінің жанына, жорықтарда немесе үйде, қолы бос кезде, өзін қызықтыратын түрлі шығармаларды оқыту үшін, оқымыстыларды ертіп жүрген. Темір, түрікше мен парсы тілдерін, нақтылап айтқанда, тәжік тілін бірдей білетін және жай және түсінікті тілмен жазылған кітаптарды жақсы көрген.

Нияз ад-дин Шамидің шығармасы, бізге дейін келгендердің арасындағы біріншісі. «Зафар-Намэ»-нің кіріспесінде Низам ад-дин Шами 804 ж. (1401-1402 Темір өз жорықтарын сипаттауды бұйырған кезде, Темірдің жаулап алулары туралы жазылып қойылған болатын, бірақ ол Темірді қанағаттандырмады.

Низам ад-дин Шамидің мағынасы, Темірдің тарихнамасында толық сенімділікпен анықталған. Низам ад-дин Шами Шамаға жақын Тебриз аймағында туып өскен. Темірмен, 795 ж. (1392 -1393) жылдары, Бағдадты жаулап алғаннан кейін кездесті, және сол кезде – ақ, Темірге қызмет жасауға кірісті. Низам ад-дин Шами «Зафар – Намэні», Темірдің көңілінен шығатын, өте жай және түсінікті буынмен жазған. Низам ад-дин Шамидің «Зафар – Намэсі» Гияс ад – Диннің шығармасынан түпкі айырмашылығы, біріншісі Темірдің саяси қызметін толығымен қамтыған. Низам ад – Дин өз кітабының кіріспесінде, 1360 жылы Темірдің тарихи аренаға келуінен алдыңғы Орталық Азияның жағдайын суреттеп берген. Ол осы жылдан бастап нақты әңгіме бастайды. Низам ад-дин Шами өз шығармасын Темірдің қаза болуынан алдын, яғни 1405 жылдарға дейін бітірген. «Зафар – Намэнің» соңғы тарауы, 1404 жылы көктемде Карабах Арандағы (Кеңес дәуіріндегі Әзірбайжан) той – томалақтарға арналған. «Зафар – Намэ», жоғарыда айтылған Темірдің хатшылармен жазылған жеке жорықтардың күнделіктеріндегі материалдардан жазылған. Гияс ад-дин Али шығармасын шығарушы Л.А. Зимин, Низам ад – Диннің Үндістан жорығының көрінісі, Гияс ад – Диннің әңгімесінен қысқартылып алынып жазылғанын дәлелдеді. Низам ад-Дин Шамидің «Зафар – Намэсі», Темір мен оның кезеңін зерттеуге арналған дерек ретінде өте үлкен мәнге ие. Ондағы берілген нақты материалдар, Темірдің өмірі мен қызметіне арналған басқа шығармаларға негіз болды.

Уақыты бойынша Темір туралы, ресми сипаттағы екінші шығарма, Шереф ад-дин Али Иездидің, дәл осылай «Зафар – Намэ» - (Жеңіс кітабы) аталатын өте үлкен шығармасы болады. Автордың аты айтып тұрғандай, ол Иезда (Батыс Иран) қаласында туып өскен. Шереф ад-дин алдымен Шахрухтың (1405 – 1447) сарайында, кейіннен оның ұлы, Парсының билеушісі болған Ибрахим – сұлтанның сарайында тұрды. Шереф ад-дина Али Иезди өз өмірінің соңғы күндерін, Иездаға жақын жердегі Тафт елді мекнінде өткізді және сол жерде 1454 жылы қайтыс болды.

Шереф ад-дин Али Иездидің Темірдің қаза тапқанынан кейін жазған шығармасы, (1424 – 1425) 828 жылы аяқталды. Шереф ад – Дин, жұмысты бастауды, Темірдің немересі Ибрахим – сұлтан және оның көмекшілері Шираз қаласындағы хатшыларының көмегімен болған дейді. Шереф ад-дин, бұл жұмыстың бастамасын Шираз қаласында, Темірдің немересі Ибрахим – сұлтан, хатшыларының көмегімен басталуы керек болатын. Шереф ад-дин, бұл шығарманы тек қана өңдеп шықты. По-видимому, Шереф ад-дин Али Иезди, «Зафар – намэні» жазған кезде, өз қолдаушысының ролін асыра мақтап жіберген сияқты. «Зафар – намэ» екінші кезеңінің авторы кім болмасын, мәтін негізі, екі кітапты оңай салыстырғанда, Низам ад – Диннің шығармасынан алынғанын білеміз. Бірақ та, Шереф ад-дина Али Иездидің шығармасында, негізін қалаушыға қарағанда, нақты материалдар көп келтірілген, мұны, оның қосымша дереккөздері бар болғанын білдіреді. Шереф ад-дин Низам ад-дин Шамидің тек еңбектеріне ғана жүгініп қоймай, соңғы жорықтардың күнделігінен көптеген деректерді шығарып алды.

