Кескіндеме өнері

222137
знаков
1
таблица
38
изображений

Жоспар

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………..5

I ЖОБА АЛДЫ ЗЕРТТЕУ……………………………………………………......8

1.1. Дипломдық жұмыста қаралатын мәселелердің ғылыми-теориялық негіздемесі…………………………………………………………………………...8

1.2. Дипломдық жұмыста қаралатын мәселелердің тарихи деректері……….16

II КӨРКЕМ ҚҰРАСТЫРУ БӨЛІМІ.................................................................29

2.1. Тақырып бойынша нобайлар, эскиздер,композицияларды орындау.......29

2.2. Түс психологиясы. Түстерді таңдау.........................................................35

III ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ..........................................................................49

3.1. Кескіндеме жұмысын орындау барысындағы негізгі технологиялық талаптар.......................................................................................................49

3.2. Кескіндеме жұмысын даярлау барысындағы негізгі пайдаланылатын материалдар.............................................................................................................52

3.3. Дипломдық жұмыстың орындалу барысы...............................................55

IV ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ......................................................................58

4.1. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы кеткен шығын …………...58

V ӨМІРЛІК ІС-ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗІ............................59

5.1. Суретшінің жұмыс орыны……………………………………………….....59

5.2. Өндіріс шеберханадағы қауіпсіздікті сақтау...........................................59

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................61

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................63

Қосымшалар.....................................................................................................65

Кіріспе

«Мәдениет –ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалары мен әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана танылады...»

«Мәдени мұра» бағдарламасынан

Кескіндеме өнері – дүниені көркем бейнелі қабылдау, оны тану және дербес-эмоционалды жаңғырту құралы. Көріністе бейнеленген дүниенің орталығы – адам, оның жаны және көңіл күйі, шынайы өмірге деген қарым-қатынас жүйесі. Кескіндеме өнерімен араласу - адаммен араласу. Шынайы өмірді көркем түрде, типтік бейнеде көрсету арқылы кескіндеме өнері, көрерменге әлем жайлы түсінік береді және содан саналы қарым-қатынасты қалыптастырады. Дүние және онымен қарым-қатынас жайлы білім жалпыадамдық, таптық, этникалық, ұлттық және персонаждық, психологиялық қырларымен нақты дербес, қайталанбас бейнелерде беріледі. Сонымен бірге субъектіні қоршаған ортаның көптеген қырлары көрсетіледі. Бұдан кескіндеме өнерінің танып-білу мен даму құралы ретінде рөлі көрінеді.

Бала әдемілікке түс арқылы ұмтылады. Түс қызығушылықты оятады, өзіне тартады, көңіл күйге әсер етеді. Дидактикалық тұрғыда түс тәрбиелік әсер қалдырудағы жоғары алғышарттардың бірі ретінде танылады және бейнелеу өнерін дидактикалық құрал ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Суретші шығармаларымен танысу тереңдігі әртүрлі және ол жеке адамның дамуы мен қабілетіне байланысты. Осындай дифференциация бейнелеу өнерінің біздің өмірлік тәжірибемізді байытатынын көрсетеді. Бейнелеу адам өмірінің шырқау шегіне дейін кеңейтеді.

Бейнелеу полотнолары кез келген өнер түрлері секілді көрермен тұлғасын көркем полотно кейіпкерлерімен ұқсату қаблетіне ие. Мұндай қабылдау біржақты емес, «өзгені өзің арқылы» қабылдау жүзеге асады. Кескіндеме шығармаларына ден қойып қараған адам – полотнодағы бейнеге өз жанымен үн қоса алған адам. Суретшімен байланыста рухани баю процесі жүреді әрі ол процесс ерекше құнды: эстетикалық талғам артып, өзін-өзі тануға ұмтылыс жасайды. Бейнелеп айтқанда, көрермен полотнодан өз әлемін көреді. Көркем туындыны эстетикалық қабылдауды айрықша қызмет түрі бар: санада автордың өз шығармасында жасаған көркем бейнесі қалыптасады. Бейнелеу туындыларын қабылдау - таным, өзгерту, бағалау, қарым-қатынас элементтерін бойына жинақтаған көркем қызмет. Бірақ бұл қызметке тұлға дайындықпен келуі керек. Бұл тұста мектепте алған көркем білімнің маңызы рөл ойнайды. Өкінішке орай, қазіргі таңдағы көпшілік мәдениетпен қарым-қатынас дәстүрлі ойын-сауық түрлеріне мән беріп, бейнеудің маңызын кейінге ысырып қойды.

Қазақ бейнелеу өнері— көркем кескіндеме,мүсіндеме,графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин” (қосымшадағы А.1-сурет), “Тезек төре” (қосымшадағы А.2-сурет), т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді.

20 ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.

1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың,Мәскеумен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б.В. Иогансон, А.А. Дейнека, С.В. Герасимов, А.А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.

2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда Қазақ Бейнелеу Өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер – қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу Өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды (“Қазақстан жолдары”, “Көш”, т.б.). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың,линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ Бейнелеу Өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ Бейнелеу Өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ Бейнелеу Өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі. М.Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. ОныңМахамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И.Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің,Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 – 90-жылдары Қазақ Бейнелеу Өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А.А. Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А.Қорғанбаев, Т.Ордабеков, А.Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М.Аманжолов, А.Губашев, Ә.Төлебиев, т.б.). Е.Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С.Дали атындағы алтын белгіге ие болды. Осылайша Қазақ Бейнелеу Өнері дами берді.

I Жоба алды зерттеу

1.1. Дипломдық жұмыста қаралатын мәселелердің ғылыми-теориялық негіздемесі

Өнер ұғымы

Өнер – эстетикалықты өсіруге арналған рухани өмірдің салыстырмалы тұрғыдағы дербес өрісі. Керемет әсемдік – өнер үшін ең жоғарғы құндылық, адамның творчестволық күштерін жетілдіруге бастайтын, шындықты рухани-практикалық тәсілмен көркем бейнелердің түрлері арқылы игеруге мүмкіндік беретін ерекше түр. Шындық (адам қоршаған әлем және оның жанының ішкі өмірі) өнерде адами сезімдік түрлер, эстетикалық идеалдар тұрғысында көрінеді. Дәл осылайша, өнер туындыларында суретші – ерекше өзіндік заңдылықтармен, меншікті шындығымен өзіне тән көркемді реалдылық жасайды.

Көркем бейне – көркемді реалдылықтың және өнер тілінің негізгі мәнерлеуші нақтылы өлшемі. Бейне жасау барысында суретші өзінің эстетикалық талғамын басшылыққа ала отырып шығармашылық негізде көркемдіктен тыс шындық пен өзінің жеке ойларын, сезімдерін, толғаныстарын, талпыныстарын қосады. Адамдардың бейнелерін, жан қозғалыстарын, заттарды, жағдайларды, оқиғаларды, табиғатты, бүкіл әлемді жасай отырып суретші жалқылығымен, қайталанбас сезімде берілген түрімен, эстетикалық идеал тұрғысында береді. Гегель айтқандай, өнерде абстрактылықтың іске асуы нақтылық арқылы жасалады, ал идеалдың мазмұны шындықтың нақтылы бейнесін алады.

Өнердің не үшін арналғандығы әр алуан. Басқа да рухани өмірдің түрлері сияқты өнердің де мақсаты адамды толық жетілдіру, оның ішкі әлемін байыту, шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту екендігіне ешкім де шүбаланбайды. Философтардың арасындағы таластарды туындататын сұрақ, өнердің ең басты жұмысы неде. Әрбір заман одан жаңа қырларын табуда. Антикалықта өнер өз мәнінде ғарыштық түрлерге, олардың рационалды – үйлесімді үлгілеріне еліктеу басым болады. Аристотель өнерді, әлемді тану және жанды тазарту тәсілі деп есептейді. Хрестиандық орта ғасырлық өнер ең әуелі діни өмір өтетін ортаны безендіру, христиан білімдерін және діни уағыздарды, қасиетті мәндерді көрсетудің символикалық құралы сияқты қарастырылды. Қайта өрлеу өнерінде Құдайдың жасаған істерін әрі қарай жалғастырушы ұлы жеке тұлғалардың өзін өзі жасайды деген идеялар пайда болды. Жаңа заманда классикалық эстетикада өнердің рационалды-татымдық және тәрбиелік ролі ұсынылады. Ағартушылар өнердің, өнегелік және саяси бостандық идеалдарын, әрбір адамның жан-жақты дамуын насихаттау мүмкіндіктерін ерекше бағалайды. Романтизм эстетикасында жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуде, жанның тәубеге келуінде оның шексіз тереңдігін ашуда өнердің маңызы арта түседі. Реализмнің жақтастары, өнер дегеніміздің өзі ең алдымен адамның жеке тіршілігінде қиын-қыстау кезеңдері көрінетін өмір мектебі, олар әлеуметтік себептермен байланысты деп есептейді. «Таза өнерді» («өнер үшін өнер») ұстанушылар олар өзіне-өзі толық жеткілікті деген түсініктен айырылмауға тырысады. Олар өнердің айрықша мақсаттарын орындау – эстетикалық мақсат жасап отыру – өнегелілік, әлеуметтік, саяси, ғылыми, педагогикалық және т.б. мақсаттарға тәуелді емес деп тұжырымдайды. Сыртқы және ішкі әлемнің мистикалық негіздерінің символикалық көрінуінің жалғыз ғана мүмкін тәсілдерін символикашылдар өнерден тапты. Кешкі дәуіріне жуан Н.Л. Толстой өзінің шығармашылығының кейінгі кезеңінде, өнердегі ең бастысы – өмірдің ең жоғарғы мәні болып табылатын, ағайын бауырмалдығын күшейтетін, барлық тірлікті біріктіруге бастайтын адамдар қатынасы, сезімдердің бірден бірге берілуі деген ойларды дамытты. Фрейд бойынша, өнер – «сублимацияның» түрі, невроздық жағдайды жоюға мүмкіндік беретін адамның сезімдік ұмтылыстарының көріну мәнері, эстетикалық ляззат беретін, бірақ қоғам арқылы айыпталып отырылатын эротикалық әуістіктің жасырын бейнелері.

Ежелгі гректер өнерді «заттарды белгілі бір ережеге сай жасай білу», - деп түсінген. Олар өнерге сәулетшілік пен мүсіншіліктен басқа қолөнерімен шұғылданушыларды және арифметиканы, жалпы белгілі бір ережені сақтау арқылы жасалынатын кез келген істі жатқызды. Осы мағынада екі жарым мың жылдай XVI ғасырға дейін түсініліп келді. Француз философы Ш. Батте XVIII ғасырда өнерді «әсемдікті жасау», деп айқындай отырып «өнердің әсем» жеті түрін: живопись, мүсіншілік, сәулетшілік, поэзия, шешендік, би, музыканы ерекше атап көрсетті. Сол уақыттан бері бұл тізім едәуір көбейді. Алайда өнер ұғымы қазіргі күннің өзінде әр түрлі мағынада қолданылуда.

Қазіргі заман сөздіктерінде «өнер» ұғымы үш түрлі мағынада қолданылатындылығы көрсетілген. Біріншіден, белгілі бір хабарлықты қажет ететін кез келген іс (қол өнер, әскери өнер, би өнері және т.б.); екіншіден, белгілі бір істе шеберлік пен ептілік таныту; үшіншіден, көркемдік қарекеттерінің өрістері және оның өнімдері – көркем шығарма. Егер «жасандылықты» «табиғилықтың» қарсы түрі деп есептейтін тұрғыдан шықсақ, онда «өнер» ұғымын барынша кең көлемде мағыналандырамыз. Кез келген артефакт, яғни кезкелген мәдениет феноменінің табиғат құбылыстарынан айырмашылығы олардың жасанды түрде пайда болуымен белгілі бір «өнердің» нәтижесі. Бұл сөздің осылайша түсіндірілуіне байланысты оған бүкіл адамзат мәдениетін және олардың барлық туындыларын жатқызуға тура келеді. Алайда біз өнерді жалпылық тұрғыан гөрі нақты, өзіңдік шеңберде – көркемдік қарекеттер тұрғысында және олардың көркемдік стилінің пайда болуы мен дамуы негізінде қарастырамыз.

«Стиль» терминімен суретшінің шығармаларындағы кейбір жеке өзіндік ерекшеліктерін (мыс, Пикассоның шығармашылығындағы кубистік кезең), және өнердің біртұтас дәуіріне тән өзгешілікті белгілейді (антикалық стиль). Өнертануда стильдер жиынтығы есепсіз өсуде. Олардың көбеюіне кезкелген өзгерісті немесе жәй пікірлестер тобының болуының өзін даңғыр атпен (фовистер, имажинистер, эгофутуристер, дадаистер, митькілер) белгілеуге дайын тұратын жасаушылардың өздері және солардың шығармашылығын зерттеушілер. Өнердің көптеген жанкүйерлері стилдердің дәл осындай көптігінен өздерінің жете білмейтіндіктеріне кіналанып қалыс қалады немесе мұндай «аттарға» күдікпен қарап жәй богемдіктің құр бос айқайы деп есептейді. Бірақ өнердің стилдік бағыттары сәнділік емес, айқын себебі бар қажеттілік.

Мәселе мынада, өнер туындыларында әртүрлі эстетикалық идеалдар үйлесімсіз бейнеленеді, көркем шығармашылықтың алдына әртүрлі мақсаттар қойылады, көркем бейнелерді жасауда әт түрлі құралдар, әдіс, амалдар қолданылады. Әрбір жеке авторға тән шығармашылық ерекшелік оның жеке ұзақ тарихи кезендегі өнерге тән жалпы ерекшеліктер бар. Көркемдік стиль – белгілі бір дәуірдегі көптеген өнер туындыларының ерекше типтік түрлерін айқындайтын эстетикалық идеалдар мен шығармашылық тәсілдердің бірлігі.

Әдебиет соңғы 500 жылдар бойында стильдерді жасайтын өнер түрлерінің негізі болды. Бірақ, әдебиет сөз өнерінің бір түрі ғана. Ерте заманда ол өте қарапайым роль атқарды. Фольклорлық жанрлар: махаббат әндерімен, ертегілерімен, тарихи жырлармен қабаттас болды. Ал, ауыздан ауызға берілетін «естің бақылауына бағынышты» ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне қарағанда аз із қалдырады. Осы себептерге байланысты ежелгі өнер біздің алдымызда өзінің зор монументтілігімен көрінеді, және де сол себептен оның стилдерін құрайтын түрлеріне өнердің кеңістік түрлері: сәулетшілік пен кескіндеме жатады.

Қайта өрлеу дәуіріне дейін бұрынғы қоғамдардағы көркемдік стиль мәдениетінің бәріне бірдей ортақ болатын. Ежелгі египет, грекия, ежелгі рим мәдениеттерінің бәрі «бір стилді» болды.

Оларда, өнердің әртүрлі көркем туындыларына ортақ ерекшеліктерді айқындайтын мифологиялық және діни қағидалар үстем болды. Бұл қағидалар өте жәй өзгеретін, сондықтан қоғамдық өнердің дамуын бейнелейтін жазушы немесе суреткер оған сәл ғана өзгерістер енгізуге мүмкіндігі болатын. Еуропалық ортағасырдың соңына қарай жалпы мәдениетке тән сәулетшілік стилдің екі түрі романдық және готикалық стильдер айқындалып қатар саралана бастады. Алайда өнердің әр түрлі стильдері мәдениеттің Қайта өрлеуінде ғана қалыптасты. Осы уақыттан бастап белгілі бір дәуірдегі өнердің басқаға қарағанда үстем, негізгі стильдері қалыптасты және өзге қосымша стильдермен қатар болып оларды толықтырып отырды. «Көпстильді» мәдениетте көп варианттылық жағдай туындағандықтан суретші эстетикалық идеалды және оны бейнелеу құралын таңдауға мүмкіндік алды.

Модернизм дәуірінің өнері. 20 ғ. бірінші жартысында еуропалық көркем мәдениет жаңа тарихи кезеңге енді. Өнеркәсіп пен экономикадағы елеулі өзгерістер, халықтың басым көпшілігінің өмірге араласуы, төңкерістер мен әлемдік соғыстар нәтижесінде өнерде ірі өзгерістер болды. Өткен заманның ұлы көркемдік стильдеріне бағыт берген идеалдар күйреді. «Модернизм дәуірі» деген уақыт келді. «Модернизм» (фр.Moderne – қазіргі, жаңа) сөзінің негізінде «мода» сөзі бар, ол «жаңа өнер», «қазіргі заман өнері» деген мағынада жиі қолданылады. Батыста «Модерн» деп аталады. Францияда батыл көрініс тапқан ол кейін басқа елдерге тарады. Оның шеңберінде дамыған өнеркәсіп қоғамның талабына сай болмыстың жаңа рухани негізі зерттелді және нығайтылды. Модернизм біртекті емес. «Модерн» термині сәулет өнері мен бейнелеу өнеріндегі символизм, импрессионизм, декоративизм сияқты стильдерді қамтитын белгілі бір бағытты белгілеу үшін де қолданылады. Бұл бірыңғай көркемдік стиль емес, стильдердің тобы. Модернизм дәуірінде өнерде біршама ұзақ тарихи кезең ішінде басқалардан үстем болатын ұлы стилдер заманы өткен еді.

Бір стильдің басқа барлық стильден басым болуы өнерге жақын көпшіліктің біршама біртектілі болған жағдайда ғана мүмкін болды. Олар «Ең жоғары топ», дворян қясы сауатты адамдардың санаулы тобы т.б. «Қарапайым халық» музейге де бармайды, кітап та сатып алмайды. Өнерді жасаушылар да, тұтынушылар да бір мәдениеттегі адамдар болды. Бірақ, олардың өнерге қарым-қатынасы әр түрлі еді: біреу үшін ол өмірдің мәні болса, басқалары үшін сауыққа айналды.Алайда мәдени дәстүрлі, білім, талғамдары ұқсас болды.

19ғасырдың аяғына қарай жағдай шұғыл өзгерді. Халықтың сауаттылығының өсуі (негізгі себебі өндірісті дамыту үшін күрделі техниканы басқара алатын мамандандырылған жұмысшылардың қажеттілі бұхара халықты сауаттандыру туғызғандығы) бұхараның өнерге енуіне жағдай жасады. Өнер әртүрлі субмәдениеттерге жататын, эстетикалық талаптар мен сұраныстары бар көпшіліктің әртүрлі топтарымен кезікті.

19 ғасырдағы көркем шығармалар тұтынушылардың белгілі бір тобына, мысалы, жоғары сауатты таңдаулылар мен бұхаралық аудиторияға, «рух ақсүйектері» мен шеберлерге, бай мен жарлыға, қала тұрғыны мен ауыл тұрғынына т.б. арнала бастады. Қарапайым адамдар үшін әдебиет пен кинокейіпкерлері графтар мен жарлы, бірақ ізгілікті қыздар емес, салт жігіттер мен билегіш қыздар бола бастады. Қыздардың жұмбақ жағдайда ұрлануы, қараңғы зынданнан қашу сюжетінің орнын қылмыскерлер мен тыңшылар туралы оқиғалар келді. Интеллектуалдар мен эстеттерге – «өнер үшін өнер», ал көпшілікке – «жақсылар мен жамандар» туралы сюжеттер, біреулерге көп томды романдар, енді біреулерге кітапшалар мен комикстер ұсынылды. Бұл жағдайларда қоғамның көркемдік өмірі, тұтастығын жоғалтты. Өнер көп ағым мен бағытқа бөлшектенді, жарылды, көп түрлі алақұлалыққа айналды. Ортақ негізгі көркемдік стильдің болмауы – модернизмге тән белгі. Модернизм түбегейлі көп стильді. Уақыт өткен сайын модернистік өнердің стильдер спектрі қорқынышты дәрежеге дейін ұлғайды. Әр жаңа бағыт бір белгі бағыттан бөлініп, оларды ығыстырып, батырмақ болды. Бұрын оқырман немесе көрермен тілімен қандай мазмұн берілгенін түсінуге талпынса, енді өнердің жаңа тілін шешуіне тура келді. «Ескі» стильдер де жоғалғысы келмейді, - пікірталас қызады, стильдер тоғыспайды, бірін-бірі толықтырмайды, өйткені суретшілердің дүниеге алуан көзқарасын білдіреді. Өнердегі таласшылар бір-бірін айыптап, өнертанымдық жаңа терминдерді қолданып та айқасады, бұл көпшіліктің басын айналдыра бастады.

Модернистер әр түрлі құнды-интеллектуалды себептер ретінде: ирроционалшылдық пен рационалшылдықты, техноутопияны құрастыруда және жаңа мифологияландыруды қалыптастыруды, тұлғалық және тұлғадан жоғары дүниенің қалыптары мен мәндерін ұстады.

Дегенмен бұл бағытта болмыстың заттылығын және қалыптасқан өмірдің түрлеріне сенім артуды қажет ететін натурализм мен реализмді жеңу, адамның жобаларын белсенділікпен бекітуге деген талпыныстар көрінді. Өнер ақиқатты бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар оны жеңудің, алмастырудың, нағыз болмысты көрсететін құрал болды. Модернизмге дейін тұлға, бірде әлемдегі барлық рухани байлықтардың қожасы болса, енді бірде абсолюттік құндылықтар мен жалпы мәнді идеяларға тиым салынып қол жеткізбейтіндігіне күйінді, алайда олардың бар екендігін жоққа шығарған жоқ. Модернистер, өздерінің қайшылықтарын шешілмейтіндігін мойындап, рухани-ізігілік «абсолюттерін» жоққа шығаратын күйге келді. Сонымен қатар, өнерде мифологиялық әдісті жандандыруға тырыса отырып, көркем құралдар мен ғарыштық жүйенің біртұтастығының шеңберінде адамның болмысының бүтіндігін және шектеулігін қалпына келтіруге болатындығын айтты.