Шереф ад-диннің қарамағында, Низам ад-Дин Шами ешқашан пайдаланбаған ұйғыр хатшыларының өлең түрінде жазған, ұйғыр тілінде жазылған «Тарих-и-Хани» хроникасы дереккөзі болды. Өкінішке орай, бұл деректер шығыс тарихнамасында бірнеше рет ескертілген, бірақ бізге жетіп келмеген. Шереф ад-дин Али Иезди, ақпараттарды Темір жорықтарында жоғарыдағы күнделікте аты ешқашан аты аталмаған қатысушылардан алып құрастырған.

Труд Шереф ад-диннің еңбегі, Темірдің өмірінің растығын дәлелдейтін дерек бойынша, Низам ад – Диннің еңбегіне қарағанда, көптеген жетіспеушіліктерге ие. Біз ең алдымен, оның еңбегі: «Зафар – Намэ» жұмсақ, мәнерлі фразеологияға толы тілде жазылған және көбінесе оның беттерін бірнеше жолмен бірлестірсе болады. Прозалық шығарма, Шереф ад-Диннің өзіне тиесілі өлеңдермен көмкерілген. Автор, барлық жерде Темірмен мақтанады. Оның бұл әрекеті, оның ниетінің түзулігін және оның адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. 1365 жылы Шыршық өзенінің жағасында болған «лайлы шайқаста», Темір әмір Хусейнмен бірге толығымен талқандалған кезде, Шереф ад – Дин, кінәні толығымен, Темірдің серіктесі, аға әмір Хусейнге жауып қояды. Керек десеңіз, 1387 жылы Исфаганда болған көтеріліс немесе сұлтан Махмудтың Үндістанмен шайқасудан алдын 100 мың адамды өлтіргені жайындағы Темірдің қатал әрекеттері де, толығымен ақталып жазылған. Алайда, бұл сұрақтарға, Темірдің басқа тарихнамашысы Низам ад-дин Шами өз пікірін білдірді.

Тоқтамыс.

1374 жылдан кейін, Темір Хорезмге тағы да үш сапар жасады. Соңғысы, Темірдің Тоқтамыспен шайқасы және Алтын Орда ұлы мемлекеттік саясатымен байланысты болды.

Темір, мықты Алтын Орда, Ақ Орда сияқты, ұлы Мавераннахр мемлекеті үшін өте үлкен қауіп екенін жақсы түсінді. Сондықтан, өз билігінің бірінші жылдарынан - ақ, Улус Джучиде не болып жатқанын жіті бақылап отырды. Соңғысының құрамына, Атын Орда мен Ақ Орда, екі бөлімде кірді. Мұндай бөлу, әскерлерді ұйымдастырумен байланысты. Алтын Орда - өз халқының әскерлерінің оң қолы, ал Ақ Орда – сол қолы болды. Біртіндеп, Ақ Орда жеке хандармен толықты. Бердібектің өлімінен кейін (1359), Алтын Ордада феодалды бүліктер басталды. Бірқатар қалалар мен аймақтарда, кейбір әмірлер (түмен мен мың басылары), хандарға қарсы шығып, өздерімен өздері жанжалдасып, Орданың жағдайын одан ары құлдыратты.

Алтын Орданың өміріндегі ең қиын кезең, 1360 жылдан, 1380 дейінгі жылдар болды. Жиырма жылдың ішінде, билікті Алтын Орданың оң жағалауын өзіне иемденіп, уақытша басқарған әмір Мамайды қоспағанда, 25 хан өзгерді. Арайда бір жылдан кем отырған, Сол жағалаулық хандардың басым көпшілігі, Улус – Джучи әскелерінің сол қолынан, Сырдария аймақтарынан шыққан Ақ Ордалықтар болды.

Хызра, Темир-Ходжу, Мурид (орыс жазбаларында Амурат) және Кельдибек хандарды еске түсірейік. Ақ Орданың алтынордалықтардың ісіне араласуы, экономикалық және саяси құдіреттілігімен қатар жүрді. Әсіресе, бұл арада, шешуші қадамды, 1377 жылға дейін Ақ Орданы басқарған, Урус – хан қабылдады. Урус – хан, тек саран хан болып қана қоймай, Улус – Джучидің екі бөлігін өз билігіне қосқысы келді. Темір екі ордада болып жатқан жағдайлардан хабардар болды, қауіпті көршісіне кедергі жасаудың ретін іздеді. Мұндай жағдайдың сәті түсті. Ақордалық өзбек әмірлерінің бірі, Маңғышлақтың биі Туй хожа – оглан, құрылтайда Алтын Орда жағдайын талқылауда, Урус – ханға қарсы шықты және сол үшін ол өлім жазасына кесілді. Туй хожа-огланның баласы, Ақ ордадан қашып шығып, өз қызметін ұсынып, Темірге келді. Бұл 1376 жылы болған жағдай болатын.

Міне сондықтан, Темір Тоқтамысқа көп көңіл бөліп, оған сыйлықтар беріп отырды. Одан басқа, оған өзінің әскери қолдауын ұсынды. Кейінге қалдырмай, Темір әскерлерін жабдықтап, Тоқтамысты Урус – ханнан ақорда тағын тартып алу үшін жіберді. Темірге, Ақ Ордада өз қолшоқпарының болғандығы пайдалы болды. Темір, 1376 жылы Тоқтамысты Ақ Ордаға екі рет жіберді және екі ретінде де Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Сонда Темір, қыста Урус – ханға қарсы өзі шықты. Жорықты қатты суық болуына байланысты тоқтатуға тура келді. Көктемде Темір Сыр – дарияға қайтып келді, бірақ Урус – хан дүниеден өткеніне байланысты, шайқас болған жоқ. Бұл 1377 жылы болды. Тек, 1379 жылы ғана Тоқтамыс, ақордалық таққа ие болды.

Темір бұл жағдайға риза болды, Тоқтамысты өзінің Улус Джучидегі өзінің саясатының тәуелді, адал жетекшісі етіп қойғысы келді. Бірақ, ол Урус – ханның жолымен жүріп, бірлестіру үшін Алтын Орданы құру үшін күрес жүргізді. 1380 жылы, Дмитрий Донской Куликов майданында Мамай ханды жеңгенін пайдаланған Тоқтамыс, сол жылы Мамайға беттеп, оған қарсы жойқын соққы жасады.

Бұл жеңіс Тоқтамысқа Алтын Ордада, қайтадан Улус Джучидің екі бөлігін біріктіруге және үкімет билігін тартып алуға мүмкіндік берді. Жыл сайын оның Темірмен келіспеушіліктері барған сайын үдеп кетті. Тоқтамыс, Темірді не үшін дайындаған болса, дәл соны өзіне істеді. Алтын Орданы, Өзбек – ханның жақсы кезеңіне (1312 – 1340) қайта әкелу үшін, Тоқтамыс, алтынордалықтардың жерін кеңейту үшін, 1385 жылы Тебризді алу үшін, әскерлерін жіберді.

Тоқтамыстың Маверанахрдағы, ұлы Мемлекеттік саясаты, өсіп келе жатқан Темірдің мемлекеті үшін тиімсіз болды. Тоқтамыс Темірдің ісіне кедергі болып қана қоймай, соымен қатар, мемлекеттің қызығушылығын да білдірді. Алтын Орда жасанды мемлекет бірлестігі болды. Ол Қырым, Хорезм халқының мәдениетінің үстінен зорлық жасау билігіне ие болды. Өйткені, әскери үкімет күштеріне сенетін, Болгар, Қырым және Кавкадың мәдени қалалары мен бай жерлерін пайдаланып отырған билік, әскери түрік – монғол көшпелі атақтылардың қолында болды. Бұл аймақтардың халқы, толықтай моңғол үкіметінің құлауы және өздерінің толықтай азат болуларын қалады. Ал Мавераннахрдағы аймақтар мен қала халқы мемлекеттің бірлесуін қалады, өйткені бұл бірлесу мемлекетті феодалдық күйзелістен шығару мүмкіндігіне ие болуы мүмкін еді.