Осыдан модернизм дәуірінің түрлі өнер стильдеріне не ортақ және модернистік өнердің ортақ белгілері қандай деген сұрақтар туындайды:

1. Модернизм өзін өткеннің өнеріне қарсы қояды және ізденіс еркіндігіне қысым жасайтын кез келген көркемдік канонды жоққа шығаратын жаңалықты іздеуге шақырады. Модернизм дәуіріндегі стильдердің көбі сынап көру және қателесу әдісімен өзінің тың, әдеттен тыс, өнердің үйреншікті шеңберінен шығатын жолын салмақ болды.

2. Модернизм өнері, Арситотель ұсынған және ғасырлар бойы мызғымас боп есептелетін мимесис (еліктеу) принципін жоққа шығарды. Мимесис принципі бойынша өнер болмысты бейнелеу, көшіру керек. Модернист суретші шын өнерді бейнелемейді; талант, қиял күшімен өз әлемін жасайды («Малевич әлемі»; «Пикассо әлемі»; «Дали әлемі»). Заттық бейнеліліктен бас тарту абстракционизмде шырқау шегіне жетеді.

3. Модернизмде өнерге деген дәстүрлі эстетикалық және этикалық талаптар теріске шығарылады. Ол сұлулық пен үйлесімге де, ақыл-ой мен ізгілікті асқақтатуға да талпынбайды. Ең бастысы – көпшілікке күшті әсер ететін экзотикалық сипат. Болмыстың мәнсіздігі, ауру, сұрықсыздық, адам өлімі ерекше көркемдік қызығушылық туғызатын сюжеттерге айналып, үрейлілік пен сұрықсыздық эстетикасы ерекшеленді. Қан, азапты тән, басқаша келбетті тірі дене немесе адам жасаған заттар т.б. бейнеленеді. Модерн суреткерін оқырманның мұздай тері, жүрегі айнуы толғандырмайды. Мұндай эффектілер дәстүрлі өнерде де болған, бірақ мондернистік өнерде олар үстем орынды алды. Модернизмде пессимизм, күйреу, азап, мәнсіздікті бейнелеу әдетке айналғандықтан, модернизм өнерін декаданс мәдениетімен жиі байланыстырады. Өмірден алшақтау, өмірдің сұмдықтарын салқын көрсету, көркемдік тілдің ньюанстарына эстеттік қадалу, көрерменге, оқырманға немқұрайлы қатынас модернистте өнердің белгілері болды.

4. Модернистік өнер стильдері ұзақ өмір сүрмейді. Бірнеше ай, бірнеше жыл ішінде олар пайда болып, белгілі болып, сахнадан түседі. Бірнеше оң жылдыққа жеткені кейбіреуі ғана. Көбіне кез келген жаңалық өнердегі төңкеріс ретінде түсініледі. Бұрын болмаған құбылыс – бір суретшінің шығармашылығының кезеңдерге бөлінуі, әр кезеңнің өз стилі болуы (Мысалы Пикассоның қызғылт, көгілдір, кубистік кезеңдері). Жаңа стильдің тууы көпшілік жағдайда эпатаждық сипаты болады және олар богемдіктер ортасындағы жанжалдан басталып, газет бетіне басылудан бірақ шығатын. Жартылай богемді көрермендер «ыңғайсыз» кескіндеме көремсіне, «дөрекіліктің тұңғиығына кеткен» ақындар өлеңін оқитын кафеге ағылады. Әуелде қорқып, үрейленіп, содан кейін жаңа көркемдік бағытқа қосылғандай дәрежеге ие болады. Жарнамалық – жаңа стильді әйгілі етудің маңызды шарты, басқаның назарын аудару үшін жанжалдар да пайдалы. Жаңа стиль бейнесі әдетте мәдени элитаның санасында ғана болды. Бұхараға оның жаңғырықтары мен шұғыласы жетеді: әуен үзінділері – танымал әндерде, картина фрагменттері – орама қағазда, т.б.

Абстракционизм. Абстракционизм өнердегі жаңа жолдарды, модернистік ізденістерді белгілі бір дәрежеде аяқтаған стиль болды. Онда заттық әлемгесүйену мен ақылға сыйымдылық біртіндеп жойылады, өмірдегі заттар бұрмаланбайды, түр өзгеріске түспейді, материалсызданбайды, мәнсізденбейді – олар тек жойылады, олардың жеке іздері – штрих, түсі ғана қалады. Адам шын дүниеден безеді.

Көркем шығарманың сюжетіматериалдық әлемдегі құбылыс немесе оқиға ғана емес, «ғарыштың рухани энергиясын» концентрациялау болды. Абстракционизмнің идеалы затсыздық, идеалдық көрініс, ғарыштық энергияны шығарып тұратын, ішкі кернеуі бар жасанды графикалық – түстік жазықтық болды.

Абстракционизм тек сурет өнерін қамтыды. Өнердің басқа формалары мұны қабылдаған жоқ. Сәулет өнерінің өз заттық жағы бар, одан ол бас тарта алмайды. Музыка онсыз да абстрактілі, ол ереже бойынша сезіммен қабылданып әуен мен ритмді толық бұзуға болмады. Әдебиетте ойлы, мағыналы сөздік материалды бұзу адамды мезі ететін құбылыс тудырады. Көркем суретте абстракционизм затсыз суреттің ежелгі дәстүрін (Исламдық арабеска, буддалық мандала, зергерлік және сәндік өнер) ұстанды.

Мәдениет пен өнерге ақпараттық-семиотикалық көзқарас тұрғысынан көркемдік белгі идеясын мағынасыз немесе мүлдем еркін мағынамен қабылдауға болмайды. Мағына таңбаға шегеленбеген, бірақ суреткердің толық еркін туындысы емес. Таңбаның мағынамен байланысының жоғалуы көркемдік мән мен көркемдік бейнелілікті жоғалтады.

Абстракционизмнің қиындықтары, мәдени өмір құбылысы ретіндегі жайсыздығы ол пайда болған кезден-ақ біліне бастады. Үздік шығарманы шатпақтан қалай айыруға болады? Абстракционистер сызықтар мне түстік нүктелердің, дақтардың ішкі үйлесіміне назар аударды, ол үйлесім картинаны қалай айналдырса да сақталу керек. Абстракционизм өзінің шектен шыққандығымен көпшілікті қайран қалдырды, тіпті үркітті. Көпшілікте абстракционистік үйлесімді бағалайтын критерий де, шығарманың ғарыштық энергиясы туралы да түсініктер болмады.

Абстракционизмде модернистік сурет өз шегіне жетті. Мәнсіз әлемді сюрреалистік бейнелеу, егер оның элементтері көрнекі формалардың шындығын жоғалтса, абстрактілі болады. Конструктивистік көркем суретте де балалар конструкторындағы дұрыс құрастырмау жағдайы сияқты, берілген бөлшектерден ештеңеге ұқсамайтын немесе адам тануы қиын композиция құралған жағдайда, осылай болады. Абстракционизм модернизмнің басқа стильдеріне едәуір қызмет етті. Оларда көрермен әйтеуір бір нәрсені танып, таңдаулыларға арналған өнерден мүлдем хабарсыз емеспін деп ойлайды.

Бұл бағыттың негізін қалаған, В.Кандинскийдің есептеуінше көркем суреттің жаңа абстракциялық тілі сырт жақтан – ішке қарай, денеден жанға қарай, әлемді толтырған заттық материалдық қабатынан рухтың мәнінің құдіретті «үніне» қарай енуге көрермендерді талаптандырады. Көркем суретшіні қыл қалам арқылы адам жанын тербейтін, «Музыканың рухы», Ұлы ғарышқа және келе жатқан Рухани патшалыққа араластыратын жоғары «Мақсаттың қызметшісі».

Дәл осы туралы Кандинский армандады, дәл осыны өзінің шығармаларында көрсеткісі келді. Құйындатқан ғарыштық топырдың бояулы дақтары, сызықтары, геометриялық кескіндері мен абстракциясы арқылы суретші белгісіз әлемнің бейнесін жасады. Онда үйреншікті тәнді көзден ғайып қылып, көзге көрінетін музыкада сыңғырлаған дауыспен жеңіл үн шығарып барлығы бәрімен араласып кеткен. Кандинскийдің абстракционизмі шынында да музыканы еске салады. Оның көркем суреттері әрі мерекелі, әрі апокалиптілі (ақыр заман туралы мистикалық сыр ашу). Ыдыраған, жан-жаққа ұшып жарқыншақтарға айналған, тілімді және дақ түскен дөрекі материалдық дүние, өткен дүниенің күйі. Мұнда адамның жан дүниесі өзінің «тербелісімен» басылып қалған. Кандинскийдің абстракциялық тілі – еркіндіктің тілі, иілгіш, сюжеттен де, нәрседен де, адам образдарынан да тәуелсіз, «ашық». Бұл эксперименттер «астралдан» (жұлдызды) шыққан сияқты. Бұл жерде «ғарыштық жайылу» апат пен ұлы өзгерістердің нышаны болып тірі адамдар емес, адамдардың жаны тұрады.

Абстракционизмнің басқа өкілі – К. Малевич, көркем суреттің тілін өзгертіп, өзінің мессианствосы туралы, жаңа образды, одан әрі жаңа дүниені жасайтыны туралы, жаңа образды, одан әрі жаңа дүниені жасайтыны туралы мәлімдеме жасады. «Мен, ішкі қозғалыстарымның белгілерін жасағыш болғым келеді, өйткені әлемнің жолы менде», - деп жазды ол. Атақты «ақ фондағы қара квадрат» көрмеде 1913 ж. пайда болды (қосымшадағы Ә.1.1.1-сурет), мұны Малевич «планеталық тіл» деп көрсеткісі келді. Өзіне барлығын сиғызатын ешбір денесіздік, сонымен бірге болашақтың потенциясын да қамтиды. Бұл қойылған көркемдік талапта, аспанда әлі қалықтап ұшып жүрген романтикалық қиялдың рухы жанады. Суперматикалық фигураға дейін қысымдалған дүниенің образы, қиналмай-ақ жоғарғы үйлесімділіктің планетарлық белгісі болуы ықтимал.

Абстракционистік өнер фонында модернизм тарихы белгілі бір қисын алады, модернистік стильдер өнердің жаңа мүмкіндіктері ашылатын жолда жылжуға мүмкіндік беретін кезеңдер болып табылады.

Неміс суретшісі Клееннің бақылауынша «әлем неғұрлым қорқынышты, жиіркенішті, үрейлі болған сайын, өнер де соғырлым дерексіз болады, ал бақытты дүние нақты өнерді туғызады». Абстракционизм – өмірдің қорқыныштарына реакция. Абстракционизмнің жоғары гүлденуі 20 ғасырдың ортасына, яғни соғыс және соғыстан кейінгі жылдарға сәйкес келуі де тегін емес. 1960 жылдардан бастап оған қызығушылық төмендейді. Онымен бірге модернизм дәуірі де бітеді. Нағыз дерексіздікке жетіп, сурет өнері нақтылыққа, заттылыққа қайта оралады. Жаңа дәуір – постмодернизм келеді.

Абстракті өнер, абстракционизм(лат.abstractio – дерексіздік) – кескіндеу өнерінде, мүсін мен графикада нақты заттарды бейнелеуден бас тартатын ағым. Абстракті өнер 1910-13ж. кубизм, экспрессионизм, футуризм сияқты ағымдардың жіктелуі кезінде пайда болды. Көркемдік форманың қандайда көріністерінен (фактура,аумақ,бояу) бас тартқан абстрактілі өнердің алғашқы үлгілерін Германияда В.В.Кандинский, Францияда Р. Депоне, Испанияда Ф.Пикабия, Ф.Купха, Ресейде К.С.Малевич, М.Ф.Ларионов, И.С.Гончарова, Нидерландиядағы жаңа пластикалық өнер өкілдері П.Мондариан, Т. Ван Дусбюрг, т.б. жасады. 1-дуниежүзілік соғыстан кейін абстраакті өнері көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің жекелеген шығармашылығынан байқалды. Сонымен бірге архитектурада, безендіру өнерінде бейнесіздікке ұрыну, математикалық және инжинерлік талаптарға бағынатын құрылыстар салу бағыты пайда болды(«Стиль», «Баухауз» таптарының тәжірибесі). 20-ғасырдың 30-жылдарының басында,негізінен, Францияда әр ұлттың және әр бағыттың суреткерлерін біріктірген абстракті өнер топтары болды(«Нақты өнер», 1930 ж; «Шеңбер мен төртбұрыш» 1930 ж; «Абстракция және шығармашылық»1931ж.). Бірақ абстракті өнері ол кезде кең қанат жая алмады, 20-ғасырдың 30-жылдары ортасында бұл топтар ыдырап кетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ-та «абстракті экспрессионизм»(кескіндемешілер Дж.Поллок,М.Тобит.б.) деп аталатын, өз әдістерін «таза психологиялық автоматизм» деп жариялаған, оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын дәріптеген мектептер пайда болды. 20-ғасырдың 50-жылдары абстракті өнері көркемөнердегі негізгі түрлердің біріне айналды. 20- ғасырдың 60-жылдардың аяғына дейін абстракті өнері ресми танылған жоқ, сыңар жақ бағаланды. Қатаң идеологиялық қысымға қарамастан абстракті өнердің әр түрлі бағыттары пайда болды.

Кубшылдық, кубизм (франц. cubism, cube – куб сөзінен шыққан) – 20-ғасырдың бірінші ширегінде болған бейнелеу өнеріндегі модернистік ағымның түрі. 1908-10 ж. Францияда қалыптасты. Кубизм шығармаларында тіршіліктегі табиғи болмыс жоғалып, екінші өмір келбеті, тасадағы табиғат бейнеленеді. Осы ағымдағы суретшілердің түсінігі бойынша табиғи көріністерді(болмыстарды) сол қалпында көшірмей, өмір заңдылығына емес, өз көзқарасынан туындаған жаңа өнер заңына бағынатын бейнелеуді тудыруға тиісті. Суреттеріндегі құбылыс, көбінесе жазықтар мен геометриялық фигуралар(куб, конус, цилиндр, т.б.) бейнеленеді. Кубизм суретшілеріне басқа ағымдардағы суретшілердей бай бояу тән емес, олардың бояулары, көбінесе, солғын қоңырқай, көкшіл-жасыл болып келеді. Кубизмнің алғашқы іргетасын қалаған өнер иелері испандық П. Пикассо мен француз Ж.Барн болды. Кубизм суретшілері бейнелеудің жаңа жолын іздеу барысында коллаж(французша «collage» - жапсыру,желімдеу) атты кубшылдықтың жаңа саласын ойлап тапты. Онда олар өз туындыларына газеттің, бұлардың немесе тұсқағаз(обой) қиындыларын жабсырған. Кубшылдық өз заманындағы суретшілердің шығармаларына көп ықпал еткен. Оның ықпал 20-ғасырдың 60-жылдарына дейін созылады.

Экспрессионизм (франц.expressio – бейнелеу) – Еуропа өнері мен әдебиетінде шамамен 1905 жылдан 1920 жылдарға дейін дамыған бағыт. 20-ғасырдың бірінші ширегінде әлеуметтік дағдарысқа(1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкеріс дүмпуді қамтиды) жауап ретінде пайда болып, замани буржуазиялық өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету күшіне ие болды. Экспрессионизм принциптері 20-ғасырда кескіндемешілер П.Гоген(Франция), В.Ван-Гог(Голландия), Э.Мунк(Норвегия),Дж.Энсор (Белгия) шығармашылығынан көрініс берді. Германияда экспрессионистік бірлестіктер «Көпір»(1905, мүшелері Э.Л. Кихнер, М.Пехштейн, Э. Хеккель, т.б.), «Көк салт атты» (1911-12, өкілдері В.В.Кандинский, Ф. Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия(кескіндемеші К.Шмидт – Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, архитекторлар Р.Штейнер, Э.Мельдельзон, Х.Пельциг) кең өріс алды.

Футуризм (итал.futuriamo, лат. Futirum – болашақ) 20-ғасырдың бас кезінде өріс алған көркемөнердегі авангарттық бағыт. Алғашқы негізі Италияда салынып, кейіннен Ресейге және Еуропаның басқа бірқатар елдеріне тараған. Италияда футуризм 1909 ж. 20 ақпанда Париждің «Фигаросында» тікелей ықпалымен туды. Футуризм теоретигі және Миланда тұңғыш құрылған футуристер тобының жетекшісі Ф.Т.Марипепти болды. Оның және суретші У.Боччони шығармаларында футуризмнің эстет, негізі қаланды, 20-ғасырдың басында етек алған басқа да авангардистік ағымдар сияұты футуризмде өздерін қоршаған өмірден қол үзді, оның мәдениетін құруға үндеді.

1.2. Дипломдық жұмыста қаралатын мәселелердің тарихи деректері

Астана—Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында,Есілөзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Атауы. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Тарихы. Астана1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилиядаөткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Мәдениет және қоғам. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттікфилармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.

Қызықты деректер. Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан. Астана - ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі,Моңғолия астанасы Ұлан-Батырданжылы,Канада астанасы Оттавадан суық. Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.

Ақмола облысының құрылуы мен дамуының тарихы

Ақмола облысының құрылуы мен дамуының тарихы және оның қазіргі кездегі әкімшілік шекараларындағы қалыптасуы қазақ халқының өзінің тәуелсіздігі жолындағы жігерлі күресімен, дербестігімен және гүлденуімен, яғни мемлекетіміздің өткен тарихи кезеңімен тығыз байланысты.

Қазақ хандығының 18-ғасырдың соңындағы және 19-ғасырдың басындағы сыртқы саяси жағдайы айтарлықтай күрделі болды. Көрші елдердің тарапынан басқыншылықтан қорғануды іздестірген кіші және орта жүз өкілдері сүйемелдеу жөнінде Ресей мемлекетіне өтініш білдірді. 1740 жылға қарай екі жүз де Ресейге адалдығы туралы ант берді.

Осы саяси актінің нәтижесінде Ресей жоңғар мен қазақ арасындағы қарым-қатынасқа соңғысын қорғау мақсатында араласуға мүмкіндік алды. Ол үшін Қазақстанның шекарасында қорғанысты күшейту қажет болды. Осы мақсат үшін 1752 жылғы 26 наурызда Сенат Омбы мен Звериноголовск желісін қосатын жаңа Новоишим жолағын (Горький – таулы-тұзды өзендердің ағысымен) салу туралы жарлық шығарады. 1804 жылғы жазда Қызыл жар шатқалында іргесі қаланған әулие Петр мен Павел қамалы желінің орталық бекінісі болды. 1804 жылы жүргізілген әкімшілік реформа бұл бекіністі империяның қала мәртебесіне жеткізді. Ол кезде Орта жүздегі хандық билік шын мәнісінде өзінің маңыздылығын жойды және ол қазақ жерлерінің көп ұлтты Ресей империясының құрамына қосылуына әкелді.

1822 жылы патша үкіметі «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» негізге ала отырып, басқарудың жаңа жүйесін енгізді. «Жарғы» бойынша Орта және Ұлы жүздің бір бөлігінің аумағы «Сібір қырғыздарының облысы» (Омбы) атауын алды, ол жаңадан құрылған Батыс-Сібір генерал-губернаторствосының құрамына кірді. «Жарғыға» сәйкес, 1822-1844 жылдары жүздер аумағының аясында 8 округ құрылды, атап айтқанда: Көкшетау (1824), Құсмұрын (1824), Ақмола (1832), Атбасар (1846). 1854 жылы Омбы облысы Ақмола облысы және Семей облысы болып екіге бөлінді.

Жаңа аумақтардың көлемдігі және оларды басқаруды ұйымдастыру, жаңа – Көкшетау және Қарқаралы екі округты ашу туралы мәселе туындады. Ол 1824 жылы 25 ақпанда Сібір комитетінің отырысында қаралды. Көкшетау сыртқы округін (яғни, казак бекіністерінен және пикеттерінен тысқары) ұйымдастыру подполковник А. Григоровскийге жүктелді. Көкшетау округтік приказды ашу 1824 жылғы 29 сәуірде Көкшетау тауларының оңтүстік жағында ұйымдастырылды.

Алайда, 30 сәуірде Григоровскийге Ғұбайдолла Уәлиханов сұлтан басқарған қазақтың зиялы қауымынан құрылған делегация приказды Бурабайдан батысқа қарай болыстың орталығына ауыстыру туралы өтініш білдірді. Григоровский өтінішті қанағаттандырды және приказды Азат шатқалына қарай ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Алайда, бұл орын да қолайлы емес деп танылды және Қопа көлінің жағасындағы Бұқпа тауының етегі таңдап алынды. 1868 жылы Көкшетау қонысына округтік қала мәртебесі берілді. Ақмола сыртқы округін ашу қазақ қоныстарын Жоңғар тарапынан болуы ықтимал шапқыншылықтан қорғау қажеттілігінен туындады.

1829 жылы Қоңырқұлджа Құдаймендин сұлтан ресей үкіметіне Жоңғар тарпынан шапқыншылық пен тонаудың жиілеп кеткендігі туралы арызбен Ақмола шатқалында өзі басқаратын болыстарда сыртқы округ құру туралы өтініш білдіреді.

Батыс Сібір генерал-губернаторы Ақмола округінің бекінісін және негізін қалау үшін Петропавл бекінісінің коменданты подполковник Ф. Шубинді іссапарға жіберу жөнінде өкім шығарды.

Бекініс Есіл өзінінің оң жақ жағалауында жазық даланың ортасында қаланды. Ақмола округтік приказының ресми ашылуы 1832 жылғы 22 тамызда өтті. Дегенмен де, бұл приказға да 1837-1847 жж (Кенесары Қасымовтың көтерілісі) уақиғаларға байланысты өзінің орналасқан орнын ауыстыруына тура келді.

Приказ Қара-Өткел шатқалына ауыстырылды. 1863 жылғы 16 маусымда сібір бекіністерінің жүйесінде беделді орынға ие болған Ақмола бекінісіне округтік қала мәртебесі берілді. Осы кезде көгілдір таулардың аумағында Щучье, Бурабай, Зеренді және т.б. станицалар құрылды.

1867 жылы патша үкіметі Қазақстанда бірыңғай аумақтық-әкімшілік жүйені орнату және өңірді әскери-колониялық сипаттағы басқаруды күшейту бойынша бірқатар реформаларды бастады.

1868 жылғы 21 қазандағы Жарлықпен «Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтың далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Осы Ережеге сәйкес, Қазақстанның аумағында алты облыс, сонымен қатар орталығы Омбы қаласында орналастырылған Ақмола облысы бекітілді. Облысты әскери генерал-губернатор басқарды. Сонымен қатар, барлық кедендік желілерді, заставаларды, баждарды қысқарту жүріп жатты, ол негізінен Қазақстанның толығымен Ресейге қосылуын аяқтады.

Осы Ережемен облысты округтерге емес, уезге бөлу қарастырылған болатын. Ақмола облысының құрамына Омбы, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Көкшетау уезі енгізілді. Олар, бұрынғысынша болыстарға бөлінді.

1920 жылғы 26 тамызда үкіметпен астанасы Орынбор қаласында орналастырылуымен «РСФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Советтік Автономиялы Республика құру туралы» декрет шықты.

1921 жылғы 25 сәуірде Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісінде өзгерістер орын алды. Омбы облысы қысқартылып, орталығы Петропавл қаласында орналастырылған Ақмола губерниясы құрылды, оның құрамына Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Петропавл және Шерлақ уездері қосылды.

1928 жылғы 17 қаңтарда Ақмола губерниясы және оның уездері қысқартылды, Ақмола округі құрылды. Оның құрамына 16 аудан кірді. 1930 жылғы 23 шілдеде жаңа әкімшілік-аумақтық бірлікті енгізу арқылы округ жойылды.

КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен Қазақ КСРО құрамында Ақмола қ. орталығы орналастырылған Ақмола облысы құрылды, оның құрамына Қарағанды облысының құрамынан 4 аудан (Ақмола, Новочеркасск, Еркіншілік, Вишневск) және Солтүстік Қазақстан облысынан 11 аудан (Сталин, Калинин, Макинск, Атбасар, Есіл, Рузаевск, Арықбалық, Молотов, Зеренді, Щучье, Еңбекшілдер), барлығы 15 аудан кірді. 1939 жылғы 16 қазанда облыс аумағында жаңа Шортанды ауданы құрылды.

1944 жылғы наурызда Арықбалық, Зеренді, Рузаевск, Щучье және Еңбекшілдер аудандары жаңа – Көкшетау облысының құрамына берілді.

1960 жылғы 26 желтоқсанда Ақмола облысы қысқартылды. Ақмола қаласы Целинный өлкесінің орталығы болып бекітілді, оның құрамына Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. 1961 жылғы 20 наурызда Ақмола қаласы Целиноград қ. болып өзгертілді.

Бір ай өткеннен кейін – 24 сәуірде Целиноград облысы құрылды, оның құрамына келесі аудандар енгізілді: Ақмола (Целиноград), Астрахан, Атбасар, Балкашинск (Молотовск-Сандықтау), Баранқұл, Вишневск, Державинск (Жарқайың), Еркіншілік (Ерейментау), Есіл, Жақсы, Калининск, Қима, Ленинск (Сталинский-Алексеевский-Ақкөл), Қорғалжын (Қорғалжын), Макинск (Бұланды), Новочеркаск, Шортанды.

1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласының тарихи атауы Ақмола қалпына келтірілді, Целиноград облысы Ақмола облысы болып өзгертілді.

1998 жылғы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
1999 жылғы 8 сәуірдегі Президенттің Жарлығына сәйкес Ақмола облысының шекарасы өзгертілді, оның құрамына бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кірген Көкшетау қ. аумағы қосылды. Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау қ. көшірілді.

Ақ Орда (резиденция)

Жалпы мағлұмат

Статусы – құрылысы аяқталған

Түрі – ҚР Президентінің резиденциясы

Орналасуы – Қазақстан, Астана

Құрылысы басталды – 2001 жылы

Құрылысы аяқлалды – 2004 жылы

Биіктігі – 80 метр

Техникалық сипаттамасы

Қабаттың саны – 7

Ғимараттың ішкі ауданы – 36,720 м кв.

Дизайны мен құрылымы

Соғушы Mabetex Group

Ақ Орда резиденциясы—Қазақстан Республикасы ПрезидентініңРезиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж.желтоқсанның 24 күні өтті.

Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

Жертөле қабаттарында техникалық қызмет, ас үй, асхана және гараж орналасқан.

Бірінші қабатта жалпы ауданы 1800 м2 құрайтын, еденіне гранит төселген салтанатты хол орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан.

Үшінші қабатта:

· киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы;

· сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы;

· екіжақты кездесулерге арналған «Алтын» зал;

· камин залы;

· қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.

Төртінші қабатта:

· қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары;

· Саммиттің Үлкен залы;

· кітапхана;

· кіші Шығыс залы орналасқан.

Барлық залдар ерекше мәнермен әрленген, люстралар мен жиһаз бар. Едендерге түрлі сортты мәрмәр, гранит тастары және көркем паркет төселген.

Резиденцияны салу барысында әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.

Бәйтерек(монументі)

Бәйтерек– Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерініңбірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.

Жалпы мағлұмат

Орналасуы – Қазақстан, Астана

Құрылысы басталды – 30 тамыз 2002 жылы

Биіктігі

Антеннаның төбесі – 105 метр

Шатыры – 97 метр

Техникалық сипаттамасы

Лифтілер - 2

Дизайны мен құрылымы

Сәулетшісі – Норман Фостер

Инженер-құрылысшы – М.Вахштейн

Техникалық сипаттамасы

Металлдан,әйнекпенбетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.jpg8.jpg9.jpg10.jpg11.jpg

1-сурет. Ақ Орданың ішкі көрінісі

түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м². Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананыңкешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

Монументтің авторлары. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Бұл нысан әлемдік сәулетөнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.

Хан Шатыр ойын-сауық орталығы. «Хан Шатыр»-Қазақстанның астанасы Астанақаласындағы ірі ойын-сауық жәнесауда-саттық орталығы (Астананың жаңасимволы)2010 жылы6-шілдеде Астана күнінеорай ашылған.

Жалпы мағлұмат

Статусы – құрылысы аяқталған

Қолданылуы – ойын-сауық орталығы

Орналасуы – Қазақстан, Астана

Құрылысы басталды – желтоқсан 2006

Құрылысы аяқталды – шілде 2010

Ашылған уақыты - 5 шілде 2010

Құрылыс құны - $400,000,000

Биіктігі – 150 метр

Ғимараттың ішкі ауданы - 100,000 м²

Дизайны мен құрылымы

Сәулетшісі – Норман Фостер

Соғушы - Sembol Construction

Инженері - Vector Foiltec

Инженер-құрылысшы – Buro Happold

Сипаттамасы

Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы – “Хан Шатыр” сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты Орталық Азиядағы баламасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Тұғырлы монолиттік сом құймалардан тұрғызылған бұл кешеннің биіктігі 200 метрді құрайды. Оның негізгі қаңқасы фторполимермен қапталған ұсақ торлы алып шатырдан тұрады. Қаптауға пайдаланылған фторполимер ETFE – жарықты молынан өткізіп, ғимараттың ішін ыстық пен суықтан қорғайтын ғажап құрылыс материалы болып табылады. Нысан негізінен берік те тұрақты монолиттік металл қондырғыларынан тұрады. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал тұтас тұғырға қондырылатын шатырдың биіктігі 150 метр. Бұл алып құрылыстың ішінде пайдаланылған арнайы жапқыштар мен орнатылған желдеткіш қондырғылар арқаның құбылмалы ауа райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр.

“Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.

Ғимараттың сәулетшісі,сәулет өнерініңтшебері - Норман Фостер.Бас мердігер ТүркияныңСембол Констракшн(Sembol Constractoin) құрылыс серіктестігі.Қызмет көрсету аясы. Бұл ғажап құрылыстың салынуына барлық қала тұрғындарымен қатар, әлемнің барлық жетекші сауда компанияларының өкілдері де тағатсыздықпен зор қызығушылық танытты. Тиімді жалға беру, бутиктер мен дүкендерді орналастыру шеберлігі жіті ойластырылғандықтан сауда орындарында дүние жүзіне танымал бренділердің барынша кең көрініс

12.jpg13.jpg14.jpg15.jpg16.jpg

2-сурет. «Астана-Бәйтерек» кешенінің ішкі көрінісі

тапқан «Хан Шатыр» орталығында Қазақстанда тұңғыш рет әлемге әйгілі Debenhams сауда желісінің әмбебап дүкені ашылды. Бұл компания 120 жылдан бері жаһандық сауда айналымында өзінің нәтижелі бизнесін сәтті жүргізіп келеді. Осы компания өнімдері сатылатын сауда орталығының көлемі 3 мың шаршы метрді құрап отыр. Сол сияқты мұнда Mudo Concept бренділерін сататын 1500 шаршы метр аумақта сауда орталығы ашылған. Бұл компания астаналықтарға қонақ үйлердің, мейрамханалардың, дәмханалардың және барлардың барлық қажетті бұйымдары мен техникаларын ұсынып келеді.

Бүкіл сауда алаңы 6 000 шаршы метрден асатын «Хан Шатыр» сауда орталығы Астанадағы ең үлкен гипермаркетке айналған.

Сауда алаңдарынан басқа «Хан Шатыр» орталығында «Риксос СПА» фитнес және СПА орталықтары жұмыс істеуде. Ғимараттың әрбір қабатында мейрамханалар мен дәмханалар бар. Оларда дүние-жүзі асханаларының тәжірибелі аспаздары астаналықтар үшін тіл үйіретін дәмді ас дайындап, ұсынып келеді. Ал алтыншы қабатта жүзу бассейні, аквапарк және [әмбебап, жабық жағажай орын алған. Осының нәтижесінде бұл орталыққа келіп демалушылар құс жолы биіктігінен Астананың көрікті келбетін тамашалай алуға мүмкіндік алып отыр.

«Хан Шатыр» орталығында бірнеше кинотеатрлар көрермендер үшін дүниежүзіне кеңінен танымал «Стар Синема» компаниясы әлемде шыққан соңғы жаңа фильмдерді ұсынып келеді. Бұл құрылыс ғимараты орналасқан алаңда ғажайып шатырмен қатар Астанада баламасы жоқ 38 метр биіктіктегі мұнара орналасқан. Сонымен бірге мұнда саяхат жасайтын монорельсті темір жол, 7 және 4 метр биіктіктегі кедергілері бар суда жүзу орталықтары бар.

Ойын-сауық орталықтары. Космо ойын-сауық орталығы. Космодром ойын-сауық орталығы балаларға ғана емес, ересектерге де арналған 100 ден аса түрі бар қызықтыратын ойындарын тамашалауға шақырады.

Космодром өзінің алуан түрлі қызықтыратын ойындарымен, ойын-сауық түрлерімен келген отбасылар үшін ұмытылмас әсер қалдырады. Келушілер ойын-сауықтың алуан түрін тамашалап, үрейлі үңгіртаудан поезбен темір жолмен өтіп, «Дроп Тауэр» қызықтыратын ойыны, әр кімді ұмытылмас бір сезімде қалдырып, адам бойындағы қанының тарауын тездетеді, еліктеуіш кабиналар және тағы басқалар.

Бильярд. Хан Шатырың 5-інші қабатында бильярд залы және жайлы бар орналасқан.

Су Аттракционы. Су Аттракционы - су каналдары және ағаш қайықтары бар, көтерілімі 4 м, құламасы 7 м, жан-жағы ағашпен және көрікті өсімдіктермен қоршалған аттракцион.

Құлау Мұнарасы. Астана қаласындағы өзінің түрі бойынша ең биік аттракцион, биіктігі 38 метр қызықтыратын ойын түрі еркін құлау сезімін сезінгілері келетіндер үшін арналған. Аттракцион Хан Шатырдың негізгі кіре беріс есігіне қарсы орналасқан. Құрылғы Италиядан әкелінген, өзінің алдын-алу және жылыту жүйесімен жабдықталған. Бір уақытта 12 адамға дейін сыйдыра алады.

17.jpg18.jpg19.jpg20.jpg21.jpg22.jpg23.jpg24.jpg25.jpg

3-сурет. «Хан Шатыр» СОСО ішкі көрінісі

Моно Рельс. Моно Рельс аттракционы созыңқылығы 500 м, Хан Шатырдың барлық периметрі бойынша өтеді. Биіктігі 25 м жерден барлық тамаша көріністі паш еткендей. 4 үңгіртаудан өтеді. Үңгіртаулар жарық пен анимацияға толы.

Әлемдік брендтер. Хан Шатыр СОСО-да отыздан астам әлем брендтері орналасқан. Соның ішінде:

· Adidas

· Zara

· Lacoste

· Debenhams

· NewYorker

· Bershka

· GAP

· The Timberland Company

· Reebok

· Swarovski

· Mexx

· Levi Strauss & Co. (Levi's)

· KFC

Тамақтану аймағы

KFC. KFC фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-ші қабатта орналасқан. KFC – АҚШ, Кентукки штаты, Луисвиллада құрылған фаст-фуд мейрамханалардың желісі. Бұл жерде негізінде тауық еті, рап, сэндвич, салат ұсынады. Бірақ негізгі тағам болып – қуырылған тауық болып саналады.

Krusty Krabs. Krusty Krabs фаст-фуд мейрамханалардың манында 4-ші қабатта орналасқан. Krusty Krubs-та алуан түрлі тағамдарды, және де балаларға арналған ас мәзір бойынша тағам таңдауға болады.

Turka. Turka – белсеңді адамдар табысатын орын. Безендірудің жарық әрі көз тартымдылығы мәзірдің әркелкілігін айшықтайды. Азия елдері тағамдарына табынушылар осы жерде тай лапшасының дәмін тата алады. Сонымен қатар, осы жерде белгілі донер, лахмаджун, пахлаваны да табуға болады. Мексикан және итальян асханасын ұнататындар, осы жерде нағыз спагетти және бурито таба алады.

II Көркем құрастыру бөлімі

2.1. Тақырып бойынша нобайлар мен эскиздер, композицияларды орындау

Нобай,эскиз(фр.Esquіsse– алғашқы долбар сурет) – көркемсурет туындыларының,құрылыстардың,механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатынсызба.

Нобай салынатын нысанның жалпы тұрпаты мен негізгі белгілерін қамтиды. Нобай еркін әрі жылдам салынады. Ежелгі суретшілер, сәулетшілер әр алуан қимыл-қозғалыстағы денелердің қайталанбас сәтін дәл бейнелеп, долбар суреттерді, сызбаларды көптеп салған (Леонардо да Винчи,Рафаэль Санти). Кескіндеме мен мүсін өнерінде де Нобай қолданылады. Нобай суреттер қас-қағым сәтте қайталанбас көріністі беруде таптырмас тәсіл. Осындай суреттердіШ.Уәлихановкөп салған (“Ұйғырдың бейнесі” 1856, “Қоғадай мен Тоғалдай” 1856, “Мырзалар” 1863, т.б.). М.Кенбаев, І.Телжанов, т.б.Қазақстан суретшілерінің Нобай суреттері бар.

Нобайлама жұмысының процесі натураға қарап жұмыс істеуге негізделгенімен, оның негізіне моделді механикалық көшіру деген сөз емес. Бұл процесс заттардың және табиғат құбылыстарының ішінен ең маңыздылығын табатын образдық жалпылауды кірістіреді.

Жылдам салынған суретке деген творчестволық қатынасты дамытады, сонымен қатар қоршаған ортаның шынайылығын суреттеуді дамытады.

Нобайлама және суреттеме әр түрлі жұмыс атқарады. Олар ұзақ салынатын сурет үшін көмекші жаттығу болып табылады. Ұзақ мерзімді оқу жұмысының алдын алады, сонымен қатар, егерде олар оқып үйренген материалды тексеру және бекіту жұмысын атқарса, онда оқу жұмысын толықтыру болып табылады.

Уақытылы нобаймен жұмыс істеу сурет салып үйрену процесінде үлкен орын алады. Нобай мен суреттеме арқылы жұмыс кезінде орындалу тәртібін анықтайтын, белгілі бір тапсырманы белгілеп алу керек. Егер суретші бір іс - қимылды суреттемекші болса, онда осы бейнені тек бірнеше ғана сызықтар арқылы жобалап көрсете алады. Егер бейненің көлеңке жерлерін, яғни негізгі тондық қатынасын көрсету керек болса, онда жұмсақ қарындашпен сол жерлерді қоюырақ басу керек. Көбіне нобайды кіші көлемде салады. Бірнеше көмекші суреттемелерді бір қағаз бетіне орналастыруға болады.

Өте қарапайым, бірнеше ғана сызықшалармен салынған нобай, композиция жұмысында таптырмайтын көмекші материал болып табылады
Үнемі нобаймен жұмыс, суретшінің қоршаған ортамен тілдесіп, жалпы сурет өнеріне деген қызығушылығын арттырады.

Нобайдың орындалу әдістері. Нобайлама әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалады. Бұл әдіс, тәсілдер сурет салушының алдына қойған мақсаты мен тапсырмасын анықтауға, бейнедегі форманың индивидуалдық ерекшелігін, сурет салу кезіндегі суретшінің психикалық процестерін, бейнелеу құралдарын пайдалану дәрежесін, көркемдік қабілеттілігінің ерекшеліктерін анықтауға зор маңызы бар, мысалға: құмыра, шәйнек, жеміс - жидектер т.б - ды бейнелеу керек, қарындаштың көмегімен форманың бейнесін бірнеше ғана сызықшалар арқылы көрсетуге болады; құрылыс кезіндегі транспорттық кранның жылдам салынған суретін көрсету керек болса немесе ауылдық жердегі сарайдың бейнесіне, тушь пен қаламұшты қолдануға болады; жануарлардың қимылын ұстауға - қарындаш, тушь, күйені пайдалануға болады.

Міндетті түрде ең алдымен жылдам салынған нобайдың әдіс - тәсілдеріне зер салу керек. Нобайдың сәтті шығуына суретшінің мақсаты мен тапсырмасын анық түсіріп білуі ықпал жасайды. Нобаймен жұмыс көбінесе мынадай тапсырмалар мен мақсат талаптарды керек етеді:

-Үй жабдықтарының, пейзаждың, интерьердің, архитектураның (реалистік) шынайы бейнесін оқыту.

- Жануарлар әлемінің шынайы бейнесін оқыту;

- Адамның фигурасын және оның пропорциясын оқу;

- Перспективадағы денелердің құрылысын, жарық көлеңкесін оқыту;

Суретшілер үшін немесе аса дайындалған оқушылар үшін мынадай да тапсырмалар қажет:

- Психикалық мінездемеге ізденіс - эмоцияналдық мәнерлеу;

- Сурет салушының ойындағы ізденістер, яғни түрдің келбеті, прозасы, мимикасымен қозғалыстарының сәйкестігі;

Творчестводағы елестетудің индивидуалдық ерекшеліктері үш түрге бөлінеді:

1) Елестету мен натураны қабылдаудың жанама процесстері Натураны бейнелеу кезіндегі суретшінің әсері, яғни нобайды салу кезінде натураны нақты түсіну құштарлығы көрінеді, суретшіге керегі - бастың иілуі, фигурасы, қолдың ырғағы, түрдің психологиялық мінездемесі.

2) Көздің қабылдау нәтижесінен, - көру дәрежесі дамиды. Бұл жағдайда суретші композициялық жұмыс үстінде натураға жиі - жиі назар аударып, оның негізі характерлі мәселелеріне көңіл бөледі.

Суретші ойдың елестету процесіне жүгіне отырып, көру образындағы натураның мінез - құлқын таңдап алу керек.

Сурет шеберлері нобайларына анализ жасау кезінде мынадай тұжырымға келеді: әрбір суретші нобайды орналастыруда әр түрлі тәсілдері қолдана алады және сонымен қатар натураның көріну процесін өзінше ұйымдастырады. Осы тұжырымның себебінен творчестводағы елестетудің индивидуалдық ерекшеліктері пайда болды.