80 жылдардың соңында, Тоқтамыс, Темірді иран істерінен алшақтатуды көздеп, онымен соқтығысудың сәтін күтті. 1387 – 1388 жылдары, Темірдің жоқтығын пайдаланған Тохтамыс, Хорезм жұртшылығын Темірге қарсы болуы үшін, Мавераннахрға шабуыл жасады. Хорезм патшасы Сулейман Суфи оған оңай келісе салды, бұл Темірдің ызасын тудырды. Темір Хорезмге соңғы жорығын жасады. Ургенчті басып алған Темір, Суфи династиясын жойды жіне Ургенчтің халқын самарқанға қоныс аудартты, ал ол жердің астанасын тегістеп, ол жерге арпа сеуіп тастауды бұйырды. Он күндей Темірдің әскерлері, бай және әдемі қаланы тонады. Ургенчтің көп халқы, әсіресе шеберлер Мавераннахрға қоныс аударылды, бірақ та қала түгел тегістелген жоқ, олар өздерінің көптеген ғимараттарын сақтап қалды. . 1391 жылы, Тоқтамысқа қарсы шабуыл кезінде, Темір қаланы қайта қалпына келтіруге бұйрық берді. Осылайша, кішкентай, бірақ өте бай және мәдени Хорезм патшалығы өзінің дербес тіршілігін тоқтатты. Содан бастап, Хорезм алдымен Темір мемлекетінің құрамына, кейін – Орта Азиялық Тимуридтер мемлекетінің құрамына кірді. Осылайша, Орта Азияның, Жетісу мен Сыр – дарияның төменгі жағынан басқа барлық жері Темірдің қол астында болды.

Темірдің жауынгерлері мен Тоқтамыстың әскерлері, Саураннан төмен жатқан Сыр – даряның қалаларынан басқа жерлерді басып алуды көздеген емес. 1380 жылы, ұлы хан аталған Тоқтамысқа қарсы, 1389, 1391 және 1394 – 1395 жылдары, Темір тағы да үш жорық жасады. Ыңғайлы болу үшін, біз, Темірдің Алтын Ордамен шайқасына назарымызды топтадық.

Көрсетілген, Тоқтамысқа қарсы күресте, біз назарымызды, соңғы екі жорыққа тоқтатуымыз керек. 1391 жылы Темір Самарқаннан шығып кетіп, Ташкентте қыстап шықты және 200 мың әскерімен, қазіргі Қазақ ССР-і аталатын жазық далаға беттеді. 1391 жылы сәуірде, Ұлы тауда, Қарсақпай кенішінің ауданында, Темір: «Туран сұлтаны Темір, өзінің 200 мыңдық әскерімен Тоқтамыс – ханның қанына бара жатыр», - деп тасқа қашап жазуды бұйырды. Бұл жазбалар он жыл бұрын табылды және қазіргі уақытта Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы тұр. Ұзақ өтпелдерден өткен Темірдің 200 мыңдық әскері, Тоқтамыспен, Самара мен Чистополь арасындағы Кундузча елді мекенінде кездесті. Осы жерде, 1391 жылы 18 мауысымда, Тоқтамыстың толықтай жеңілісімен, шайқас болды. .