Эскиз (франц. esquіesse, итал. schіzzo) – алдын ала қағаз бетіне көркемсурет туындысының (картина, мүсіндеме, театр мен кинодекорация және архит. жобаның, т.б.) түпкі ойы түсірілетін нобай. Эскардон кескіндемелік, график. немесе мүсіндемелік бейнелеу тәсілдерімен орындалады. Эскардонде автордың негізгі ойы бейнелі түрде, әдетте болашақ туындының жалпы кескініне қоса ең мәнді сәті, яғни оның композициясы, колориті, ырғағы, кеңістік жобасы, т.б. көрініс табады. Эскардон қарапайым да, еркін түрде де жасалады, болмаса ол ұсақ-түйегіне дейін әбден тәптіштеліп салынуы да мүмкін. Атақты суретшілердің (Микеланджело,Рембрандт,П.П. Рубенс,Э.Делакруа,К.П.Брюллов,А.П.Иванов,И.Е.Репин,В.И.Суриков,Ә.Қастеев,О.Таңсықбаев, т.б.) қолынан шыққан, ойы мен орындалуы жағынан аса жарқын бояулы Эскардондер көркемдік тұрғысынан өте құнды дүниелер болып табылады. Кең мағынасында Эскардондер – бейнелеу өнерінің ойша немесе натурадан жылдам жасалған, бірақ толық аяқталмаған туындысы; қолмен салынған техникалық сурет те Эскардон деп аталады.

Композиция. Композиция(лат. сотрозійо - құрастыру, шығарма) - көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластикалық өнерде композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит. үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:

· Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).

· Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.

· Уақиғаның шарықтау шегі.

· Уақиғның аяқталуы (шешімі).

Елестеу қабілетінің дамуынсыз суретші шығармалық әсер жасай алмайды, тек әлсіз бұл ыңғыр копияның сұлбасын жасай алуы мүмкін. Бейнелеу өнері – бұл болмыстың бейнелі көрінісі. Н.Н. Ге бұл жайлы былай деген еді: «Адам өзінің бойында елестете алу күшін дамытуы керек». Белгілі кеңес үкіметінің профессоры, тәжірибелі ұстаз К.Р. Трохименко оқушының тек натураға қарап сурет композициясын орындауы, өздігінен елестету арқылы сурет сала алмайтындығын үлкен кемшілік деп есептеген. Мұндай жұмыс жасау шығармашылық тұрғыда елестете алудың, көріп есте сақтаудың сәтті дамуын тежейді. Оқушы тақырып тауып, оның сюжетін анықтап, оны тікелей суреттеп, сол қалпында композициялық эскизін түсірсе, ондай әдіс-тәсіл жұмысқа өзінің кері әсерін тигізуі мүмкін. Осылайша, оқушылар біртіндеп шығармашылық ізденістен алыстап, проблеманы өз деңгейінде қарастырудың жолына түспейді. Шығармашылық – адамдағы барлық психикалық процестерді жұмылдырудың алдын алушы күрделі кешенді үрдіс. Н.П. Крылов: «композиция картинаны шығармашылық жағынан ұйымдастыру болып табылады және ешқандай жағдайда оны салынатын заттар мен денелердің қарапайым қойылуымен және орналастырылуымен араластыруға болмайды», - деген болатын. Шығармашылық әрекеттегі қажеттілік нақты жаңа жұмыстағы қоғамдық қажеттілікпен байланысты. Себебі, осы нәрсе шығармашылық идея мен ойдың келіп шығуына, жаңалық жасауға итермелейтін күш ретінде қызмет етеді. Суретшінің елестету қабілеті практикалық іс-әрекеттер негізінде қалыптасады. Суретші бейнелерді жасай отырып, оларды нақтылайды, байытады, яғни оларды жұмыс процесінде әрдайым өзгертіп отырады. Ол өзінің шығармашылық ойын белгісіздіктен нақтылыққа, айқындыққа бейнелеу іс-әрекеті барысында анықтай түседі. Шынайы орындау барысында әрбір көркем бейне жетілдіріле түсіп, тексеріліп, қабылданады. Адамның ойлаған ойы қағаз бетіне немесе кенеп бетіне түскен сәттен бастап ол көрсетімділік, бейнелі сипат алады. Оны суреттегі кескіндемедегі (эскиздерде) мәнерлілігінің жетілуі көрермендік бейненің тазалануымен, нақтылануымен қатар жүреді, яғни бейнелеу әрекеті елестету қабілетінің келесі жұмысы үшін әрі қарай жүргізетін және таяныш болуға қызмет етеді.

Елестетудің қоршаған орта әлемімен, практикамен әрқашан байланысы осы әлемді танып білуі біліктілігіне байланысты. Суретші қаншалықты білгір, көп оқыған, таным қабілеті кең және бейнелу әрекетіндегі тәжірибесі бай болса, соншалықты оның жаңа көркем шығармалар жасауға мүмкіндігі мол болады. Әрбір шығармашылық әрекет тәрізді көркем шығарманың мақсаты да бірізді байланыстағы міндеттерді шешу болып табылады. Сонымен қатар, бұл міндеттер бірінен кейін бірі сондай бірізділікпен шешілуі тиіс. Бұл бірізділікті бұзу, әдетте, шығармашылық ойдың азаюына, бейнеленетін заттың мәнерлілігінің кемуіне алып келеді.

Композицияны бейнелеу өнеріне, кескіндеме, графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы айтайын деген ойды жеткізу үшін, жаңа ойды білдіретін көріністі айшықтап алып көрсете білу, көріністегі айтатын ойды аша түсу үшін, қосымша бейнелер беріледі, уақыт пен кеңістік көріністері жарық пен көлеңке мүмкіндіктері арқылы беріледі.

Осылардың барлығы тұтастай әсер еткенде барып суретші ойы жарыққа шығады. Егер шығармадағы көріністер мен осы аталған мүмкіндіктердің бірі кем болса картина ойы ашылабермейді. Композицияны оқу материалдары ретінде қолдану үшін өнертанымдық әдібиеттерді талдау негізінде композицияны бейнелеу мүмкіндіктеріне қарай мынандай топтарға жіктеуге болатындығы анықталды: кескіндеме композициясы, графика композициясы, мүсін композициясы, қолөнер бұйымдарының композициясы деп қарастыруға болады. Композицияны жанрларға байланысты мынандай түрде жіктеуге бөлуге болады: олар, натюрморт композициясы, пейзаж композициясы, портрет композициясы, тұрмыстық жанр композициясы, баталдық жанр композициясы, тарихи жанр композициясы т.б. түрлеріне бөлініп қарастырылады.

Композиция ұғымын оқу материалы ретінде қолдану үшін композиция заңдылықтарын мынандай төрт топқа бөлінеді: 1. тұтастық заңы; 2. Үлгі (типизация) заңдылықтары; 3. Қарама-қарсылық (контраст) заңдылғы; 4. Композицияның барлық заңдылықтары мен мүмкіндіктерінің идеялық ойға бағыну заңдылығы.

Композицияның бүтіндік заңының сақталуының нәтижесәінде өнер шығармаларындағы көріністер тұтастай қабылданады. Бүтіндік заңының мәні композицияның тұтастығын көрсетеді. Композициядағы идеялық ой бірнеше өмір көріністерінен құралады. Осы бірнеше көріністер бейнелік, логикалық байланыстар арқылы берілген жағдайда идеялық ой тұтастай қабылданады. Бұл көріністер бір-бірімен байланыспаса идеялық ой тұтастықпен көрушіге жете бермейді.

Үлгі заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгілерінің композициядағы іс-әрекет, қозғалыс көріністері, қозғалыссыз тұрақтылық көріністерінің көрсетілуін сипаттайды.

Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, объект пішінің айырмашылын, бейнеленетін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.

Композицияның барлық заңдылықтары мен бейнелеу мүмкіндіктерінің негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы – суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын,ондағы көркемдік шеберлікті байланыстырады.

Композицияның маңызын ашатын мүмкігндіктер төртке бөлінеді: олар, ырғақ, композицияның сюжетті ортасы, симметрия және ассиметрия, басты тұлғаның екінші орынға орналасуы.

Ырғақ–композициядағы бейненің кезектесіп орналасуы, олардың белгілі ретпен қайталануы, сонымен қатар ондағы бейнеленген адамдар мен жануарлар көрінісіндегі қимыл қозғалысындағы қайталанулардың және олардың динамикалық ерекшеліктері.

Сюжеттік орталық заңдылығы – өзіне ерекше назар аударатын, композициялық идялық мазмұнды ашатын картинаның басты бөлігі. Сюжеттік аралықта идеялық ойды білдіретін кейіпкер көрінісі немесе зат, табиғат көрінісі берілуі мүмкін. Композициялық ойды ашатыннегізгі көріністермен қатар картинада қосалқы элементтер де болады. Олар идялық ойды толықтыру қызметін атқарады.

Симметрия заңдылығы. Симметрия атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағының, пішінінің, түсі мен реңінің тепе-теңдігін, ондағы элементтердің өзара үйлесімділігін сұңғақтығын қамтамасыз етеді. Симетрия ою-өрнекті бейнелеуде жиі қолданылады. Картиналарда симметриялық бөліну айқын байқалмаса да көріністердің өлшемдері, саны, бояу түстерінің теңдей бөлінуіне жағдай жасайды. Өлшем үлкендігін түс өлшемдерінің қанықтығы т.б. мүмкіндіктері арқылы тепе-теңдікке жақындатылады. Композициядағы бейнелеудің ассиметриялық орналасуы кескіндемені салмағы, пішіні, өңі жағынан тең екі бөлікке бөліп қойғандай әсер қалдырмайды, ондағы бейнелер тынымсыз, бір-бірімен араласып, тепе-теңдік жағынан ауытқып жатады, бірақ шығармадағы жалпы тепе-теңдік композициялық ырғақтылықтың үйлесімді берілуі нәтижесінде сақталады.

Картина – кескіндеме жанры; дербес көркемдік мәні бар (нобай мен этюдке қарағанда) толық аяқталған туынды. Фреска немесе кітапминиатюрасынан ерекшелігі – интерьер мен әсемдеудің белгілі бір жүйесіне байланысты бола бермейтіндігінде. Негіз (кенеп, ағаш немесеметалл тақтайша, картон қағаз), жақпа қабат және сырлы қабаттан тұрады. Картина – қондырғылы өнердің бір түрі.

Диптих. Диптих (гр. δπτυχος – екі қабат) –

1) екіге жарылып ашылатын, екі бетіне де кескіндемелік немесе рельефті суреттер салынған бүктеме;

2) бір ортақ тақырыпқа салынған екі картина.

Триптих. Триптих (гр. trіptychos – үш қаттау, үш қаттап қою) – бейнелеу өнерінде жалпы тақырыбы, сюжеті немесе композициясы бойынша біріктірілген үш картина, рельеф я болмаса сурет туындысы. Триптихтің ортаңғы бөлігі композициясы мен көлемі жағынан мәнділеу болып ерекшеленеді. Батыс еуропалық өнерде алтарь деп аталатын Триптих 14 – 16 ғасырларда кең өріс алды. 20 ғасырдағы Қазақстансуретшілері шығармасыннда да (М.Кенбаев, “Сабан той” тұс киіз Триптих, 1960; Т.Тоғысбаев, “Соғыс триптихы”, 1968; Ә.Сыдыханов, “1916 жыл”, 1969; А.Г. Школьный, “Дала балладасы”, 1970; Телжанов, “Бозаралдықтар”, 1972, “Свобода”; Ә.Иса, “Мұқам”, 1996; К.Муллашевтің триптихі “Земля. Время. Казахстан” т.б.) Триптих бой көрсетті.

Пентаптих (грекше πντε — бес) – төрт бүктемден тұратын картинаның атауы.

Полиптих. Полиптих (грекше - πολπτυχον, polyptychon – бірнеше тақтай мен бүктемеден тұратын, πολς – көптеген, πτυχ – бүктеме, тақтайша) – көп мағынасы бар термин.

1. Антикалық және орта ғасырларда полиптих – жазбаларға арналған бекітілген кітаптардан тұратын үш немесе одан да көп балауыз тақтайшасы.

2. Полиптих – ашылмалы-жабылмалы кескіндемелік немесе рельефті бүктеме. Полиптихтің негізгі типі жорық шіркеуі.

3. Полиптих – түпкі ойы ортақ, түстік және композициялық құрылымы тұтас бірнеше картина.

4. Ортағасырлық, әсіресе, ерте ортағасырлық Еуропадағы полиптих (французша – polyptique) – монастырь елігінің тізімі.

2.2. Түс психологиясы. Түстерді таңдау

Әрбір бұйым өзіне тән түске ие. Мысалы, лимон – сары, алма – қызыл немесе көк, сары және т.б. Заттардың табиғи түсі күннің ашық жарық сәулесі түскенде ол түсін өзгертеді, ал қараңғыда түсті ажыратуға болмайды. Демек, заттың түсін көрсететін тек қана емес. Қызыл алма жасыл жабырақтар арасында тұрғанда, сары түсті ыдысқа салынған алмаға қарағанда басқа түске енетіні неліктен? Адамның көзі оптикалық жүйенің ең жетілгені болып есептеледі, бірақ ол кез келген түстік дақтарды жеке емес, қоршаған ортадағы заттардың түсімен, тонымен, түстік ортасымен байланысты, яғни субъективті түрде қабылдайды. Қазіргі кезде түс проблемасы бірқатар тұтас ғылыми ізденістерді қажет етеді. Физика пәнін энергетикалық табиғи түстер қызықтырады, физиологияны жарықты қабылдау мен оның түске айналу процесі қызықтырса, психология түсті қабылдау мен оның адамға психикалық жағынан әсер етуі, жарықты қабылдап, оны түске айналдыру проблемаларымен, сондай-ақ әр түрлі эмоция тудыруымен де айналысады, биология болса, түстің жануарлар мен өсімдіктер (организміне) ағзаларынаң тіршілік етуіне әсер ету рөлі мен мәнін зерттейді.

Түсі әр түрлі ғылыми саланың әр түрлі көзқарастан зерттелуін түстану немесе түстер жайлы ғылым деп атайды.

Түс жайлы табиғи оқыту мен оны кескіндемені практикасында қолдану арасында көзге көрінер нақты байланыс бар. Қайта өрлеу дәуірінен бастап еуропалық өнер мектептерінің дәстүрлі түріне дейінгі табиғи ғылыми білім кескіндемедегі (реалистік) шынайы әдістерді дамыту үшін пайдаланады. Суретшілерді біркелкі бұйымның жазықтық бетіндегі ар түрлі түстердің қайдан шығатыны, табиғаттан бақылағанымыздай, түстік үйлесімділіктің қалай туатыны әркез қызықтыратын еді. Түсті жаратылыстану ғылымы жолымен зерделеу мен көркемдік, эстетикалық жолмен меңгерудің айтарлықтай өзгешілігі бар.

Физик, мысалы үшін, түстік толқындардың ұзындығын сандық және сапалық жағынан өлшеуі мүмкін. Бірақ кескіндемеде түстік құрылым заңдылықтары суретшінің шығармашылық санасы өңдеп жасап болмыстың заңдылықтары болып табылады. Өнер адам өмірін, оның мақсат-мұраты мен талғам-түсінігін көрсетеді. Білім табиғаттың әр түрлі түстердің қосындысын біріктіреді, түстік жарасымдылық, үндестік, гармония, кололрит сырын олардың тылмһсым тіршілігін суретшіге өздігінен ашып бермейді.

Кескіндеме – бұл болмысты эстетикалық тұрғыдан көрсететін бейнелеу өнері. Уақыттың озуымен байланысты мақсат-мұрат та өзгереді, сонымен бірге түстік үйлесімділікті түсіну де басқаша болады. Өнер мен өмір байланысы да сонымен бірге өзгеріске ұшырайды.

Кескіндеме өнерінің дамуына (фр.сөзінен impression- әсерлену) өздерінің суреттерінде шынайы өмірден жанды әсер алуды ендіруші импрессионистер зор ықпал етті. Олар жарық ауа ортасының әсерімен пайда болатын қандай да бір азғантай ғана өзгерістерді байқап, назарда ұстай білді. Импрессионистер күнделікті шынайы тіршіліктен оның бай да ашық бояу жарқыын, жаңа түстік гармония мен колориттік қасиеттерін аша білді. Импрессионист суретші Ван гогтың шығармаларында бояу байлығы ерекше ашық түстер арқылы беріледі.

Клод Моне өзінің «Пішен шөмеле» (1874) шығармасында жарықтың түсуіне байланысты объектінің кескіндемелік бейнелеудегі түс өзгеретінін көрсетеді. Импрессионистер «жарықты аулап оны тікелей картинаға лақтыруға» үйренген алғашқы кескінднмншілер болды. Кескіндеменің мұндай дәстүрлі емес ереркше түрі сол кездің көрермендерінде қарсыластық пен ыза туғызды. Көпшілік көрермен жанжал шығаруға дейін барды. Олардың түсінігінде, яғни қалыптасып қалған ұғымында заттың түсі, әдеттегідей, өзгеріссіз: «Ағаштар күлгін түсті емес, аспан сары түске енбеуі керек», - деген қатаң ережеге бағынбауды талап етті. Түстерді қабылдау қабілеті жетілмеген адам соқыр, көзі көрмейтін адамға тең. Бұл біздің санамызда қабылдаудың белгілі бір стереотипі: қар ақ, ағаш бұтақтары – жасыл, су – көгілдір, аспан көк деген қатып қалған ұғымдарды білдіреді. Тәжірибесі жоқ суретші күннің кез келген уақытында таза ақ түсті бояумен сала береді. Ал шөпті көктем, жаз, күз болсын бәрібір, бірдей жасыл түспен салады. Кескіндеме өнерінде шығармашылық табысқа жету үшін суретшінің көзі түстік штамп жасаудың «пердесінен» арылуы қажет. Көзді арнайы көру қойылымына қою қажет. Алғашқы сурет салу кезінен бастап заттың түсі нақты жарық түскен кезде және басқа заттармен қатар тұрғанда қандай түске енетіндігін көре білуі қажет. Тәжірибесі мол кескіндемеші, заттың түсінің құбылмалы екенін біледі. Түстік престпектива, рефлекс, контраст, жарық заттың бояу түріне әсер ететін факторлар болып есептеледі. Заттардың сыртқы бетіне түсетін өзгерістердегі жарықтың алатын орнына назар аударып, Леонардо да Винчи былай деп жазған: «Жарық түскен дененің сыртқы қабаты осы дененің нақты түсі бола алмайды. Егер ақ түсті жолақ бетті алып, оны қараңғы жерге орналастырып, оған күннің және шырақтың жарығын түсірсе, ол жерде екі түрлі түс пайда болады». Осындай бақылау арқылы ол түстік перспектива мен рефлекстің басқа заттардан шағылысып түсетінін айқындады.

Осылайша, біз заттың түсін қабылдауға ашық бетке түсетін жарықтың тіке сәулесі әсер ететіні, көрші заттардан түсетін жарықтан заттың өзінің табиғи түсін, тіпті оның әлсіз реңктерін біздің көзіміз қабылдауға қабілетті екендігі байқалады.

Заттың түсін айқындаушы физикалық жоғарғы бетті күңгірттендіріп, жарық емес денеге түсетін жарық сәулелерін өткізіп, көрсетуге қызмет етеді.

Түсті қабылдау – өте күрделі процесс. Ол тек физикалық жағынан ғана емес, психологиялық ықпалымен шартты түрде суретшінің түсті сезінуі үшін маңызды. Адамның түсті көруге эмоционалды-психологиялық әсерінің ұзақ дамуы жолында қарапайым түстік сезінуден биік дамыған түстік сезімге дейінгі әсер жетіліп, даму үстінде болады. Түстік сезінудің қарапайым көруден айырмашылығы, түске байланысты ассоциация, бейнелер мен ұғым пайда болғанда, түсті қабылдаудың байып күрделене түскенін ұғынамыз.

Түстің қасиеті мен сапасын екі топқа бөлуге болады: өзіндік, яғни түстік тон, жарық, қанықтылық (түстердің объективті сапалығы) сияқты бірқалыпты сипаттарға ие; келесі «өзіндік емес» - олар қабылдаудағы «жылы», «суық», «жеңіл», «ауыр», «күңгірт», «нәзік», «басым» және т.б. эмоционалдық реакция қалдыратын қасиеті бар. Жарықтың бұйыммен тығыз байланысын көрсететін өзіндік емес қасиеті бейнелеу өнері мен жалпы өнердің барлық түрлері және жанрлары үшін өте маңызды, себебі осы қасиеттер арқылы шығарманың эмоционалдығы мен мәнерлігінің артуына қол жеткізуге болады. Суретшілер лексиконында кейбір сипаттама басқаша түсіндіріледі, мысалы «күңгірт», «қанық» деп қоңыр түспен, яғни қызылдау немесе қызыл-сарыдан пайда болған түсті және «нәзік»(ашық-қызыл), сондай-ақ «жеңіл» (ашық тон), «ауыр» (қара түстер) деп түстерді бөліп ажыратады.

Кеңістіктік тереңдікті сезінуге байланысты «шығыңқы» және «шегінуші» түстердің мағынасы көз алдымызға келеді. Егер көк және қызыл түстерге боялған екі квадратты қатар орналастырсақ, көк түс «шегінуші» түс ретінде қабылданады, себебі ол алыста тұрған, көгілдірленіп бара жатқан затты білдіреді. Түстердің кеңістіктік қасиетін қайта өрлеу кезеңінің суретшілері байқаған және пайдаланған. Олар өздерінің шығармаларында алдыңғы планын салыстырмалы түрде жылы қоңырқай тонда, ортаңғы планды нейтралды жасыл, ал артқы алыстағыны көгілдір-көк түспен бейнелеген.

Түстердің эмоционалды-психологиялық қасиетін белгілі голланд суретшісі Винсент Ван Гог (1853-1890) қолданған. Өзінің «Түнгі кафе» (қосымшадағы Б.2.2.1-сурет) картинасын салғандағы ой-тұжырымын былай деп түсіндіреді: «Кафе – бұл адамдардың өлімге ұшырайтын, ақылдан алжасып немесе қылмыс жасайтын орны. Бір сөзбен айтқанда, мен нәзік қозғалыс түсті қою-қызыл мен шарап түсті қызылмен, нәзік – жасыл түсті мен қатаң көк-жасыл түсті контрастпен түйістіре отырып, тозақ отының атмосферасын ақ-сұр түсті реңктер арқылы батыстық көңіл көтеретін орындардың албасты басқан күшін беруге тырыстым». Тұрмыстық заттарды безендіруде түстің алар орны зор. Халық шығармашылығының өнер шығармаларында форма мен түстің жарасымды үйлесімділігі айтарлықтай мысал бола алады. Заттың түсін қабылдай отырып, адам оған лайықты әр түрлі қуанышқа, қайғыға, қорқынышқа, көңілді, жеңіл, көтеріңкі көңіл күйге ие болды. Заттардың басқа қасиеттерін біз мынадай салмақ, температура, фактура және т.б. сияқты сипаттамамен байланыстырамыз.

Түс тек заттар жайлы маңызды ақпарат беріп қоймай, ауа, кеңістік қоршаған ортаның түстік ортаның түстік ортасын шынайы жағдаяттарда бейнелі әсер ету арқыллы белгілі бір ой мен сезімді де оятады.

Мысалы, К.С.Петров-Водкинның «Қызыл атты шомылдыру»(қосымшадағы Б.2.2.2-сурет) шығармасында 1912 жылғы көтеріліс алаңындағы өзгерістердің Ресейдегі пісіп-жетілу кезіндегі идеяны ашу үшін түстің бейнелі әсерін пайдалаудағы үлгісін көре аламыз. Көгілдір-жасыл су фонындағы керемет қызыл аттың силуэты мен алтын түсті, жеңіл, нәзік жас бозжігіт денесі уақыт белгісін жасайды, алда күтіп тұрған қиыын сандарды қажет болатын өзгерістер жайлы ойды қозғайды.

Қызыл түстің адамға ерекше әсер ететіндігі ежелден белгілі, жасыл түс сабырға шақырады, қара түс адамның еңсесін басады. Ұлы неміс ақыны, ойшыл Иоганн Вольфганг Гете жарық, түс пен эмоция бір тізбектің бойында деп есептеген. Ол қызыл мен сары түстер көңілдендіреді, адамның энергиясын оятады, ал көк түс енжарлыққа салады деп білген.

Біздің қазіргі заманымыздағы халықаралық келісім бойынша, қызыл түс қауіп төндіретін тыйым салу белгісі болып саналады. Қызыл түстің қызу әсер етуін қазіргі заман психологтері адамзаттың тарихи тәжірибесімен(қызыл түс – қанның түсі) байланыстырады. Қазіргі кезде түстердің адамға әсер ететіндігі индустрияда, әкімшілік және тұрғын үй құрылысын салуда, интерьер ішін сылауда, дизайнерлік шешім қабылдауда есепке алынады.

Түстік климат адам еңбегінің өнімділігіне және өзін-өзі жақсы сезінуіне әсер етеді, сондай-ақ олардың жалпы көңіл күйіне әсер етіп, сергектік пен күш-қуат береді немесе керісінше енжарлыққа, сылбырлыққа салады.

Түстердің символикасы. Әлемдік бейнелеу өнерінің тарихи кезеңінде түстің символикалық белгісі шығарманың мұраты – көркем мазмұныныда маңызды рөл ойнайды. Бұл тек аумалы эстетикалық жағынан ғана емес, дүнетанымдық мазмұндық мәнерлеу арқылы да жетуге болатын түстік белгі.

Бірақ, шынтуайтқа келгенде, әрбір түстің символиклық мазмұнын айқындайтын тұрақты тұрақты символикалық мазмұн ешбір кезеңде болған емес. Мысалы, орта ғасырда қызыл түс бір мезгілде әсемдік пен қуаныштың белгісі ретінде есептеледі. Сары шаш пен сақал-мұрт жағымды кейіпкер болып есептелді, ал сол кезде басқа ортағасырлық сенім-нанымда қызыл шаш пен сақал-мұрт сатқындықтың белгісі іспетті еді.

. Қызыл. Киноварь және қызыл кадмий әр түрлі жылы реңдік ашық-қызыл түстерімен ерекшеленеді, төзімділігі орташа. Краплак – суық қызыл түсті ықпалды бояу, төзімді. Ашық және жарық түстікарлиннің орнына краплакты қолдануға болады.

Сары. Сары кадмий – өте ашық жылы реңді бояу, лимон тәріздес түстен бастап неше түрлі сарғыш түстерді береді, төзімді. Алтын түстес охра – төзімді, бояу жұмсақ, сарғыш сипатты. Табиғи сиена – күңгірт сарыалтын тәріздес түс, тұрақты. Сарғыш кадмий – охра мен ультрамаринді қосса қараяды.

Жасыл. Изумрудты жасыл –төзімділігі орташа, жылы жасыл түс неше түрлі реңдері бар.

Көк. Ультрамарин – жарық көк түсті, төзімсіз. Берлиндік глазурь – жасылша реңді, төзімді бояу. Көк кобальт – төзімділігі орташа, неше түрлі реңді нәзік көк түс.

Қоңыр. Күйдірілген охра – неше түрлі қоңыр реңді, төзімді бояу. Күйдірілген сиена – қызыл-қоңыр реңді, төзімді бояу. Сиена – әдемі күңгірт қоңыр түсті төзімді бояу. Қоңыр марс – терең қоңыр түсті, төзімді бояу. Табиғи умбра – қызыл-қоңыр түсті, төзімді бояу.

Күлгін. Күлгін краплак – қызыл краплакқа қарағанда суық сипатты, төзімсіз бояу. Күлгін кобальт – төзімді, жарық және таза түстер.

Ақ. Цинкті және қорғасынды ақ бояу.

Діни белгілерде ақ түс тазалықты, кіршіксіз пәктікті, жасыл түс – адам жанының мәңгілігін, көгілдір – қайғы мен мұңды, қызыл әулиенің қанын білдіретін белгі ретінде көрсетілді. Көптеген елдердің халықтық ертегілерінде, аңыздарында жасыл түс үміт белгісі болып есептелген, себебі ол жастық пен өсуді бейнелейді, қызыл түс қан, от, махаббаты білдіреді, ақ түс бейкүнәлілікті, сәулені; қара түс қайғы, қараңғылықты, түнді білдіретін белгі болып есептелді. Ресейде қызыл түс сұлулықты, әдемі, әсемдікті білдіріп, «қызыл алаң», «қызыл қанат», «қызыл бұрыш», «қызыл көктем», «қызыл қыз» деп бәрі де қызылмен аталған.

Түстердің тілі де өзіне тән ерекше. Қызыл түске «жанып тұр», «оттай басылды», қызылды қан қызыл, шоқ қызыл деп те атайды. Жасыл түс жасыл болуы мүмкін, шөп сияқты немесе улы ашық жасыл болуы мүмкін. Орыс халқында қалыңдық ақ түсті көйлек киеді, ол тазалық пен берік сенімділікті білдіреді, ал шығыста ақ түс қайғы-қасіреттің белгісін білдіреді.

Ертеде неміс халқы ортағасырларда ақ түс пен ақара түсті қарама-қарсы қойып, әсемдік пен ұсқынсыздықты білдіретін түс ретінде есептеген. Сұлулуқты жырлағанда, мысалы аппақ қардай беті, қара түндей қап-қара шашы, аппақ ақ жібектей, қап-қара көмірдей деп салыстырған.

Түстердің белгілері қайта туып, қайта жоғалған. Қазіргі кезде түстердің белгілері өнерде, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде, жалау мен эмблемаларда сақталған.

Түссіз және түрлі-түсті түстер. Түс атауының бәрін екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі – түссіз түстер (ахроматты), оған ақ, сұр және қара түс жатады. Бұл түстер түске ие емес және бір-бірінен жарықтық ерекшелігіне байланысты ажыратылады. Бірақ бұл түстердің де бейнелеу әрекетінде үлкен мүмкіншіліктері бар. Адамның көзі түстердің ашықтық дәреджесіне байланыты ақ түстен қара түске өтетін өтпелі реңктердің 300-400-ге дейінгі түрін ажырата алады. Ахроматты түстердің ашықтығы бойынша бір-бірінен қалай ажыратуға болатындығын қарапайым мысал арқылы білуге болады. Бірақ ақ түсті қағаз, тас мәрмәр және ақ гуашь бояуын бір-бірімен өзара салыстыратын болсақ, онда олар бір-бірімен ақ, ақшыл, аппақ болып көрінеді. Қара түстер де бір-біріне ұқсамайды, мысалы қара пүліш мата қара түсті шыт матадан қаралау болып көрінеді. Ең көп түстік градацияны сұр түстің тондық ашықтығынан көруге болады. Қалған түсткрдің бәрі ахроматтық түстерге қарағанада, түсті немесе хроматтық түстер деп аталады.

Спектрлік түстер. Ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон (қосымшадағы Б.2.2.3-сурет) күн сәулесін ұшқырлы призмадан өткізу арқылы бірізді орналасқан ғажап түстердің пайда болуын тәжірибелік жолмен көрсете отырып дәлелдеді. Бұл құбылыс аспанда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсайды.

Түстік тоның табиғи өлшемі мынадай жүйелі түрде орналасқан түстерден тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары-қызыл, қызғыш-сары, сары, жасыл-сары, көгілдір, күлгін. Біздің көріп отырғанымыздай, спектр құрамында ақ, сұр және қара түстер, яғни ахроматты түстер жоқ, сондай-ақ қою қызыл түстер де, қоңыр түс те бұл жерде жоқ.

Адам тек әртүрлі түстерді ажыратып қана қоймай, мысалы қазал мен көк, жасыл, сонымен қатар олардың бір-бірінен түстердің мұнадай салалы сипаттамасын қанық түс ретінде салыстыру мүмкіндік бойынша көре аламыз. Сондықтан да, түстердің негізгі қасиеті түстік тон, ашықтық пен қанықтылық болып табылады.

Хроматтық түстерге қолдануға болатын ашықтық дегенде біз түстерді қандай да бір қара немесе ақ пигменттердің бар екендігін түсінеміз. Егер хроматтық түске ахроматтық түсті қондырсақ, онда ахроматтық түстің қанықтылығы мен оның ашықтылығы да бір мезгілде өзгереді. Мысалы, қызыл түске ақ түсті қоса отырып, оның қанықтығын азайтамыз, ал ашықтығын байытамыз. Осылайша, пастельдік тон деп аталатын көптеген ашық түстерді алуға болады. Ашықтығы бойынша қаралау ахроматтық түстерді хроматтық түстерге қолдана отырып, оның ашықтылығы мол қанықтылығын бір мезгілде азайтуға болады. Ашықтығы бойынша қаралау ахроматтық түстерді хроматты түстерге қолдана отырып, оның ашықтығы мол қанықтығын бір мезетте азайтуға болады. «Таза» деген сөз арқылы басқа түстердің немесе реңктердің қоспасы жоқ түс екенін пайымдауға болады. Осылайша, таза түстерге үш негізгі немесе алғашқы қызыл, көк және сары түс енеді. Негізгі үш түсті оптикалық араластыру ақ түсті береді, ал олаардың екеуін қосу арқылы мысалы, сары мен қызғылт сары түсті алуға болады. Түстік шеңбер таза спектрлік түстерді жүйелейді.

Түстік шеңбер. Түстерді шеңбердің ішіне қатарластыра орналастыру өте қолайлы болмақ. Солай жасағанда ол түстер теориясының көптеген заңдылықтарын көрнекті түрде түсіндіру мүмкіндігін береді.

Қоңыр қызыл және күлгін көк түстердің шеткі спектрі бір-біріне ұқсас. Егер оған қызғылт түс қосып, оны қою қызыл мен көк-күлгін түстер арасына орналастырса, түстік шеңбер деп аталатын айнала дөңгелекті бір-біріне жалғап біріктіруге болады. Түстік шеңберді қызыл, қызғыш-сары, сары, сарғыш-жасыл түстер кіргізетіндей етіп бөлсе, «жылы түстер», күн мен отты білдіретін түстер шығады, ал екіншісі көгілдір-жасыл, көкшіл, көк, күлгін түстер «суық түстер» деп аталатын су мен ауа кеңістігін беретін түстер жиынтығы келіп шығады. Сондай-ақ, жылы түстер басқа жылырақ түстен гөрі жылылау болып, керісінше суық түстер суығырақ түстің қатарында суық болып көрінетінін ұмытапаған жөн. Көптеген ірі суретшілер жылы суық түстердің барлық палитрасын пайдалана отырып, сурет салады. Бірақ кейбір суретшілерде (Репин, Гальс, Рембрандт және т.б.)өздері жақсы көретін жылы түсті колорит басым.

Ал кейбір суретшілерде (Суриков, Врубель, т.б.) суық түстер басым. Табиғат көрінісін бейнелеуші Грабари және Юона шығармаларында көк түстер жылы түстер қатарына енеді. Бұл, әрине салыстырмалы түрде Врубельдің шығармаларында байқалады. Таза түстерді суық немесе жылы түстерге жатқызу кескіндемелік оқу жұмысында, әдетте, қиындық туғызбайды.

Енді ғана бастаған суретші-кескіндемешіге бұл мәселені түс реңктеріне жақын жұмсақтық қатынаста шешуге болады. Ондай кезде ол озіне-өзі түс жасылға немесе қызғылт түске жіктеле ме деген сұрақ қойса болғаны. Қою қызыл түс қаығырақ көрінеді, ашық-сары түстерді ақ түске қарағанда ажырату қиынға соғады, көгілдір түстің көкшіл жасыл түстен аз ғана айырмашылығы бар, сол сияқты қою көк түстің қара түстен айырмасы аз.

Заттардың қараңғы түскен және жарық түскен формасын алдымызда тұрған жарықтың жылылығын және жартылай көлеңкені ажыратуға болады. Ал қабылдағанда суық және жылы түстердің ең жарық түскен бөлігі ретінде қабылдаймыз. Сол сияқты электленген дене де өзінің ең жоғарғы нүкесінде бір жағынан қонымды, екінші жағынан кері электр күшін көрсетеді. Бұл кез келген жазықтық бетіндегі локальді түстерге қатысты.

Жаңабастаған суретші өзінің көруіне сенбей, ереже, қағидалар мен заңдылықтардағы ізденістерге жүгінеді. Бірақ практика көрсеткендей, бақылаусыз «ереже» бойынша жасаған жұмыс өмірді шынайы бейнелеуге жол көрсете алмайды.

Кескіндемелік картинаны жасау, мысалы төмендегідей кезеңдерден өтеді, басқаша айтқанда, мынандай міндеттерді бірізділікпен шешуден тұрады:

2) картинаның идеясын ойластрыу;

3) алғашқы эскизді жасау;

4) сурет салу, долбар жасау, этюдтер орындау және олардың көзтегі арқылы картинада бейнеленген бейнелерін түзету.

Бояу тілі. Өнердің әр саласының өркендеп дамуымен қатар, сол саланы, оның тарихын, ерекшеліктерін, заңдылықтарын, маңызды мәселелерін зерттейтін ғылыми салалары пайда болып, бірге дамып келеді.

Өнерді зерттейтін ғылым салаларына, атап айтқанда, өнер теориясы, өнер тарихы, өнерді зерттеу, өнертану сияқты салалар, әсіресе бейнелеу өнерінің әдістері мен технологиясы, композиция теориясы, пластикалық анатомия, перспектива териясы, бейнелеу өнерін қабылдау теориясы, өнер туындыларын қалпына келтіру(рестааврация), өнер философиясы, түстану, мәдениет зерттеу, т.т. жатады.

Түстанудағы түстерге өнер тұрғысынан қарау табиғат пен өмірдегі түстерді қабылдау, түсіну мүмкіндігін көбейтеді. Түстердің реңктерінің қысқаша атаулары(ақтан қараға дейін): ақ, ақ шаңқан, ақша, ақшылтым, ақбоз, бозалаң, бозаң,бозамық, бозарыңқы, бозша, бозғылтым, қылаңбоз, шаңқанбоз, ақсары, ақшылсары, сарғыш, сарғылт, сарша, сары, қызғылтсары, қызғылтша, қызылсары, қызылсары, қызыл, алқызыл нартқызыл, әсіреқызыл, қырмызы, қызылжоса, жоса, тоққызыл, жиренқызыл, жирен, қызылқоңыр, қоңыр, қоңырқай, қоңырша, қошқыл, қоңырқошқыл, қоңыр жасыл, жасыл, жасылша, көк, көкше, көкшіл, көкшілтім, көгілдір, көгілжім, көгерен, көкшулан, көккүлгін, күлгін, күлгінше, қаракөк, алқара көк, қара, қаракүйе, қараборқын, шымқай қара, қаракер, қараторы, қаракүрең, қарақошқыл, қаралтым, қарасұр, сұр, сұрғылт, сұрқай, сұрша, ақсұр, бурыл, қарабурыл, көкбурыл, құба, құбақан, құбаша, ақұба.

Бойында қабілеті бар жастар уақытты бос өткізбейді, мақсатты ізденісі мен мүмкіндігін сезініп, өнердің халық қазынасы екендігін ұғынады, себебі өнердің бірден қалыптаса қоймайтыны белгілі. Ол үшін өзі қалаған өнері өмір мұраты деп біліп, оның шығу тегін, өсуі мен дамуын меңгеруі шарт. Ал мұнадай жүйелі ізденіс мектепте оқып жүргенде басталса, жас талапкер өнердің асқақ биігіне қол жеткізуі мүмкін.

Алға қойылған мақсат жоғары болуы керек. Сөз орайында айта кетейік, әйгілі драматург Шекспирге бір шәкірті келіп: «Сіздей болуым үшін не істеуім керек», - деп сұрағанда: «Мен драматургияның құдайы болғым келкді, бірақ ел мені Шекспир деп таниды, ал сен мендей болғың келеді екен, нысанаң төмен, сондықтан сен ешкім де бола алмайсың!» - депті. Талапкерге керекті тағы бір қасиет – еңбекқорлық, ізденгіштік. Өзін қоршаған ортаға үлкен пайыммен қарап, өздігінен тұжырым жасап үйрену ләзім. «Мен ешнәрсені ойдан шығармаймын, бәрін өмірден аламын», - дейді П. Пикассо. Бұл айтылған қасиеттер сергектікке, сезімталдыққа баулиды. Суретші, жалпы өнер адамы, өмірдегі қоғамдағы түрлі құбылыстарға дер кезінде үн қоса білетін жан. Болашақ суретші адам мән бермей өте шығатын өмірдің, табиғаттың кейбір нәзік сәттерін көре біліп, соны қызықтауы тиіс. Аспандағы бұлттардың сұлбасын бір затқа ұқсатып, ағаш бұтақтарынан, тастың кедір-бұдырларынан әртүрлі композиция элементтерін ізденуге талпынуы керек-ақ. Әрбір арманшыл талапкердің қойын дәптерінің болғаны артық етпейді. Ол өзінің төңірегіндегі әр түрлі көріністерді сол дәптерге түсіре білуі керек. Әрине, әр сурет ойдағыдай болып шыға бермейді. Ол кездерде еш түңілмей, қиындықты жеңіп, не себепті дұрыс болмай жатқанын ұғыну қажет. Өмірде жастарды қызықтырып, еліктіріп алып кететін толы жатқан «қызықтар» аз емес. Мәселе солардың бәрін сырып қойып, өзіңнің армандаған өнеріңе жан-тәніңмен беріліп, бос уақытыңның бәрін бағыштауда. Сурет өнері де өнердің өзге саласы сияқты бірнеше жанрға бөлінеді. Майлы бояумен пейзаж салып жүріп, графикаға бой ұрып, оны тастай беріп, мүсінмен атүсті шұғылданып, одан кейін құрылыс бедерімен айналысу өнер қуу емес кәсіп қуу болар еді. Өнерге бұлайша қараған адам, арманынан айырылып қалу ғажап емес. Өнерде өз жолын таппай жатып әр салада күшін сынауға талпынған адам ешқашан биік мұратқа жетпейді. «Бойдағы талант тұлпарын әр нәрсеге бағыттап қинай берсең, тулаққа айналады», - деген әдебиет классигі М. Горький.

Балалардың бойындағы байқалған өнерге, құштарлыққа дер кезінде мән берілсе, ерте танылса, ол қабілеттің өркен жаюы, ел мақтанышына айналуы мүмкін. Ал кейбір ата-аналардың іс-әрекеті адамды қынжылтады. Суретші, әнші, домбырашы, артист, актер болсам деген жастың бетін қайтарып, ол салаға қомсына қарайтындар аз емес. Өскелең өміріміздің қайта құру талабына сәйкес мектептеріміздегі бала тәрбиелеу мәселесінде түбегейлі өзгерістер болса екен дегім келеді. Ән-күй, сурет, бір сөзбен айтқанда, өнер пәндері өзгерген озық көзқарасты талап етеді. Жас адамның қабілеті қауызын жармаған гүл тәрізді. Тек жастайынан ғылыми негізге сүйенген, эстетикалық тәрбие алғған адам ғана өнердің асқарлы биіктігіне көтеріле алады.