Бірақ та, Алтын Орданың қоры өте көп болатын, шайқастан жеңіп және өте үлкен олжаға кенелсе де, Темір алтынордалық мемлекетті қирата алмады. Олардың арасындағы күрес жалғасып жатты. 1395 жылы Темірмен Тоқтамыс арасында Солтүстік Кавказда, Терек өзенінің аумағында, жаңа шайқас болды. Бұл жерде де, Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Бұл жолы Тоқтамыстың әскерлерінің әлсірегені соншалықты, Темірге Алтын Орданың жүрегі – оның астанасы Берке Сарайына тікелей, жол ашық болды. Өте үлкен және бай қала қоршауға алынды, тонауға түсті және өртелді. Және ол жерден көп мөлшерде олжа алынды, әр түрлі материалдық бағалы заттардан басқа, өте көп тұтқындар – күңге айналған ерлер, әйелдер, балалар болды. Тек қана Сарай Берке мен Хаджи – Тархан (Астрахань) ғана қасіретке ұшырап қана қоймай, Қырым, теңіз жағалауындағы қалаларымен (мысалы, Каффа), сондай – ақ, Азак (Азов) және Солтүстік Кавказ да зардап шекті. Егер де, Ургенчтің жеті жыл алдын бос болғанын назарға алсақ, Темірдің Алтын Орданың құрамындағы мәдени аймақтардың шаруашылық, әсіресе саудагерлік өмілерін талқандау, өз жобасында болғанын аңғарамыз. Бұл жерді қирату, жоюдың өте үлкен болғанынан, бұл жерлер экономикалық тұрғыда, біраз орнына келе алмағаны бізге белгілі.

1395 жылғы Терекенің талқандалуы мен Сарай Беркенің құлауы, Алтын Ордаға түзелмейтін соққы болды. Ұлы Ресейге көп қасірет шеккізген мемлекеттің арқасы сынды. 1395 жылдан кейін, Алтын Орда сөзсіз құлдырай бастады. Ал 1395 жылғы Теректідегі жеңіліс пен Сарайдың талқандалуы екінші соққы болды. Темір, Алтын Ордамен шайқасты Орта Азияға қызығушылықпен жасады, және ешқандай хабары жоқ мәскеулік княздің байланысынсыз жасады, бірақ та осының барлығы Орталық Азияға ғана пайда әкеліп қоймай, Ресей үшін де пайдалы болды. Темір, Алтын Ордаға жасаған соққының орыс тарихына қандай мәні бар екенін түсінген жоқ. Ал орыс жазбаларында, Темір туралы өте жаман естеліктер жазылған, өйткені, 1395 жылы ол орыстың оңтүстігінің бірқатар қалаларын өртеп, тонаған делінген.


[1] * Якубовский А. Ю. Темір//Тариз сұрақтары. 1946. № 8—9. С. 42—74.


Информация о реферате «Якубовский А. ТЕМІР»
Раздел: История
Количество знаков с пробелами: 23389
Количество таблиц: 0
Количество изображений: 0

Похожие материалы

Скачать
476229
1
0

... отличие от конституций союзных республик, Основной закон Союза включил специальную, хотя и маленькую, главу об органах государственной безопасности - об Объединенном государственном политическом управлении. Конституция 1924 года просуществовала с точки зрения исторической весьма не долго - каких-то 12-13 лет. Но это были сложные и ответственные годы строительства социализма, победа которого была ...

Скачать
160362
0
0

... фундамента[16, 48]. Для того чтобы понять, что такое национальная идентичность, нужно показать, что идентичность не есть этнос или этногенез. Говоря об этнической идентичности, в первую очередь нужно посмотреть что представляет собой сам этнос. В рамках примордиалистского подхода, в ходе истории изучения этноса, этногенеза и всего, что с этим связано, было предложено множество определений этноса ...

Скачать
33991
6
15

... . Во многих случаях, применение контроллеров, не требует наличия постоянного обслуживающего персонала). Таким образом, целесообразность применения контроллера при реализации алгоритма управления обоснована. В целях автоматизации линии раздачи кормов в коровнике, рассмотрим агрегаты, входящие в состав линии: Питатель картофеля, приводящийся в движение электродвигателем АИР90L4 мощностью 2,2 кВт ...

Скачать
103119
0
0

... знаний, который прошел испытание временем. Существенным признаком научной новизны диссертации является переосмысление и раскрытие слабоосвещенных аспектов в отечественной историографии монгольского завоевания Руси. Практическая значимость исследования обуславливается тем, что систематизированный в диссертации историографический материал, сделанные теоретические обобщения помогут восстановить ...

Скачать
91188
0
0

... противников и заставить их работать на одну цель. По указанию Президента России была создана Межведомственная комиссия Совета безопасности по борьбе с преступностью и коррупцией во главе с Александром Руцким. На Геннадия Бурбулиса возложили координацию политико-правового обеспечения деятельности комиссии. Секретарь Совета безопасности Юрий Скоков стал отвечать за приоритетное рассмотрение в ...

0 комментариев


Наверх