Түр мен түстер сыры. Бізді қоршаған табиғи орта ғажайып көркемдігімен көз тартып, көңіл-күйімізге әсер етеді. Ондағы түр мен түстер адам психологиясына ықпал етіп, еңбекке қабілеттілікті, творчестволықты арттырады. Колористика ғылымы 30 мыңға жуық түр мен түс бар екенін анықтап отыр. Табиғи ортаның сұлулығы, алуан түсті реңі мен олардың өзіне тән сыр сипаты адамдарды әркез қызықтырып, түстерді зерттеу тарихында табиғат пен қоғам өміріндегі әр түрлі құбылыстар сырына әуес еткен. Табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысымен ортақ қасиет, заңдылықтары да таным процесі негізінде сөз болады. Айталық, бір түстің өзінің әр ел мен әрбір адамға әсер етуі түрліше болады екен. Оған мынадай мысалдар арқылы көз жеткізуге болады: Еуропада қара түсті қайғы-қасіреттің белгісі деп санаса, Қытай мен Жапонияда ол қуаныштың белгісі. Еуропа елдерінде жасыл түс бейбіт өмірдің белгісі деп саналады. Түстердің табиғаты мен практикалық қажеттілігі әркез ғалымдар назарын аударып, түр-түс тану ғылымының дүниеге келуіне ықпал жасады. Кітапта түр-түстану ғылымынаелеулі еңбек сіңірген Ньютон, Ломоносов, Вернер, Менсель, Рабкин секілді ғалымдардың көптеген атлас, альбом мен өлшем шкалаларын жасап, пайдаланғаны туралы кең мағлұматтар беріліп, социологиялық зерттеулер жүргізілді. Олардың өнегелі өмірлері де тартымды штрихтармен кез келген оқырманды қызықтырары сөзсіз. Түстердің физиологиялық негізі, түрлі түстерді тұрмыс пен өндірісте қолдану, түстерді көздің көріп қабылдау қызметі, факторлары бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Түр-түстің адам өмірі мен еңбек процесі кезіндегі психологиялық жағдайына әсер-ықпалы да түрлі ғылыми зерттеу негізінде жаңа қырынан қарастырылуда. Сондай-ақ, «Түр-түс атаулары», «Түр-түс және символика», «Түр-түстергебайланысты жер су аттары» сияқты түр мен түстің қолданылу аясы, терминдік мағыналары кеңінен ашылатын еңбектер баршылық. Түр-түс атауларының әрбір тілдің өз топырағында танылып, өз жүйесінде зерттелінуі қажет екендігіне баса көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда бұл сала бойынша мамандар пайда болып, ғылыми еңбектер жарық көруде. Түр-түске байланысты ақын-жазушылардың, өнер зерттеушілердің, журналисттер мен тіл мамандарының ұзақ жылдардағы ізденіс мұраттары жан-жақты оңды көрініс тапқан. Алайда, түр-түс атауларының, оның психологиялық әсері мен ерекшеліктері, өзара синтезі секілді қырлары әлі де ашылмаған. Өнерлі қазақ халқының жаратылыстағы алуан түстерді, олардың реңктерін айыруда қалыптастырған төл сөздерін өнердің ғылыми тілінің айналымына қосуда түстану ғылымында мынадай терминдер пайда болды: өнер тарихы, өнертану, мүсін, сурет, графика, түс, реңк, негізгі түстер, туынды түстер, табиғи түстер, шағылысқан түс, біркелкі(локальный) түс, өң(тон), кернеулі түс(напряженный цвет), түстің түрленуі, шаңқай түс, түстүйсік(цветоощущение) және т.б.

Түстердің адам өміріне айтарлықтай ықпалы бар. Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді. Көгілдір рең көп қолданылатын, кең тараған реңдердің бірі. Алайда екен деп оны кез-келген жерге жапсыра бермеген жөн дейді. Әсіресе ас бөлмесіне жолатпау керек. Өйткені көк түс тамаққа деген тәбетті жояды. Көгілдір адамды тыныштандыратын бір рең. Өзін-өзі өлімге қиюшылықты азайтатындықтан батыста көпірлердің кенарын көгілдір түске бояйды екен. Жүйке жүйелері үшін пайдалы делінеді. Сондықтан жатын бөлмені көгілдір түспен жабдықтау ақылды шешімдердің бірі көрінеді. Алайда көгілдірдің тым қою реңкін қолданбаған жөн.өйткені ол суықтықты, қараңғылықты сипаттайтын болғандықтан ұйқыға кетерде әсерін тигізеді. Көгілдір түсті бөлмеде еңбек ету нәтижелі көрінеді. Аталмыш реңді бөлмеде сынақ тапсырған студенттер жоғары нәтижелер көрсетсе, штанга көтеретіндер өз мүмкіндігінен біршама ауыр салмақты көтере біледі екен. Көгілдір реңмен жазылған жазулар да есте жақсы сақталады екен. Қызыл түс ыстық, қан, құмарлық, ғашықтық, берілгендік, күш, қызуқандылық, агрессия секілді ұғымдарды сипаттайды. Қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды жеделдетеді. Адамдарды жылдам шешім шығаруғ, ынталандыруға ықпал ететін бір рең. Қызыл түс адамның назарын тез баурайтын рең. Дизайн және декорацияда көзге бірден түсетіндіктен қызыл реңді көп қолдансаңыз ұтылмайсыз. Қызыл түсті киім күш, энергия беретін көрінеді. Қызыл бір жағынан үстемдік реңі. Біреуді жасыту үшін, еңсесін түсіру үшін қолданылады. Қырмызы түсті бөлмелер адамның тынышын кетіреді. Шашыраңқы қырмызы реңді бөлмелер адамның уақытты айыра алмауына жол ашатын көрінеді. Сол себепті казино, бар, клубтарда көп қолданылады. Және бір айта кетері тәбетті ашатын түс болғандықтан ресторандар да декорациясының көп бөлігін осы реңнен жасақтайтын көрінеді. Сары түс көзге аса зиянды. Сары түске боялған бөлмеде нәрестелер жылуын үдетсе, үлкендер тез ашуланғыш болады екен. Сондай-ақ сары түс метаболизмді жақсартады. Сары рең әлсіздеу қолданылғанда жылылық және жарқыл, жалтылдау, яғни әсемдік береді. Күн көзі секілді, жылынуды қалйсыз, бірақ қарауды қаламайсыз, көзіңізді шағылыстырады. Сары көп дінде жаратушының бар екенін сипаттайтын бір рең. Жасыл көпшілдік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді. Көз үшін өте пайдалы. Сонымен қатар тыныштандырады, жүйке жүйелеріне жағымды әсер береді. Телевизорда эфирге шығардың алдында адамдарды толқымасы үшін жасыл бөлмеге кіргізіп күттіретін көрінеді. Аталған рең сондай-ақ ауруханаларда даемделушілердің сабырсызданбасы үшін көп қолданылады екен. Асқазан ауруларына пайдалы делінеді бір зерттеулерде. Жасыл қабырғалы алаңдарда адамдар асқазан ауыруымен шағымданбайтын көрінеді. Жасылдың түрі реңлері түрліше әсер береді екен: қою жасыл – суықтық, байлық, еркекшорлық, кертартпалықты сипаттаса, көк жасыл – жағымсыздықты, негативті, зәйтүн жасылы – татулықты, бейбітшілікті, сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі. Жасыл Америка мәдениетінде ақшаны сипаттайды. Қызғылт (оранжевый) түс ыстықтық, саулық, разылық, жемістілікті сипаттайды. Күшті және жомарт бір сипаты да бар. Қызғылт құпиясы жоқ, кең таралымдағы, тартымды бір түс. Мәселен бір өнімнің әрқайсыға қолайлы екенін немесе қымбат екенін көрсету үшін қолданылады, қара даулы бір рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, негатив пен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсардлық, өжетттік, тұрақтылы, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен байланыстырылады. Бір жағынан басқару және күш мағынасына келсе, екінші жағынан қайғы-қасірет, бақытсыздық, аза (траур) мағынасына кееледі. Бізде және батыста бақытсыздық, аза тұттуды білдірсе, Жапонияда бақыттылықтың түсі көріеді.

Қара басым көпшілік үшін киім түсі. Кейбірі қараны байсалды көріну үшін киеді. Біреулері болса арық көрінуі үшін. Айрықша бұл рең қалың және нәзік көрінеді. Ақ саф тазалықты, пәктікті, күнәсіздікті бейнелейді. Көп мәдениетте ақ киінеді. Айрықша тазалықтың белгісі болғандықтан дәрігерлердің лабораторияда қызмет жасаушылардың киімінің түсі. Сондай-ақ ақ – жаз айының киім реңі. Күлгін асылзада, ақсүәектердің түсі. Байлықты және жеңісті бейнелейді. Сонымен қатар романтизмнің, айрықша сезімталдықтың, ғашықтықтың символы. Бұл түс табиғатта ең сирек кездесетін түс. Ертеде адамдар күлгін рең шығару үшін теңіз бақалшақтарын қолданған. Бұл өте қиын-ты. Кейбіреулері күлгін түсті тез көзге түсетін демонстрация реңі болғандықтан декорацияда қолданғанды жақсы көреді. Кейбірі бұл түсті жасынды түс деп, қабылдамайды. Қоңыр топырақтың және ағаш, тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Көбіне еркектердің сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер берді. Айтпақшы қоңыр реңкке байланысты зерттеулердің соңы мынадай нәтижеге ұласыпты: бір өнер музейінің қабырғаларын қоңырға бояғанда музейді тамашалаушылар тез-тез аралап, ол арадан жылдам аяқтарын жалтыратыпты. Ал ақпен боялғанда көрушілер ұзақ аралаған. Сондықтан дүниедегі фаст фуд ресторандары үстел, орындықтарын дереу қоңыр түске ауыстырған көрінеді. Расыменде, ақ қабырғалы фаст фуд ресторандарын кездестіру қиын. Ал қызыл (розовый) романтиканың және нәзіктіктің, әсемдіктің реңі. Тыныштандырады. Жайландырады және жүректі жұмсартады, түрме торларын ал қызылға бояғанда түрмедегілердің арасында агрессивті әрекеттер азайған. Адам ашуланғысы келсе де алқызыт түстің қасында онысы оңайға түспейтін көрінеді. Жүректің тамырлары жылдам әрекет ете алмайды екен. Аталмыш түс энергияңды басатын тыныштандыратын, персен дәрісі секілді көрінеді. Тіптен рең соқырлары, яғни реңге мән бермейтіндердің өзі сабырлы қалыпқа түседі екен. Алайда соңғы зерттелерге сүйенсек, өкініштісі сол, мұның әсері қысқа бір сүреге ғана созылады екен. Ағза бұрынғы халіне келгенде бұрынғысынан әлдеқайда агрессивті болады екен. Түстердің рухымызға берер жағымды энергиясы мен тыныш, саналы да парасаттты ғұмыр кешіре білгенге не жетсін.

Түстану – түс туралы ілім жүйесі. Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.

Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстер деп бөлінеді. Жылы түске түс спектрінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көгілдір бөлігі жатады, жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сиппатауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайда пайда болады. Бұларды басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады. Түстік шеңбер бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк, күлгін көк, болып жалғасып отырады. Негізігі түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады. Контраст түстер – бір біріне қарама қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл т.б. түстер конраст сипатын береді.

Түстердің қасиеттерін зерттеу бізге түстердің психологиялық физикалық қасиетін, этнокөркемдік атауларын анықтауға мүмкіндік береді.

Психолог ғалымдар түстің адамға әр түрлі әсер туралы бірқатар зерттеулер жүргізгендігі белгілі. Мысалы қызыл түске көп қарау, немесе қызыл түске боялған бөлме ішінде ұзақ отыру адамның жүйкесіне тиіп, оны әлсірететіндігі анықталған. Сонымен қатар бөлменің қабырғасын түрлі түстермен реңдеудің өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы, зерттеу нәтижелері үйдің көлеңке немесе солтүстік жақтағы бөлмелерін жылы түстермен, күн жарығы тікелей түскен бөлмелерді суық түстермен (ашық көк, немесе салат түсті ақшылды жасыл көк түске) безендіру қажеттігін көрсеткен. Сонда жылы түстер адамға жылылық әсерін беріп, бөлменің іші жылына түскендей сезіледі, ал суық түсті бөлме жаздың күні адамға салқындағандай әсер беретіндігі анықталған.

Сол сияқты заттардың салмағына байланысты болатын түстердің қасиетін мынадан білуге болады. Мысалы қара жасыл көк түске боялған жүк машинасы өте ауыр сияқты болып қабылданса, нақ сондай формадағы машинаның түсі ақшыл көкке боялса оның салмағы жеңіл сияқты болып көрінетіндігі белгілі болған.

Түстерді тану барысында олардың символдық түрде берілуі ерекше назар аударатын құбылыс. Жасыл көк түс жастық шақты білдірсе, аспан көк түс бостандықты, еркіндікті, білдіреді, ақ түс тазалықты, қара түс жамандықты, қызыл түс белгілі бір өзгерісті білдіреді.

Қазақ халқында түстердің белгілі бір атаулары болған. Жылқының түсіне байланысты ақ боз, күрең, қара торы, шабдар, буырыл, құла, ала, т.б. атаулармен атаған.

Картиналардағы түстердің берілуінің өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңертеңгі мезгілді бейнелейтін картиналарда көкшіл түстер басым болса, кешкі мезгілді бейнелейтін картиналарда қызғылт түстер басым болып беріледі. Күндізгі мерзімді бейнелейтін картинадағы заттардың түстері өзінің табиғаттағы қалпында бейнеленеді. Ал егер, заттық бетінің фактурасы жылтыр болып келсе, оған сол заттың жан-жағындағы заттардың түстері әсер етіп, өзінің табиғи түстері азғана өзгеріп көрінуі бейнеленеді.

Картиналардағы түстердің өзгеруі мен бейнелеуінің бір ерекшелігі шығарманың идеясына байланысты болып келеді. Суретші Салихаддин Айтбаевтың «Бақыт» атты картинасында көктемгі далада отырған қыз бен жігіт көрінісі бейнеленген. Жастардың үстіндегі киімдері түрлі түсті бояулармен берілген, ал дала, алыстағы тау, жасыл көк түстермен жазылған. Картина композициясында аспанға қарағанда жердің көрінісі толық картина жазықтығын жауып жатыр. Шығармадағы түрлі түстердің арасында жасыл көк түстердің басым берілуі арқылы суретші адам өмірінің жастық кезеңін жасыл реңдермен беру арқылы жастықтың өзіндік ерекшелігіне көңіл аударады. Яғни жасыл түсті жастықтың түсі ретінде символдық түрде береді.

Қазақ бейнелеу өнерінде белгілі суретші Нағымбек Нұрмаханбетовтың салған «Тоқаш Бокин отряды» атты картинасы бар. Картинада, қазақтың сары даласында атқа мініп келе жатқан Тоқаш Бокиннің отрядының көркем көріністері бейнеленген. Картинаның түстерінің бір ерекшелігі мұндағы қызыл түстердің басым болуы. Табиғатта дала көрінісі ақ, сары немесе жасыл көк болуы, аттардың түсі күрең, ақ боз тағы басқа болуы, адамдардың жылы реңдері басым жасыл көк болуы мүмкін. Бірақ картинада қызыл түстер басым берілген. Бұл шығарманың айтылатын көркемдік ойына байланысты. Картинада қоғамдық өзгеріс, қоғамдық құрылымның өзгеруін көрсетуді мақсат тұтқан. Картинада қызыл армия командирі Т.Бокиннің образы берілген.

Түстану ілімінде колорит деген ұғым кездеседі. Колоритті біз кескіндеме шығармаларындағы түстердің үндестігі мен бірлігі деп танимыз. Картинадағы түстер кейде жылы түстердің құрылымына кейде суық түстердің құрылымына бірігеді. Ал кейбір жағдайда картинада жылы түстер мен қатар суық түстер үйлесімді түрде қолданылады.

Заттың бетіндегі түстер кейбір жағдйда өз түсінен өзгеріп, басқаша түспен көрінуі ықтимал. Мысалы, бір түйір қара көмірдің бір жақ бетіне күннің көзі немесе жасанды жарық тікелей түскенде, ол жері әппақ дақ түрінде қабылдануы мүмкін. Мұны көру кезінде болатын жаңырысу деп танимыз.

Ғылыми-педагогикалық, өнертанымдық әдебиеттерді сараптау негізінде түстану ілімінің негізін құрайтын ұғымдарды мынандай бағыттарға жіктеуге және оны түстанудан білім беру мазмұны ретінде алуға болатындығы анықталады: хроматикалық түстер; ахроматикалық түстер; түстердіңі қанықтығы; түстердің ашықтығы; жылы түстер; суық түстер; түстік шеңбер; негізгі түстер; контраст түстердің бірлігі; түстердің қасиеті; символдық түстер; түстердің қазақша атаулары; колорит; картинадағы түстер; түстердің композициясы; жылы түсті колорит; суық түсті колорит; аралас түсті колорит; түстерді қабылдау ерекшелігі; түстердің бейнелеуініңерекшелігі т.б.

Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау мен тәжірбиелік-эксперименттік зерттеу нәтижесін сараптау негізінде түстану ілімін оқытудың мынандай формалары мен әдіс тәсілдері анықталады:

1.түстанудың негізгі мазмұнын құрайтын материалдарын сурет, кескіндеме, композиция пәндерін оқыту бағдарламаларын қосымша ретінде қосылды.

2.түстанудан теориялық материалдар өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында қолдану нұсқаулары жасалады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін сараптау бізге түстану теориясын көркемдік білімді беру жүйесінде оқытып үйретудің үш бағытын көрсетті: біріншісі табиғаттағы заттардың, құбылыстардың түстерінің ерекшеліктерін қабылдауға шәкірттерді үйрету табиғаттағы түстердің қатынастарына талдау жасау; түстердің араласуын көрсету; екінші бағыт – табиғат пен бейнелеу өнеріндегі түстердің берілуін талдау, олардың бейнелеу ерекшеліктерімен шәкірттерді таныстыру; үшіншіден – түстерді тікелей нұсқаға қарап сурет салу барысында қабылдау және оны бейнелеу.

III Технологиялық бөлім

3.1. Кескіндемелік жұмыстың орындалу барысындағы негізгі техникалық талаптар

Кескіндеменің барлық техникасында жұмыс істеу үшін арнайы байланыстырушы заттар қажет. Олар пигменттің бөлшектерін ұстайды және кенеп бетіндегі бөлшектердің беріктігін қамтамасыз етеді. Техниканың түрлеріне сай байланыстырушы элементтер әр типке бөлінеді: гуммиарабик – акварельдік техникада, жұмыртқаның сарысы – темперада, кебетін май – майлы кескіндемеде, бал арасының балауызы – анкустикада, акрил эмульсия – акрил техникасында. Бояуды дайындау тәсілі орындалуына сай түрленіп отырады.

Кескіндемеге арналған жабдықтар. Бояуды негізге жағу үшін көптеген құрал-саймандар бар: сорғыш (губка), шпательдер, скребка, пышақ, мастихин, білікше (валик), аэрограф, бояу бүріккіш атқыштар. Алайда, барлық құралдарға қарағанда қылқалам маңызды жабдық болып табылады.

Майлы бояулар. Майлы бояу— тұрмыста және бейнелеу өнерінде қолданылатын бояу түрі. Бейнелеу өнерінде пайдаланылатын Майлы бояу өсімдік майларының (кендір, зығыр, жаңғақ, самырсын) қоспасынан алынады. Майлы бояу 10 ғ-да белгілі болған, 14 ғ-дан бастап қолданылған. Қазіргі Майлы бояуды ұзақ уақыт тәжірибеден кейін Нидерланд суретшілері Ян Ван Эйк пен Гувер Ван Эйк жасаған. Өсімдік майынан алынған Майлы бояулар өте ажарлы болады және тез құрғайды. Оған кейде лак қосады. Майлы бояумен жазылған өнер туындылары ұзақ уақыт бойы өз сынын жоғалтпайды. Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері (Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Сандро Боттичелли, т.б.) көптеген шығармаларын Майлы бояумен салған.

Майлы бояулар зығыр, жаңғақ, сафлор майы сияқты кепкен майда ұнтақталған пигменттен жасалады. Байланыстырушы заттар ретінде пайдаланатын майлардың түрлері кескіндеме процесін айтарлықтай жеңілдететін бояуларға сапа мен сыртқы көрініс қасиетін береді. Майда ұнтақталған міндеттер ерекше анықтық пен түске ие және әр түрлі техникада ауқымды қолданылады. Олар мөлдір және мөлдір емес кескіндеме түрін қамтиды. Майлы бояу жұқа, мөлдір лессировка түрінде, домбыққан жағыс түрінде де жағылады. Майлы бояумен кескіндеменің басқа материалымен салыстырғанда ылғал күйін сақтап тұрған қалпында жұмыс істей беруге болады. Бұл ерекшелік бір тоннан екінші тонға өту және жаңа бояуларды жағу негізін құрайды. Сонымен қоса, бояу сапасы плэнерде қолдану үшін мүмкіндік береді. Майлы бояу техникасында жағылған ылғалды бояу кепкен соң өзінің түсін өзгертпейді.

Кескіндемеде түсті көрсетудің негізгі құралы – бояу. Бояулар химиялық құрамы бойынша әр түрлі майда бөлшекті пигменттен тұрады. Ал пигмент ретінде мынандай табиғи құралдар қолданылады: топырақ, балшық, өсімдіктердің шырыны, темірдің қышқылдары және т.б. Бірақ қазіргі кездегі бояулардың көбісі неше түрлі химиялық қосындылардын жасалады. Бояудың сапалық қасиетін анықтайтын маңызды қосындылар ретінде пигментті байланыстырушы заттарға: май, неше түрлі желімдер, бал, жұмыртқа жатады.

Бояулардың сұйық, жартылай сұйық, құрғақ түрлерін кездестіруге болады. Пластмасс банкідегі, сауыттағы көркемсурет бояулар ең көп қолданылатын бояу түрлеріне жатады. Қоршаған ортаның әсеріне кез келгені төзе бермейтіндіктен, бояуларды тұрақты және тұрақсыз деп деп екіге бөледі. Талқандаушы әсерлерге ең ұзақ уақыт бойы энкаустика, эмаль және гуашь шыдайды. Акварель түсін тез жоғалтса, май қараяды. Құралдардың қасиеттерін білу және жазудың технологиясын меңгеру кескіндемелік шығарманы зиянды әсерлерден, жарық, ылғал, бу, газ, иемператураның тұрақсыздығынан сақтандыруға мүмкіндік береді. Негізгі түстер болып қызыл, сары және көк саналады, оларды басқа түстерді араластыру әдісімен алуға болмайды.

Кейбір бояулардың түстік мінездемесі. Қызыл. Киноварь және қызыл кадмий әр түрлі жылы реңдік ашық-қызыл түстерімен ерекшеленеді, төзімділігі орташа. Краплак – суық қызыл түсті ықпалды бояу, төзімді. Ашық және жарық түстікарлиннің орнына краплакты қолдануға болады.

Сары. Сары кадмий – өте ашық жылы реңді бояу, лимон тәріздес түстен бастап неше түрлі сарғыш түстерді береді, төзімді. Алтын түстес охра – төзімді, бояу жұмсақ, сарғыш сипатты. Табиғи сиена – күңгірт сарыалтын тәріздес түс, тұрақты. Сарғыш кадмий – охра мен ультрамаринді қосса қараяды.

Жасыл. Изумрудты жасыл –төзімділігі орташа, жылы жасыл түс неше түрлі реңдері бар.

Көк. Ультрамарин – жарық көк түсті, төзімсіз. Берлиндік глазурь – жасылша реңді, төзімді бояу. Көк кобальт – төзімділігі орташа, неше түрлі реңді нәзік көк түс.

Қоңыр. Күйдірілген охра – неше түрлі қоңыр реңді, төзімді бояу. Күйдірілген сиена – қызыл-қоңыр реңді, төзімді бояу. Сиена – әдемі күңгірт қоңыр түсті төзімді бояу. Қоңыр марс – терең қоңыр түсті, төзімді бояу. Табиғи умбра – қызыл-қоңыр түсті, төзімді бояу.

Күлгін. Күлгін краплак – қызыл краплакқа қарағанда суық сипатты, төзімсіз бояу. Күлгін кобальт – төзімді, жарық және таза түстер.

Ақ. Цинкті және қорғасынды ақ бояу.

Қара. Күйдірілген сүйек, газ күйесі.

Дүние жүзі халықтарының өнері мен мәдениетінде қазақ халқының алар орны ерекше.Өйткені қай ғасырда болса да осы ұлы даланы мекен еткен ұлы көк түріктің ұрпағы өнердің қай саласы болса да,нендей нәсіп болса да тез игеріп,жетілдіріп кейінгі ұрпаққа мұра етіп келеді.Сол мұраларды өзіміздің Ә.Қастеев атындағы мұражайдан бастап дүние жүзі мұражайларынан көруге болады.Осынау қайталанбас өнер жәдігерлерін жасаған шеберлер өз кәсібінің техникасы мен технологиясын жақсы игерген көзінің қарашығындай сақтаған. Және де осы ықылым заманнан, атадан балаға мұра болған өнер туындыларының технологиясын жетілдіріп, кейінге қалдырып отырған. Осы тұрғыдан, оқушыларға Еуропа суретшілерінің шеберханаларында сақталған живописьтің техникасынан мағлұматты жүйелі жұмыс істеуге қалыптасса екен деп жазып отырмын. Жүйесіздіктің кесірінен Еуропа бір кездері Тициан, Рембрант, Веласкездер қолданған живописьтің техникасын жоғалтып ала жаздады.

Сыр, майлы сырлар.Ішкі және сыртқы жұмыстарға пайдаланылады. Майлы сырлар әр түрлі әрлеу және жөндеу жұмыстарында: сыланған қабырғаларды, ағаш, металды сырлауға көп қолданылады. Сырлываликпен, бояу жаққышпен немесепульверизаторменбүркіп жағалы. Сапалы болу үшін екі рет сырлаған жөн (алғашқы қабаты әбден кепкеннен кейін-екінші рет). Майлы сыр қоюланып қалған жағдайда оныолифаменне майлылакпенерітіп, сұйылтып алады. Сырлы еріткішпен ерітпеген жөн, мұндайда сыр жалтырамайды. Түсіне қарай 1 шаршы метр-ге 80 грамнан 160 грамға дейін сыр кетеді. Жауын-шашыннан қорғану үшін және ұзақ сақталуы үшін сырланған жердің бетіне майлы лак жағады. Түсі әр түрлі сырларды араластыруға болады, бірақ дайын майлы сырға құрғақ пигменттер қосуға болмайды, өйткені сыр ірімтіктеп кетеді.

Су эмульсиялы сырлар (эмульсиялы). Сыртқы, сондай-ақ ішкі жұмыстарға қолданылады. Эмульсиялы сырлармен ағашты, сылақты,бетонды, тасты, бұрын майлы сыр неэмальжағылған бұйымдарды, бір қабат сырланғанметаллбұйымдарды сырлауға болады. Оларды желім сырдың не лактың үстінен жағуға келмейді. Сыр валикпен, сыр жаққышпен немесе пульверизатормен жағылады. 1 шаршы метрге 20 г сыр кетеді. Сауда орындарына әр түрлі сырлар түседі. Сырлы қажетті түске келтіру үшін бір-біріне араластыруға болады. Мұндай сырлармен сырланған жер сумен оңай жуылады. Сырлау жұмыстары деген мақаланы қараңыз). Эмальды сырлар. (эмальдар). Қолдануға дайын түрінде шығарылады. Эмальмен қапталған жерлер жалтырап, суға, температураның өзгерулеріне төзімді болады. Майлы лактағы, глифталь лактағы, майлы-фенолды лактағы және басқа жалпы тұтынылатын лактағы эмальдар қолданылады. Эмаль белгісінде бірінші цифр оның қандай мақсатқа арналғанын көрсетеді: 1 және 5— сыртқы және ішкі жұмыстар үшін, 2— тек қана ішкі жұмыстар үшін, 0— бір қабат жағу үшін, 00— шпательдеу үшін.

Эмаль мына мөлшерде (1 шаршы метрге грамм есебінен) жұмсалады: ақ—130, бозаң түс — 170, сары—165, қоңыр—80, қызыл—130, сұр —70, қара —65. Майлы эмальдармен біргенитроэмальдар да (нитролакқа ерітілген) кең тараған. Нитроэмальдың негізгі артықшылығы — тез кебетіндігі (15—30 минут). Эмальды сыр жаққышпен не бүріккіш-пистолетпен жағалы. Металдың беті алдымен біркелкі тегістеледі. Эмальды еріткішпен тым сұйылтып ерітуге болмайды, өйткені мұндайда сыр жалтырамай қалады. Эмальмен сырланған жерлерді кеп-кеннен, кейін арнайы пасталармен жалтыратқан жөн.

Кескіндемелік сауаттылықтың түрлері. Майлы кескіндеме – көркемсуреттік майлы бояулармен орындалатын кескіндеменің түрі, оларды ағартылған қағаз майына неорганикалық түстерді үгіту тәсілімен дайындайтын, кейде күнбағыстың немесе жаңғақтың майын қосады. Станокты кескіндеме майлы бояулармен арнайы тегістелген кенептің, картонның, ағаштың, темірдің бетіне жазады, монументалды кескіндеме – әк сылақтың үстінде салынады. Майлы кескіндеме жайлы бөлек мәліметтерді ежелгі және ортағасырлық манускриптардан кездестіруге болады. 15 ғ. ортасында нидерландық кескіндемеші Ян ван Эйк кемелдеген соң майлы кескіндеме үлкен қарқынмен дамиды.Майлы кескіндеме жазуының көркемдігімен және динамикасымен өзгешеленеді. Бұл кескіндеудің басқа түрлеріне қарағанда жазықтық бетінде көлемнің және кеңістіктің көзге көріну елесіне қол жеткізуге, бай түстік әсерлерді және реңдік тереңдікті анық көрсетуге мүмкіндік береді. Майлы кескіндеменің техникалық тәсілдері сан алуан. Бояу жағымдары – қаптап жапқыш – мөлдір емес және лессировкалы – мөлдір, корпусты – тығыз, фактуралы – рельефті, жұқа, тегіс бола алады. 19 ғ. басына дейін майлы кескіндеме лак араласқан көп қабатты жағымдардан құралып, суреттің бетіне лак жағылған. Ал бояуларды алла прима (итал.тілінен alla prima – тез жазудың бір сеансты техникасы) әдісінде қолдану 19 ғасырдың басынан басталған, ол таза грунттың немесе жұқа жағылған түстік немесе реңдік бояудың үстіне салу дегенді білдіреді.

3.2. Кескіндеме жұмысын даярлау барысында негізгі пайдаланатын материалдар

Кенеп. Кенеп келесі мағыналарға ие:

1. Иірілген мақта жіптен, кендір мен зығыр талшықтарынан тоқылған мата. Үй ішінде төсеніш ретінде пайдаланылады;

2. Кескіндеме салуға арналып, матадан керілген негіз. Мата тікелей кескіндемеге арналса да кенеп деп аталады. Кенепке сурет салу 17 ғ-дан кейін өріс алды. “Полотно” сөзі майлы бояумен салынған картина ұғымын да білдіреді.

Негіз. «Негіз» деген сөзді кескіндеме барысында бояу қабаты жағылатын қатты құралға қарасты айтады, ол – қағаз, картон, кенеп, темір, ағаш, әйнек және т.б.

Жазудың түріне қарай соған сәйкес негіз дайындалады. Сулы бояулар үшін негізді даярлау қиын емес, ал майлы кескіндеме техникасы негіздің арнайы дайындығын талап етеді. Кескіндемеде картон мен кенепті әдеттегідей тегістеу (грунтовка) керек. Әйтпесе жағылған бояулар негізге сіңіп кетіп, сүйкімділігін жоғалтады. Негіздің сапасы кескіндеменің сапасына тәуелді, өйткені грунт – бояу мен негіздің байланыстырушы бөлігі. Оны дайындаудың бірнеше әдістері бар, мысалы картонды шеберханалық желіммен өңдейді (дүкендерде дайын картондар да бар).

Таңдап алған кенепті сурет жақтауына керіп тартып, пульверизатордың (бүріккіш) көмегімен ылғалдатып алып желім жағады.

Желімдеудің мақсаты – жіптердің арасындағы тесіктерді бітеп, мата мен грунт арасында өтпелі қабатты құру. Алайда, желімнің холсттың арғы бетіне өтіп кетпеуін, жіптердің беттерін жұқа қабатпен қаптап, матаның фактурасының жоғалып, байқалмау қалмауын қадағалау керек. Эмульсиялы – жұмыртқалы қоюды дайындау үшін холсттың 1 кв.м.: 15 г. – құрғақ желім, 300 г. – су (1,5 стақан), құрғақ цинкті ақ бояу – 50 г.(1/4 стақан), 150 г. (3/4 стақан) – бор ұнтағы, қатты қайнаған 1 дана жұмыртка қажет.

Қылқалам. Қылқалам— кескіндемеде, графикада, каллиграфияда негізге (кенеп, қағаз, т.б.) сырлы бояу қабатын жағу үшін қолданылатын құрал. Қылқаламды жануарлардың жүні немесе қылынан қаламсапқа бекітіп жасайды. Сырлы бояулы кескіндемеде Қылқаламның жаққышы (дөңгелек және жалпақ пішінді) қатты қылдан, желімді кескіндеме мен фрескада ұзынша қылдан жасалады.

Дөңгелек жаққышты, үшкір жаққышты жұмсақ Қылқаламдар (тиін, борсық жүнінен жасалады) акварель және графикада қолданылады.

Қылқалам (ағылш. brush, paintbrush):

1. сурет салу программасында (ағылш. paint program) — таңдап алынған түспен және мәнермен сурет салуға немесе бояуға арналған аспап;

2. Windows жүйесіндегі графикалық редакторларда — әр түрлі фигуралармен және сызықтармен шектелген тұйық аудандарды бояу үшін немесе сурет салу үшін пайдаланылатын объект (аспап); пайдаланушыга графикалық бейнелерді бояуға мүмкіндік беретін графикалық редактордың (ағылш. graphics editor) аспабы.

Кескіндемеде оқу тапсырмаларын орындауда қылқаламның қызметі зор. Жұмыстың сәтті аяқталуы қылқаламның сапасына байланысты. Сондықтан жазудың түріне сәйкес құралды таңдай білу керек. Қылқаламдардың негізгі екі түрі болады – домалақ және жалпақ. Ұйпақталып кеткен, сабына дұрыс бекітілмеген қылқаламдар акварельдік кескіндемеге жарамайды. Құралдың бұл түрін сатып алар кезде оның қылын сулап көру керек, егер үшкірленіп, ұшы конус тәрізді көрінсе, онда мұндай қалам жақсы болып есептеледі. Борсықтың, тиіннің, суырдың құйрықтарынан жасалынған қылқаламдардың сапассы жақсы, олар жұмсақ және тығыз. Мұндай қылқаламдар арқылы жіңішке сызықтармен қатар, жалпақ жағымдарды көрсетуге болады. Оқу этюдтерін орындау үшін жуан және орташа қылқаламдар қажет. Тәжірибелі тапсырмаларда бірнеше жалпақ және жалпақтығы орташа, сонымен қатар жұмсақ, иілімді қылдары бар домалақ қылқаламдар қолданылады. Жалпақ қаламдар арқылы енді жағымдардың көмегімен үлкен жазықтықтарды бояу ыңғайлы болады.

Темпера және майлы кескіндеме техникасында орындалатын жұмыстарға құлақ аймағындағы қылшықтардан және суырдың жүнінен жасалынған қылқаламдар қажет. Қылшықтардың ұштары қырқылмаған табиғи шаштардан жасалынған сапалы қылқаламдар өзінің сабына темірдің бөлшегімен бекітіледі және шашатарының ұзындығы бірыңғай болып келеді.

Жақсы қылқаламды ұқыпты қолдану керек. Майлы бояулармен жұмыс істеп болған соң қылқаламдарды қылшықтары майысып қалмау үшін оны қағазға орап қояды. Тағы бір айтып кететін маңызды нәрсе, қылқаламдарды ұзақуақыт судың ішінде ұстауға болмайды.

Палитра. Палитра (фр. paletre – жұқа тақтайша):

· 1) тік бұрышты немесе доға пішіндегі, суретшінің сол қолының бас бармағына киетін тесігі бар жұқа тақташа. Ағаштан, фарфордан, темірден жасалады. Палитраны суретші бояу езу үшін пайдаланып, өз көңіліндегі бояу реңін табу үшін оның бетінде бірнеше бояу түстерін араластырады. Суретшінің шеберлігіне орай Палитрада бояу реңдері пайда болады. “Палитрасы бай суретші” деген теңеу алуан түсті бояу үйлесімін тудырушыны меңзейді.

· 2) Белгілі бір суретшіге немесе картинаға тән бояу түрлерінің үйлесім табуы.

Палитра деген сөздің екі мағынасы бар. Бірінші жағдайда суретшінің шығармашылық аймағының кеңдігі, колорит, кескіндеме шығармасындағы бояулардың байлығы жайлы айтылады. Егер де бұл сөзді дәлмәдәл түсінсек – бұл кіші көлемді тік төртбұрышты немесе сопақ бейнелі тақтайша, оның үстінде бояуларды араластырады. Бояулардың түрлеріне және жазу әдісіне байланысты палитраға белгілі бір талаптар қойылады. Мысалы, акварельді кескіндемеде бояуларды қағаздың бетінде араластыру дұрыс емес, өйткені оның бетіне су тез сіңіп, қағаз түйіршіктері желіммен бірге бояуға түседі, мұның нәтижесінде сурет ластанып, мөлдірлігін жоғалтады.

Майлы кескіндемеде бояуларды ағаш бетінде араластырады. Палитраны алақанда ұстап тұру ыңғайлы болу үшін оның шетінде үлкен саусақ сыятындай тесік болады. Қажетті түсті тез және оңай табу үшін бояуларды палитраның бетіне белгілі бір тәртіппен сырғып, көз тез үйренетіндей етіп орнааластыру керек. Жұмыс аяқталған соң, палитраның бетіндегі бояулар кеуіп кетпей тұрып тұтқасы бар «мастихин» деп аталатын темір пластинкамен тазалайды. Палитраның бетін әр сеанстан кейін майлы шүберекпен сүртіп тұру керек.

Палитраны дұрыс қолдану дегеніміз – кәсібіи «асхананы» жай ғана меңгеріп алу емес. Жас суретшілер палитра бетінде түстік қосындыларды іздестіруге көп көңіл бөлмей, юояуларды полотно бетіндегі абристі суретке тезірек жағуға асығады. Мұның қорытындысында кескіндеменің орнына құрғақ, қарапайым көрініс пайда болады.

Жұмыстың бастапқы кезеңінде негізгі түстердің шектелген санына қолданған жөн. Бояу қосындыларының құрамына жаңа түстерді қоса отырып, түстік реңдерді байытуға болады. Кескіндеме сауатын меңгеру нәтижесінде және шығармашылық қабілеттің дамуына байланысты палитра туралы біліммен қатар, кескіндеменің мүмкіншіліктері кеңейеді.

Мастихин. Мастихин (итал. mestichino) – майлы кескіндемеде бояуларды араластыру үшін, палитраны тазарту үшін немесе қою бояуды кенепке жағу үшін қолданылатын арнайы пышақ немесе кальма. Кейде мастихинді бояуды тегіс қабатпен немесе рельефті жұғыс жасау үшін кескіндеме туындыларында қолданады. Мастихиндер, әдетте, болаттан немесе пластиктен жасалады және әртүрлі форма мен өлшемдерде болады. «Мастихин» сөзі италиян тілінде «mestichino»деп айтылады.

Кескіндемеге арналған сұйылтқыштар. Көркем лак пен майлы бояуға арналған лак пен жұмыс барысында бояуды езуге арналған, сонымен қатар қосымша қажеттіліктерге де қолданылады (плитраны, қылқаламды жуу, т.б.).

Сұйылтқыштар еріткіштер қатарына жататын сұйық зат болып табылады.

Сұйылтқыштар лак пен бояуға олардың физико-химиялық қасиетін, жабысқақтығын төмендету үшін қосылады. Сұйылтқыштар пленканегізді заттарды – шайыр, май, басқа функционалды қоспаларды толығымен езеді. Суретші сұйылтқышды лак пен бояудың құрамына коррекция жасау үшін пайдаланылады.

Кескіндемедегі сұйылтқыштардың екі түрі бар: мұнайдан алынатын(уайт-спирт) көмірсутектер, терпен – табиғи көмірсутек(скипидар, пинен).

Кескіндемеде қолданылатын сұйылтқыштар аса жоғары емес токсинді болып табылады. Олар тез ұшып кетеді. Олардың үшып кетпейтін майлардан ерекшелігі де осында.

Кескіндеме материалдары туралы әдебиеттерде страсбург терпентин, венециан терпентині, мұнай майы кездеседі. Тепрентинді өздігінен сұйылтқыш ретінде қолданбайды, себебі терпентин қылқанды жапырақты ағаштың бүлінуінен пайда болатын қарамай тектес зат, шайыр. Терпентин эфир майы мен шайыр-скипидардан тұрады. Кескіндемеде сұйылтқыш ретінде дәл осы скипидарды пайдаланады, демек, терпентинді немесе эфирлі май. Страсбург терпентин мен венециан терпентин – бұл Франция мен Италия елдерінде өсетін әртүрлі сортты балқарағайдан алынатын скипидар.

3.4. Дипломдық жұмыстың орындалу барысы

Абстракция адамның ішкі жан дүниесінен, эмоционалды күйінен туындайтын шығарма болуы керек. Мен «Дала тынысы» абстрактілі триптих туындымда Астана қаласының жаңа тынысы, жаңа техникада бейнелегім келді. Сол себепті менің дипломдық жұмысымның орындалуының бірнеше кезеңдері бар. Ең алғашқы кезең абстрактілі картинаны ойша ойлап туындыны жасаймын деген ниеттен туады, содан кейін қағаз бетіне бояудың жағылуымен жалғасып, туындының багет кигізіліп дайын болған кезеңімен аяқталады.

1 кезең. Эскиздер мен нобайлар салу. Ең алдымен, дипломдық жұмысты бастамас бұрын оның эскизін салдым. Ең қарапайым эскиз қарындашпен салынған графикалық түрінен шағын форматтағы картонды кенепке майлы бояумен салынған күрделі эскиз болды. Эскиз салмас бұрын, дипломның тақырыбын «Дала тынысы» атты триптих майлы бояумен салынған картина деп бекіткен соң, сол туралы мәлімет жинаумен айналыстым. Мәліметтерді кіиапханалар мен интернеттегі сайттардан алдым. Абстракция, кескіндемедегі абстрактілік, Астана қаласының көрінісі және тағы да басқа ақпараттарды кеңінен танып оқыдым. Содан кейін жинаған мәліметтерім арқылы эскиз жұмысын жасадым. Эскиз жұмыстарым графикалық техникада, акварель, гуашь, пастель, майлы бояу техникаларында болды.

2 кезең. Технологиялық жұмыс. Эскиз дайын болып, оны дипломдық жобаның нобайы ретінде қабылдаған соң, технологиялық жұмыстарды атқардым. Олар дайын кенептке негіз (грунт) жасау. Негіз жасау үшін дайын кенепке дүкенде сататын желатин жақтым. Ең алдымен желатинді 15 минутқа суға салып қояды, сосын біраз қайнатып, біраз суыған соң үлкен қылқаламмен кенеп бетіне жақтым. Бұл процесті тағы бір рет қайталадым, ол кенеп бетінде дұрыс негіз жасалуға көмектеседі. Кенеп кепкен соң саусақпен қағып тексергенде барабан бетін ұрған сияқты дыбыс шығаруы керек. Сонымен қатар, желатинді негіз майлы бояуды жаққан кезде бояуды кенептің келесі бетіне шығып сіңіп кетуден сақтайды. Кенеп дайын болған соң сурет салу жұмысын бастай беруге болады.

3 кезең. Кенептің бетіне эскиздегі суретті салу. Кенеп бетіне эскиздегі суретті қарындашпен салдым. Ең алдымен жұмсақ қарындашты алып кенеп бетіне суреттің дұрыс құрылымын жасадым. Оң жақтан Ақ Орданың, ортасынан Байтеректің, сол жағынан Хан Шатырдың құрылымын жасадым. Әр бір кенепті дұрыс 4 бөлікке бөліп, үш ғимараттың біртұтас алғандағы қатынасын жасадым. Бір ғимарат екіншісінен үлкен немесе кіші, ұзын немесе аласа, көлемді және көлемі жоқ болмай қалуын қадағаладым. Бұл кезеңді сәтті орындаған соң түспен жұмыс істеу кезеңіне көштім.

4 кезең. Түспен жұмыс. Түстік шешімдерді табу және олардың үйлесімі. Бұл кезең ең маңызды, ең қиын әрі қызықты болып табылады. Өйткені түстің үйлесімін табу төзімділікті талап етеді. Түспен жұмыс адамды жақсы сезімге бөлейді және ішкі сезімдерді түс арқылы шығаруға көмектеседі.

Түспен жұмыс жасау кезінде ең алдымен палитра бетінде негізгі түстерді іздеуден басталады. Кенепке түспен алғашқы түстік нұсқасын жасадым. Ол үшін эскизде бейнеленге түстерге жақын түстерді алуға тырыстым. Олар сары, көкшіл, ақтың және жасылдың бірнеше түрі, қызыл-сары, қызғылт және т.б. Ақ Орданың бейнесі бар кенепте ақ түстің бірнеше тондары жағылды. Байтерктің бейнесі бар кенепке сары түстен басталып, қызғылт, ақ, көкшіл, қою көк түстерді қолдандым. Ал Хан Шатыры бар кенепке палитрадағы барлық түстерді қолдандым. Себебі Хан Шатырдың кешкі бейнесі өте әсерлі және көптеген қызықты түстік шешімдерді қолдануға болады. Артқы фонға 3 кенепке де ортақ сары, сары-қызыл, қою қызыл түстерді жақтым. Жасылдың көп түрлерінінен қосымша ғимараттардың кейіпін жасадым. Онда әртүрлі түстерді үйлестірдім. Көк, сары, ашық жасыл, қызыл, қызғылт түстер арқылы Астананың ғимараттарын жаздым. Бұд кезеңде қылқалам мен мастихин қатар қолданылды. Фонды жасау үшін жалпақ қылқаламды пайдаландым. Ал басқа бояу жұмыстары үшін мастихиннің әртүрлі көлемдегі түрлерін пайдаландым.

5 кезең. Безендіру. Бұл кезең барлық жұмыстар біткен соң жасалады. Түстік жұмыстар біткен соң, кенеп бетіндегі бояу кебуі керек. Содан кейін әсемдік мақсатында кенепке багет салдым. Багетті кенептегі бояулардың үйлесімділігі мен мен салынған туындының бағытына қарай таңдадым. Сонымен менің дипломдық жұмысым дайын болды.

26.jpg27.jpg28.jpg29.jpg30.jpg31.jpg32.jpg33.jpg34.jpg35.jpg36.jpg37.jpg

4-сурет. Дипломдық жұмыстың орындалу барысы

IVЭкономикалық бөлім

4.1. Дипломдық жұмысты орындау барысындағы кеткен шығын

Мат-р мен құр-ң атауы

Түйір

Түйірдің бағасы

Түйірдің мөлшері

Жалпы бағасы

Ескерту

1

Тартылған кенеп

3

4000 тг

120х80см

12000 тг

2

«Гамма»майлы бояу жиынтығы

1жиынтықта-10 түйір

7127 тг

18мл

7127 тг

«Сонет» майлы бояу жиынтығы

1жиынтықта-8 түйір

1149 тг

10 мл

1149 тг

«Ладога»майлы бояу жиынтығы

1жиынтықта-8 түйір

2917 тг

18 мл

2917тг

«Phoenix» майлы бояу жиынтығы

1жиынтықта-24 түйір

1558 тг

12 мл

1558 тг

Ладога

2 түйір

702+867 тг

60 мл

1569 тг

Ладога

1 түйір

1188 тг

120 мл

1188 тг

Гамма

1 түйір

506 тг

46 мл

506 тг

Сонет

5 түйір

501 тг

46 мл

2505 тг

Мастер класс

3 түйір

617 тг

46 мл

1851 тг

3

Матихин «Conda»

1жиынтық(5 түйір)

1040 тг

№1, 2, 3, 4, 5

1040 тг

Қылқалам«Conda»

1жиынтық( 4 түйір)

848 тг

№ 2, 4, 6,8, 10

848 тг

Қылқалам «Гамма»

1жиынтық( 5 түйір)

1597 тг

№ 1, 3, 4, 6, 8

1597 тг

5

Грунттауға арналған желатин

3 пакет

35 тг

20 г

105 тг

6

Растворитель(езгіш)

1 флакон

1072 тг

220 мл

1072 тг

7

Палитра

1

771 тг

30х40 см

771 тг

8

Багет

3

7000 тг

120х80см

21000 тг

Барлығы: 58 803 теңге

V Өмірлік іс-әрекет және қауіпсіздік негізі

5.1. Суретшінің жұмыс орны

Суретшінің мінсіз шеберханасы деген көлемді, үлкен және биік, ірі терезелер арқылы солтүстік жақтан шашырап түсетін жарығы бар жылы бөлме болып есептеледі. Жарықтың аса жоғары орналасуы қажет емес көлеңкелердің пайда болуына, ал терезелердің солтүстік бағытта болуы картина бетін күн сәулесінің тікелей түсуіне шектеу жасайды.

Жабдықтар мен материалдарды сақтау. Егер мүмкіндік болса, онда әрбір жабдықтау элементтерін белгілі бір жерде, қабырғада, сөреде, шкафта және т.б. сақтаңыз. Қылқаламдарды сақтаудың жақсы тәсілі – банка немесе қылқаламға арналған құмыраларда тік қалпында сақтау. Кескіндемеге арналған әртүрлі көмекші заттар (әсіресе органикалық езгіштер) балалардың қолы жетпейтін биік металл шкафтарда сақталуы керек. Барлық сыйымдылықтардың қақпаған тығыз жабу керек.

Кескіндер мен суреттерді сақтау. Туындыларды сақтау үшін жеке орын арналуы керек. Ауқымды форматтағы жұмыстар екі жағынан да полиэтиленмен шаңнан қорғану мақсатында жабылады. Жұмыстардың бұрыштары гофра картонымен немесе арнайы өндірістік өнеркәсіп протекторымен тығыз жабылады. Мұндай сақтандыру шаралары өлшемдері бірдей 3 немесе 4 картинаны бір біріне тығыз орналастыру арқылы сақтауға мүмкіндік береді.

Мольберт. Егер сіз қабырғаның бетін кескіндеме немесе сурет салу процесінде тіреу ретінде пайдаланбасаңыз, онда мольберт шеберхананың ажырамайтын бөлігі болуы қажет. Ол жұмыс істеу кезінде кенептің берік орналасуы үшін қолданылады. Мольберттің екі негізгі түрі бар: студиялық немесе профессионал мольберт (қосымшадағы В.5.1.1-сурет) және этюдник (қосымшадағы В.5.1.2-сурет). Бірінші мольберт ауқымды, берік конструкциялы және үлкен полотноға арналған. Екіншісі жеңіл, жиналмалы және кенеп пен тақтайшаларға арналған.

Жағдайларды тиімді пайдалану. Практикалық тұрғыда көптеген суретшілер аса мінсіз емес жағдайларда жұмыс жасайды. Бірақ соған қарамастан шеберхананы жабдықтау процесінде аса назар аудару керек.

5.2.Өндіріс шеберханасындағы(орнындағы) қауіпсіздікті сақтау

Қауіпті заттар мен құрамдардың ЕС директивасы бойынша ара қатынасы - олар Еуропалық Одақтас елдердің өнеркәсібінде және бұхаралық тұтынушыға қолжетімді өнімдердің барлық түрлерін қамтиды. Жүйенің негізгі санатына қауіпті заттар топтастырылады: токсиндер, зарарлы, коррозия (агрессивті), тітіркендіргіш, жарылатын, тұтанатын немесе қоршаған ортаға қауіп келтірітін, осы санаттарға сай әр түрлі деңгейлерін анықтауға болады. Мысалы, аса токсинді немесе лезде тұтанатын. Көптеген санаттар белгілі бір символдар арқылы беріледі. Мысалы, токсинді заттар үшін айқасқан сүйек пен бас сүйегінің символы қолданылады (қосымшадағы В.5.2.1-сурет). Сонымен қатар, аталған санаттар «Қауіпті дәрежелі формуласымен» және «Қауіпсіз дәрежелі формуласымен» қоса беріледі. Аталған санаттарға жататын кез келген көркем материалдар былай белгіленуі тиіс: көркем материалдардың ішінде екеуі көп қолданылатын материалдар – қауіпті және тұтанатын. Қауіпті заттар Крест символымен белгіленеді.

Пайдалы практикалық ақыл-кеңестер

· Этикеттегі ақпаратты мұқият оқыңыз. Есіңізде сақтаңыз: көркем материалдары ретінде сатылмайтын өзіңіз қолданатын кез келген заттардан аса сақ болу керек.

· Көркем материалдарды қол жетпейтін жерде ұстаңыз. Балалар, жануарла және азық-түлік өнімдерінің олармен жанасуына жол бермеңіз.

· Шеберханада жұмыс істеу кезінде ауаның алмасуына мән беріңіз көркемдік материалдарды ашық отқа жақын ұстамаңыз, жылу шашатын заттардың аса қатты жылытуын шектеңіз.

· Заттардың ішке кетіп қалмауы үшін жұмыс жасап жатқан кезде тамақтанбаңыз, ішпеңіз, шекпеңіз.

· Материалдың теріге тиіп кету қауіпінен сақтаңыз (әсіресе езгіштерден).

· Қылқаламды ауызға салмаңыз, бояуларды тағам ретінде жеуге болмайды.

· Бояуды саусақпен жағуға болмайды. Бояуды қолмен жағатын кезде қорғаныс кремін немесе хирургиялық қолғапты қолданыңыз.

Қорытынды

Менің шығармашылық жұмысымның негізі кіріспе бөлімінен басталып, жоба алды бөлімімен жалғасады. Жоба алды зерттеу бөлімінде дипломда қаралатын мәселелердің ғылыми-теориялық негіздемесі мен тарихи деректерін зерттеп жаздым. Ғылыми-теориялық негіздемесі тақырыбында өнер ұғымы, модернизм дәуірінің өнері, абстракционизм және осы бағыттың окілдері туралы, сонымен қатар кубизм, экспрессионизм, футуризм сияқты абстрактілі өнерді қалыптастыруға негіз болған бағыттар туралы жаздым.

Ал дипломдық жұмыста қаралатын мәселелердің тарихи деректеріне Астана қаласының Ақмола болып құрылуынан бастап, даму, одан кейінгі тарихы туралы, мәдени орындары және Астана қаласы туралы қызықты деректер кіргіздім. Сонымен қатар, Ақ Орда (резиденция), Астана-Бәйтерек, «Хан Шатыр» туралы мәліметтер жаздым. Астананаң бұл мәдени орталықтары туралы мәліметтерді өз дипломдық зерттеу жұмысыма кіргізуімнің себебі: осы мәдени орталықтардың бейнесін абстрактілі бағытқа айналдырып майлы бояу техникасында жазып шықтым. Бұл бөлімде әрбір орталық туралы жалпы мағлұмат, ішкі құрылысы, авторлары, қызмет көрсету аясы туралы айтылады.

Көркем құрастыру бөлімінде тақырыпқа сай нобай, эскиздер салып, сонымен қаар композиция туралы мәліметтер жинадым. Бұл бөлімде нобай, эскиз, композиция туралы мәлімет жинай отырып, қандай көркемдік құралдармен салынатыны, олардың түрлері, ырғақ, симметрия заңдылығы туралы жаздым.

Түс психологиясы және түсті таңдау тақырыбында түстің физикалық қасиеті, кескіндемеде қолданылуы, оның қасиеті мен сапасы, түстің эмоционалды-психологиялық қасиеті, түстің символикасы, түрлі-түсті және түссіз түстер, спектрлік түстер, түстік шеңбер, түстану саласы және оның сыры, түстің адам өміріне ықпалы, түстану іліміндегі клолрит ұғымы туралы зерттеулер жасадым.

Технологиялық бөлімде кескіндемелік жұмыстарды орындау кезіндегі техникалық талаптар туралы қарастырдым. Бұл бөлімде кескіндеме жұмысын жасау кезіндегі байланыстырушы заттар мен жабдықтар туралы жаздым. Олар кескіндемеге арналған түрлі заттардан басталып, майлы бояу және оның алынуы, құрамы, қолданылуы, түсі, орындалу техникасы туралы, сонымен қатар майлар, сырлар, су эмульсиясы, эмаль және кескіндемелік сауаттылық түрлері туралы мәліметтермен жалғасады.

Кескіндеме жұмысын даярлау барысында негізгі пайдаланатын материалдар туралы тақырыпта кенеп, негіз, қылқалам және оның түрлері, палитра, сұйылтқыштар мен езгіштер туралы жаздым.

Экономикалық бөлімде дипломдық жұмысты орындау барысында кеткен шығынды есептеп жаздым. Жалпы кеткен шығынның саны 58 803 теңгені құрайды.

Өмірлік іс әрекет және қауіпсіздік негізі бөлімінің сурәтшінің жұмыс орыны тақырыбында суретшінің мінсіз шеберханасы қандай болу тиіс, ол жердегі жабдықтар мен материалдарды сақтау, кескіндеме жұмыстарын сақтау мен оларды сыртқы ортаның әсерінен қорғау, жағдайларды тиімді пайдалану туралы жаздым. Сонымен қатар, өндіріс шеберханасындағы қауіпсіздікті қалай сақтау керектігі туралы ақыл-кеңестерді жаздым.

Менің дипломдық жұмысыма арналған «Дала тынысы» атты триптих шығармамды көркемдік мақсаттарда, оқу және білім беру студияларында студенттер мен дәріс алушыларға көрнекілік құрал ретінде де пайдалануға болады. сонымен қатар, үлкен көлемді кескіндеме бағытында картина тұтынатын дүкендерге, көрмелер мен галерияларға, музейге қоюға болады. Оқу орындары мен азаматтық ғимараттарда көрнекілік құрал ретінде және безендіру мақсатында қолдануға болады. Тақырыбына сай көптеген конкурстар мен әртүрлі кескіндемелік бағыттағы іс-шараларға қатысуға болады. Баспа өнімінде иллюстрация ретінде пайдалануға болады.

Менің «Дала тынысы» атты майлы бояу техникасында орындалған туындым абстрактілі өнердің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жерде Астана қаласының бейнесі мен әсемдігі абстрактілі бағытта жаңаша қолданысқа түсіп, көрермен назарына ұсынылып отыр. Осы туындыны жасау мақсатында көптеген маңызды мәліметтер жинап, қызықты деректерді оқып үйрендім. Өзім үшінкескіндеме өнерінің жаңа бағыттарын аша отырып, кәсіптік деңгейімді арттырдым. Сол себепті менің бұл дипломдық жобам өзім сияқты студенттер мен өзінің бағын жаңадан ғана кескіндеме өнерінде сынап жүрген өнер иелеріне тамаша үлгі-өнеге болады деп сенемін.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

1. Сманов І. Мәңгілік құндылықтар.Астана.Фолиант, 2013. 4-5 бет

2. Қайдаров.М.У.Живопись технологиясы мен техникасы. Алматы. Өлке. 2008. 64 бет

3. Қаржаубаева С., Амандықова Д. Бейнелеу сауаттылығының негіздері. Астана . Фолиант. 2010.272 бет

4. Айдарова З., Дирксен Л. Бейнелеу өнері: Оқу құралы. – Астана. Фолиант, 2010. – 216 бет

5. Қабиева А.К. Мәдениет және өнер тарихы. Оқу-әдістемелік құрал. – Тараз университеті, 2010. – 196 бет

6. Самұратова Т.К. Бейнелеу өнері тарихы: бейнелеу өнері және сызу мамандықтарына арналған оқулық. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. – 208 бет

7. Асанова Б., Жақсыбергенов А., Данилшункина С. Рисунок и графика: Учебник. 2-е изд. – Астана: Фолиант, 2012. – 360 с.

8. Мауленова Г., Амандыкова Д. Технология и техника графики: Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2011. – 192 с.

9. Амандыкова Д., Мауленова Г. Технология и техника скульптуры: Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2011. – 136 с.

10. Уәлиев Б., Иманбекова Қ., Сурет: Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 2010. – 160 б.

11. О.С. Сороко-Цюпа, В.П. Смирнов, А.И.Строганов, Г.Д. Сүгірбаева. Алматы «Кітап баспасы». 2005 ж. 376 бет

12. http://www.yaget.ru/dopolnitel-niy-material/masterskaya

13. http://www.vsegda.tv/index.php?mod=arcticle&id=46

14.http://picassolive.ru/blog/pictures/pablo-pikasso-studiya-s-gipsovoj-golovoj-1925/

15. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=282779

16. http://spinnerette1.rssing.com/chan-3177467/all_p125.html

17. http://massaget.kz/alemtanu/Qazaqstanym/954?rates=down

18.https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=zbFoU6GqN-WyywOi-4KADg&ved=0CCMQsAQ&biw=1366&bih=643

19.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)

20.https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0+%D0%B0%D2%9B%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B0&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=BLJoU_nfC-fgygP96YHYAw&ved=0CEAQsAQ&biw=1366&bih=643

21.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA_(%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%96)

22.https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0+%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=XLJoU8KZDOWxywPzhoDwAw&ved=0CCMQsAQ&biw=1366&bih=643

23.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B0%D0%BD_%D0%A8%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80

24.https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0+%D1%85%D0%B0%D0%BD+%D1%88%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=FrNoU4-4FKzxygOUz4DYCg&ved=0CDYQsAQ&biw=1366&bih=643

25.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%B1%D0%B5%D0%B9%D0%BD%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%83_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%96

26. http://www.yaget.ru/styles/zhivopis

27. http://www.yaget.ru/styles

28.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%BE%D0%B7%D0%B8%D1%86%D0%B8%D1%8F

29. http://www.vsegda.tv/index.php?mod=arcticle&id=46

30.http://picassolive.ru/blog/pictures/pablo-pikasso-studiya-s-gipsovoj-golovoj-1925/

31. http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=282779

32. http://spinnerette1.rssing.com/chan-3177467/all_p125.html

33. https://www.google.kz

34. http://massaget.kz/alemtanu/Qazaqstanym/954?rates=down

35.http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%85%D0%B8%D0%BD

36.http://www.akmo.gov.kz/content/a%D2%9Bmola_oblisini%D2%A3_%D2%9B%D2%B1rily_zj%D3%99ne_damy_tarixi

37. http://www.art-arsenal.com/razbaviteli.html

38.http://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/ru/kk/%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C/

Қосымшалар

38.jpgА.1-сурет. Ш. Уәлихановтың «Потанин» графикалық туындысы

39.jpgА.2-сурет. Ш. Уәлихановтың «Тезек төре» графикалық туындысы

40.jpgӘ.1.1.1-сурет. К. Малевич «Ақ фондағы қара квадрат»

41.jpgБ.2.2.1-сурет. В. Ван Гог «Түнгі кафе»

42.jpgБ.2.2.2-сурет. К. С. Петров-Водкин «Қызыл атты шомылдыру»

43.jpg Б.2.2.3-сурет. И. Ньютонның спектрлік түстері

44.jpg В.5.1.1-сурет. Студиялық немесе профессионал мольберт

45.jpgВ.5.1.2-сурет. Этюдник

46.jpgВ.5.2.1-сурет.Токсинді заттар үшін айқасқан сүйек пен бас сүйегінің символы қолданылады


Информация о реферате «Кескіндеме өнері»
Раздел: Культура и искусство
Количество знаков с пробелами: 222137
Количество таблиц: 1
Количество изображений: 38

Похожие материалы

Скачать
206329
13
3

... ;ып ай бойы әлде бір сиқырлы әлемге арбалғандай күйде жүрдім. «Қазақ әдебиеті тіршілігін тоқтатты деп кім айтты? Жоқ, ол тірі, мұндай ғажап туындыны дүниеге әкелген әдебиет өмір сүре береді» деген жүрекжарды лебізімді дүркін-дүркін қайталаумен болғаным есімде &# ...

0 комментариев


Наверх